Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру және келiсiм беруден бас тарту ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 2000 жылғы 31 қаңтар N 15. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 9 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1073. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "шаруашылық жүргізу құқығындағы "Халықаралық көрмелер дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы" 1999 жылғы 27 желтоқсандағы N 1988 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Уәкілетті органға

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің табиғи және техногендік

сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға және 2000 жылға

арналған республикалық бюджетте көлденең шығындарға арналған қаражатының

есебінен Кәсіпорынның жарғылық қорын қалыптастыруға 7250 (жеті мың екі жүз

елу) мың теңге бөлсін."

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі

     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.