Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының "Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу Нұсқауын, Программасын және тестiлеу Нәтижелерiнiң шекаралық мәндерiн бекiту туралы" 2001 жылғы 17 сәуiрдегi N 02-2-4/67 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 19 қарашадағы N 02-2-4/167 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 қарашада тіркелді. Тіркеу N 1686

Қолданыстағы
      Әкiмшілiк мемлекеттiк лауазымдардың бос орындарына орналасуға конкурстық iрiктеу өткiзу кезiнде тестiлеу рәсiмiн бұдан әрi жетiлдiру және конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында
                                  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi

агенттiгi төрағасының "Бос әкiмшілiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға 
үміткерлердi тестілеу нұсқауын, программасын және тестiлеу нәтижелерiнiң 
шекаралық мәндерiн бекiту туралы" (бұдан әрi - Бұйрық) 2001 жылғы 17 
сәуiрдегi N 02-2-4/67  

V011470_

  бұйрығына келесi өзгерiстер мен 
толықтырулар енгiзiлсiн:
     1) 1 тармақтың:
     2 тармақшасындағы:
     "В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3" санаттары алынып тасталынсын; "А-4, 
А-5" санаттарымен толықтырылсын;
     3 тармақшасындағы "А-4, А-5, В-4, В-5" санаттары алынып тасталынсын;
     2) келесi мазмұндағы 8) тармақшасымен толықтырылсын:
     "8) В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, С-1, С-2, С-3 санаттарының бос әкiмшiлiк 
мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестілеу программасын (8 
Қосымша)";
     3) Жоғарыда аталған Бұйрықпен бекiтiлген бос әкiмшiлiк мемлекеттiк 
лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеуден өткiзу жөнiндегi 
нұсқауында (1 Қосымша):
     4.1 тармақтағы "заңнама -" сөзiнен кейiн "90 минут (120 сұрақ), 75 
минут (100 сұрақ)" сөздерiмен толықтырылсын;
     4) Бұйрықтағы 2 қосымша 1 қосымшаға сәйкес жаңа мазмұнда берiлсiн;
     5) Бұйрықтағы 3 қосымшадағы:
     "А-4, А-5, В-4, В-5" санаттары алынып тасталынсын;
     6) Бұйрықтағы 4 қосымша 2 қосымшаға сәйкес жаңа мазмұнда берiлсiн;
     7) Бұйрықтағы 7 қосымша 3 қосымшаға сәйкес жаңа мазмұнда берiлсiн.
     2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасарына 
Ғ.Р. Әбдiрахымовқа жүктелсiн.
     3. Осы бұйрық тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

     Төраға


                                       Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 19 қарашаның N 02-2-4/167 бұйрығына 1 қосымша

                                       Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 17 сәуiрдегi N 02-2-4/67 бұйрығына 2 қосымша


                      А-1, А-2, А-3, А-4, А-5 санаттарына
         бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi
                               тестiлеу программасы

      Осы программа тесттiң екi түрiнен құрылады: Қазақстан Республикасы заңдарын бiлуге және логикалық тестіден тұрады.
      1) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Z952733_ Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Z980267_ заңын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Z990453_ заңын, Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Z000107_ заңын, Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Z980213_ заңын бiлуге арналған 120 сұрақ енгiзiлген.
      Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілеудi өткiзудi пайдалану кезiнде сұрақтар тiзбесiнен iрiктелген жоғарыда аталған нормативтiк құқықтық актiлердiң әрбiрi бойынша үмiткер 20 сұраққа жауап беруi қажет.
      2) Логикалық тест адамның күрделi жұмыстарды орындаудағы ептiлiгiн және оның интеллектуалдық мүмкiндiгiн сипаттайтын логикалық ойлау оперативтiлiк қабiлеттiлiгiн айқындайды.
                                       Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 19 қарашаның N 02-2-4/167 бұйрығына 2 қосымша

                                       Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 17 сәуiрдегi N 02-2-4/67 бұйрығына 4 қосымша


                        D-1, D-2, Е-1, Е-2 санаттарына
        бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi
                             тестiлеу программасы

      Осы программа Қазақстан Республикасы заңдарын бiлуге арналған тестiден тұрады.
      Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Z980267_ заңын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Z990453_ заңын, Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Z000107_ заңын, Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Z980213_ заңын бiлуге арналған 100 сұрақ енгiзiлген.
      Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестiлеудi өткiзудi пайдалану кезiнде сұрақтар тiзбесiнен iрiктелген жоғарыда аталған нормативтiк құқықтық актiлердiң әрбiрi бойынша үмiткер 20 сұраққа жауап беруi қажет.
                                       Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 19 қарашаның N 02-2-4/167 бұйрығына 3 қосымша

                                       Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 17 сәуiрдегi N 02-2-4/67 бұйрығына 7 қосымша


         Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi
                      тестілеу нәтижелерiнің шекаралық мәнi

      1. А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, С-1, С-2, С-3, D-1, D-2, Е-1, Е-2 санаттары үшiн Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестi бойынша шекаралық мәнi әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша кем дегенде 70%, басқа санаттар үшiн әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша кем дегенде 50% дұрыс жауаптардан құрылады.
      2. Логикалық тест бойынша шекаралық мән белгiленбейдi.
                                                Қазақстан Республикасы     

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 17 сәуiрдегi N 02-2-4/67 бұйрығына 8 қосымша


               В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, С-1, С-2, С-3 санаттарына
         бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi
                               тестiлеу программасы

      Осы программа тесттiң екi түрiнен құрылады: Қазақстан Республикасы заңдарын бiлуге және логикалық тестіден тұрады.
      1) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Z980267_ заңын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Z990453_ заңын, Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Z000107_ заңын, Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Z980213_ заңын бiлуге арналған 120 сұрақ енгiзiлген.

     Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестiлеудi 
өткiзудi пайдалану кезiнде үмiткер Қазақстан Республикасының Конституциясы 
бойынша 40 сұраққа, қалған сұрақтар тiзбесiнен iрiктелген нормативтiк 
құқықтық актiлердiң әрбiрi бойынша үмiткер 20 сұраққа жауап беруi қажет.
     2) Логикалық тест адамның күрделi жұмыстарды орындаудағы ептiлiгiн 
және оның интеллектуалдық мүмкiндiгiн сипаттайтын логикалық ойлау 
оперативтiлiк қабiлеттiлiгiн айқындайды.


     
     Мамандар:
        Икебаева А.Ж.
        Шарипова М.Е.