"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексiнiң
333 бабының 1 тармағына, 337 бабының 1, 2 тармағына, 338 бабының 1 тармағына, 373 бабының 2 тармағына, 462 бабына, 477 бабының 2 тармағына, 491 бабының 2 тармағына сәйкес және Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысы бойынша II сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
1. Үй жанындағы жер телiмдерiнiң базалық салық мөлшерлемелерi бекiтiлсiн, N№1 қосымша.
2. Автотұрақ, жанармай құю станциялары және базарлар үшiн алынған жер телiмдерiнiң салық мөлшерлемелерi бекiтiлсiн N 2 қосымша.
3. Алматы қаласының жерлерiн аймақтастыру жобасы схемасы негiзiнде базалық салық мөлшерлемелерiнiң түзетiлiмi бекiтiлсiн, N№3 қосымша.
4. Алматы қаласының базарларындағы тауар сату құқығы үшiн бiр жолғы талондардың бағасы бекiтiлсiн, N№4 қосымша. <*>
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған XVI сессиясының 2002 жылғы 13 ақпандағы
шешімімен
.
5. Алматы қаласын бойынша 2002 жылға арналған қоршаған ортаны ластағандығы жөнiндегi төлемдер мөлшерлемелерi бекiтiлсiн, N№5 қосымша.
6. 2002 жыл үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақты "Медеу" Мемлекеттiк табиғи бағын пайдаланғандығы үшiн (кiру, шығу, қону) төлемдер мөлшерлемелерi бекiтiлсiн, N№6 қосымша.
7. Сыртқы жарнама және көрнекi ақпарат нысандарын орналасқандығы, жарнама орындарын бергендiгi үшiн айлық төлемнiң және рұқсат бергендiгi жөнiндегi бiр жолғы төлемнiң мөлшерлемелерi бекiтiлсiн, N№7 қосымша.
8. Базарлар әкiмшiлiктерiне суда орыны үшiн бiр жолғы талон төлемi енгiзiлгеннен кейiн базарды күтiп-ұстау үшiн саудагерлерден базарлар әкiмшiлiктерi алатын жалпы алымдардың өсуiне жол бермеу ұсынылсын. Сауда жасаушы адамдардан алынатын осы төлемдердiң төмендеуiн қамтамасыз ететiн базарлардың басқару және пайдалану iшкi құрылымдарын оңтайландыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
9. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау экономика және өндiрiстi дамыту жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (А.И.Шелипанов), Алматы қаласы бойынша салық комитетiнiң төрағасына (Б.У.Қалижанов) жүктелсiн.
II-шi сайланған
Алматы қалалық Мәслихаты
ХIV-шi сессиясының төрағасы
ІI-шi сайланған
Алматы қалалық Мәслихатының
хатшысы
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2001 жылғы
29 желтоқсандағы шешiмiне
N 1 қосымша
Үй жанындағы жер телiмдерiнiң базалық салықтық
мөлшерлемелерi
<*>
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған XXIІІ сессиясының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы шешімімен .
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2001 жылғы
29 желтоқсандағы шешiмiне
N 2 қосымша
Автотұрақтар, автомобильге жанармай құю станциялары
және базарлар үшiн қолданылатын жер телiмдерiнiң
салықтық мөлшерлемелері
<*>
Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған XXIІІ сессиясының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы шешімімен .
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2001 жылғы
29 желтоқсандағы шешiмiне
N 3 қосымша
Алматы қаласының жерлерiн аймақтастыру (схемасы)
жобасының негiзiндегi базалық салықтық мөлшерлемелердiң
түзетiлiмi
<*>
Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған XXIІІ сессиясының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы шешімімен .
ІI-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2001 жылғы
29 желтоқсандағы XIV кезектен
тыс сессиясының шешiмiне
N 4 қосымша <*>
Ескерту. 4 қосымша жаңа редакцияда - Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған XVI сессиясының 2002 жылғы 13 ақпандағы шешімімен .
Алматы қаласының базарларында тауар сату құқығы үшiн
бiр жолғы талондар көлемi күн сайын (теңгемен)
-------------------------------------------------------------------
N ! Базардың бағыты ! Базардың санаты
-------------------------------------------------------------------
! ! I ! II ! III
-------------------------------------------------------------------
1. Азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарлар:
1.1 Прилавкалардан басқа контейнерлерден,
дүңгiршектерден, павильондардан және өзге
де уақытша орнатылған құрылыстарда сауда
жасау
6,0 шаршы м.көлемге дейiнгi сауда
орнынан. 360 360 360
6,0 шаршы м.көлемнен 14,0 шаршы м.көлемге
дейiнгi сауда орнынан 450 450 -450
14,0 шаршы м.көлемнен жоғары сауда орнынан 540 540 540
1.2. Прилавкада сауда жасау
(әр сауда жасайтын адамнан алынады, сауда
орыны ескерiлмейдi) 160 140 120
2. Автомобиль сататын базар
2.1 1 автокөлiктi сатқаны үшiн 360 Тыйым Тыйым
салынады салынады
2.2 Автобөлшектердi сату (әр сауда жасайтын
адамнан) 340 300 260
3. Гүл сататын базар 180 160 140
4. Машина үстiнен сауда жасайтын базар 540 Тыйым Тыйым
салынады салынады
--------------------------------------------------------------------
II-шi сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының ХIV-сессиясының
төрағасы
II-шi сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы
ІI-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2001 жылғы
29 желтоқсандағы XIV кезектен
тыс сессиясының шешiмiне
N 5 қосымша <*>
Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған XXII сессиясының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы шешімімен .
ІI-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2001 жылғы
29 желтоқсандағы XIV кезектен
тыс сессиясының шешiмiне
N 6 қосымша <*>
Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған XXII сессиясының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы шешімімен .
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2001 жылғы
29 желтоқсандағы шешiмiне
N 7 қосымша
Сыртқы жарнама мен көрнекi ақпаратты орналастырғандығы,
жарнама орындарын бергендiгi және рұқсат бергендiгi туралы
бiр жолы төлемi үшiн алынатын ай сайынғы төлем мөлшерлемелерi
(бiр жағы үшiн)
--------------------------------------------------------------------
NN! ! Төлем мөлшерлерi
п/п! Жарнама түрi !-----------------------------
! ! Ай сайын
! !-----------------------------
! !А !В !С !Бiр
! !катего-!катего-!катего-!жолғы
! !риясы !риясы !риясы !төлем
--------------------------------------------------------------------
1. Ауданы 1 ш.м. дейiнгi көрсеткiш,
маңдайша, ақпарат қалқаны 3 2 1 3
2. Лайта бокс (сити нысанында) 6 3 2 3
3. Ауданы 2-5 ш.м. аралығындағы
жарнама-ақпарат нысаны 10 5 3 3
4. Ауданы 5-10 ш.м. аралығындағы
жарнама-ақпарат нысаны 20 10 6 3
5. Ауданы 10-20 ш.м. аралығындағы
жарнама-ақпарат нысаны 40 20 10 3
6. Ауданы 20-30 ш.м. аралығындағы
жарнама-ақпарат нысаны 60 30 15 3
7. Ауданы 30 ш.м. асатын
жарнама-ақпарат нысаны 100 50 25 3
8. Уақытша үлгiдегi дүңгiршiк пен
павильондағы жарнама 3 2 2 3
9. Көлiк құралындағы жарнама
(1 данасы үшiн) 15 15 15 3
9.1 Автобус, троллейбус, трамвай,
жүк көлiгi және т.б. 5 5 5 3
9.2 Шағын автобус, такси, жеңiл
автомобиль
--------------------------------------------------------------------
Ескертпе:
1. Бюджеттiк ұйымдар үшiн ай сайынғы мөлшер 30 пайызға отандық тауар өндiрушiлер мен бiрлескен өндiрiс кәсiпорындары үшiн 20 пайызға азаяды.
2. Көлiк құралдары мен жекеменшiк жерлердегi нысандарындағы жеке жарнама-ақпарат өнiмдерiн орналастырғандығы үшiн мөлшерлеме алынбайды.
3. Өз мiндеттерiн атқаруына байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекi) жарнама нысаны үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк органдары төлемшi болып табылмайды.
4. Темекi және алкоголь өнiмдерi жарнамасы үшiн (тiркелген сауда маркасы, локотив пен брэнд қоса алғанда) ай сайынғы төлемге тең.
"А" Категориясы: Абай даңғылы, Әл-Фараби даңғылы, Абылайхан даңғылы, Достық даңғылы, Фурманов көшесi, Астана алаңы, Республика алаңы, Сәтбаев көшесi, Қонаев көшесi, Сүйiнбай даңғылы, Саин даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Қажы Мұқан көшесi, Байтұрсынов көшесi, Достық-Әл-Фараби тас жолы, Алтынсарин көшесi, Райымбек даңғылы, Рысқұлов даңғылы, Желтоқсан көшесi, Гоголь көшесi, Жiбек Жолы көшесi, Төле би көшесi, Қабанбай батыр көшесi, Мақатаев көшесi, Б.Майлин көшесi, М.Залка көшесi, Гагарин даңғылы, Хмельницкий көшесi, Солтүстiк шеңберi, "Медеу" СК, әуежай, авто және т/ж вокзалы, Розыбакиев көшесi, Ш.Қалдаяқов көшесi, Наурызбай Батыр көшесi, қалаға кiре берiстер мен шыға берiстер, Тимирязев көшесi, Б.Момышұлы көшесi, Спорт шаралары мен мәдени-бұқаралық демалыс орындары, Жандосов көшесi, Масанчи көшесi, Мәметова көшесi, Құрманғазы көшесi, Т.Озал көшесi.
"В" Категориясы: Әуезов көшесi, Бөгенбай батыр көшесi, Марков көшесi, Шаляпин көшесi, Манас көшесi, С.Ковалевская көшесi, Навои көшесi, Мұстафин көшесi, Шемякин көшесi, "Алмагүл" ықшам ауданы, "Қазақфильм" ықшам ауданы, "Айнабұлақ" ықшам ауданы, Байзақов көшесi, Щепкин көшесi, Жароков көшесi, Қазыбек би көшесi, Әйтеке би көшесi, Мұқанов көшесi, С.Торайғыров көшесi, "Орбита" ықшам ауданы, Панфилов көшесi, Жансүгiров көшесi, Пушкин көшесi, Айманов көшесi, Жамбыл көшесi, Ә.Шәрiпов көшесi, Қожамқұлов көшесi, Қарасай батыр көшесi, Шевченко көшесi.
"С" Категориясы: "А" және "В" категориясына енбеген басқа барлық магистральдар, алаңдар мен көшелер.
II-шi сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының ХIV-сессиясының
төрағасы
II-шi сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы