Сотталғандарды медициналық куәландырудың және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынудың Нұсқауын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 15 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1756

Қолданыстағы

"КЕЛІСІЛДІ"

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БАС ПРОКУРОРЫ     
2002 ж. 4 қаңтар   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ
2001 ж. 28 қаңтар   

"КЕЛІСІЛДІ"       
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ
2001 ж. 25 қыркүйек  

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 168, 169-баптарына сәйкес, сотталғандарды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
    1. Қоса беріліп отырған:
    1) сотталғандарды медициналық куәландырудың және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынудың Нұсқауы;
    2) сотталғандарды жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар Тізбесі;
    3) арнайы медициналық комиссияның медициналық құжаттамасының нысандары:
    Арнайы медициналық комиссияның сотталған адамды Медициналық куәландыруының қорытындысы;
    Арнайы медициналық комиссия куәландырған Сотталғандарды есепке алу журналы бекітілсін.
    2. Бұйрық 2002 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.     

Қазақстан Республикасы
       Әділет Министрі

Қазақстан Республикасы  
Әділет Министрінің    
2001 жылғы 11 желтоқсандағы
N 152 бұйрығымен     
бекітілген       

Сотталғандарды медициналық куәландырудың және оларды
ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынудың
НҰСҚАУЫ

1. Жалпы ережелер

    1. Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру сотталғандарды медициналық қамтамасыз етудi жақсарту мақсатында жүзеге асырылатын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес ұйымдастыру және практикалық iс-шаралардың кешенiн құрайды.

     2. Осы нұсқау органдардың құрылу тәртiбiн, мiндеттерiн, құрамын, құқықтары мен мiндеттемелерiн, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыруды, оны өткiзудi ұйымдастыруды анықтайды.

     3. Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру органдарының бiр ғана мiндетi түзеу мекемесiнiң басшылығы ұсынған сотталғандарды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуға негiз болатын аурулар мен психикалық ауытқуларының бар-жоғын куәландыру болып табылады.

     4. Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатылуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру мiндеттерiн шешу үшiн облыстардағы Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң медициналық қызметтерiнде ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды куәландыру жөнiндегi Арнайы медициналық комиссиялар (бұдан әрi - АМК) құрылады.
     АМК құрамын ҚАЖ комитетi басқармаларының бастықтары бекiтедi. АМК төрағадан - медициналық басқарма (бөлiм, қызмет) бастығынан және емдеу саласының екi дәрiгерi - комиссия мүшелерiнен тұрады. Қажет болған жағдайда комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ҚАЖ комитетi денсаулық сақтау емдеу саласының дәрiгерлерiн тарту есебiнен кеңейтiлуi мүмкiн.

     5. АМК өз жұмысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн , Қылмыстық-атқару кодексiн , осы Ереженi және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады.

     6. АМК-ның iсi осы Ережемен белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.

     7. Сотталғандарды медициналық куәландырудың АМК қорытындысының негiздiлiгiне талдауды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ҚАЖ комитетiнiң Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету басқармасына жүктеледi.

2. Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға
ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру

     8. Психикалық ауытқулары бар сотталғандардың iс жүзiндегi мiнез-құлқының мүмкiндiктерi мен өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамдық қауiптiлiгiн не оларға басшылық жасаудан айыратын психикалық ауытқулары бар сотталғандар жасаған қылмысының сипаты мен ауырлығына, тағайындалған және өтелген жаза мерзiмiне, жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқына және басқа жағдайларға қарамастан, босатуға жатады. Сонымен бiрге сот босату туралы қаулы шығара отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 90-бабымен көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың қажеттiлiгi туралы мәселенi шешедi.
     Жазасын өтеуден өзге ауыр науқаспен ауыратын адамдарды босату туралы мәселенi шешу кезiндегi кедергiлiк, сот жасалған қылмыстың ауырлығын, сотталғанның жеке басының ерекшелiгiн және басқа жағдайларды ескередi. Осылайша сот сотталғанды босату туралы шешiм қабылдауы мүмкiн, не қандай мөлшерде сырқат жазасынан өтеуден босату туралы жағдайын ескерiп, жазасын өтеуден босатуға бас тартуы да көрсетiледi.

     9. Ауруына байланысты сотталғандарды жазасын өтеуден босатуға ұсыну үшiн негiз болатын аурулар Тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен келісiлген және осы бұйрықпен бекiтiлген сотталған Тiзбеде көрсетiлген және ауруына байланысты босату үшiн негiз болатын аурумен ауырады деуге негiз бар болса, жазаны атқарушы түзеу мекемесiнiң немесе басқа органның бастығы медициналық бөлiм Дәрiгерлiк-бақылау комиссиясының (бұдан әрi - ДБҚ) немесе сотталған жазасын өтеп жатқан сол колонияның немесе органның өзге емдеу-профилактикалық мекемесiнiң шешiмi бойынша оны АМК-ға куәландыруға жiбередi.
     Егер аурудың түрi Тiзбеге енгiзiлген болса, тұлға жазасын өтеп жүрген мекеменiң бастығына жiберiлетiн қорытынды жасалады. Психикалық ауытқулары бар тұлғаларға қатысты қорытынды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 90-бабының тармақтарына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тағайындау қажеттiгi мен оның түрi көрсетiледi.

     10. Ауруына байланысты тұлғаны босату туралы мәселенi қою үшiн сотқа ұсынымхат, Қорытынды, мiнездеме және жеке iсi жiберiледi, материал қаралып болған соң осы сотталғанға қатысты жазаны атқарушы түзеу мекемесiне немесе органға қайтарылады.
     Ұсынымхатта сотталғанның деректерi туралы, оның қылмыстық iсiнiң ауырлығы туралы, оның тұлғалығы туралы, ол азаптанған ауыруының мiнезiн, жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқы туралы көрсетiледi.

     11. АМК медициналық куәландыруына жазасын өтеу кезеңiнде келген ауырған, сондай-ақ қылмыстық iс жасағаннан кейiн болған аурулары өршудiң нәтижесiнде Тiзiмде көрсетiлгендей сипат алған және егер стационарлық емдеу дұрыс нәтиже бермесе.

     12. Сотталғанда Тiзбеде қарастырылған ауруларының бары туралы қорытынды жасалған емдердiң нәтижесiздiгiн және қорытынды диагнозды есепке ала отырып, куәландыратын ауруды мұқият динамикалық медициналық тексерулер болған кезде жазаны атқарушы түзеу мекемесiнiң немесе орган бастығының ұсынысы бойынша АМК бередi.

     13. Психикалық ауытқулары бар, сотталғандарды АМК-ның медициналық куәландыруы тек мамандандырылған (салалық) мекемелерде жүргiзiледi.
      Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 165 бұйрығымен .

     14. АМК қорытындысы үш данада ресiмделедi: бiрiншi сотқа жiберiледi, екiншiсi аурудың тарихына қосылады, үшiншiсi облыстардағы ҚАЖ комитетiнiң медициналық қызметiне қосылады.

     15. Қызметтiк тексеру арқылы жазасын өткеру уақытында өзiне қасақана зиян келтiрудiң нәтижесiнде ауырған сотталғандар ауруы бойынша жазасын өтеуден босатуға ұсынылмайды, тек өзiне зиян келтiру сәтiнде адам қатты психикалық ауытқу жағдайында болғанда ғана. Болған оқиға дәрiгерлiк-мамандар комиссиясымен анықталуға тиiс.

     16. Сотта ауруына байланысты сотталғанды жазасын өткеруден босату туралы материалы қаралған кезде прокурордың қатысуы және АМК өкiлiнiң немесе емдейтiн дәрiгерiнiң болуы мiндеттi.

     17. Ауруына байланысты жазасын өткеруден босатудан сот бас тартқан сотталғандардың денсаулық жағдайы нашарлаған кезде, жазасын өтеу кедергi материалдары бас тарту туралы сот анықтауының шыққан күнiне қарамастан сотқа екiншi рет жiберiледi.

     18. Сотқа материалдарының ұсынылған-ұсынылмағанына қарамастан АМК куәландырған сотталғандарды есепке алу Ауруына байланысты жазасын өткеруден босатуға ұсынылған сотталғандарды Есепке алу журналында жүргізіледі, ол ҚАЖ комитетінің басқармаларында медициналық қызметімен жүргізіледі.

     19. Ауруына байланысты жазасын өткеруден сот босатқан ауру сотталғандарға стационарлық көмек керегінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес аумақтық денсаулық сақтау органдарына госпитальға жатқызылады.

     20. Ауруына байланысты жазасын өткеруден босатуға сотталғандарды сотқа ұсынудың (не ұсынбауы) заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оған бағынышты прокурорлармен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы   
Әділет Министрінің     
2001 жылғы 11 желтоқсандағы
N 152 бұйрығымен     
бекітілген        

Сотталғандарды ауруына байланысты жазасын
өтеуден босатуға ұсыну үшiн негiз болып
табылатын аурулардың
ТIЗБЕСI

    1. Туберкулез:
    1) өкпенiң өршiмелi екi жақты фиброзды-кавернозды туберкулез немесе 2-3-сатылы өкпе-жүрек әлсiздiгiнiң (бұдан әрi - ӨЖӘ) құбылыстары байқалатын бронхиалды терең жарасы бар плевраның созылмалы жаппай эпиемасы.
    Процесс негiзгi кавернаның немесе бронхиалды терең жара және қосымша пайда болған фиброздық каверналар байқалатын плевраның жаппай эпиемиясының болуымен сипатталады. Бұл ретте екi өкпеде де бронхогендiк диссеминация ошақтары, әрқалай байқалатын фиброз (цирроз), плевралық таңулар, екiншi реттiк эмфизема, бронхоэктазалар, пневмосклероз және созылмалы өкпе процесiнiң басқа да көрiнiстерi, бронхогендiк диссеминацияның жаңа ошақтарының пайда болуы және адекваттық антибактериялық терапия фонында жаңа каверналардың түзiлуi байқалады. Мұндай процесс өкпе туберкулезiнiң түрлi нысандарының қолайсыз жағдайларындағы соңғы сатысын құрайды және 2-3-сатылы ӨЖӘ-мен, ұдайы қан түкiрулермен немесе өкпе қан кетулерiмен, түкiрiкте туберкулез микробактерияларының үнемi бөлiнулерiмен күрделене түседi.
     Өкпенiң өрши түскен екi жақты туберкулезiн немесе созылмалы эпиеманы диагностикалау кезiндегi анамнезде ұдайы өршудiң iлесе жүретiн ұзақ ағымды процестiң болуын ескеру керек. Мiндеттi болып табылатын рентгенографиялық зерттеулер кезiнде өкпе тiнiнiң айқын көрiнетiн деструктивтiк және фиброздың өзгерулерi анықталады, сондай-ақ негiзгi процестiң және iлеспе өршулер болуының клиникалық-лабораториялық расталуы орын алуы тиiс;
     2) 2-3-сатылы ӨЖӘ құбылыстары бар өрши түскен екi жақты инфильтративтiк өкпе туберкулезi.
     Процесс екi жақты бұзылуының көптеген қуыстардың жылдам дамуы мен бiр өкпенiң субтотальдық зақымдануының болуымен, интоксикация симптомдарының байқалуы арқылы аурудың ауыр қалымен, адекваттық терапия фонындағы 3-сатылы ӨЖӘ-мен сипатталады. Бұл ретте екi өкпеде де туберкулез микобактерияларының үнемi бөлiнуi арқылы бронхогендiк диссеминация ошақтары орын алады.
     Бұл диагнозды негiздеу үшiн туберкулез процесiнiң өршуiн дәлелдейтiн рентгенографиялық және клиникалық-лабораториялық тексерулер мiндеттi түрде жүргiзiлуi керек;
     3) омыртқаның өршiмелi деструктивтiк туберкулез.
     Процесс зақымданған аумақтағы жайылмалы бұзулармен, тыртықтық қосылулардың пайда болуымен сипатталады. Спондилит кезiнде туберкулездiк абсцестер, спастикалық параличтер, жұлын-ми зақымданулары орын алады. Диагностикалық бактериоскопиялық зерттеулердiң деректерiне, туберкулез абсцестерiнен iрiң ағуына, екi өзара перпендикуляр проекциядағы (тiк және жанама) рентгенографияға негiзделедi;
     4) зәр шығару органдарының ерекше процесiмен және терминалдық сатыдағы созылмалы бүйрек жетiспеушiлiгiнiң (бұдан әрi - СБЖ) дамуымен күрделенген бүйректiң екi жақты деструктивтiк туберкулезi.
     Зәр шығару жолдарының ерекше процесiмен күрделенген бүйрек туберкулезiн диагностикалау зәрдiң клиникалық анализi (пиурия, протеинурия, цилиндруия тән), ағызу әдiсi арқылы зәрдi бактериологиялық зерттеу, бүйрек пен қуық аумағының мiндеттi шолу рентгенографияларының деректерi жеткiлiксiз болған жағдайда экскреторлық урография, индигокарминдiк сынамасы бар цистоскопия және ретроградтық пиелография жүргiзу көрсетiлген.
     2. Жаңадан пайда болулар:
     1) ТNМ халықаралық топтастыру бойынша III-IY кезең барлық қатерлi жаңадан пайда болулар;
     2) лимфалық, қан түзу және оларға жақын тiндердiң қатерлi жанама пайда болулары;
     3) ауыр лейкоздар (эритремия мен эритролейкозды қоса алғандағы барлық iсiктер);
     4) терминалдық сатыдағы созылмалы лейкоздар (эритремияны қоса алғандағы аурулардың барлық типтерi);
     5) остеодеструктивтiк процестерi бар көп жақты миелома (омыртқа мен сүйектердiң патологиялық сынулары);
     6) бiр және одан да көп экстралимфа бөлiктерiнiң диффуздың зақымдануымен барлық лимфа бөлiктерi топтарының зақымдану байқалатын терминалдық сатыдағы Ходжкин ауруы.
     Бұл аурулардың клиникалық диагнозы гистологиялық зерттеулерiмен, қанды, қан түзу органдарының және оларға жақын тiндердi зерттеумен, онколог-дәрiгердiң немесе гематологтың (ауру профилi бойынша) кеңестерiмен расталады.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 356 бұйрығымен .
     3. Эндокриндiк жүйе аурулары:
     1) инсулинге тәуелдi (инсулин дозасы тәулiгiне 60 бiрлiк), кетоацидозға бейiм ауыр өтетiн, макроангиопатияның, ретиноплатияның, полинейропатияның болуымен байқалатын I типтi қант диабетi;
     2) екiншi инсулиндiк жеткiлiксiздiгi бар, кетоацидозға бейiм ауыр өтетiн және айқын макроангиопатияның, ретинопатияның, полинейропатияның болуымен байқалатын II типтi қант диабетi;
     3) айқын байқалатын күрделенулерi: түтiктi сүйектердiң немесе омыртқаның патологиялық сынулары, бұлшық еттiң семулерi, 2-3-сатылы қан айналымы жеткiлiксiздiгi (бұдан әрi - ҚЖ) бар кардиомиопатия, екi және одан да көп аяқ-қолдарының терең тұрақты қозғалыстарының бұзылулары бар мидың қан айналымының бұзылуы бар Иценго-Кушинг синдромы;
     4) кахексия сатысындағы гипопитуитаризм (Симмондс ауруы).
     4. Психикалық ауытқулар:
     1) дефицитарлық және тұрақты психотикалық симптоматика арқылы байқалатын жедел прогредиенттiк процесi болғандағы дефектiнiң үздiксiз немесе эпизодтық өсу типiнiң өтуi бар шизофрения (жай, гебефреникалық, параноялық, кататоникалық, дифференциалды емес);
     2) жиi ауысып отыратын маниакалдық және депрессивтiк фазалары, аралас психотикалық жағдайлары, үздiксiз өтуi бар биполярлық аффектiлiк бұзылу - маникалдық-депрессивтiк психоз;
     3) органикалық психикалық ауытқулар: бас миының ауруынан болатын деменция (Альцгеймер ауруы, Пик ауруы, Гентингтон ауруы, Паркинсон ауруы, деменцияның сенильдiк және пресенильдiк варианттары, эпилепсия кезiндегi деменция, атеросклеротикалық зақымдану болғандығы, сондай-ақ бас миы ұшыраған зақымдар мен инфекциялардың деменциясы);
     4) прогредиенттiк өтуi, соматикалық бөлiктi тартуы бар, созылмалы есi ауысқандық ауруы сипатында болатын созылған реактивтiк психоздар;
     5) тұрақты психотикалық симптоматикасы және психикасының үдемелi өзгерулерi бар әр түрлi этиологиялы созылмалы психоздар.
     Сотталған адамды АМК-ның куәландыруына ұсынуға бiрнеше рет Республикалық психиатриялық ауруханаға (бұдан әрi - РПА) немесе соңғы жаза мерзiмiн өтеу кезiнде Iшкіісминiнiң қылмыстық-атқару жүйесi Республикалық соматикалық ауруханасының (бұдан әрi - РСА) психиатриялық бөлiмшесiне госпитализациялау негiз болып табылады. Клиникалық диагноз ауру анамнезiн, процестiң прогредиенттiлiгiн, дефицитарлық симптоматиканың байқалуын ескере отырып, тек қана РПА мен РСА жағдайларында дәлелденедi.
     5. Жүйке жүйесi мен сезiм органдарының аурулары:
     1) бас және жұлын миының тамыр аурулары: эмболиялар, ми қан айналымының геморрагиялық, ишемиялық немесе аралас қатты бұзылуы, III сатылы созылмалы тамыр энцефалопатия, мидың ошақтық бұзылуларының айқын тұрақты құбылыстары байқалатын диагноз қойылған кездегi бастапқы (травмалық емес) субарахноидалдық қан кетулер (геми, -параплегиялар, терең геми, -парапарездер, кеңiстiк пен уақытты бағдалаудың бұзылуы, акинетика-ригидтiк синдром);
     2) функцияларының терең тұрақты бұзылулары (ауыр параличтер,
сезiмталдықтың жайылмалы бұзылулары, жамбас органдары функцияларының бұзылулары, трофиялық бұзылулары бар - парездер, айқын байқалатын акинетика-ригидтiк синдром) байқалатын бас және жүлын миының органикалық зақымдануымен және процестiң өршiмелi өтуiмен: екiншi, iрiңдi менингиттер, бас миының абсцестерi, спинальдық эпидуральдық абсцестер мен туберкулез емес этиологияның гранулемалары, нейросифилис, туберкулез кезiндегi жүйке жүйесiнiң зақымдануы, ұмытшақтық склерозы, Шильдердiң лейкоэнцефалитi iлесе жүретiн орталық жүйке жүйесiнiң (бұдан әрi - ОЖЖ) инфекциялық, демиелинизиялаушы аурулары;
     3) мидың ошақтық зақымдануының айқын байқалатын тұрақты құбылыстары бар ОЖЖ-ның травмалық аурулары (геми, -параплегиялар, терең геми, -парапарездер);
     4) қозғалу, сезiмталдық және вегетативтiк-трофиялық функциялардың айқын тұрақты бұзылуларының жылдам өршiмелi өтуi мен жүргiзiлiп жатқан емдеудiң тиiмсiздiгi байқалатын аурулар: бас миы iсiктерi краниоспинальдық iсiктер, жұлын миының iсiктерi, сирингобульбия, гепатоцеребральдық дистрофия (гепатолентикулярлық дегенрация, Вильсон-Коновалов ауруы), спиноцеребеллярлық атаксиялар, жанама амиотрофиялық склероз, миастения;
     5) толық соқырлық, сондай-ақ тұрақты патологиялық өзгерiстер негiзiнде жақсы көретiн көздiң көруi 0,03-тен аспайтын және  корригиренбейтiн немесе екi көздiң де көру шегi концентрациялы түрде 10 градусқа дейiн тартылған ахуалы.
     6. Қан айналымы органдарының аурулары:
     1) жүрек пен бүйректердiң басым зақымдануы байқалатын гипертензивтiк (гипертониялық) ауру: 2-3-сатылы НК бар жүрек пен бүйректердiң басым зақымдануы байқалатын гипертензивтiк (гипертониялық) ауру, терминалдық сатыдағы созылмалы бүйрек жеткiлiксiздiгi (бұдан әрi - СБЖ) бар бүйректердiң басым зақымдануы байқалатын гипертензивтiк (гипертониялық) ауру, 2-3-сатылы НК мен терминалдық сатыдағы СБЖ байқалатын жүрек пен бүйректердiң басым зақымдануы бар гипертензивтiк (гипертониялық) ауру;
     2) жүрек ритмiнiң ауыр және күрделi бұзылуы мен шиеленiскен
2-3-сатылы НК байқалатын жүрек аурулары: жүректiң созылмалы ишемиялық ауруы, созылмалы адгезивтiк перикардит, созылмалы констриктивтiк перикардит, туа бiткен немесе пайда болған жүрек аурулары, туа бiткен және пайда болған кардиомиопатиялар, миокарда фиброзы, миокарда дегенерациясы;
     3) аорта, артериялар, артериол мен капиллярлар ауруы: аортаның қабыршақты аневризмасы, кемiнде екi аяқ-қолды зақымдайтын  гангреноздық-некротиялық сатыдағы аяқ-қол артерияларының атеросклерозы (атеросклероздық гангрена), гангреноздық-некротиялық сатыдағы кемiнде екi аяқ-қолды зақымдайтын Рейно ауруы, гангреноздық-некротиялық сатыдағы, кемiнде екi аяқ-қолды зақымдайтын облитерациялаушы эндоартериит.
     7. Тыныс алу органдарының аурулары:
     диффузиялық өкпе синдромы, өкпе эмфиземасы, декомпенсация сатысындағы созылмалы өкпелiк жүрегi, созылмалы респираторлық жеткiлiксiздiгi байқалатын өкпенiң созылмалы спецификасы емес аурулары:
     1) созылмалы обструктивтiк бронхит;
     2) бронхиалды астма;
     3) бронхоэктатикалық ауру;
     4) өкпе абсцесi;
     5) түрлi этиологияның пневмокониоздары;
     6) идиопатиялық фиброзиялаушы альвеолит;
     7) саркоидоз;
     8) бастапқы эмфизема.
     8. Ас қорыту органдарының аурулары:
     1) гиперспленизмi, портальдық гипертензиясы, бауыр-клетка  жеткiлiксiздiгi байқалатын декомпенсация сатысындағы түрлi этиологияның бауыр цирроздары.
     9. Бүйрек аурулары:
     терминалдық сатыдағы СБЖ байқалатын бүйрек аурулары:
     1) созылмалы гломерулонефрит;
     2) созылмалы пиелонефрит;
     3) гидронефроз;
     4) бүйректердiң кистоздық ауруы.
     10. Сүйек-бұлшық ет жүйесi мен бiрiктiруші тiндердiң аурулары:
     ұдайы өршiмелi генерализацияланған процесi болғандағы және  терминалдық сатыдағы СБЖ немесе 2-3-сатылы НК немесе ОЖЖ-ның тұрақты ошақтық зақымдануы (геми, -параплегиялы, геми, -парапарездер) немесе дисфагия, дизартрия байқалатын көлденең мускулатураның генерализацияланған зақымдануы болғандағы:
     1) ревматоидтық артрит;
     2) геморрагиялық васкулит;
     3) анкилозиялаушы спондилоартрит (Бехтерев ауруы);
     4) жүйелi қызыл жегi;
     5) дерматомиозит;
     6) түйiндiк периартериит;
     7) жүйелi склеродермия.
     11. Алмасу аурулары:
     1) подагралық нефропатиясы бар подагра мен терминалдық сатыдағы ХПН.
     12. Жаза өтеудiң соңғы мерзiмi кезiндегi ауру немесе жарақат салдарындағы анатомиялық кемшiлiктер: үстiңгi немесе астыңғы аяқ-қолдарын жоғары ампутациялау, сондай-ақ бiр үстiңгi және бiр астыңғы аяқ-қолдың жоғары ампутациясының үйлесуi.
     13. Сәуле ауруы:
     1) қатты сәуле ауруы: I-IV ауырлық дәрежесi кезiндегi қатты сәуле ауруы асқыну сатысында, I-IV ауырлық дәрежесi кезiнде терiнiң жергiлiктi сәулелiк зақымданулары;
     2) асқынған сәуле ауруының салдары: жоғары әлсiреу мен бiрiншi кезекте, нерв жүйкесi мен тамырлы реттеуiш жүйелерiнiң функционалдық жетiспеушiлiгiмен астениялық синдром, ми және перифериялық қан таралуының зақымдануымен нерв және тамырлы жүйелердiң органикалық зақымдануының белгiлерi, перифериялық қан көрсеткiштерiнiң тұрақсыздығы бас сүйегiнiң гипоплазия белгiлерi бар айқын цитопениялық синдром (лейкоциттер саны 3.0х10 кем, тромбоциттер саны бiр литрге 1.5х10 кем) терең тропикалық, дегенеративтiк және склеротикалық жергiлiктi өзгерiстер, кеш радиациялық жаралар, ауырулық синдром, контрактура және ампутациялық кемiстiктерi, III сатыдағы сәулелiк катаракта тәуiр көздiң 0.1-0.5 көру қырағылығымен;
     3) II-IY ауырлық дәрежедегi басым болу кезеңiндегi созылмалы сәуле ауруы және алыс кезеңдегi (үдею сатысы);
     4) Сәуленiң кеш беретiн әсерлерi (қан жасаушы органдарының, сүйек тiнiнiң, өкпенiң, бауырдың қатерлi жаңа пайда болулары). Сәуле ауруының және сәулелiк кемiстiктердiң диагноздары радиациялық медицина бойынша мамандардың (себептiк байланысты белгiлеу жөнiндегi сараптамалық кеңестiң) қатысуымен комиссиялы түрде белгiленедi.
     14. Терi аурулары:
     1) iсiк сатысындағы т-лимфома.
     Терiде көк немесе сары-қызылдау түстi түйiндердiң пайда болуымен сипатталады, жиi эрозияланған немесе ақаулы бетiмен терiнiң кез-келген учаскелерiнде көк-қызыл немесе охралы-сары түрленуiмен, шаштары жоқ бляшкалар мен инфильтранттар. Лимфа түйiндерi кеңейедi. Перифериялық қанда Сезари-Лютцер тiнi табылады. Диагноз гистологиялық түрде расталуы тиiс.
     2) Тұрпайы күлдiреу.
     Айқын жарақатталмаған немесе алдын ала қызарған терiде немесе ауыз қуысының шырышты қабығында әртүрлi көлемдi: 1-ден 100 шаршы см. дейiн күлдiреулердiң пайда болуымен сипатталады. Жыртылған кезде периферия бойынша күлдiреулердiң қақпақтың жұлымдары бар эрозиялар пайда болады. Эрозиялар қабығы болуы мүмкiн. Ең болмағанда, бiрiншi байланыста оң Никольский симптомы белгiленедi: күлдiреудiң қабығын созған кезде мүйiз қабығы бөлiнедi (екiншi вариант - терiнiң зақымданған учаскелерi арасында уқалау кезде мүйiз эпидермисiнiң шамалы қабынуы, үшiншi вариант - терiнiң  өзгермеген учаскелерiн уқалау кезде эпидермистiң шамалы қабынуы). Қанда солға қозғалған лейкоцитоз, зәрда хлоридтер мен натрий шығуының кешiгуi байқалады. Диагноз мазоктарда - эрозия бетiнен iзде акантолитикалық тiндердiң табылуымен және гистологиялық зерттеумен расталуы тиiс.
     3) вегетериялайтын күлдiреу.
     Көрнекi сау немесе алдын ала қызарған терiнiң учаскелерiнде  күлдiреулердiң пайда болуымен, күлдiреулердiң тез жыртылуымен және кiр-сүр түтумен жабылған түбi көрiнуiмен, жаман иiс шығатын, оңай қанайтын ұлғаюлармен сипатталады. Никольский симптомы оң болады (Тұрпайы күлдiреудi қараңыз). Процесс периферия бойынша таралуға бейiм. Қанда солға қозғалған лейкоцитоз байқалады, гипопротеинемия, гипоальбобуминемия анықталады, хлоридтер мен натрий шығуының кешiгедi. Iз-мазоктарда акантолитикалық тiндер анықталады. Диагноз гистологиялық түрде расталады.
     4) Эксфолиативтi (жапырақ тәрiздес) күлдiреу.
     Терiнiң әртүрлi учаскелерiнде немесе ауыз қуысының шырышты қабығында өте жiңiшке қабығы бар, экссудатпен тез жыртылатын, күлдiреудiң пайда болуымен, жаңа пайда болған экссудат эпидермистiң жаңа қабаттарын көтередi, нәтижесiнде бетiнде бөлiнiп шығып эпидермис қабат құрайды. Никольский симптомы оң болады (Тұрпайы күлдiреудi қараңыз). Қанда солға қозғалған лейкоцитоз байқалады, гипопротеинемия, гипоальбобуминемия анықталады, хлоридтер мен натрийдiң шығуы кешiгедi. Iз-мазоктарда акантолитикалық тiндер анықталады. Диагноз гистологиялық түрде расталады.
     5) Эритематозды күлдiреу (Сенир-Ашер синдромы).
     Көбiнесе 40-50 жастағы әйелдерде терiсiнде немесе көрнекi шырышты қабықтарда алғашқы эритематозды ошақтарының, содан онда эрозияланатын, эрозиялары қабықтанатын күлдiреулердiң пайда болуымен сипатталады. Көбiнесе бетте, төсте, жаратылыс қабаттардың облысында орналасады. Себорейлi орта бар: бетте тұрақты отырған құрғақ және майлы қабыршықтары бар шамалы көтерiлген папулалар кездеседi. Никольский симптомы (Тұрпайы күлдiреудi қараңыз) күлдiреулердiң қасында бiрiншi және екiншi варианттарда оң. Iз-мазоктарда акантолитикалық тiндер анықталады. Диагноз гистологиялық түрде расталады.
     6) Эритропоэтикалық уропорфирия себеп болған фотодерматоз (Гюнтер ауруы).
     Ауру аутосомды-рецессивтi тұқым қуалаумен сипатталады, клиникалық түрде күлдiреу диаметрi 1-ден 10 мм-ға дейiнгi везикулезды-буллезды дерматоз арқылы байқалады, күлдiреудi ашқан кезде эрозияланған немесе жара-жара бетi көрiнедi, процесс тыртықтанумен аяқталады. Бөртiп шығулар көбiнесе дененiң ашық учаскелерiне шығады. Спленомегалия потогномениздi. Уропорферин-1 экскрециясы және зәр мен копропорфирин-1 аз мөлшерде көбейген. Қан сарсуындағы уропорфириннiң көбеюiне басым эритроциттарда
уропрофирин-1 ерiтiндiсiнiң айтарлықтай көбеюi тән. Диагнозды  верификациялау үшiн қан мен зәрдiң порфириндарын зерттеу мiндеттi.
     7) Эритропоэтикалық протопорфирия себеп болған фотодерматоз (Магнус ауруы).
     Ауру аутосомды-доминантты тұқым қудалаумен сипатталады, негiзгi синдром - iсiну, эритема, қышумен байқалатын фотодерматоз, күлдiреулер ылғи пайда бола бермейдi. Дененiң ашық учаскелерi жараланады. Кеш қалған сатысында бауыр тапшылығына әкелiп соқтыратын гепатоз дамиды. Қан сарсуында темiрдiң көп немесе қалыпты бар болуы гипохромды анемияға тән. Калда протопорфирин құрамының жылдам өсуi және копропорфирин құрамының шамалы өсуi, эритроциттерде протопорфирин құрамының едәуiр артуы байқалады. Қан мен кал порфириндерiнiң зерттелуi диагноздың верификациясы үшiн мiндеттi.
     8) псориатиялық артропатияның дамуы байқалатын псориаз.
     Псориатиялық артрит көбiне терi зақымдануларымен қатар пайда болады. Буын, табан суставтары, содан соң анкелозиялайтын спондилоартриттiң дамуымен омыртқаны қосқандағы орташа және iрi бiрiккен мүшелердiң процесi зақымдалады.
     Қабынудың рентгенографиялық және анатомиялық критерийлерiмен,
биохимиялық және иммунологиялық сипаттарымен қатар сүйек-буын мүшелерiнiң белсендiлiк дәрежесi мен функционалдық мүмкiндiктерiн ескеру керек. Науқас еңбекке жарамсыз болғанда және өзiне өзi қызмет көрсету мүмкiндiгiн жоғалтқанда зақымдану дәрежесi ескерiледi.
     9) эритродермияның дамуы байқалатын псориаз.
     Эритродермия қабынып iскен, қою эритематозды түстегi, әртүрлi фигураларды, кей жерлерде тұтас диффуздық учаскелердi құрайтын жеке орналасқан эффлоресценциялардың бiрiгуiмен сипатталады. Дене мен  аяқ-қолдардың терiсi қатты тырысып түрған тас қабық тәрiздес, қоңыр түстi болады, қатты қабыршықтанады. Аурудың жалпы күйi, ұзақтығы, емге көнбiстiлiгi назарға алынады.
     10) лепра, лепроматозды тип.
     Процесс қатерлi өтедi. Терiде диффузды эритематозды инфильтрациялар немесе қызыл түстi эритематозды-дақтас, анық шекарасыз дақтардың пайда болуымен сипатталады, жиi шамалы жаралар пайда болады. Саусақтардың қозғалысы қиындайды, шаштар түсе бастайды. Инфильтрираланған немесе көрнекi сау терiде кейiн жараланып едәуiр мөлшерде Хансен бациллалары бар лепромалар пайда болады. Қызу, аурулық және тактильдiк гипоестезия, сонан соң анестезия дамиды. Мұрын қалқасы, ауыз және өңеш, көз, лимфа түйiндерi, көк бауыр, бауыр, өкпе, бүйрек, сүйектер, қан жолдары, жыныс органдары зақымдануы тиiс. Диагноз гистологиялық және бактериологиялық түрде верифициялануы тиiс.
     11) Лепра, дефференцияланбаған типi.
     Лимфоцетарлық инфильтратпен байқалатын iсiну процесiмен сипатталады. Терiдегi бөрткендер дақты сипатта болады. Шаштар түгел немесе жартылай түсiп қалады. Қызуы, сонан соң аурулық сезгiштiгi прогрессивтi түрде әлсiрейдi. Баяу және бiрте-бiрте лепрозды неврит дамиды. Зақымданған нервтер қалыңдап, ауру бола бастайды. Иннервацияның тиiстi зонасында гипоестезия, паралич, контрактура, прободты жара және т.с. амиотрофия түрiндегi қозғалыс, трофикалық және вазомоторлық ауытқулар дамиды. Невриттiң баяу дамитын ағымы ауыр шиеленiсулермен үзiлуi мүмкiн. Диагноз гистологиялық және бактериологиялық түрде верифициялануы тиiс.
     15. Жұқтырылған қорғаныс тапшылығы белгiсi:
     Жұқтырылған қорғаныс тапшылығы белгiсi (бұдан әрi - ЖҚТБ) жайылған клиникалық көрiнiстер сатысында:
     1) жаңа пайда болулар түрiнде байқалатын адамның қорғаныс  тапшылығынан (бұдан әрi - АҚТ) пайда болған ауру;
     2) энцефалопатия көрiнiстерi және деменций дамуымен АҚТ-дан пайда болған ауру;
     3) қалжырататын синдром көрiнiстерi бар АҚТ-дан пайда болған ауру (өмiрдiң өшу көрiнiстерi бар);
     4) басқа оппортунистикалық аурулар.
     ЖҚТБ диагнозын, денсаулық сақтау органдарының орталық территориялдық ЖҚТБ мамандарымен қойылады.
     16. Басқа, осы Тiзбеде қаралбаған, созылмалы аурулар,  дәрi-дәрмектермен не хирургиялық емдеумен сәтсiз аяқталғандар, организмнiң бас функциоларының қайтпас бұзылуы және өмiрдiң шектеулі болса, олар территориялды медико-әлеуметтік сараптау комиссиясымен бірінші топ мүгедектеріне жатқызылғаннан кейін анықталады.

                                         Қазақстан Республикасы
                                            Әділет Министрі     
                                        2001 жылғы 11 желтоқсан
                                            N 152 бұйрығымен
                                               бекітілген

   мекеменің мөртабаны

             АРНАЙЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ     
                            ҚОРЫТЫНДЫСЫ

    Сотталған_____________________________________________________
                         (Тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
    Туған жылы мен жері____________________________________________
    Кім және қашан соттаған________________________________________
    ҚР ҚК бабы ____________________________ Мерзімі________________
    Мерзімнің басталуы _________________ Мерзімнің аяқталуы________
    N ___ жеке ісі

                           І. ШАҒЫМДАРЫ

____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

                         ІІ. ӨМІР АНАМНЕЗІ     

____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

                          ІІІ. АУРУ АНАМНЕЗІ

____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

                       ІV. ОБЪЕКТИВТІК ДӘРЕЖЕСІ

____________________________________________________________________                          (Антропометриялық деректері)     
    1) Тері қабаты, көрінетін шырышты қабаттар, тері асты-май өзегі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________                           2) Тірек-қозғалыс жүйесі     ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
                          3) Тыныс алу органдары
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________                           4) Жүрек-тамыр жүйесі     ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                          5) Ас қорыту жүйесі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                          6) Несеп жүйесі    ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                          7) Неврологиялық дәрежесі*
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________                           8) Психикалық дәрежесі**     ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
         Мамандардың кеңесі, лабораториялық, рентгенологиялық
           және басқа зерттеулердің деректері (динамикада)     ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________
        Қорытынды диагноз:_________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2001 жылғы "___"
___________  N _____ бұйрығымен бекітілген Сотталғандары ауруына    
байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсыну үшін негіз болып табылатын
аурулар тізбесі _________ тармағының __________ тармақшасына сәйкес
сотталған ____________________________ ауруына байланысты жазасын
         (тегі, аты, әкесінің аты)
өткеруден босатуға ұсынылады.
     ** Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73 және
90-баптарына сәйкес күшейтілген қадағалаудағы мамандандырылған
типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралын тағайындауға жатады.

   *** М.О.                                  Комиссия төрағасы

   Датасы                                    Комиссия мүшелері:

    ____________________________________________________________________
     Ескерту:
     *   неврологиялық аурулар үшін
     **  психикалық ауытқулары бар аурулар үшін
     *** Медициналық басқарманың, бөлімнің, қызметтің нөмірі     

                                      Қазақстан Республикасы
                                        Әділет Министрінің     
                                   2001 жылғы 11 желтоқсандағы
                                        N 152 бұйрығымен
                                           бекітілген     

        АРНАЙЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОМИССИЯ КУӘЛАНДЫРҒАН
                   СОТТАЛҒАНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
                          ЖУРНАЛЫ

N
N

Тегі, аты,
әкесінің аты, туған жылы

Меке.
ме

Меке.
меге
келген
датасы

Госпи.
тальға
жатқы.
зылған
датасы

АМК  
куәлан.
дырған
датасы

АМК
қоры.
тынды-сы,
диаг-
нозы

Сотқа
ұсы.
ныл.
ған
дата-сы

Соттың
шешімі,
датасы

*Қайда
жібе.
рілді

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

     * Ескерту: 10-графада аурудың қайда жіберілгені көрсетіледі:
аумақтық денсаулық сақтау органдарына госпитальға жатқызылды,
туысқандары алып кетті және т.б.