Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2000 жылғы 14 шілдедегі N 298 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы

Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 18 шілдедегі N 988 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 8 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1619

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z010147_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес
 
                                БҰЙЫРАМЫН:
 
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 2000 жылғы 14 шiлдедегi "Шот-фактуралардың нысандары және оларды қолдану тәртiбi туралы" V001241_ N 712 бұйрығында мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:
      "1-1. "Шот-фактуралардың нысандары және оларды қолдану тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 2000 жылғы 14 шiлдесiндегi N 712 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" V011519_ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298 бұйрығының 1-тармағында көрсетiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескерместен нысандар бойынша шот-фактураларды ресiмдеу 2001 жылдың 1 шілдесiне дейiн жүргiзiлетiнi белгiленсiн.".
      2. Әдiстеме департаментi (Үсенова Н.Д.): осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегі агенттiгiмен келiсiлсiн; келiсiлген бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгіне мемлекеттiк тiркеуге жiберiлсiн. 3. Осы бұйрық 2001 жылдың 5 маусымынан бастап қолданысқа енгiзiледi. Министр Келісілді Келісілді Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы 2001 жылғы 20 шілде 2001 жылғы 27 шілде Мамандар: Омарбекова А.Т. Шарипова М.Е.