Тегін қаржылай және техникалық көмек ретінде мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық ұйымдар желісі бойынша Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауарларға кедендік ресімдеу жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекетінің ережесін бекіту туралы

Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 717 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 26 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1588. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 220 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 256 бірлескен бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 27.03.2015 № 220 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын кедергісіз жүзеге асыру үшін техникалық жәрдем көрсету және талаптарын қамтамасыз етуді қоса алғанда, тегін көмек ретінде мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық ұйымдар желісі бойынша Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауарларға кедендік ресімдеудің оңайлатылған тәртібін белгілеу мақсатында
 
                               БҰЙЫРАМЫН:
 
      1. Қоса беріліп отырған Тегін қаржылай және техникалық көмек ретінде мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық ұйымдар желісі бойынша Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауарларға кедендік ресімдеу жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекетінің ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Министр Қазақстан Республикасының Келісілді Мемлекеттік кіріс министрі Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі 2001 жылғы "___"_________ N ___ бұйрығымен бекітілген 5 маусым 2001 ж. Келісілді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі "___"________2001 ж. Мемлекеттiк органдардың, мемлекеттердiң, үкiметтердiң, халықаралық ұйымдардың желiлерi бойынша тегiн қаржылай және техникалық көмектер ретiнде Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасына әкелiнетiн тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзу кезiндегi өзара iс-қимылдарының ЕРЕЖЕСI 1. Жалпы ережелер
      1. Осы Мемлекеттiк органдардың мемлекеттердiң, үкiметтердiң, халықаралық ұйымдардың желiлерi бойынша тегiн қаржылық және техникалық көмектер ретiнде Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасына әкелiнетiн тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзу кезiндегi өзара iс-қимылдарының ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, техникалық жәрдем көрсетудi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын кедергiсiз iске асыруға арналған жағдайларды қамтамасыз етудi қоса алғанда мемлекеттердiң, үкiметтердiң, халықаралық ұйымдардың желiлерi бойынша тегiн көмек ретiнде Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасына әкелiнетiн тауарларды кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн орнату және рәсiмдерiн ретке келтiру мақсаттарында әзiрлендi.
      2. Осы Ереже акцизделетiн тауарларды қоспағанда тегiн қаржылай және техникалық көмектердiң шеңберiнде өткiзiлетiн тауарларға қолданылады.
      3. Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасына тегiн қаржылай және техникалық көмектер көрсету жөнiндегi халықаралық келiсiмдер мен шарттарды кедергiсiз iске асыру үшiн жағдайды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi (бұдан әрi - Экономика министрлiгi) жүзеге асырады.
 
                  2. Мемлекеттік органдардың өзара
                        iс-қимылының тәртiбi
 
      4. Қазақстан Республикасына тегiн қаржылай және техникалық көмектер көрсету туралы халықаралық шартқа Қазақстан Республикасы қол қойғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi (бұдан әрi - Сыртқы iстер министрлiгi) мүдделi және халықаралық келiсiмдер мен шарттарды iске асыруға тартылған мемлекеттiк органдарды (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) қол қойылғандығы және мемлекетiшiлiк рәсiмдердi жүргiзудiң қажеттiгi туралы құлақтандырады.
      5. Сыртқы iстер министрлiгi мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының тегiн және техникалық көмектер туралы халықаралық шарттарын Қазақстан Республикасының бекiткенi туралы хабарлайды.
      6. Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының әрбiр жеке халықаралық шарты мен тиiстi келiсiм-шарттар бойынша тауарларды алуға және кедендiк ресiмдеуге жауапты тұлғаны, тауарларды соңғы алушыларды айқындайды және аталған ақпаратты Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiне (бұдан әрi - Кеден комитетi) уақытылы ұсынады.
      7. Кеден комитетi осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi Кеден комитетiнiң әкелiнетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу мен бақылау жүргiзiлетiн аумақтық бөлiмшелерiне ұсынады.
      8. Экономика министрлiгi мүдделi шетелдiк тұлғаларға техникалық көмектің шеңберiнде келiп түсетiн тауарларды әкелудiң және кедендiк ресiмдеудiң тәртiбi туралы хабарлайды.
 
             3. Тегiн қаржылай және техникалық көмектердiң
                   шеңберiнде келiп түсетiн тауарларды
                            кедендiк ресiмдеу
      9. Тауарларды кедендiк ресiмдеудi кеден органы бастығының шешiмi бойынша оларды уақытша сақтау қоймаларына орналастырмастан және осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес Кеден комитетi ұсынған, сондай-ақ тауарға iлеспе құжаттар мен Экономика министрлiгi тауарларды алуға және кедендiк ресiмдеуге белгiлеген тұлғаның өтiнiшiнде көрсетiлген мәлiметтердiң негiзiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары жүргiзедi.
      10. Өтiнiште Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының және тиiстi келiсiм-шарттардың деректемелерi, тауарларды жөнелтушiлер мен алушылар, тауарларды жөнелтушi елдер мен олардың мақсаты туралы мәлiметтер, тауарлардың атауы, сипаттамасы, саны, таза салмағы және құны (ақпараттарды электронды таратқыштардың құнын ескере отырып), тауарларды пайдалану мақсаты туралы, сондай-ақ олардың кедендiк режимдерi туралы мәлiметтердi, жүктiк кедендiк декларацияларды, кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәлiметтердi белгiленген мерзiмде ұсынатындығы туралы мiндеттеме қамтылуы тиiс.
      11. Кедендiк мақсаттар үшiн тауарға iлеспе құжаттар мен өтiнiш уақытша жүктiк кедендiк декларация ретiнде қаралуы мүмкiн.
      Тауарлар шыққан күннен бастап 30 күннен кешiктiрмей тауарларды алу және кедендiк ресiмдеу үшiн жауапты тұлға Қазақстан Республикасының кеден органына белгiленген тәртіпке сәйкес толтырылған жүктiк кедендiк декларацияны және кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi өзге де құжаттар мен мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi. Бұл ретте Қазақстан Республикасының кеден органы уақытша кедендiк декларацияны қабылдаған күнге қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық кесiмдер қолданылады.
      12. Тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн осы Ережеге сәйкес кеден органына ұсыну қажет:
      1) Қазақстан Республикасының тегiн қаржылай және техникалық көмектер туралы халықаралық шарттарының, тиiстi келiсiм-шарттардың деректемелерi немесе орындау үшiн тауарларды әкелу жүзеге асырылатын бағдарламалардың атауы көрсетiлуi тиiс көлiктiк және тауарға iлеспе құжаттарды.
      Мұндай белгілер болмаған жағдайда беру жүзеге асырылатын елдiң дипломаттық және өзге де оған теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң растауы қажет;
      2) Қазақстан Республикасының тегiн қаржылай және техникалық көмек туралы халықаралық шартының көшiрмесiн не оны орындау үшiн тауарлар берiлетiн жобаның (келiсiм-шарттың) көшiрмесiн.
      Әкелiнетiн тауарлардың ұсынылған шарттармен және бағдарламалармен әкелу көзделген тауарлармен бiрдейлiгiн қамтамасыз ету мақсатында олардың құны жобада (келiсiм-шартта) жеке көрсетiлуi тиiс.
      13. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн және мемлекеттiк бақылаудың малдәрiгерлiк, фитосанитарлық, экологиялық және басқа да түрлерiне жататын, сондай-ақ оларға қатысты тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлар осы Ережеге сәйкес тек тауарларды алу және кедендiк ресiмдеу үшiн жауапты тұлғаның мұндай тауарларды тиiстi мемлекеттiк органдардың рұқсатын алғанға дейiн пайдаланбау туралы немесе тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану үшiн қажеттi рәсiмдердi толық көлемде орындау туралы мiндеттеме ұсынуы шартымен ғана ресiмделуi мүмкін.
 
                          4. Қорытынды ережелер
 
      14. Осы Ережеге сәйкес әкелiнетiн тауарларды кедендiк ресiмдеудiң тәртiбiн бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады. 15. Егер, тегiн қаржылай және техникалық көмектердiң шеңберiнде жүзеге асырылатын бағдарламаның немесе нақты жобаның үйлестiрушiсi (ұлттық қарсы агентi) өзге орталық атқарушы орган болған жағдайда Экономика министрлігі ол туралы Кеден комитетіне хабарлайды. Бұл ретте Экономика министрлігі, сондай-ақ аталған орталық атқарушы органға да оның осы Ереженің қағидаларынан туындайтын міндеттемелері туралы хабарлайды. Мамандар: Омарбекова А.Т. Шарипова М.Е.