1. Қоса берілген мыналар бекітілсін:
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ереже;
Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктіліктерін көтеру және қайта даярлау ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ереже;
2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне (Ғ.Қ.Балтабаева) оны жүзеге асыру жөніндегі ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстарды жүргізу қамтамасыз етілсін.
3. Петропавл қаласы мен аудандар әкіміне:
- көрсетілген Ереженің орындалуына жағдай жасалсын;
- кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі, қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, еңбекке қатысқандардың жалақы мөлшері және оларды қаржыландыру көзі бекітілсін;
- әртүрлі халық тобын жұмыспен қамсыздандыру мақсатында қоғамдық жұмыстарды қолдану саласындағы басым бағыттар жыл сайын кеңейтіле түссін, аудандық (қалалық) еңбек рыногіндегі сұраныс пен олардың облыс экономикасына инвестициялық салымын ескеріле отырып;
- еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық мәліметтер жиынтығын қалыптастыру мақсатында Петропавл қаласы мен аудандардың жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдарын Интернет арқылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі 1.08.2001ж.
мерзімге дейін WЕВ - сайтына қосу көзделсін. 4. "Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыз азаматтарға жалақы төлеу тәртібінің үлгісі туралы Ережені бекіту жөнінде" V00S142_ облыс әкімінің 2000 жылғы 30 маусымдағы N 131 шешімінің күші жойылды деп саналсын. 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ф.Ф.Сутуловқа жүктелсін. Облыс әкімі Облыс әкімиятының 2001 жылғы 19 шілдедегі № N 38 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер.
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Z010149_ Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 836 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" P010836_ қаулысына сәйкес±әзірленген.
2. Қоғамдық жұмыстарға орталық және жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған қызметкерлерден алдын-ала кәсіптік даярлықты талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтармен, оларды уақытша жұмыспен қамтуды қамсыздандыру үшін, жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша орындалатын еңбек қызметінің түрлері жатады.
3. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатынасқан азаматтарға еңбек, зейнеткерлік қамсыздандыру мен сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері таралады.
4. Қылмыстық және әкімшілік заңнамалармен көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі құқықтық қатынастар ережелермен реттелмейді.
5. Қоғамдық жұмыстарға апаттар, стихиялық бақытсыздықтар, катастрофалар және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттілігімен байланысты қызмет түрлері жатпайды.
6. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жібереді.
7. Жалақы төленетін жұмыс түрлері:
1) тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық ұйымдарының қалалар, елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар аумағын тазалауларына көмектесу;
2) құрылыс және жол жөндеу, су, газ құбыры, канализация және түрлі коммуникация жолдарын төсеу, кеспетас және жиектік тастарды салу, сондай-ақ осы жұмыстарға қажет қосалқы материалдарды (құрылыс тастарын, ұсақ тасты, плиталарды, құмдарды және т.б.) дайындау;
3) мелиоративтік жұмыстарды жүргізу;
4) тұрғын үйлер, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени сипатындағы нысандар құрылысына, қайта жаңартуға және күрделі жөндеулерге қатысу;
5) тарихи-сәулеттік ескерткіштерді, кешендерді және қорықтық аймақтарды қалпына келтіру;
6) аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту, орман шаруашылығын сақтау және өркендету);
7) мәдени сипатта кең ауқымды шараларды ұйымдастыруға қатысу (спорттық жарыстар, фестивальдар, спорттық балалар алаңын салуға және т.б.);
8) республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды (жұртшылық пікірін сұрауды, халық санағын) өткізуге қатысу;
9) аз қамтылған халық жіктері және жалғызбасты қарттар, сондай-ақ коммуналды меншіктегі кәсіпорындар мен қалалар және аудандар әлеуметтік мәдени-тұрмыс нысандары үшін отын және жемазықтар дайындау;
10) үй шаруашылығы санағына және шаруашылық кітабын жасауға көмектесу;
11) Жергілікті басқару органдары қажеттілікке байланысты облыстық қаржы департаментінің келісімі бойынша қоғамдық жұмыс түрлерін кеңейте және толықтыра алады.
8. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын құру жолымен ұйымдастырылады және төмендегідей ерекшеліктері болады:
1) жұмыссыздар үшін арнайы тағайындалған;
2) жұмыс орындарының саны іс жүзінде шектеусіз, уақытша сипаттағы жұмыс және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары және бос орындар пайдаланылмайды;
3) жұмысты икемді кесте бойынша және толық емес жұмыс күні жағдайында ұйымдастыру мүмкіндігі бар;
4) аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдалылығы;
5) арнайы білімі жоқ тұлғаларға уақытша еңбекке орналасу мүмкіндігі беріледі;
6) жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жіберу жиілігі шектеусіз. Жұмыссыздар қоғамдық жұмыстарға олардың тілектеріне және осы жұмыстарды еңбек заңнамаларына сәйкес ұйымдастырушы жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган мүмкіндіктеріне сәйкес жіберіледі, ал олардың ұзақтығы жұмыс берушілермен келісім бойынша реттеледі;
7) азаматқа тұрақты (сай келетін) жұмыс берілген жағдайда, жұмыскердің жеке еңбек шартын бұзу туралы арыз берген күннен бастап қоғамдық жұмыстарды орындайтын жеке еңбек шарты бұзылады. Шартты бұзу негізі көрсетіле отырып, жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган ол туралы 3 күн мерзімінде кәсіпорын әкімшілігін хабарландыруы қажет.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.
9. Қоғамдық жұмыстар орталық және жергілікті атқарушы органдармен коммуналды меншік ұйымдарында ұйымдастырылады және жергілікті бюджет қаржысынан қаржыландырылады. Жеке меншік түріндегі кәсіпорындарда жүргізілетін қоғамдық жұмыстар жұмыс берушінің қаржысы есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорындар болмаған жағдайда, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру селолық әкімдерге жүктеледі.
10. Халықты жұмыспен қамту аймақтық бағдарламасына сәйкес жергілікті бюджет қаржысы есебінен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен көлемі туралы қалалар (аудандар) әкімдерімен бекітілген шешімдер қабылдайды.
11. Жергілікті атқарушы органдар шешімінде:
қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныстар анықталады;
қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар тізбесі, қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қатысушылардың жалақы мөлшері және оны қаржыландыру көздері бекітіледі.
12. Жергілікті атқарушы органдар шешімі бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдар жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға келісім жасайды. Жасалған келісім екіжақтың құқықтары мен міндеттерін анықтайды, онда жеке еңбек шартымен анықталған, жұмыс түрлері, оны орындау мерзімі және жағдайы көрсетіледі.
Әрбір қоғамдық жұмыстарға қатысушымен жеке еңбек шарты жасалады, онда жұмыс түрлері мен көлемі, айлық еңбекақы мөлшері, оны төлеу мерзімі көрсетіледі және онда жұмыс беруші мыналарға міндеттенеді:
- қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың әрқайсысымен еңбек қауіпсіздігі жөнінде дербес нұсқаулық жүргізуге;
- еңбекті қорғау туралы заңнамаға сәйкес арнайы киіммен, құралдармен, жабдықтармен қамтамасыз етуге;
- қоғамдық жұмыстарды орындау кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда жұмысшыға заңнамаға сәйкес залалды өтеуге.
13. Апат, стихиялық бақытсыздықтарды, катастрофалар мен басқа да төтенше жағдайлар зардаптарын жоюмен, ғылыми зерттеулер және тәжірибелер жүргізумен байланысты емес жұмыстарға және қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алулар жүргізу кезінде, конкурстық құжаттарға жұмысшының алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды тарту туралы және сондай жұмыстар тізбесі туралы талаптар енгізіледі.
Конкурсқа қатысушы өзінің конкурстық өтінішінде міндетті тәртіпте алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін жұмыс көлемін (санын) және қоғамдық жұмыстарға тартылатын жұмыссыздар санын көрсетеді.
Конкурс ұйымдастырушысы конкурс жеңімпазымен шарт жасағанда қоғамдық жұмыстар құнын шартта жеке жолмен көрсетеді.
Конкурс ұйымдастырушысы шарт тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні мерзімінде сол жұмыстар жүргізілетін аймақтың жұмыспен қамту жөніндегі аудан (қалалық) уәкілетті органдарын қоғамдық жұмыстар құны, мердігердің (лердің) атауы, қоғамдық жұмыстарға жатқызылатын жұмыстар тізбесі, мердігермен жұмысқа тартылатын жұмыссыздар саны көрсетіліп жасалған шарт туралы хабарландырады.
Конкурс жеңімпазы - мердігер, жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органын алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін қоғамдық жұмыстар тізбесі, сол ұйымға бөлінген қаржылар сомасы, жұмыссыздарға деген сұраныс туралы мәлімет беруге және қоғамдық жұмыстар орындауға үлгілік шарт жасауға міндетті.
Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарды мердігерге конкурс ұйымдастырушысы мен мердігердің ақпаратында көрсетілген сұранысқа сәйкес жібереді.
14. Меншікті қаржы есебінен, өзінде қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру ықыласы бар жұмыс берушілер жергілікті атқару органдарына өтініш береді.
3. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жолдау.
15. Жұмыссыздарды ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жолдау жергілікті атқарушы органдар шешімі бойынша жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган арқылы іске асырылады.
16. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жолдау тіркелген датасына сәйкес кезек тәртібінде жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган арқылы іске асырылады.
17. Мақсатты топқа кіретін жұмыссыздарға қоғамдық жұмыстарға қатысуда басымдылық болады.
18. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысушы арасында, еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.
19. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар өз еркімен, болмашы себеппен оған қатысуын тоқтатса, жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарда қайта тіркелу күнінен бастап тек үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберілуі мүмкін.
4. Қоғамдық жұмыстар қамтылған азаматтарға еңбекақы төлеу
20. Қоғамдық жұмыстарға қатысқан азаматтардың айлық жалақы мөлшері, орындалатын жұмыс санына, сапасына және күрделігіне сәйкес жеке еңбек шартында әрбір қызметкерге дербес анықталады. Қоғамдық жұмыстарға қатысқандардың жалақысы біріншіден төртінші разрядқа дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы N 170 P970170_ Қаулысымен бекітілген, қызметкерлердің барлық санаттарына жалақы төлеу үшін Біртұтас Тариф Кестесімен тарифтелінеді.
21. Қоғамдық жұмыстарға қатысқандар үшін есептелетін жалақыға, жинақтау қорына міндетті түрде аударуды қоса ала отырып, заңнамамен белгіленген тәртіпте салық салынады.
22. Қоғамдық жұмыстарға қатысқандарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеу, зағиптық немесе денсаулығына басқа зақым келтірген зияндылықты өтеу жұмыс берушімен қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
5. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру көзі және тәртібі
23. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру аудандардың және Петропавл қаласының, сәйкес қаржылық жылға бекітілген жергілікті бюджет қаржысы есебінен іске асырылады.
24. Қоғамдық жұмыстарда қамтылған азаматтардың жалақысына жергілікті бюджеттен қаржы бөлу әзірленген іс-шараларға сәйкес жүргізіледі, басқа шығындар жұмыстарды ұйымдастыру, кепілдік және өтемақы жүргізу және беру еңбек туралы заңнамаға сәйкес олар орындайтын кәсіпорындар және ұйымдар есебінен жүргізіледі.
25. Жалақы төленетін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар (егер ондай болмаса - селолық округ±әкімдері) әр айдың 5-ші жұлдызына дейін, белгіленген заңнама тәртібінде жұмыс уақытына есеп жүргізу табелін, жалақы есептеудің айналым-есеп айырысу ведомостін, олардың нақты орындалған жұмыс көлемі көрсетілген актілер жергілікті уәкілетті органдарға береді.
26. Аудандық (қалалық) уәкілетті органдар жалақы төленетін кәсіпорындардың (селолық округ әкімдері) есептерін тексереді, қаржыландыруға қажет қаржы көлемін анықтайды және қаржылық органдарын әр айдың 10-шы жұлдызына дейін қаржыландыру тапсырысын береді. Қаржылық органдарға желтоқсан айының қаржыландыру тапсырысын ағымдағы жылдың 27-ші желтоқсанына дейін берілсін.
27. Қаржылық органдар жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың тапсырыстары негізінде 258 30 31 "Қоғамдық жұмыстар" бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың жергілікті бюджет сметасына сәйкес қаржыландыру ашады.
28. Аудандар (қалалық) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдары ағымдағы есепшотқа қаржы түскеннен кейін, қаржыны 2 күн ішінде еңбекақы төлейтін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырған кәсіпорын есепшотына немесе оған қатысушылардың жеке есебіне аударады.
6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру
тәртібін бақылау
29. Аудандар (қалалық) уәкілдік органдары ай сайын еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау облыстық департаментіне белгіленген үлгі бойынша есеп береді.
30. Кәсіпорындармен және азаматтармен белгілі мерзімге жасалған жеке еңбек шартын сақтауды бақылау, сондай-ақ белгіленген заңнама тәртібінде қоғамдық жұмыстар атқару орындарында жүргізілген еңбек заңнамалары және Қазақстан Республикасының "Жұмыспен қамту туралы" Z010149_ Заңы жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдармен іске асырылады.
Орындалған жұмыс көлеміне жұмыссыздардың еңбекақысын дұрыс есептеуді және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға бағытталған қаржыны мақсатты жұмсауды бақылау аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау білімдерімен, олардан жоғары тұрған органмен және қаржы басқармаларымен іске асырылады.
31. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастырғанда: 1) Қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздар есебін жүргізуді іске асырады; 2) статистика жөніндегі сәйкес мемлекеттік органмен белгіленген үлгі бойынша қоғамдық жұмыстар жөнінде айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есеп беруді жүргізеді; 3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде статистикалық есептерді белгіленген мерзімде ұсынады. Облыс әкімиятының 2001 жылғы 19 шілдедегі N 38 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ЕРЕЖЕ
Осы Ереже білім беру қызметіне құқығы бар білім беру ұйымдарында не кәсіпорындарында жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктіліктерін көтеру және қайта даярлау жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шаралары болып табылады және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған.
2. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін көтеру және қайта даярлау мыналарды өзіне енгізеді:
1) кәсібі жоқ, кәсіп алуға және сол кәсіп бойынша жұмыс істегісі келетін жұмыссыздарды даярлау (бастапқы кәсіптік білім);
2) жұмыссыздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіру мақсатында біліктіліктерін көтеру (қосымша білім), одан жоғары разряд (сыныптар, санаттар) алу, өндіріс қажеттілігін есепке ала отырып, прогрессивті техника мен технологияны оқу және игеру;
3) жаңа кәсіп (мамандық) алу мақсатында, жұмыссыздарды қайта даярлау (қайта оқыту), егер оларға кәсібі (мамандығы) бойынша лайықты жұмыс берілмесе не болмаса, қандай да болмасын белгілі кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыстар орындауға қабілеттілігі жойылса.
Оқытудың±әртүрлі түрлері мен үлгілерін ұйымдастыру мақсаты, мәселелері және ерекшеліктері Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Z010149_ , "Білім беру туралы" Z990389_ Заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" P010836_ қаулысы шегінде анықталады.
2. Жұмыссыздарды қайта даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және кәсіптік даярлауды ұйымдастырады және өткізеді.
3. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган (әрі қарай - уәкілетті орган) жұмыссыздарға кәсіптік бағдарын айқындап беруде ақысыз қызмет көрсетеді және жұмыссыздардың кәсіптік даярлығындағы, біліктілігін көтерудегі және қайта даярлықтағы бағыттарын халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасымен сәйкес жүзеге асырады.
4. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктіліктерін көтеру және қайта даярлау білім беру ұйымдарында не Қазақстан Республикасы заңнамаларымен сәйкес білім беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда (әрі қарай - ұйымдар) уәкілетті органдар жолдамасы бойынша жүргізіледі.
5. Жұмыссыздарға кәсіби даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды өткізу үшін ұйымдар іріктеу уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы заңнамалары белгілеген тәртіпте жүргізіледі.
Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктіліктерін көтеруге және қайта даярлауға ұйымдарды уәкілетті органдармен іріктеуде мыналар есепке алынады:
1) ұйымдармен білім беру қызметін жалпы міндеттік мемлекеттік стандарттар талабына сәйкес жүзеге асыруды;
2) жұмыс беруші талап ететін жұмыссыздардың жұмыс күшінің сапасына, сондай-ақ кәсіптік даярлығын, біліктіліктерін көтеру және қайта даярлығы сәйкестігі;
3) ұйымдардағы өндірістік тәжірибелерге қатысуы;
4) білім қызметіне лицензиясы болуы.
6. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктіліктерін көтеру және қайта даярлау шарт негізінде іске асырылады, жұмыссыздарды даярлау уәкілетті органмен мемлекеттік білім беру мекемелеріне жіберілген жағдайдан басқасы. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін көтеру және қайта даярлау бойынша қызмет көрсетуге бір үлгідегі шарт нысаны жұмыспен қамту жөніндегі орталық атқарушы органмен бекітіледі.
7. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, біліктіліктерін көтеруге және қайта даярлауға жолдау, оларда кәсіптік біліктілігі болмағандықтан, лайықты жұмыс таңдай алмаған жағдайда жүзеге асырылады. Уәкілетті органның кәсіптік даярлауға, біліктіліктерін көтеруге және қайта даярлауға жолданған жұмыссызбен бір үлгідегі шарт нысаны жұмыспен қамту жөніндегі орталық атқарушы органмен бекітіледі.
8. Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Z010149_ Заңымен сәйкес мақсатты топқа кіретін жұмыссыздар кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды басымдылық тәртіпте өтуге құқығы бар.
9. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлаудың, біліктілігін көтерудің және қайта даярлаудың ұзақтығы, келісім тараптарының құқығы мен міндеттері оқу бағдарламасына байланысты шартқа сәйкес белгіленеді және мыналардан аспауы керек:
1) жұмыссыздарды бастапқы даярлау және қайта даярлау өткізуде - алты айдан;
2) жұмыссыздардың біліктілігін көтергенде - үш айдан.
10. Ұйымның жұмыссыздарды мынандай жағдайда шығару құқығы бар:
- себепсіз шықпай қалғанда;
- сабақ үлгерімі төмен болғанда;
- оқу орнының ішкі тәртібін бұзғанда;
- заңнамада ескерілген басқа да бұзушылықтарда.
11. Кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды өтіп жүрген жұмыссызды шығарған жағдайда ұйым уәкілетті органды алдын ала жазбаша хабарлайды. Жұмыссыздарды шығарған кезде ұйым төлем жөнінде қайта есептеу жүргізеді, осыған орай төлемге тек берілген қызметтің нақты орындалған көлемі ғана жатады.
12. Кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды себепсіз тоқтатқанда, сондай-ақ ұйымнан шығарылғанда жұмыссыз оқытуға қайтадан уәкілетті органда қайта тіркелген күннен тек бір жыл өткеннен кейін ғана жіберіледі.
13. Жұмыс беруші жұмыс орындарын (бос орынды) білікті кадрлармен жинақтау және қызметкерлердің біліктілік деңгейін көтеру мақсатында меншікті қаржы есебінен дербес кәсіптік даярлау мен ішкі өндірістік оқыту жүйесін дамыту шараларын жүзеге асырады.
14. Шетел инвесторлары шетел мамандарының орнына жұмыссыздарды алу мақсатында олардың кәсіптік даярлығын, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды жүргізілген Қазақстан Республикасы заңнамасымен сәйкес жыл сайын уәкілетті органға берілген, бекітілген кадрларды даярлау бағдарламасы негізінде жүзеге асырады.
3. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және
қайта даярлауды қаржыландыру
15. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктіліктерін көтеру және қайта даярлау уәкілетті орган жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасымен сәйкес жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
Жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, біліктіліктерін көтеруге және қайта даярлауға жергілікті бюджет қаржысынан қаржы бөлу жұмыспен қамту аймақтық бағдарлама негізінде жүзеге асырылады.
Жұмыссызды кәсіптік даярлаудың, біліктіліктерін көтерудің және қайта даярлаудың құнына оқытумен тікелей байланысты шығыннан басқа, медициналық куәландыру шығыны кіреді. Облыс аудандарынан кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыздар үшін, мына шығындар кіреді:
- ай сайын, айлық есеп айырысу көрсеткіші мөлшерінде тұруға;
- ай сайын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Статистикалық агенттігімен анықталған ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде тағамға;
- жол жүру құжаттары (оқыту орнына) бар болғанда, оқу орнына баруға және тұратын жеріне кейін қайтуға.
Шетелдік инвесторлар шетел мамандарының орнына Қазақстан кадрларын алу мақсатында жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, біліктіліктерін көтеруге және қайта даярлауға құзыретті органмен жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімде Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған қаржыларды қарастырады.
Мемлекеттік білім мекемелеріне уәкілетті органдармен жіберілген жұмыссыздардың бастапқы кәсіптік даярлығымен байланысты шығындар (тұруға, тамаққа, медициналық куәландыруға және жол жүруге арналған шығындардан басқасы) осы мемлекеттік мекемені ұстаудағы шығын сметасында есептеледі.
4. Бақылау және есеп беру
17. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган ұйымдармен оқыту мерзімін және конкурстық шарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Білім басқармасының жергілікті органдары ұйымдармен оқу жоспарының және бағдарламасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарға талдау жүргізеді және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға хабарлама береді.
18. Уәкілетті орган кәсіптік даярлауды, біліктіліктерді көтеруді
және қайта даярлауды ұйымдастыру барысында: 1) кәсіптік даярлауға, біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға есеп жүргізуді жүзеге асырады; 2) белгіленген үлгі бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық статистикалық есеп беру жүргізеді; 3) жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі орталық атқару органына белгіленген мерзімде кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есеп ұсынады. (Маман: Д.Қ.Ысқақова)