Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 20 шiлдедегі N 301 қаулысымен бекiтiлген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiне өзгерiстi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 29 қыркүйек N 376 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 9 қарашада тіркелді. Тіркеу N 1671

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi филиалдарының заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдау мерзiмiн ұзарту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
                                ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 20 шiлдедегi N 301 V001232_ қаулысымен бекiтiлген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiне өзгерiс бекiтiлсiн және осы өзгерiс пен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 20 шiлдедегi N 301 қаулысымен бекiтiлген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiне өзгерiстi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 20 шiлдедегi N 301 қаулысымен бекiтiлген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша

белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiне 
өзгерiстi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының 
мүдделi бөлiмшелерiне, филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге 
жiберсiн.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                             Қазақстан Республикасының
                                             Ұлттық Банкi
                                             Басқармасының 2001 жылғы
                                             2001 жылғы 29 қыркүйек N 376
                                             қаулысымен бекiтiлген

           Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
         "Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны
      (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiн бекiту туралы"
            2000 жылғы 20 шiлдедегi N 301 қаулысымен бекiтiлген
      Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны)
              өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiне өзгерiс

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 20 
шiлдедегi N 301  

V001232_

  қаулысымен бекiтiлген Айналыстағы ұлттық 
валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды 
ауыстыру ережесiне мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
     15-тармақтағы "5 (бес) жыл" деген сөздер "10 (он) жыл" деген 
сөздермен ауыстырылсын.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Қасымбеков Б.А.