Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20
қаулысымен
.
_____________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сақтандыру қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiн "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 15
қаулысымен
бекiтiлген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру және келiсiм беруден бас тарту ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн, Ереженiң өзгерiстерi мен толықтырулары және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру және келiсiм беруден бас тарту ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру және келiсiм беруден бас тарту ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуiрдегi
N 107 қаулысымен
бекiтiлген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру
және келiсiм беруден бас тарту ережесiне
өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 15
қаулысымен
бекiтiлген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру және келiсiм беруден бас тарту ережесiне (бұдан әрi - Ереже) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Ереженiң кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126-II ҚРЗ Қазақстан Республикасының
Заңына
, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрленген және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы мен өкiлдiгiн (бұдан әрi - сақтандыру ұйымдары) ашуға келiсiм беру және келiсiм беруден бас тарту тәртiбiн айқындайды.".
2. 7-тармақтың:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жарғылық капиталдың ең аз мөлшерi (жаңадан құрылған сақтандыру ұйымдары үшiн) немесе меншiктi капиталдың ең аз мөлшерi (жұмыс iстеп тұрған сақтандыру ұйымдары үшiн) болуы;"
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сақтандыру ұйымының өтiнiш бергенге дейінгі соңғы алты ай iшiнде пруденциалдық нормативтердi және басқа да сақталуға тиістi нормалар мен лимиттердi орындауы.".
3. 8-тармақтың:
2) тармақшасындағы "(Жарғыға сәйкес)" деген сөз алынып тасталсын;
6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) уәкiлеттi мемлекеттiк органның филиалдың бiрiншi басшысын және бас бухгалтерiн сайлауға (тағайындауға) келiсiм беру туралы шешiмiнiң көшiрмесi.".
4. 13-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде" деген сөз "әдiлет органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 14-тармақтағы "нотариалды куәландырылған" деген сөздер "нотариат куәландырған" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Сақтандыру ұйымы әділет органдарына филиалды немесе өкілдікті тарату туралы мәліметтер бергенге дейін филиалды немесе өкілдікті тарату жөніндегі іс-шараларды аяқтау мерзімі туралы ақпаратты алдын ала уәкілетті мемлекеттік органға беруге міндетті.
Сақтандыру ұйымының филиалды немесе өкілдікті тарату туралы шешімі осы шешім қабылданған күннен бастап бір апталық мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға берілуге тиіс.".
7. 16-тармақтағы "таратылады" деген сөз "жабылды" деген сөзбен ауыстырылсын.
Төраға