Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 қаулысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1503.

Жаңартылған

      Ескерту: Қаулының атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N  221 қаулысымен .

      "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын  жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің қаржылық сенiмдiлiгiнiң рейтингiн анықтайтын рейтинг агенттiктерiнiң тiзiмi бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
      Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N  221 қаулысымен .
      2. Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокері жасаған шарттарының талаптарына сәйкес өз міндеттемелері уақтылы орындау мүмкiндiгiне қатысты қаржылық сенiмдiлiгiнiң бағасын көрсететiн осы қаулының N 1 қосымшасында келтiрiлген рейтинг агенттiктерiнiң қаржылық күштерiнiң рейтингi (Ғinаnсiаl Strength Rating) Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық сенiмдiлiгiнiң рейтингi ретiнде қабылданады.
      Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N  221 қаулысымен .
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан - Қазақстан Республикасының резидентінен қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерін қабылдайтын Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің осы қаулыға N 2 қосымшада белгіленген рейтингтен төмен емес қаржылық сенімділігінің ең аз талап етілетін рейтингі болуға тиіс.
      Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N  221 қаулысымен .
      3-1. 2004 жылғы 1 шілдеден бастап "А++"-дан төмен емес қаржылық сенімділігінің ең аз рейтингі бар ("Эксперт-РА" Ресей рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан - Қазақстан Республикасының резидентінен қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерін қабылдайтын Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің "Moody's Investors Serviсe", "Standard & Poors" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша Қазақстан Республикасына берілген тәуелсіз рейтингтен (немесе соған сәйкес рейтингтен) төмен емес қаржылық сенімділігінің ең аз рейтингі болуға тиіс.
      Ескерту: 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N  221 қаулысымен .
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
      5. Сақтандыру қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.  

      Ұлттық Банкі
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 31 наурыздағы
N 86 қаулысына
N 1 қосымша

      Ескерту: 1 қосымша толықтырылды, өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 19 қазандағы N 414 қаулысымен , 2003 жылғы 4 шілдедегі N  221 қаулысымен .

Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің
қаржылық сенiмдiлiгiнiң рейтингiн анықтайтын
рейтинг агенттiктерiнiң тiзiмi

     Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерiн қабылдайтын Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің қаржылық сенiмдiлiгiнiң рейтингiн анықтайтын рейтинг агенттiктерi мыналар деп есептелсiн:
     1. Мооdу,s Investors Service (АҚШ)
     2. Standard & Poors (АҚШ)
     3. Ғitсh (Ұлыбритания)
     4. А.М.Веst (АҚШ)
     5. "Эксперт-РА" Ресейлiк рейтинг агенттiгi     

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 31 наурыздағы
N 86 қаулысына
N 2 қосымша

      Ескерту: 2 тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 19 қазандағы N 414 қаулысымен , 2003 жылғы 4 шілдедегі N 221 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта
сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің
ең аз рейтингi

     
      Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерiн қабылдайтын Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымының және Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің қаржылық сенiмдiлiгiнiң ең аз рейтингi "А3"-тен ("Мооdу,s Investors Service" жiктеуi бойынша) төмен болмауға немесе "А-"-дан ("Standard & Рооrs" жiктеуi бойынша) төмен болмауға, немесе "А++"-дан ("Эксперт-РА" Ресейлiк рейтинг агенттiгiнiң жiктеуi бойынша) төмен болмауға немесе "А-"-дан ("Ғitсh" жiктеуi бойынша) төмен болмауға немесе "А-"-ден ("А.М.Веst" жiктеуi бойынша) төмен болмауға тиiс.    

      Ұлттық Банк
      Төрағасы