Қосылған құн салығы бойынша салық төлеушіні есепке қою және Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру ережелерін бекіту туралы

Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 1736 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 28 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1781

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" K010209_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiліп отырған Қосылған құн салығы бойынша салық төлеушiні есепке қою және Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру ережелері бекітілсін. 2. Әдістемелік департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынасқа таралады. Министр
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк кiрiс Министрiнiң 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 1736 бұйрығымен бекiтiлдi
 
 
                 Қосылған құн салығы бойынша салық төлеушiнi
                 есепке қою және Қосылған құн салығы бойынша
                   есепке қою туралы куәлiктi беру ережесi
 
      Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209-II K010209_ Кодексiне сәйкес әзiрлендi және қосылған құн салығы бойынша салық төлеушiлердi есепке қою және салық органдарында қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы Куәлiктердi беру тәртiбiн белгiлейдi.
 
                              1. Жалпы бөлiм
 
      1. Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға Кодекстiң 208-бабына сәйкес белгiленген талаптарға сәйкес мынадай тұлғалар жатады:
      1) жеке кәсiпкерлер;
      2) заңды тұлғалар;
      3) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер.
      Қосылған құн салығын төлеушiнiң өтiнiшi бойынша Кодекстiң 208-бабының 6 және 7-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер болып танылған оның құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға жатады.
      2. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою осы Ереженiң 1-тармағында көрсетiлген тұлғаның салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеу рәсiмiнен өткеннен кейiн (немесе бiр уақытта) жүзеге асырылады және салық төлеушiлердi тiркеу есебi нысанының бiрi болып табылады.
      3. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеушiлердiң салықтық тiркеу карточкасына енгiзу жолымен жүзеге асырылады. Салық төлеушiлердiң тiркеу карточкасының мәлiметтерiнен қосылған құн салығын төлеушiлер туралы дерекқор қалыптасады.
      4. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою кезiнде салық төлеушiнiң тiркелу орны бойынша салық органы (бұдан әрi - салық органы) мыналардың негiзiнде қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктi (бұдан әрi - Куәлiк) салық төлеушiге бередi:
      1) белгiленген нысан бойынша салық органына берiлген қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiш (бұдан әрi - Есепке қою туралы өтiнiш);
      2) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органының шешiмi (бұдан әрi - Есепке қою туралы шешiм).
 
                   2. Қосылған құн салығы бойынша есепке
                       қою туралы өтiнiштi беру тәртiбi
 
      5. Есепке қою туралы өтiнiш осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген жағдайларды есептемегенде, осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес 342.00 нысаны бойынша салық органына берiледi.
      342.00 нысан бойынша Есепке қою туралы өтiнiш қағаз түрiнде ғана жасалады, қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен немесе баспа құрылғыларын пайдалана отырып толтырылады.
      342.00 нысан бойынша Есепке қою туралы өтiнiш екi данада келу тәртiбiнде берiледi, оның бiреуi салық органының белгiсiмен салық төлеушiге қайтарылады.
      342.00 нысан бойынша екi өтiнiште 2002 жылғы 1 қаңтардан 31 қаңтарға шейiнгi кезеңде қара-ақ гаммада берiледi.
      6. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi ретiнде мемлекеттiк тiркеумен бiр уақытта Есепке қою туралы өтiнiш тұлғаны салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеу рәсiмiн өтуге өтiнiш беру көзделген нысан бойынша салық комитетiне берiледi.
      7. Есепке қою туралы өтiнiштi алу кезiнде салық органы салық төлеушi болғанда, жiберiлген белгiлерге қатаң шектелген тiзiмi бар өтiнiш нысанының жолының толтырылу дұрыстығын, көрсетiлген мәлiметтердiң толықтығын тексередi және оны өңдеудi жүзеге асырады.
      8. Толтыру кезiнде жiберiлген қателер табылған кезде, өтiнiш жою үшiн салық төлеушiге қайтарылады.
      9. Есепке қою туралы өтiнiште анықталған қателер жойылғаннан кейiн салық органы Есепке қою туралы өтiнiш қабылданғаны туралы белгi қояды.
      10. Салық органы екi жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiге Куәлiк не Есепке қою туралы өтiнiште көрсетiлген тiркеу деректерiмен сәйкессiздiк табылған жағдайда, салық төлеушiге қосылған құн салығы бойынша есепке қоюдан бас тартудың уәждемеленген себебiн хабарлайды.
 
           3. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық
               органының шешiм қабылдау негiздемесi және шешiмi
 
      11. Салық тексеруi кезiнде салық төлеушiде Кодекстiң 208-бабының 3-тармағымен белгiленген өткiзу бойынша кiшi айналым мөлшерiнен кез-келген кезең үшiн жиынтық айқындалған (он екi айлықтан артық емес) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу бойынша айналым мөлшерiнiң асып түсуi анықталған жағдайда, салық тексеруiнiң актiсi негiзiнде салық органы екi жұмыс күнi iшiнде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны Есепке қою туралы шешiмдi ресiмдейдi.
      Ресiмделген Есепке қою туралы шешiмге салық органы басшысының болмаса оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолы қойылады және салық төлеушiнiң iс қағазында сақталады.
      12. Салық төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаннан кейiн салық органы салық төлеушiге "Салық мiндеттемелерiн орындау бойынша салық қызметi органдарының хабарламалар нысандарын бекiту туралы" (бұдан әрi - Хабарлама) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс Министрiнiң 2001 жылғы 28 қазандағы N 1466 V011696_ бұйрығымен бекiтiлген нысан бойынша салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жiбередi. Хабарламаны толтыру кезiнде бұзушылықтың мәнiн сипаттайтын жолдарда мынадай мазмұндағы мәтiн көрсетiледi: "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 208-бабының 9-тармағына және салық органының 20_ жылғы "___"_______ N _____ шешiмiне сәйкес Сiз қосылған құн салығын төлеушi ретiнде тiркелдiңiз. Сiз 20___ жылғы "___" ______ бастап "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 8-бөлiмiне сәйкес қосылған құн салығын есептеу мен төлеудi жүргiзуге мiндеттiсiз. 4. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiк 13. Куәлiк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңымен белгiленген тәртiпте салық органы ресiмдейдi. Куәлiк қатаң есептеме бланкiсi болып табылады. 14. Куәлiктiң нөмiрi оңнан солға қарай мыналар сипатталатын сандардың дәйектiлiгiнен тұратын сандық код ретiнде қалыптасады: _________________________________________________________ Сериясы | ХХ | Х | ХХ | Нөмірі | ХХХ... | _________________________________________________________ |Фасет 1 | Фасет 2 | Фасет 3| | Фасет 4 | _____________________________ ___________ фасет 1 - қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiш қабылдаған қалалық (аудандық) салық органы бағынысты болып табылатын облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша салық органының коды; фасет 2 - қосылған құн салығының коды; фасет 3 - құжаттың коды (05 - Куәлiктiң түпнұсқасы, 15 - Куәлiктiң көшiрмесi); фасет 4 - берiлген Куәлiктiң реттiк нөмiрi.
      15. Тiркелген қосылған құн салығын төлеушiге берiлген Куәлiктiң сериясы және нөмiрi туралы мәлiмет қосылған құн салығын төлеушiлер туралы дерекқорға хабарланады.
      16. Куәлiк осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық органында жүргiзiлетiн берiлген Куәлiктердi есепке алу Журналында қол қою жолымен қосылған құн салығын төлеушiге берiледi.
      Куәлiк салық төлеушiде сақталады.
      17. Куәлiк бүлiнген немесе жоғалған жағдайда, қосылған құн салығын төлеушi осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Куәлiктiң көшiрмесiн алуға салық органына өтiнiш бередi. Куәлiктiң көшiрмесi түпнұсқаның көшiрмесi болып табылады. Куәлiк бүлiнген жағдайда, Куәлiктiң көшiрмесiн алуға өтiнiшке Куәлiктiң бүлiнген бланкiсi қоса берiледi. Ресiмделген Куәлiктiң көшiрмесi салық органының басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолымен және салық органының мөрiмен расталады. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША НЫСАН 342.00 БЕТ 01 ЕСЕПКЕ ҚОЮ ТУРАЛЫ Қосылған құн салығы бойынша салық ӨТІНІШІ төлеушіні есепке қою және Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру ережесіне 1 қосымша Осы нысанды жасау ережесін оқыңыз. __________________________________________________________________________ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! +, /, %, Z белгілерін пайдаланбаңыз, ҚАРА немесе КӨК сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, БАСПА әріптермен толтырыңыз. __________________________________________________________________________ Бөлім. Өтініш __________________________________________________________________________ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 208-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеуіңізді сұраймын: __________________________________________________________________________ Бөлім. Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат __________________________________________________________________________ 342.00.001 Салық төлеушінің заңды атауы (көрсетілген тілдердің кез-келгенінде көрсетіңіз) А Мемлекеттік _________________________________________________________ тіл _________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ В Орыс тілі ___________________________________________________________ _____________________________________________________________________ С Ағылшын тілі ________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 342.00.002 Салық төлеушінің аты-жөні Мемлекеттік тіл: А Тегі ________________________________________________________________ В Аты ________________________________________________________________ С Әкесінің аты ________________________________________________________________ Орыс тілі А Тегі ________________________________________________________________ В Аты ________________________________________________________________ С Әкесінің аты ________________________________________________________________ Ағылшын тілі А Тегі ________________________________________________________________ В Аты ________________________________________________________________ С Әкесінің аты ________________________________________________________________ 342.00.003 Салық төлеушінің СТН _______________________________________________________________________ Өтініш берген күн ___________________________________________________________________ ________________________________________________ Салық комитетінің коды Салық комитетінің Өтініші Қабылдаған лауазымды тұлға толтырады Өтінішті қабылдаған күн ____________________________________________________________________ СТН 342.00 НЫСАН 02 БЕТ ________________________________________________________________________ Салық органының белгісі 342.00.005 Құжат берілді: ҚҚС төлеушінің куәлігі А Берілген күн В Құжаттың сериясы С Құжаттың нөмірі ________________________________________ Белгі жасалған күн ____________
Қосылған құн салығы бойынша салық
төлеушіні есепке қою және Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру ережесіне 2 қосымша
 
 
                         ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ҚОЮ ТУРАЛЫ САЛЫҚ ОРГАНЫНЫҢ ШЕШІМІ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 208-бабының 9-тармағына сәйкес салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша есепке қою жүзеге асырылсын: 1 Салық төлеушінің ______________________________________________________ аты-жөні немесе атауы _______________________________________________________________________ 2 Салық төлеушінің СТН _________________________________ 3 Қосылған құн салығы бойынша ____________________________ есепке қойған күн Күні, айы, жылы санмен 4 Салықтық тексеру Актінің Актіге қол актісі нөмері _________ қойылған күн ______________________ Күні, айы, жылы санмен 5 Салық салу айналымының ең аз шамасының ______________________ артуы белгіленген салық кезеңі Айы, жылы санмен ___________________________________________________________________________ Шектеу сызығынан шықпаңыз Шешім қабылдаған ___________________________________/_______/ күн Салық органының басшысының немесе Қолы ___________________________ оны ауыстыратын тұлғаның аты-жөні Айы, күні, жылы санмен Салық органының коды ___________ М.О.
Қосылған құн салығы бойынша салық
төлеушіні есепке қою және Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру ережесіне 3 қосымша
 
 
                           _______________ СЕРИЯЛЫ БЕРІЛГЕН ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ҚОЮ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖУРНАЛЫ ___________________________________________________________________________ Р\н|Куәлік.|Салық | Салық | Салық | Салық |5-бағанда| Куәлікті|7-ба. N | тің |төлеу.|төлеуші.|төлеуші.| төлеушіге |көрсетіл.| алуға |ғанда |номері |шінің | нің | нің | куәлікті |ген салық| уәкілет.|көрсе. | | СТН |аты-жөні|Куәлікті| берген | органы | ті салық|тілген | | | немесе | алған | салық | қызмет. | төлеуші.|тұлға. | | | атауы | күні |органының | керінің | нің өкі.| ның | | | | |қызметкері.| қолы | лінің | қолы | | | | | нің | | аты-жөні| | | | | | аты-жөні | | | ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________
Қосылған құн салығы бойынша салық
төлеушіні есепке қою және Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру ережесіне 4 қосымша
 
 
                         ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ҚОЮ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІҢ КӨШІРМЕСІН АЛУҒА ӨТІНІШ Осы нысанды жасау ережесін оқыңыз. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! +, /, %, Z белгілерін пайдаланбаңыз, ҚАРА немесе КӨК сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, БАС БАСПА белгілермен толтырыңыз. Бөлім. Өтініш Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесін куәліктің бүлінуі ____ не жоғалуына ____ байланысты (тиісті _х_ тор көзде көрсетіңіз) беруіңізді сұраймын: Бөлім. Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат 352.00.001 Салық төлеушінің заңды атауы (көрсетілген тілдердің кез-келгенін көрсетіңіз) А Мемлекеттік _________________________________________________________ тіл _________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ В Орыс тілі ___________________________________________________________ _____________________________________________________________________ С Ағылшын тілі ________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 352.00.002 Салық төлеушінің аты-жөні Мемлекеттік тіл: А Тегі ________________________________________________________________ В Аты ________________________________________________________________ С Әкесінің аты ________________________________________________________________ Орыс тілі А Тегі ________________________________________________________________ В Аты ________________________________________________________________ С Әкесінің аты ________________________________________________________________ Ағылшын тілі А Тегі ________________________________________________________________ В Аты ________________________________________________________________ С Әкесінің аты ________________________________________________________________ 352.00.003 Салық төлеушінің СТН _______________________________________________________________________ 352.00.004 ҚҚС төлеушінің куәлігі А Берген күн ___________ С Құжаттың нөмірі ___________ В Құжат сериясы ___________ D Бүлінуі немесе жоғалу күні ________ ___________________________________________________________________________ Өтініш берген күн ___________________________________________________________________ ________________________________________________ Салық комитетінің коды Салық комитетінің Өтініші Қабылдаған лауазымды тұлға толтырады Өтініш қабылдаған күн ____________________________________________________________________ Мамандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.