1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 6 тамыз N 301. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылдың 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1646

Жаңартылған

       Ескерту: Қаулының атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 70 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) .

      Қазақстан Республикасының айналымдағы ұлттық валютасының ақша белгілерін ретке келтіру мақсатында және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.04.29 № 38 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
        1. 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 70 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
      2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп белгiленген тәртiппен осы қаулыны және бекiтiлген Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлгеннен кейiн Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бiрлесiп осы қаулыны және Ереженiң заңды және жеке тұлғалардың мүдделерiне қатысты тармақтарын республикалық газеттерде (мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде) жарияласын; 
      3) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап жетi күн iшiнде осы қаулыны және Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсiн.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкi Басқармасының 
2001 жылғы 6 тамыздағы  
N 301 қаулысымен бекiтiлген

  1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл
ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алу
ЕРЕЖЕСI 

       Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 70 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) .

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. 1993 жылғы үлгідегі банкнотаны және металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.04.29 № 38 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Ереже 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi), 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және ескерткiш және мерейтойлық металл ақшадан басқасын ақша айналымынан алу, қабылдау және ақша белгiлерiнiң басқа түрлерiне айырбастау тәртiбiн айқындайды. 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) филиалдары, екiншi деңгейдегi банктер және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрi - екiншi деңгейдегi банктер) Ереженiң нормаларын орындауға мiндеттi.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 70 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)

      3. Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады: 
      1) 1993 жылғы үлгiдегi металл ақша (теңге) - құны 1, 3, 5, 10, 20 теңгелiк 1993 жылғы үлгiдегi ақша белгiлерi, айналымда жүрген ескерткiш және мерейтойлық металл ақшадан (теңгеден) басқасы; 
      1-2) 1993 жылғы үлгідегі банкноталар (теңге) - номиналы 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 теңге 1993 жылғы үлгідегі ақша белгілері;
      2) қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi - Ұлттық Банктiң орталық аппаратының қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi; 
      3) Ұлттық Банктiң филиалдары - Ұлттық Банктiң аумақтық филиалдары мен Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы).
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 70 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) .  

  2-тарау. 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл
ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алу тәртiбi 

       Ескерту: 2-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 70 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) .

      4. 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) айналымнан алу туралы шешiм Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен (бұдан әрi - Басқарманың қаулысы) қабылданады.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 70 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)

      5. Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен белгiленген 1993 жылғы үлгiдегi банкнота және металл ақша (теңге) айналымнан алынатын күннен бастап 1993 жылғы үлгiдегi банкнота және металл ақша (теңге) Ережеде белгiленген тәртiппен айналымда жүрген ақша белгiлерiнiң басқа түрлерiне айырбастау үшiн, банктiк есепшотқа есептеу үшiн тек қана Ұлттық Банктiң филиалдары мен екiншi деңгейдегi банктер қабылдайды.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 70 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)

      6. Екiншi деңгейдегi банктер: 
      1) операциялық кассалардан 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) заңды және жеке тұлғаларға берудi тоқтатуға; 
      2) Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекiтiлген 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) қабылдау және айырбастау мерзiмi iшiнде екiншi деңгейдегi банктердiң заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) банктiк есепшотқа есептеу үшiн не айналымда жүрген ақша белгiлерiнiң басқа түрлерiне ешқандай шектеусiз айырбастау үшiн операциялық кассаға кедергiсiз қабылдауын қамтамасыз етуге; 
      3) операциялық кассадағы 1993 жылғы үлгiдегi банкнота және металл ақша (теңге) қалдықтарын Ұлттық Банктiң филиалдарына өткiзуге; 
      4) Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен белгiленген мерзiм өткеннен кейiн 5 (бес) банктiк күн iшiнде операциялық кассадағы 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаның және металл ақшаның (теңгенiң) қалғанын Ұлттық Банктiң филиалдарына өткiзуге мiндеттi.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 70 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) .

      7. 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) қабылдау және айырбастау үшiн Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекiтiлген мерзiм өткеннен кейiн екiншi деңгейдегi банктердiң заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) қабылдауға құқы жоқ.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 70 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) .

      8. Ұлттық Банктiң филиалдары: 
      1) екiншi деңгейдегi банктерге, заңды және жеке тұлғаларға айналым кассасынан 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) берудi тоқтатады; 
      2) 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) екiншi деңгейдегi банктерден және Ұлттық Банкте банктiк есепшоты бар заңды тұлғалардан айналым кассасына шектеусiз қабылдайды, бұдан кейiн эмиссиялық-кассалық операцияларды жүргiзу және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету тәртiбiн реттейтiн Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес екiншi деңгейдегi банктердiң тиiстi банктiк есепшоттарына қолма-қол жасалмайтын төлем баламасымен аударады; 
      3) екiншi деңгейдегi банктер 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) қабылдау және айырбастау үшiн Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекiтiлген мерзiм өткеннен кейiн 5 (бес) жыл бойы заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) қабылдайды және олардың түпнұсқалығы анықталғаннан кейiн айналымда жүрген ақша белгiлерiнiң басқа түрлерiне ешқандай шектеусiз айырбастайды.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 70 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)

  3-тарау. Ұлттық Банк филиалдарының ақша айналымынан
алынған 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi)
есепке алу тәртiбi

       Ескерту: 3-тарау (9-11-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 70 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)

  4-тарау. 1993 жылғы үлгідегі банкнотаны және
металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан
алу қорытындысын шығару тәртібі

       Ескерту: 4-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 70 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)

      12. <*>
      Ескерту. 12-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.04.29 № 38 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Ұлттық Банк 1993 жылғы үлгідегі банкнотаның және металл ақшаның (теңгенің) ақша айналымынан алынуына қарай оны Ұлттық Банктің тиісті нормативтік құқықтық кесімдері негізінде жоятын болады.
       Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 70 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) .

       Ұлттық Банк
      Төрағасы