Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және еріксіз тарату туралы ереже

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 28 қазан N 420. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1769

Қолданыстағы

      Сақтандыру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және еріксіз тарату туралы ереже бекітілсін және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.

      2. Банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату ісін бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.) және Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және еріксіз тарату туралы ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын.

      3. Банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату ісін бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және еріксіз тарату туралы ережені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және еріксіз тарату туралы ережені Банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату ісін бақылау басқармасынан алған күннен бастап төрт күндік мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары К.А. Колпаковқа жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық  
Банкі Басқармасының "Қазақстан   
Республикасындағы сақтандыру    
(қайта сақтандыру) ұйымдарының   
уақытша әкімшілігінің, арнайы   
атқарушысының қызметі және еріксіз 
тарату туралы ережені бекіту    
туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы   
N 420 қаулысымен         
БЕКІТІЛГЕН            

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының
қызметі және еріксіз тарату туралы ереже

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне K941000_  , "Сақтандыру қызметі туралы" Z000126_  , "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Z952155_  , "Акционерлік қоғамдар туралы" Z980281_  Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді, уақытша әкімшіліктің (уақытша әкімшілік басқарушысының), арнайы басқарушыны өкілеттіктерін белгілейді және қызметін реттейді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, оның ішінде банкротқа ұшырау негізі бойынша еріксіз тарату жүргізу тәртібін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының құқықтық мәртебесін және өкілеттіктерін, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетінің қалыптасу ерекшеліктерін және қызметін, сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) өкілеттіктерін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын еріксіз тарату соттың шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын еріксіз тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күні еріксіз тарату процесінің басы болып саналады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын еріксіз тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күнінен бастап және тарату процесі аяқталғанға дейін:
      1) акционерлердің жалпы жиналысының, еріксіз таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа органдары мен лауазымдық тұлғаларының, оның ішінде мүлікті басқару және міндеттемелерді өтеу жөніндегі өкілеттіктері, сондай-ақ олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады;
      2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан немесе соның есебінен жүзеге асатын іс-әрекеттердің егер оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылатын комиссиясының төрағасы немесе ол берген сенімхат бойынша жасалған жағдайда заңды күші болады;
      3) "Сақтандыру туралы" Z000126_  Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 2-тармағында көзделген сақтандыру төлемдері жөніндегі міндеттемелерден басқа таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық борыштық міндеттемелерінің мерзімі біткен болып есептеледі;
      4) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны (мүддені) есептеу тоқтатылады;
      5) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне өндіріп алу жөніндегі өтінішке заңнамамен белгіленген барлық шектеулер алынып тасталады;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптар осы сәттен бастап тек таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атына ғана беріледі және осы Ережеде, сондай-ақ қолданылып жүрген заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.
      4. Сот уәкілетті мемлекеттік органның лицензияны қайтарып алуымен байланысы жоқ негіздеме бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын еріксіз тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган заңнамада белгіленген тәртіппен оның лицензиясын қайтарып алу туралы мәселені қарайды.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы заңнамада белгіленген тәртіппен тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот болып таныла алады. Дәрменсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын оның кредиторларының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімі бойынша соттан тыс тарату рәсіміне жол берілмейді.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банкротқа ұшырауы туралы іс бойынша бітім келісімін жасауға жол берілмейді.
      7. Лицензиялары қайтарып алынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру немесе басқа да қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ұстауға жұмсалатын ағымдағы шығыстарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына келіп түсетін ақшаның есептелуін және сақтандыру оқиғалары басталған бұрын жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жасауға байланысты жағдайларды қоспағанда қолдағы банктік есепшоттар бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің құрамына кіретін уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жағдайларын қоспағанда уәкілетті мемлекеттік органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін еріксіз тоқтату жөніндегі шығыстарды қаржыландыруға тыйым салынады.

2-тарау. Уақытша әкімшіліктің (уақытша әкімшілік
басқарушысының) өкілеттіктері

      9. Лицензияны қайтарып алу туралы шешім заңды күшіне енгеннен бастап уәкілетті мемлекеттік орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктері бойынша уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшілік басқарушысын) тағайындайды, оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқарудың барлық органдарының өкілеттіктері ауысады. Уақытша әкімшілік (уақытша әкімшілік басқарушысы) тағайындалған күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын қызмет ететін органдарының өкілеттіктері тоқтатылады.
      10. Уақытша әкімшіліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді оның басшысы қабылдайды.
      Уақытша әкімшіліктің (уақытша әкімшілік басқарушысының) қызметіне кедергі келтірілген жағдайда уақытша әкімшіліктің басшысы (уақытша әкімшілік басқарушысы) бұл туралы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлайды.
      11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің басшысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерінде тағайындалған уақытша әкімшілік мүшелерінің қызметіне басшылық жасайды және үйлестіреді.
      12. Уақытша әкімшілік (уақытша әкімшілік басқарушысы) өз қызметін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату туралы уәкілетті мемлекеттік органның өтініші бойынша соттың іс қозғауына дейінгі кезеңде жүзеге асырады.
      13. Уақытша әкімшілік (уақытша әкімшілік басқарушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензияларын қайтарып алу және уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшілік басқарушысын) тағайындау туралы шешімдердің көшірмелерін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығына қолхат арқылы тапсырады.
      Шешімдерді қолхат арқылы тапсыру мүмкін болмаған жағдайда уақытша әкімшілік (уақытша әкімшілік басқарушысы) бұл туралы акт жасайды, уәкілетті мемлекеттік органға хабар береді және осы Ережеде көзделген өз міндеттерін орындауға кіріседі.
      14. Уақытша әкімшілік (уақытша әкімшілік басқарушысы) тез арада мынадай іс-әрекеттерді орындайды:
      1) қабылдау-өткізу актісі бойынша басшылықтан сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тіркеу жөніндегі құжаттардың түпнұсқаларын, мөрлер, мөртабандар, ақпараттың электронды тасымалдаушыларын және оның бағдарламалық қамтамасыз етуін, бланкілер мен басқа да құжаттарды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін қабылдайды;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияларды қайтарып алу және уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшілік басқарушысын) тағайындау туралы уәкілетті мемлекеттік органның шешімінің көшірмесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының клиенттеріне көрінетін жерге орналастырады;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кассасына түгендеу жүргізеді және ақша қалдығын банктік есепшоттарға есептейді;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік есепшоттарын салыстырады;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері мен міндеттемелеріне, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және басқа да шарттарына түгендеу жүргізеді;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік есепшоттарына қызмет көрсететін банктерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымдық тұлғалардың қолдарының үлгілері бар құжаттарды ұсынады;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мүлкінің, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттың электронды тасымалдаушыларының, сондай-ақ басқа да ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді;
      8) толық материалдық жауап беретін адамдар тобын, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізудің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық және басқа да есебін жасаудың электронды жүйесіне кіре алатын адамдарды белгілейді;
      9) уақытша әкімшілік (уақытша әкімшілік басқарушысы) тағайындалған күнге есепке алу-бухгалтерлік ақпаратты шығарады. Мұндай ақпарат электронды түрде жоқ болған жағдайда қағазға шығарылған ақпарат негізге алынады;
      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шарттарының (полистерінің) бланкілерін және сақтандыру агенттеріндегі қолма-қол ақшаның қалдығын алады;
      11) заңнамада белгіленген тәртіппен сақтандыру оқиғалары басталған сақтандыру шарттары бойынша, оның ішінде сақтандыру ұйымдарының филиалдары бұрын жасаған шарттар бойынша сақтандыру төлемдерін жасау туралы шешім қабылдайды;
      12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі басқа да қажетті іс-шараларды орындайды.
      15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшілік басқарушысы) өз қызметінде "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 3-тармағында және осы Ереженің 7-тармағында көзделген жағдайлардан басқа шығыс операцияларын жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      16. Филиалдар мен өкілдіктер бойынша деректерді ескере отырып жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшілік басқарушысының) есебі уәкілетті мемлекеттік органға және уәкілетті мемлекеттік органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату туралы өтініші жіберілген сотқа ұсынылады.
      17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшілік басқарушысы) өз өкілеттіктерін тоқтатады және соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын еріксіз тарату туралы іс қозғаған күнінен бастап он күннен аспайтын мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін арнайы басқарушыға береді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін уақытша әкімшіліктен (уақытша әкімшілік басқарушысынан) арнайы басқарушыға актімен ресімделеді.

3-тарау. Арнайы басқарушының өкілеттіктері

      18. Арнайы басқарушы өз қызметін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын еріксіз тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енгеніне дейін жүзеге асырады.
      19. Арнайы басқарушы:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасайды;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі мен құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік есепшоттарына қызмет көрсететін банктерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымдық тұлғалардың қолдарының үлгілері бар құжаттарды ұсынады;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да қажетті шаралар қолданады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен сақтандыру оқиғалары басталған сақтандыру шарттары бойынша, оның ішінде сақтандыру ұйымдарының филиалдары бұрын жасаған шарттар бойынша сақтандыру төлемдерін жасау туралы шешім қабылдайды.
      20. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының арнайы басқарушысы "Сақтандыру қызметі туралы" Z000126_  Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 3-тармағында және осы Ереженің 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өз қызметі кезеңінде шығыс операцияларын жүзеге асыруға құқылы.
      21. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының арнайы басқарушысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын және мүлкін тарату комиссиясының қабылдау туралы актісі уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі.
      22. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының арнайы басқарушысы уәкілетті мемлекеттік органға "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
      23. Уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлері, сондай-ақ таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлері және олардың жақын туыстары арнайы басқарушы болып тағайындала алмайды.

4-тарау. Тарату комиссиясы

      24. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын еріксіз тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін тарату комиссиясына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және ісін басқару жөніндегі өкілеттік беріледі.
      Тарату комиссиясы 10 күндік мерзімде арнайы басқарушыдан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және ісін қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайды.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясының түпнұсқасын тарату комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органға қайтаруы тиіс.
      Тарату комиссиясы кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуды қамтамасыз ету жөніндегі істі қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ісін аяқтау үшін шаралар қабылдайды.
      25. Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде дербес әрекет етеді.
      Тарату комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді.
      26. Кредиторлар комитеті құрылғанға дейін тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне төлемнің мөлшерін қоса алғанда, тарату шығыстарының сметасын уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.
      27. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды және оның қызметінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылуына дербес жауап береді. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін орынбасар орындайды.
      28. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары не өкілдіктері болған жағдайда, оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының сол жерде құрылған бөлімшесі (бұдан әрі - бөлімше) таратады.
      29. Бөлімшеге тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тарату комиссиясының төрағасы тағайындайтын бөлімше басшысы (бұдан әрі - бөлімше басшысы) басшылық жасайды.
      30. Бөлімше басшысы тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат негізінде қызметін жүзеге асырады. Бөлімше басшысы және тұтас алғанда бөлімше тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.
      31. Бөлімше басшысы бөлімше қызметіне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарын не өкілдіктерін таратуға Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жауап береді.
      32. Тарату комиссиясы мүшесінің, бөлімше басшысының, тарату комиссиясына тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттерін, еңбекке ақы төлеу талаптарын қоса алғанда тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын жеке еңбек шартында (келісім-шартта) айқындалады.
      33. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы оның қызметіне жедел басқаруды жүзеге асырады, бөлімшелері мен олардың басшыларының қызметіне бақылау жасайды.
      34. Тарату комиссиясының төрағасы, бөлімшелерінің басшылары мен мүшелері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату барысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына шығын келтіру, өкілеттікті теріс пайдалану, сондай-ақ басқа да жол берілген жөнсіздіктер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгендей жауап береді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы заңды теріс мақсатта пайдалану немесе басқа да бұзу фактілері анықталған жағдайда белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына хабарлауы тиіс.
      35. Уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының құрамына қатысуға құқығы жоқ.
      36. Тарату комиссиясы:
      1) талап қою тәртібін, мерзімін және кредиторлардың өз талаптарын қоюға құқылы мекен-жайды міндетті түрде көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын еріксіз тарату туралы ақпаратты орталық әділет органының ресми басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде кешіктірмей жариялайды;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату бойынша міндеттердің тарату комиссиясына жүктелгенін растайтын құжатты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшыларына қол қойдыра отырып таныстырады;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшыларынан, не (қайта сақтандыру) ұйымының арнайы басқарушысынан қабылдау-өткізу туралы акт жасай отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мөртабандарын, мөрлерін, электронды ақпарат тасымалдаушыларын, бағдарламалық қамтамасыз етуін, бланкілері мен басқа да барлық құжаттарын тез арада талап етеді;
      4) қабылдау-өткізу актісі бойынша активтерді, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін қабылдайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шарттарының (полистерінің) бланкілерін және сақтандыру агенттеріндегі қолма-қол ақшаның қалдығын алады;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кассасына тез арада түгендеу жүргізеді, ақша қалдығын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы есепшоттарына есептейді;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік есепшоттарын салыстырып тексереді, оларды жабады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату басталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының теңгемен және валютамен ағымдағы есепшоттарын ашады;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын еріксіз тарату туралы сот қабылдаған шешім және тарату комиссиясының тағайындалғаны туралы хабарландыруды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының клиенттері үшін көрінетін жерге орналастырады;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлерін еңбек заңдарына сәйкес жұмыстан шығарады;
      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізеді;
      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін оны тарату мақсаттарына сәйкес басқарады;
      11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату және ұйым қызметін аяқтау мақсаттарына сәйкес басшылық міндеттерін атқарады;
      12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сотта талап қояды және мүдде білдіреді;
      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағдарламалық қамтамасыз етуін және электронды ақпарат тасымалдаушыларын, сондай-ақ басқа да ақпараттарын сақтауды қамтамасыз етеді;
      14) толық материалдық жауап беретін адамдар тобын, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізудің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық және басқа да есебін жасаудың электронды жүйесіне кіре алатын адамдарды белгілейді;
      15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату процесі басталған күнге электронды түрдегі есепке алу-бухгалтерлік ақпаратты шығарады. Мұндай ақпарат электронды түрде жоқ болған жағдайда қағазға шығарылған ақпарат негізге алынады;
      16) кредиторлар тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайларын белгілейді және талдау есебінің деректерін салыстырады;
      17) кредиторлар туралы мәліметтер болмаған жағдайда деректемелерді және жазбаша хабарлау мүмкіндігінің болмау себептерін көрсете отырып акт жасайды;
      18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының әр кредиторына еріксіз тарату туралы жазбаша хабарлайды;
      19) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларының талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бекітілген аралық тарату балансына сәйкес қанағаттандырады;
      20) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін келісім-шарт бойынша қажетті қызметкерлерді жалдайды;
      21) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратудың барлық кезеңі бойына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі мен құжаттарының сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;
      22) тарату комиссиясын тағайындаған соттың және уәкілетті мемлекеттік органның талап етуі бойынша тарату өндірісіне қатысты мәліметтерді ұсынады;
      23) тарату туралы есепті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату балансын жасайды және аталған құжаттарды бекіту үшін сотқа ұсынады;
      24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату рәсімі аяқталғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын белгіленген тәртіппен архивке сақтауға береді;
      25) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктер мен міндеттерге ие болады.
      37. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы есепшоттары екінші деңгейдегі банктерде ашылады.
      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктерінің барлық ақшасы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы есепшотына есептеледі.
      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында берешегі жоқ заңды және жеке тұлғалардың жазбаша талаптары бойынша тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын еріксіз тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік есепшоттарына түскен ақшаны тез арада қайтарады.
      38. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы белгіленген мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға орындалған жүмыс туралы, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты да ұсынады. Бөлімшелер орындалған жұмыс туралы есепті тарату комиссиясының төрағасына ұсынады.

5-тарау. Активтерді басқару және талаптарды қарау

      39. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтеріне құндық бағасы бар және тарату массасын қалыптастыру үшін негіз құрайтын мүлік, мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар кіреді.
      40. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы осы Ережеге және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне (активтеріне), жеке есепшоттарына, сақтандыру шарттарына (полистеріне), басқа да сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарына кейінге қалдырмай түгендеу жүргізуге, сондай-ақ таратылатын сақтандыру ұйымының уәкілетті қызметкерлерін қатыстыра отырып баланстық есепшоттардың және меморандум есепшоттарының барлық қалдықтарын салыстырып тексеруге міндетті. Түгендеу нәтижелері бойынша акт жасалады.
      41. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының түгендеу арқылы анықталған барлық активтері таратылу массасына қосылуы тиіс. Таратылу басталғанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансына енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтері таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық балансында көрсетілуі тиіс.
      42. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық шарттары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа да міндеттемелері бойынша шарттар қолда бар барлық құжаттармен қоса тізімделуге және есепке алу-тіркеу құжаттарымен бірге кейін салыстырып тексеруге жатады. Құжаттар арасында айырмашылық анықталса не құжат болмаса, себебі көрсетіле отырып, акт жасалады.
      43. Тарату комиссиясы бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны тарта отырып таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін бағалайды. Баланстық құны 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлікті таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы бағалайды.
      44. Егер таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар мен акционерлердің талаптарын қанағаттандыру үшін ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және кредиторлар комитеті бекіткен мүлік сату жоспарына сәйкес жария сауда арқылы сатады.
      45. Тарату комиссиясы тарату массасын толтыру үшін дебиторлық берешек өндіріп алу жөнінде, оның ішінде сақтандыру резервтерінің орналастырылған қаражатын қайтару жөнінде жұмыс жүргізуге міндетті.
      46. Мүліктік құқығы және заңды мүддесі соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын еріксіз тарату туралы шешім қабылдауы нәтижесінде бұзылуы ықтимал заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен дауларды тікелей реттеу мақсатында оның тарату комиссиясына жазбаша шағым береді.
      Кредитор жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге жазбаша өтініш береді.
      47. Кредиторлардың талаптарында талаптың мөлшері (негізгі борыштың мөлшері туралы жеке, сыйақы (мүдде), тұрақсыздық айыбы және басқа айыппұл санкциялары, шығындар, талаптың негіздемесін және мөлшерін растайтын құжаттар туралы мәліметтер және талаптың мөлшері (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышты мойындауы және басқалары) болуы тиіс.
      48. Шағым (өтініш) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен кредиторлар арасында жасалынған шартта басқа мерзім келісілмеген жағдайда, оны алған күннен бастап екі апта мерзімде қаралуы тиіс.
      49. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы шағымды (өтінішті) қарау кезінде қойылатын талаптың заңдылығын және оның негізділігін тексеруі тиіс.
      Егер шағымға (өтінішке) қаралуға тиісті қажетті құжаттар қоса берілмесе, онда олар өтініш берушіден почтамен жіберілген жолдағы уақытты санамағанда кемінде 5 күн болатын беру мерзімімен сұратып алынады. Талап етілген құжаттар көрсетілген мерзімде алынбаған жағдайда шағым (өтініш) қолда бар құжаттар бойынша қаралады.
      50. Шағымды (өтінішті) алған тарату комиссиясы өтініш берушінің негізделген талабын тануға және жазбаша түрде шағымды (өтінішті) қарау нәтижелері бойынша хабарлауға міндетті.
      Шағымға (өтінішке) берілетін жауапта мыналар көрсетіледі:
      1) шағым (өтініш) берушінің және жауап беретін тарату комиссиясының толық атауы, почталық деректемелері, жауап берілетін шағымның (өтініштің) күні және номері;
      2) шағымды (өтінішті) толық немесе ішінара таныған жағдайда, егер ол ақшалай бағалауға жатқызылмаса, танылған сома не шағымның (өтініштің) мерзімі және қанағаттандыру әдісі көрсетіледі;
      3) шағым (өтініш) толық немесе ішінара ауытқыған жағдайда - шағымның (өтініштің) ауытқуына негізделген тиісті нормативтік құқықтық актілер мен құжаттарға сүйенген ауытқу себептері;
      4) жауапқа қоса берілген құжаттардың және басқа дәлелдемелердің тізбесі.
      51. Шағым (өтініш) толық немесе ішінара кейінге қалдырылған жағдайда, өтініш берушіге шағыммен (өтінішпен) қоса берілген құжаттар қайтарылуы тиіс, сондай-ақ шағымды (өтінішті) кейінге қалдыруға негіз болатын құжаттар өтініш берушіде жоқ болса, олар жіберіледі.
      52. Кредиторға жауап арнайы немесе бағалы хатпен, хаттың жіберілуін белгілейтін басқа байланыс құралдарымен жіберіледі.
      53. Шағымды (өтінішті) беруге арналған мерзім сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын еріксіз тарату туралы хабарландыру баспада жарияланған күннен бастап есептеледі және 2 айдан кем болмауы тиіс.
      54. Шағым (өтініш) беру, сондай-ақ барлық ұсынылған шағымды (өтінішті) қарау мерзімі аяқталғаннан кейін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы бір айлық мерзімде активтерді түгендеу нәтижелерін ескере отырып, аралық тарату балансын жасайды, мұнда таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі, кредиторлар берген шағымдар мен өтініштердің тізбесі, оларды қарау нәтижелері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларынан талап етілмеген берешектері, кредиторлардың талаптарының тізілімі туралы мәліметтер болуы тиіс.
      Филиалдары және өкілдіктері бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аралық тарату балансы филиалдар мен өкілдіктердің аралық тарату баланстарын ескере отырып жасалады.
      55. Аралық тарату балансы және оған қосымшалар, оның ішінде кредиторлардың талаптарының тізілімін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандар бойынша тарату комиссиясы жасайды және оны сот бекітеді.
      56. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасағаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органға келісу үшін кредиторлардың талаптарының тізілімін береді, оған аралық тарату балансы қоса беріледі.
      57. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүддесін қамтамасыз ету мақсатында кредиторлардың талаптарының тізілімін жасайды және "Сақтандыру қызметі туралы" Z000126_  Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес болуы тиіс.
      58. Кредиторладың талаптарының тізіліміне даусыз болып табылатын, белгіленген мерзімде көрсетілген және тарату комиссиясы таныған кредиторлардың талаптары кіреді.
      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы есепшотына берілген, заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша орындау құжаттары кредиторлардың талаптарын есепке алу үшін тарату комиссиясының төрағасына беріледі.
      Орындау құжаттары танылған талаптар деп табылады және орындалмаған сома мөлшерінде кредиторлардың тізіліміндегі тиісті кезекте есептеледі.
      59. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сотта бекітілген аралық тарату балансының көшірмесі қосымшаларымен бірге уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.
      60. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша есеп айырысулар "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 2-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда, аралық тарату балансы және оның қосымшалары сотта бекітілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

6-тарау. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру

      61. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының талаптары сотта бекітілген күннен бастап аралық тарату балансына сәйкес "Сақтандыру қызметі туралы" Z000126_  Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабында көзделген тәртіппен қанағаттандырылады.
      62. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату ісіне байланысты жұмсалған шығыстар, басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға арналған шығыстар кезектен тыс жүзеге асырылады.
      Тарату комиссиясының шығыстарын мақсатсыз пайдалануға, сондай-ақ тарату комиссияларының еңбекақысына төлем жасауға қаражатты екі айдан астам мерзімге резервке алуға болмайды.
      63. Кредиторлардың басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдері жөніндегі бірнеше талаптары түскен кезде, талаптар түсу кезегінің уақытымен қанағаттандырылады.
      64. Әр кезектің талаптары алдындағы кезектің талаптарынан кейін қанағаттандырылады.
      Бір кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезінде қаражат олардың арасында қанағаттандырылуға тиісті талаптардың тең сомасымен бөлінеді.
      65. Тиісті кезек басталған кезде кредитордың талабы өзінің келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін әдістермен, оның ішінде есептердің теңдік принциптерін сақтай отырып, ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті табиғи нысанда өткізу арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
      66. Тарату комиссиясының шағымдарды беру үшін белгілеген мерзімі біткеннен кейін, бірақ тарату балансын бекіткенге дейін берілген кредиторлардың талаптары кредиторлардың белгіленген мерзімде берілген талаптарын қанағаттандырылғаннан кейін қалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкімен қанағаттандырылады.
      67. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда, кредитор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату балансын бекіткенге дейін тарату комиссиясына шағым бере отырып, сотқа өтініш жасайды.
      Кредиторлардың белгіленген мерзімде берілген, бірақ тарату комиссиясы қабылдамаған, соттың қанағаттандыру туралы шешімі бар талаптары кредиторлармен жүргізілетін есеп айырысулар үшін белгіленген кезек тәртібімен орындалады. Көрсетілген талаптарды толық қанағаттандырғанға дейін кредиторлар талаптарының есеп айырысу жасалған кезегін қанағаттандыру тоқтатылады.
      68. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкінің жетіспеуінен қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін берілмеген кредиторлардың талаптары өтелген деп саналады.
      69. Сонымен бірге егер кредитор сотқа шағым бермесе және соттың шешімімен кредитордың шағымын қанағаттандырудан бас тартса, кредиторлардың тарату комиссиясы қабылдамаған талаптары өтелген деп саналады.
      70. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлармен есептесу аяқталғаннан кейін қалған мүлкін тарату комиссиясы "Акционерлік қоғамдар туралы" Z980281_  Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен акционерлердің арасында бөледі.

7-тарау. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының кредиторлар комитеті

      71. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату кезінде кредиторлардың мүддесін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
      72. Тарату комиссиясы кредиторлар комитеті құрамының тізімін кредиторлар талаптарының тізбесі бекітілген күннен бастап он күндік мерзімде жасап, оған тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және келісу үшін уәкілетті мемлекеттік органға және сотқа бекітуге беру үшін тез арада жіберіледі.
      73. Кредиторлар комитетінің құрамына кезекті әр топтан кемінде бір өкілден, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына неғұрлым көп сомада талап қойып отырған кредитор кіруге құқылы.
      74. Кредиторлар комитетінің мүшелері үштен тоғыз адамға дейін тақ саннан тұрады.
      75. Кредитор кредиторлар комитетінің жұмысына қатысудан бас тартуға құқылы.
      76. Кредиторлар комитеті мүшесінің талаптары толық қанағаттандырылған жағдайда, ол кредиторлар комитетінің құрамынан шығарылады. Бұл жағдайда тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің жаңа құрамының тізімін уәкілетті мемлекеттік органға келісу үшін және сотқа бекіту үшін бере отырып, кредиторлар комитетінің құрамын өзгерту жөнінде жұмыс жүргізеді.
      77. Тарату комиссиясы комитеттің бірінші мәжілісінің өтетін орнын және күнін кредиторлар комитетінің барлық мүшелеріне хабарлайды.
      Кредиторлар комитетінің бірінші мәжілісі кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күннен бастап он күннен кешіктірмей мерзімде өткізілуі тиіс. Бірінші мәжілісте дауыс беру рәсімінде дауыстар тең болған кезде шешуші дауыс құқығы берілетін комитет төрағасын таңдауға міндетті. Кредиторлар комитетінің төрағасы комитет жұмысының жоспарын жасайды және бекітеді.
      78. Кредиторлар комитетінің кейінгі мәжілістері комитет белгілеген тәртіппен және мерзімде шақырылады.
      79. Кредиторлар комитеті:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату барысында жасалатын барлық құжаттармен танысуға;
      2) кредиторлардың құқықтары мен мүдделерін бұзу туралы шағымын қарауға қатысуға;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату барысында кредиторлардың құқықтарын, заңды мүдделерін және заңнамалық талаптарын бұзушылықтар, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы мүшелерінің өздерінің міндеттемелерін тиісті дәрежеде орындамағаны туралы уәкілетті мемлекеттік органға және сотқа хабарлауға;
      4) тарату комиссиясының әрекетіне сотқа және уәкілетті мемлекеттік органға шағым жасауға;
      5) мүлік сату бойынша аукциондарды және тарату комиссиясының мәжілісін қоса алғанда, кез келген тарату рәсімі болған кезде қатысуға құқығы бар комитет кредиторлары мүшелерінің ішінен кредитордың өкілін сайлауға;
      6) тарату комиссиясынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйі туралы ақпарат беруді талап етуге;
      7) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан өндіріп алуға мүмкін емес дебиторлық берешегінің көлемін бекітуге;
      8) тарату комиссиясы берген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату массасын жүзеге асыру жоспарын бекітуге;
      9) төраға мен тарату комиссиясының мүшелеріне төленетін негізгі және қосымша төлемдердің мөлшерін қоса, тарату шығыстарының сметасын бекітуге;
      10) тарату комиссиясының жекелеген кредиторларына хабар жіберудің мүмкін еместігі туралы актіні бекітуге;
      11) тарату комиссиясының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансынан мүлікті есептен шығару туралы актіні бекітуге құқылы.
      80. Кредиторлар комитетінің мәжілісі хаттамамен ресімделеді.
      81. Кредиторлар комитетінің шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады.
      82. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық қалған кредиторлары кеңес беру дауысы құқығымен кредиторлар комитетінің мәжілісіне қатысуға құқылы.

8-тарау. Уәкілетті мемлекеттік орган

      83. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметіне бақылау жасайды.
      84. Уәкілетті мемлекеттік орган:
      1) тарату комиссиясы ұсынатын есептер мен қосымша ақпараттың нысанын, мерзімін және кезеңділігін белгілейді;
      2) тарату комиссиясының келісіміне ұсынылған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары талаптарының тізілімін қарайды және оны соттың бекітуіне жібереді;
      3) тарату комиссиясы ұсынған кредиторлар комитетінің тізімін қарайды;
      4) кредиторлар комитетінің тізімін соттың бекітуіне жібереді;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметіне тексеру жүргізеді;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметін бақылау бойынша осы Ережеде және басқа нормативтік құқықтық актілерде көзделген басқа да өкілеттіктері бар.
      85. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметін кредиторлар комитетінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жекелеген кредиторларының немесе акционерлерінің өтініші бойынша, сондай-ақ өзінің бастамасы бойынша уәкілетті мемлекеттік орган тексереді.
      86. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметін тексеру немесе уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылған мәліметтерді талдау нәтижесінде кредиторлардың және акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғандығы, сондай-ақ тарату барысын жүргізудің заңнама реттеген тәртібін бұзғандығы анықталса, уәкілетті мемлекеттік орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына көрсетілген жөнсіздіктерді өзі белгілеген мерзімде жою жөнінде орындауға міндетті жазбаша нұсқау жібереді және бұл жөнінде сотқа хабарлайды.
      87. Тарату комиссиясы жазбаша нұсқауды орындамаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің K990411_  8-бабы негізінде тарату комиссиясын тағайындаған сотқа, немесе бұзылған құқықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау үшін прокуратура органдарына өтініш беруге құқылы.

9-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
таратуды аяқтау

      88. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды аяқтағаннан кейін тарату комиссиясы тарату балансын және тарату туралы есепті жасайды.
      89. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есептің және тарату балансының сот бекіткен көшірмелері уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылады.
      90. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының таратылуын тіркеу Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Z952198_  Заң күші бар Жарлығы белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
      91. Тарату комиссиясының өкілеттігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылуын тіркеу туралы әділет органының бұйрығын алғаннан кейін, құжаттарды сақтау үшін архивке тапсырғаннан кейін және бұл жөнінде уәкілетті мемлекеттік органды хабардар еткеннен кейін тоқтатылады.

10-тарау. Қорытынды ережелер

      92. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнама нормаларына сәйкес шешілуі тиіс.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің Төрағасы