Салықтық мiндеттемелердi орындау жөнiндегi салық қызмет органдары хабардар етулерiнiң нысандарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 28 қазандағы N 1466 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1696. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 желтоқсандағы N 660 бұйрығымен.(V043362)

      Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдарды одан әрі дамытуды ынталандыру, олардың бәсекелестік қабілетін арттыру, материалдық-техникалық базасын жетілдіру үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдарға қоғамның таза кірісінің 10 пайызын 2000-2003 жылдар кезеңіне дивидендтер төлеуге бағыттауға рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:
     1) мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдардың иелігінде қалатын таза кірістің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамыту мен жетілдіруге бағыттауды қамтамасыз етсін;
     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке жүктелсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі