Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 3 шiлдедегi N 159 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 1 желтоқсандағы N 490. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1766. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 78 Қаулысымен.

Күшін жойған

      Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.09.27 № 78 (4-тармақты қараңыз) Қаулысымен.

      Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне беретiн есептiк ақпаратын бiр ізге салу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 3 шiлдедегi N 159 V990906_ қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер осы қаулының қосымшасына сәйкес енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
      3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге және "Казпочта" ашық акционерлiк қоғамына жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
 

     Ұлттық Банк

      Төрағасы



                                            "Қазақстан Республикасының



                                            Ұлттық Банкi Басқармасының

                                            "Аударымдық төлем тәсiлiмен   

                                            төлем айналымын бөлу жөнінде  

                                            есеп жасау және есеп беру     

                                            ережесiн бекiту туралы"

                                            1999 жылғы 3 шiлдедегi

                                            N 159 қаулысына толықтырулар  

                                            мен өзгерiстер енгiзу туралы" 

                                            Қазақстан Республикасының     

                                            Ұлттық Банкi Басқармасының

                                            2001 жылғы 1 желтоқсандағы

                                            N 490 қаулысына

                                            қосымша



 
 
              Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
           "Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу жөнiнде
               есеп жасау және есеп беру ережесiн бекіту туралы"
                    1999 жылғы 3 шiлдедегi N 159 қаулысына
                          толықтырулар мен өзгерiстер
 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 3 шiлдедегi N 159 V990906_ қаулысына (бұдан әрi - қаулы) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      1. Қаулының атауындағы және одан әрi мәтiн бойынша Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру ережесiндегi (бұдан әрi - Ереже) "Аударымдық төлем" деген сөздерден кейiн "және ақша аудару" деген сөздермен толықтырылсын:
      2. Ережеге мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Ереженiң атауындағы "Аударымдық төлем" деген сөздерден кейiн "және ақша аудару" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтағы "Аударымдық төлем" деген сөздерден кейiн "және ақша аудару" (бұдан әрi - төлем айналымын бөлу жөнiндегi есеп) деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктер төлем айналымын бөлу жөнiндегi есептердi осы Ережеге N 1 қосымшаға сәйкес, Ұлттық Банк белгiлеген нысандармен және байланыс арналары бойынша есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей ұсынады.";
      3, 8, 10-тармақтардағы "аударымдық төлем тәсiлiмен" деген сөздер алынып тасталсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Төлем айналымын бөлу жөнiндегi есеп Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын төлем құжаттарын және Қазақстан Республикасының облыстары шеңберiндегi аударымдық төлемдер мен ақша аудару тәсiлдерiн көрсетуге арналған.";
      8 тармақтағы 5) тармақша алынып тасталсын;
      9, 9-1, 9-2, 11-тармақтар алынып тасталсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Чектердi пайдалана отырып төлемдердi жүзеге асыру тәсiлiмен есеп

 

жасаған кезде чектер бойынша төлемдердiң, оның iшiнде есеп айырысу чек

кiтапшаларының чектерi бойынша, кепiлдiк берiлген, жол чектерi бойынша

чектердiң жалпы саны және сомасы көрсетiледi, бұған қолма-қол ақша алуға

арналған чектер кiрмейдi";

     13-тармақтағы:

     "тiкелей дебеттеу әдiсiмен есеп айырысуға жасалған шартқа сәйкес ақы

төлеуге қабылдаған" деген сөздер "банктiк есепшоттың тiкелей дебеттеу

шартына сәйкес орындалған" деген сөздермен ауыстырылсын;

     екiншi сөйлем алынып тасталсын;

     14-тармақ алынып тасталсын;

     15-тармақтағы екiншi сөйлем алынып тасталсын;

     15-5-тармақтағы "жүзеге асырылған халықаралық аударымдардың" деген

сөздер "жөнелтiлген жiберiлетiн аударымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

     15-6 тармақтағы "эмитент банктер ашқан" деген сөздер "банк ашқан және

орындаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

     Ережеге 1-қосымша жаңа редакциядағы 1-қосымшамен ауыстырылсын;

     2 және 3-қосымшалар алынып тасталсын.




                                    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi



                                    Басқармасының 1999 жылғы 3 шiлдедегi

                                    N 159 қаулысына бекітілген Аударымдық

                                    төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу

                                    жөнінде есеп жасау және есеп беру     

                                    ережесiне                      

                                    1-қосымша



 
 
                  Төлем айналымын бөлу жөніндегі есеп

 

                      20__ ж. "___" ______________

                                    (есепті кезең)


Банктің ББК _________________

Банктің атауы

                                                   (бірлігі және мың теңге)

___________________________________________________________________________

N ! Облыстың ! Төлем  ! Төлем  !Чектер !  Банктік  !  Инкас. ! Төлем

   !  атауы   !тапсыр. !талап-  !       ! есепшотты !  салық  ! ордері

   !          ! масы   ! тапсыр.!       !  тікелей  !  өкім.  !  

   !          !        ! малары !       !  дебеттеу !   дер   !    

___!__________!________!________!_______!___________!_________!____________

1 !   2      ! 3 ! 4  ! 5 !  6 ! 7 ! 8 !   9  ! 10 ! 11 ! 12 ! 13 ! 14

___________________________________________________________________________

                С   С    С   С    С   С     С    С     С    С   С    С   

___________________________________________________________________________

1  Ақтөбе

2  Ақмола

3  Алматы

4  Атырау

5  Шығыс

   Қазақстан   

6  Жамбыл

7  Қарағанды

8  Қызылорда

9  Қостанай

10 Маңғыстау

11 Павлодар     

12 Солтүстік

   Қазақстан     

13 Батыс

   Қазақстан

14 Оңтүстік     

   Қазақстан

   Барлығы    

___________________________________________________________________________


     таблицаның жалғасы

__________________________________________________________________

   Вексельдер     ! Банктік  !  Ақша   ! Халық. !  Аккредитивтер  !

__________________! есепшот  !аударуға ! аралық !_________________!

есепке  !өтелгені!ашылмаған !өтініштер! почта  !ашылғаны! Орын.  !

қабыл.  !        !аударымдар!         !аударым.!        !далғаны !

данғаны !        !          !         !  дары  !        !        !   

_________!________!__________!_________!________!________!________!

15 ! 16 ! 17 ! 18! 19 ! 20  ! 21 ! 22 ! 23 !24 ! 25 ! 26! 27 ! 28! 

___________________________________________________________________

С    С     С   С   С     С    С     С   С    С    С   С    С   С

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________



Банктің басшысы __________________ (аты-жөні)   

Бас бухгалтер ____________________ (аты-жөні)

Орындаушы ________________________ (аты-жөні) Тел. ______


Ескерту: С-саны  

         С-сомасы




                                                    1-қосымшаға ескерту



 
       Төлем айналымын бөлу жөнiндегi есептi осы банк филиалдарының тұрған орнында облыстардың шеңберiнде банк жүйесi бойынша тұтастай жасау қажет.
      "Төлем тапсырмалары"
      Форматтың 3, 4-бағандарында банк орындаған, клиенттiң төлем тапсырмаларының жалпы саны мен сомасы және төлемнiң бастамашысы банктiң өзi болатын төлем тапсырмалары көрсетiледi.
      "Төлем талап-тапсырмалары"
      Форматтың 5, 6-бағандарында ақша жiберушi банк орындаған, төлем талап-тапсырмаларының жалпы саны мен сомасы, оған қоса банкке ұсынылған орындалған төлем талап-тапсырмалары көрсетiледi, бұған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi банктiң есепшотына ұсынылған төлем талап-тапсырмалары кiрмейдi.
      "Чектер"
      Форматтың 7-бағандарында чек берушi банктiң чек ұстаушыға тауар және көрсетiлген қызмет үшiн төлеген чектерiнiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Бұл бағанға сондай-ақ банктiң төлемге қабылдаған жол чектерiн де көрсету қажет. Шетел валютасымен эмиссияланған жол чектерiн осы чектердi төлеу күнiндегi банктiң теңгемен бағамы бойынша көрсету қажет.
      "Банктiк есепшотты тiкелей дебеттеу"
      Форматтың 9, 10-бағандарында банктiк есепшотты тiкелей дебеттеу арқылы төлемдерді жүзеге асыру шартына сәйкес банктiң жүзеге асырған төлемдерiнiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Тиiстi төлем құжаттарын пайдалана отырып жүргiзiлген бұл төлемдер бағандарда көрсетiлмейдi.
      "Инкассалық өкiмдер"
      Форматтың 11, 12-бағандарында ақша жiберушi банк төлеген инкассалық өкiмдердiң, оған қоса банкке ұсынылған орындалған инкассалық өкiмдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Бұған банктiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi корреспонденттiк есепшотына ұсынған инкассалық өкiмдерi кiрмейдi. Банк инкассалық өкiмдердi iшiнара орындаған кезде инкассалық өкiмдердiң нақты төленген сомасына төлем құжаттарының санын көрсетедi.
      "Төлем ордерлерi"
      Форматтың 13, 14-бағандарында банк орындаған төлем ордерлерiнiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Вексельдер"
      Форматтың 15, 16-бағандарында банктiң есептеуге қабылдаған вексельдерiнiң жалпы саны мен сомасы (есептеуге вексель ұсынған тұлғаға төленген сома) көрсетiледi.
      Форматтың 17, 18-бағандарында өтелген вексельдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      Вексельдердi есептеу және өтеу жөнiндегi операциялар тиiстi төлем құжаттарын пайдалана отырып жүргiзiлген бағандарда көрсетiлмейдi.
      "Банктiк есепшот ашылмаған аударымдар"
      Форматтың 19, 20-бағандарында төлем хабарламасы негізінде банк орындаған төлем құжаттарының жалпы саны мен сомасы көрсетіледі. Банктiк есепшот ашпай банк орындаған шетел валютасындағы ақша аударымдарының сомасы ақша аудару күнiндегi банктiң теңгемен бағамы бойынша көрсетiледi.
      "Ақша аударуға өтiнiштер"
      Форматтың 21, 22-бағандарында банк аударған ақша аударымына өтiнiштердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Шетел валютасымен орындалған ақша аударымына өтiнiштердi ақша аудару күнiндегi банктiң теңгемен бағамы бойынша көрсету қажет.
      "Халықаралық почта аударымдары"
      Форматтың 23, 24-бағандарында "Western union" "Моnеу gram" жүйелермен және осы сияқты жүйелермен жiберiлген халықаралық жiберу аударымдарының жалпы саны мен сомасы көрсетіледі.
      "Аккредитивтер"
      Форматтың 25, 26-бағандарында есептi кезең iшiнде ашылған аккредитивтердiң (аккредитив бойынша баланстан тыс есепшотқа кiрiске алынған міндеттемелердiң және талаптардың) жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Бұл бағанды аккредитив бұйрығын берушiнiң өтiнiшiне сәйкес аккредитив ашқан эмитент банк толтырады.

 

     Форматтың 27, 28-бағандарында есептi кезең iшiнде орындалған

аккредитивтердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Бағанды аккредитивтi

орындаған банк толтырады. Бұл төлемдер тиiстi төлем құжаттарын пайдалана

отырып жүргiзiлген бағандарда көрсетiлмейдi. Орындаушы банкке өтем жасау

сомасын аудару, бағанда осы кезде пайдаланылатын төлем құжатына сәйкес

көрсетіледі.



      Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Жұманазарова А.Б.