Қазақстан Республикасы Iшкi iстер Министрiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 630 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi тергеу изоляторларының iшкi тәртiп ережелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 29 қазандағы N 769 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 14 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1700

Қолданыстағы
      Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзет қамауында ұстау мәселелерiн реттеу мақсатында
                                БҰЙЫРАМЫН:




      1. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi тергеу изоляторларының iшкi тәртiп ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер Министрiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 630 V991026_ бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      осы бұйрықпен бекiтiлген Ережелерде:
      1) "күзет қамауына алынған адамдар" деген сөздер Ережелердiң барлық мәтiнi бойынша "сезiктiлер мен айыпталушылар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-тармақтың бесiншi абзацындағы екiншi сөйлемде "сотталғандарды ұстау тәртiбi" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Z970208_ кодексiмен және" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 7-тармақтағы:
      "Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң төрағасы" деген сөздер "Күзет қамауында ұстау орындары департаментiнiң бастығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қылмыстық-атқару жүйесi басқармасының (бөлiмiнiң)" деген сөздер "Күзет қамауында ұстау орындары басқармасының, бөлiмiнiң, бөлiмшелерiнiң, топтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 21-тармақтың үшiншi сөйлемiнде "санитарлық тазарудан өткеннен" деген сөздерден кейiн "және медициналық куәландыру нәтижелерiн алғаннан" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 28-тармақтың бiрiншi сөйлемiндегi "камераларда ұсталады" деген сөздерден кейiн "(16-қосымша)" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 140, 142, 143-тармақтарындағы "Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң" деген сөздер "азаматтардың денсаулығын сақтау саласында жетекшiлiк ететiн уәкiлеттi орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) Ережелер мынадай мазмұндағы N 16 қосымшамен толықтырылсын:
      "Жалпы камералардың сипаттамасы.
      Сезiктiлер мен айыпталушылар ұсталатын камералар құрылымының сыртқы қоршаған ортадан және аралас үй-жайлардан сенiмдi оқшаулануы қамтамасыз етiлуi тиiс. Камералардың жоспарлы нысаны оларды есiктегi "көзшеден" шолудың ыңғайлы болуын қамтамасыз етуi керек.
      Камераларда көлемi 90х200 сантиметр (бұдан әрi - см.) қосарлы есiктердiң болуы ескерiлуi тиiс. Еденнен 95 сантиметр биiктiк деңгейде тамақ таратуға арналған 18х22 см. терезе орнатылады. Жалпы камераларды габаритi 1,88х0,65 метр екi қатарлы төсектермен, үстелдiң енi және ағаш орындықтардың ұзындығы әр адамға 0,4 метрден келетiн етiп, киiм iлу үшiн жасалған орынға ұзынынан бiр метрге 5 орыннан келетiн етiп жабдықтау қажет. Бұл орындарды еденнен төбеге дейiн жасап, 0,7 метр деңгейiнде және 2,3 метр тақтайдан жасалған, металл рамкада бекiтiлген екi сөремен бөлiнуi тиiс. Камералардағы барлық құралдар еденге бекiтiлуi керек.
      Әр камерада қол жуғыштан және дәреталғыштан тұратын санитарлық желi (су ағызғыш ыдысы жоқ) жабдықталады. Су ағызғыш ыдыстардың орнатылуы мүмкiн, бiрақ оны монтаждау дәлiзде (мүмкiндiгi бойынша киiм iлу үшiн жасалған орында) орындалады, ал суды ағызып жiберетiн құралдар кнопкалы қондырғы түрiнде камераға шығарылады. Санитарлық желi шымылдық қоршаумен бөлiнедi.
      Терезенiң iшкi жағынан қабырғадан 25-30 см. дөңесi бар, терезе ойығына жетудi шектейтiн темiр тор орнатылады. Барлық камераларда сырланған тақтай едендер салынады."
      2. Астана қаласы IIБ-нiң, Алматы қаласы IIББ-нiң, облыстардағы және көлiктегi IIББ-IIБ-нiң бастықтары:
      1) тергеу изоляторлары жеке құрамының осы бұйрықпен бекiтiлген Iшкi тәртiп ережелерiне өзгерiстер мен толықтыруларды оқып-үйренуiн ұйымдастырсын және тергеу изоляторларының жұмысын олардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етсiн;
      2) сезiктiлер мен айыпталушыларға Iшкi тәртiп ережелерiндегi оларға

қатысты бөлiктерде бекiтiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы кеңiнен 
ақпарат беру шараларын қабылдасын.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi 
iстер вице-министрi iшкi қызмет генерал-майоры Н.А.Власовқа, Қазақстан 
Республикасы Iшкiiсминiнiң Күзет қамауында ұстау орындары департаментiне 
(М.М. Баймұхамбетов) жүктелсiн.
     4. Осы бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді және 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде міндетті мемлекеттік 
тіркеуге жатады.
     Қазақстан Республикасының
     Ішкі істер министрі
     генерал-майор
     "КЕЛІСІЛДІ" 
     Қазақстан Республикасы 
     Бас Прокурорының орынбасары
     
     2001 ж. 29 қазан
     
     Мамандар:
         Омарбекова А.Т.
         Икебаева Ә.Ж.
     
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Икебаева Ә.Ж.