ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп белгiленген тәртiппен осы қаулыны және бекiтiлген Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлгеннен кейiн Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бiрлесiп осы қаулыны және Ереженiң заңды және жеке тұлғалардың мүдделерiне қатысты тармақтарын республикалық газеттерде (мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде) жарияласын;
3) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк
тiркеуден өткiзiлген күннен бастап жетi күн iшiнде осы қаулыны және Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн. Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 6 тамыздағы N 301 қаулысымен бекiтiлген
1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алу
ЕРЕЖЕСI
1-тарау. Жалпы ережелер
1. 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Z952155_ Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi.
2. Ереже 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi), 1993 жылғы үлгiдегi ескерткiш және мерейтойлық металл ақшадан басқасын ақша айналымынан алу, қабылдау және ақша белгiлерiнiң басқа түрлерiне айырбастау тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) филиалдары, екiншi деңгейдегi банктер және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрi - екiншi деңгейдегi банктер) Ереженiң нормаларын орындауға мiндеттi.
3. Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1) 1993 жылғы үлгiдегi металл ақша (теңге) - құны 1, 3, 5, 10, 20 теңгелiк 1993 жылғы үлгiдегi ақша белгiлерi, айналымда жүрген ескерткiш және мерейтойлық металл ақшадан (теңгеден) басқасы;
2) қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi - Ұлттық Банктiң орталық аппаратының қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi;
3) Ұлттық Банктiң филиалдары - Ұлттық Банктiң аумақтық филиалдары мен Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы).
2-тарау. 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi)
ақша айналымынан алу тәртiбi
4. 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) айналымнан алу туралы шешiм Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен (бұдан әрi - Басқарманың қаулысы) қабылданады.
5. Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен белгiленген 1993 жылғы үлгiдегi металл ақша (теңге) айналымнан алынатын күннен бастап 1993 жылғы үлгiдегi металл ақша (теңге) Ережеде белгiленген тәртiппен айналымда жүрген ақша белгiлерiнiң басқа түрлерiне айырбастау үшiн, банктiк есепшотқа есептеу үшiн тек қана Ұлттық Банктiң филиалдары мен екiншi деңгейдегi банктер қабылдайды.
6. Екiншi деңгейдегi банктер:
1) операциялық кассалардан 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) заңды және жеке тұлғаларға берудi тоқтатуға;
2) Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекiтiлген 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) қабылдау және айырбастау мерзiмi iшiнде екiншi деңгейдегi банктердiң заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) банктiк есепшотқа есептеу үшiн не айналымда жүрген ақша белгiлерiнiң басқа түрлерiне ешқандай шектеусiз айырбастау үшiн операциялық кассаға кедергiсiз қабылдауын қамтамасыз етуге;
3) операциялық кассадағы 1993 жылғы үлгiдегi металл ақша (теңге) қалдықтарын Ұлттық Банктiң филиалдарына өткiзуге;
4) Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен белгiленген мерзiм өткеннен кейiн 5 (бес) банктiк күн iшiнде операциялық кассадағы 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаның (теңгенiң) қалғанын Ұлттық Банктiң филиалдарына өткiзуге мiндеттi.
7. 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) қабылдау және айырбастау үшiн Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекiтiлген мерзiм өткеннен кейiн екiншi деңгейдегi банктердiң заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) қабылдауға құқы жоқ.
8. Ұлттық Банктiң филиалдары:
1) екiншi деңгейдегi банктерге, заңды және жеке тұлғаларға айналым кассасынан 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) берудi тоқтатады;
2) 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) екiншi деңгейдегi банктерден және Ұлттық Банкте банктiк есепшоты бар заңды тұлғалардан айналым кассасына шектеусiз қабылдайды, бұдан кейiн эмиссиялық-кассалық операцияларды жүргiзу және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету тәртiбiн реттейтiн Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес екiншi деңгейдегi банктердiң тиiстi банктiк есепшоттарына қолма-қол жасалмайтын төлем баламасымен аударады;
3) екiншi деңгейдегi банктер 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) қабылдау және айырбастау үшiн Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекiтiлген мерзiм өткеннен кейiн 5 (бес) жыл бойы заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) қабылдайды және олардың түпнұсқалығы анықталғаннан кейiн айналымда жүрген ақша белгiлерiнiң басқа түрлерiне ешқандай шектеусiз айырбастайды.
3-тарау. Ұлттық Банк филиалдарының ақша айналымынан
алынған 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi)
есепке алу тәртiбi
9. Ұлттық Банктiң филиалдары:
1) 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) есепке алу үшiн "Ақауы бар (бүлiнген)" 9 123 01 баланстан тыс есепшот бойынша "Металл ақшаның (теңгенiң) резервтiк қорлары" 9 120 01 баланстан тыс есепшоттың бөлек жеке есепшоттарына есепке алады;
2) "Эмиссиялық ораудағы" 9 121 01 және "Жарамды" 9 122 01 баланстан тыс есепшоттар бойынша "Металл ақшаның (теңгенiң) резервтiк қорлары" 9 120 01 баланстан тыс есепшот бойынша бұрын есепке алынған 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаның (теңгенiң) айналымнан алынған сомасын "Ақауы бар (бүлiнген)" 9 123 01 баланстан тыс есепшот бойынша жаңадан ашылған жеке есепшоттарға аударады;
3) қолма-қол ақшаның резервтiк қорларындағы 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) бөлек жеке есепшотқа есепке алады;
4) айналым кассасындағы 1993 жылғы үлгiдегi металл ақша (теңге) салынған толық қапшықтарды қолма-қол ақшаның резервтiк қорына есептейдi және "Ақауы бар (бүлiнген)" 9 123 01 баланстан тыс есепшот бойынша бөлек жеке есепшотқа есепке алады;
5) "Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң кассасындағы ұлттық валютамен банкноттар және металл ақшалар" 1 01 00 баланстан тыс есепшот бойынша айналым кассасындағы бөлек жеке есепшотқа 1993 жылғы үлгiдегi металл ақша (теңге) салынған толық емес қапшықтарды есепке алады, мұндайда лимиттен айналым кассасының қалдығы алынып тасталады.
10. Ұлттық Банк филиалының қолма-қол ақшаның резервтiк қорындағы және "Металл ақшаның (теңгенiң) резервтiк қорлары" 9 120 01 баланстан тыс есепшоттың бөлек жеке есепшотына есепке алынған 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) айналымнан алу бойынша аптаның бесiншi жұмыс күнi (жұмада) "Ақаулы (бүлiнген)" 9 123 01 баланстан тыс есепшоттың шығысы жүзеге асырылады және 1993 жылғы үлгiдегi металл ақша (теңге) салынған әрбiр қапшық бойынша шартты түрде 1 (бiр) теңгемен есептелiп, "Ұлттық Банктiң бөлiмшесi қабылдаған түрлi құжаттар мен құндылықтар" 9 270 60 баланстан тыс есепшот бойынша жаңадан ашылған бөлек жеке есепшотқа
көшiрiледi. 11. Айналымнан алу мерзiмi аяқталғаннан кейiн 1993 жылғы үлгiдегi барлық металл ақша (теңге), оның iшiнде айналым кассасындағы толық емес қапшықтар да осы Ереженiң 10-тармағында белгiленген тәртiпке сәйкес Ұлттық Банк филиалының қолма-қол ақшаның резервтiк қорларының бөлек жеке есепшотына есептелуi тиiс және "Ұлттық Банктiң бөлiмшесi қабылдаған түрлi құжаттар мен құндылықтар" 9 270 60 баланстан тыс есепшотқа аударылуы тиiс. 4-тарау. 1993 жылғы үлгідегі металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу қорытындысын шығару тәртібі 12. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі жылына кемінде бір рет 1993 жылғы үлгідегі металл ақшаны (теңгені) күнтізбелік жыл ішінде ақша айналымынан алу жөнінде жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы есеп әзірлеп, белгіленген тәртіппен Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің қарауына ұсынады. 13. Ұлттық Банк 1993 жылғы үлгідегі металл ақшаның (теңгенің) ақша айналымынан алынуына қарай оны Ұлттық Банктің тиісті нормативтік құқықтық кесімдері негізінде жоятын (балқытатын) болады. Ұлттық Банк Төрағасы Мамандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.