Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 28 мамырдағы N 278 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министррлігінде 2001 жылғы 27 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1556. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2005 жылғы 12 наурыздағы N 78 Бұйрығымен (V053497)

Күшін жойған

                              Бұйырамын: 
      1. "Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражатты, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомаларын қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177  бұйрығына  мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақылы қызмет көрсетуді сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражатты, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомаларын қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағидада:
      көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада:
      17 ақылы қызметтер коды бойынша:
      1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандар тиісінше "ЖБ 5 2 254 39 30" толықтырылсын;
      21 және 22 ақылы қызметтер коды бойынша:
      9-бағанда:
      "ойлау қабілеті төмен балаларға арналған интернат-үйлерінде" деген сөздерден кейін "психоневрологиялық интернаттарда"деген сөздермен толықтырылсын;
      "132" деген саннан кейін "136" деген санмен толықтырылсын;
      "146" деген саннан кейін "149" деген санмен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2001 жылғы 2 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

       Министр