Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 28 мамырдағы N 278 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министррлігінде 2001 жылғы 27 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1556

Қолданыстағы
                              Бұйырамын:
      1. "Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражатты, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомаларын қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы" V990771_ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177 бұйрығына мынадай

толықтырулар енгізілсін:
     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақылы қызмет көрсетуді сатудан, 
демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражатты, 
сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомаларын қалыптастыру, 
пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағидада:
     көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада:
     17 ақылы қызметтер коды бойынша:
     1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандар тиісінше "ЖБ 5 2 254 39 30" толықтырылсын;
     21 және 22 ақылы қызметтер коды бойынша:
     9-бағанда:
     "ойлау қабілеті төмен балаларға арналған интернат-үйлерінде" деген 
сөздерден кейін "психоневрологиялық интернаттарда"деген сөздермен 
толықтырылсын;
     "132" деген саннан кейін "136" деген санмен толықтырылсын;
     "146" деген саннан кейін "149" деген санмен толықтырылсын.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2001 жылғы 2 
мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

     Министр 


     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Икебаева Ә.Ж.