ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық сенiмдiлiгiнiң рейтингiн анықтайтын рейтинг агенттiктерiнiң тiзiмi бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
2. Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарына сәйкес өз мiндеттемелерi бойынша уақтылы төлем жасау мүмкiндiгiне қатысты қаржылық сенiмдiлiгiнiң бағасын көрсететiн осы қаулының N 1 қосымшасында келтiрiлген рейтинг агенттiктерiнiң қаржылық күштерiнiң рейтингi (Ғinаnсiаl Strength Rating) Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық сенiмдiлiгiнiң рейтингi ретiнде қабылданады.
3. Қазақстан Республикасында еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құратын (ұйымы бар) Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерiн қабылдайтын Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымының осы қаулының N 2 қосымшасында белгiленген рейтингтен төмен болмайтын қаржылық сенiмдiлiгiнiң ең аз талап етiлген рейтингi болуға тиiс.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
5. Сақтандыру қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін. Ұлттық Банкі Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 қаулысына N 1 қосымша
Қазақстан Республикасының резидент емес
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық сенiмдiлiгiнiң рейтингiн анықтайтын рейтинг агенттiктерiнiң тiзiмi Қазақстан Республикасында еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құратын (ұйымы бар) Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерiн қабылдайтын Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық сенiмдiлiгiнiң рейтингiн анықтайтын рейтинг агенттiктерi мыналар деп есептелсiн: 1. Мооdу,s Investors Service (АҚШ) 2. Standard & Poors (АҚШ) 3. Ғitсh (Ұлыбритания) 4. А.М.Веst (АҚШ) Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 қаулысына N 2 қосымша
Қазақстан Республикасының резидент емес
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
ең аз рейтингi
1. Қазақстан Республикасында еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құратын (ұйымы бар) Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық сенiмдiлiгiнiң ең аз рейтингi "ВааЗ"-тен ("Мооdу,s Investors Service" жiктеуi бойынша) төмен болмауға немесе "ВВВ-"-дан ("Standard & Poors" жiктеуi бойынша) төмен болмауға немесе "ВВВ-"-дан ("Ғitсh" жiктеуi бойынша) төмен болмауға немесе "В+"-ден ("А.М.Веst" жiктеуi бойынша) төмен болмауға тиiс.
2. Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымынан қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерiн қабылдайтын Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымының қаржылық сенiмдiлiгiнiң ең аз рейтингi "ВааЗ"-тен ("Мооdу,s Investors Service" жiктеуi бойынша) төмен болмауға немесе "ВВВ-"-дан ("Standard & Poors" жiктеуi бойынша) төмен болмауға немесе "ВВВ-"-дан ("Ғitсh" жiктеуi бойынша) төмен болмауға немесе "В+"-ден ("А.М.Веst" жiктеуi бойынша) төмен болмауға тиiс. Ұлттық Банк Төрағасы Мамандар: Икебаева А.Ж. Жұманазарова А.Б.