Алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндірушілерге этил спиртін сату ережелері туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 31 наурыздағы N 42 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 15 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1496

Жаңартылған

      Отандық өндiрушiлер өндiрген этил спиртi көлемдерiнiң қозғалысына бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында, "Этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Z990429_ 1999 жылғы 16-шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн
 
                                БҰЙЫРАМЫН:
 
      1. Алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) өндiрушiлерге этил спиртiн сатудың қоса берiлiп отырған Ережесi бекiтілсiн.
      2. Комитеттiң аумақтық басқармалары мен акциздiк қосындардың қызметкерлерi аталған ережелермен қол қоя отырып таныстырылуы керек.
      3. Комитеттiң аумақтық басқармалары қатаң түрде этил спиртiнiң осы

 

ережелерге сәйкес сатылуын қамтамасыз етсiн және Комитетке этил спиртiнiң

сатылуы туралы есептi ай сайын тапсырсын.

     4. Құқықтық қамтамасыз ету бөлiмi (А. Лепесбаев) осы бұйрықтың

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн

жүргiзсiн.

     5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау - Комитет төрағасының

орынбасары Г. Толқымбаевқа жүктелсiн.

     6. Осы бұйрық 2001 жылдың 16 шiлдеден бастап күшiне енедi.

     Төраға

Қазақстан Республикасы            
Мемлекеттік кіріс министрлігі      
Акцизделетін өнімнің өндірілуі     
мен айналымына мемлекеттік бақылау 
жөніндегі комитет төрағасының      
2001 жылғы 31 наурыз N 42 бұйрығымен
бекітілген              

Алкоголь өнiмiн (сырадан басқа)
өндiрушілерге этил спиртiн сату ережелерi

      Осы Ережелер этил спиртiнiң сатылуына және оның алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) өндiрiсiнде пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында "Этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Z990429_ 1999 жылғы 16-шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн әзiрленген.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2010.11.30 № 605 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
                              1. Жалпы ережелер
 
      1. Алкоголь өнiмi өндiрушi (бұдан әрі - Алушы) этил спиртiн өндiру немесе сақтау және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқы бар және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан субъектiден (бұдан әрі - Жеткiзушi) тек осы ережелерде белгiленген тәртiппен этил спиртiн сатып алады.
      2. Жеткiзушi этил спиртiн сатуды дүйсенбiден бастап жұма аралығында күнде жергiлiктi уақыт белдеуi бойынша таңертеңгi сағат 10-нан бастап күндiзгi сағат 17-ге дейiн жүзеге асыруы керек. Этил спиртiн жергiлiктi уақыт белдеуi бойынша күндiзгi сағат 17-ден бастап таңертеңгi сағат 10-ға дейiн, сондай-ақ мереке, сенбi және жексенбi күндерi сатуға тыйым салынады.
      3. Осы Ережелер бойынша этил спиртiн сатуға Жеткiзушiнiң спирт қоймасынан өлшеуiштермен спирттi көлiкке, құбырға құюы, белгiленген құжаттарды ресiмдеуi және аталған көлiктi этил спиртiмен өз аумағынан жөнелтуi жатады.
      4. Этил спиртiн алушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Акцизделетiн өнiмнiң өндiрiлуi мен айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитеттiң өзi орналасқан жердегi аумақтық басқармасына (бұдан былай - Басқарма) этил спиртiн алатын уәкiлеттi тұлғалар туралы мәлiметтi тапсыруға мiндеттi.
      Тапсырылатын мәлiметтердiң тiзiмiне мыналар кiредi:
      - жұмысқа қабылданғаны және қызметке тағайындалғаны туралы бұйрықтардың түпнұсқалары;
      - этил спиртiн алатын уәкiлеттi тұлғалардың, сондай-ақ алатын адамның бiрiншi басшысының немесе бiрiншi басшы мiндетiн атқарушының қолдарының үлгiлерi;
      - тұратын жерi, төлқұжаттардың нөмiрлерi, сериялары мен берiлген даталары, төлқұжаттардың көшiрмелерi туралы уәкiлеттi органдардың анықтамалары.
      Аталған мәлiметтер өзгерген жағдайда спирттi Алушы бiр күндiк мерзiмде бұл туралы Басқармаға хабарлауға мiндеттi.
      Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі
               Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың айналымын
               мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитет төрағасының
               2001 жылғы 27 қарашадағы N 207 бұйрығымен. V011694_
      5. Мәлiметтер мөрмен және бiрiншi басшының немесе бiрiншi басшы мiндетiн атқарушы болып тағайындалғаны туралы бұйрықтың түпнұсқасын тапсыра отырып, бiрiншi басшы мiндетiн атқарушы тұлғаның қолымен расталуы керек.
      6. Басқарма тапсырылған мәлiметтердiң немесе уәкiлеттi тұлға туралы Алушы мәлiметтерi өзгерiстерiнiң дұрыстығын тексерiп, бiр күндiк мерзiмде құжаттардың көшiрмесiн жолдама хатпен бiрге Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Акцизделетiн өнiмнiң өндiрiлуi мен айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiне (бұдан былай - Комитет) жiбередi.
      Басқарма спирттi Жеткiзушiлердiң бiрiншi басшыларына этил спиртiн алуға уәкiлеттi тұлғалардың тiзбесiн жеткiзедi.
      7. Сату кезiнде этил спиртiн тасымалдау белгiленген тәртiппен тексерiлген автоцистернамен және (немесе) темiржол цистернасымен, сондай-ақ аралық фланецтерсiз құбырлармен жүзеге асырылуы керек.
 
                          2. Спирттi сату тәртiбi
 
      8. Спирттi сату үшiн оны Жеткiзушi мен Алушы өзi орналасқан жердегi Басқармаға құрамында мынадай ақпараты бар хабарламаны жiберуге мiндеттi:
      1) Жеткiзушi - Алушы туралы, спирттiң сұратылып отырған көлемi мен сатылу датасы, Алушының этил спиртiн алуға жiберiлген уәкiлеттi тұлғасы, көлiк түрi, сондай-ақ автоцистерна болған жағдайда көлiктiң мемлекеттiк нөмiрi туралы;
      2) Алушы - Жеткiзушi туралы, сатып алынатын көлем мен көлiктiң жiберiлу датасы (темiржол цистерналары үшiн - жүктi тиеуге қойған мерзiмi), этил спиртiн алу үшiн Жеткiзушiге жiберілген уәкiлеттi тұлға, этил спиртi автоцистернамен жеткiзілген жағдайда жүргiзушiнiң аты-жөнiн, тегiн, көлiктiң мемлекеттiк нөмiрi мен көлiктiң техникалық құжатының мәлiметтерi әрi Жеткiзушiден басталатын сапар барысында спирттiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн қарастырылған шаралар.
      Этил спиртi құбырмен тасымалданғанда Жеткiзушi мен Алушы тиiстi Басқармаларға сұратылған және босатылған көлем, спирттiң сатылу датасы мен уақыты туралы, сондай-ақ Алушының этил спиртiн алу үшiн жiберiлген уәкiлеттi тұлғасы туралы хабарлайды.
      Алушы мен Жеткiзушi бiр тұлға әрi бiр аумақта орналасқан болса, онда уәкiлеттi тұлға туралы мәлiметтердi тапсыру талап етiлмейдi.
      Жоғарыда аталған хабарламалар мөрмен әрi Жеткiзушi мен Алушының бiрiншi басшыларының немесе бiрiншi басшы мiндетiн атқарушы болып тағайындалғаны туралы бұйрықтың түпнұсқасын тапсыра отырып, бiрiншi басшылардың мiндетiн атқарушы тұлғалардың қолы қойылып бекiтiлуi керек.
      Ескерту: 8-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі
               Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың айналымын
               мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитет төрағасының
               2001 жылғы 27 қарашадағы N 207 бұйрығымен. V011694_
      9. Басқарма спирттi Жеткiзушi мен Алушының кiретiн хабарламалары мен мәлiметтерiнiң тiзілiмiн жүргiзудi жүзеге асырады.
      10. Жеткiзушi этил спиртiн сатуды Басқарма мен акциздiк қосын қызметкерлерiнiң қатысуымен ғана жүзеге асыруы керек.
      11. Этил спиртiн темiржол цистернасымен сату уәкiлеттi тұлғаның төлқұжаты мен этил спиртiн босату туралы Жеткiзушi басшысының немесе бiрiншi басшы мiндетiн атқарушы тұлғаның өкiмi жазылған жалпы белгiленген сенiмхат көрсетiлгеннен кейiн жүзеге асырылуы керек.
      Этил спиртi автоцистернамен тасымалданғанда, жоғарыда аталған құжаттардан басқа жүргiзушiнiң жеке куәлiгi, көлiктiң техникалық төлқұжаты мен автоцистернаның метрологиялық салыстырып тексеру актiсi көрсетiледi.
      12. Басқарманың қызметкерi Жеткiзушi мен Алушының хабарламаларында көрсетiлген мәлiметтердiң осы Ережелердiң 4-тармағына сәйкес Алушы тапсырған мәлiметтерге өзара сәйкестiгiн, сондай-ақ автоцистернаның метрологиялық салыстырып тексеру актiсiн (этил спиртiнiң құбырмен тасымалдануынан басқа жағдайларда) тексеруi керек және олар сәйкес келген жағдайда этил спиртiн сатуға қатысады.
      13. Басқарма аталған тiзiлiмдерде этил спиртiнiң сатылу әрi келiп түсу датасын және уақытын немесе осы Ережелердiң 19-тармағына сәйкес этил спиртiн сатуға тыйым салу туралы шешiм қабылдауға мәжбүр еткен негiздердi көрсетедi.
      Этил спиртiн сатуға тыйым салу туралы шешiмдi Басқарма жазбаша түрде белгiленген этил спиртiнiң босатылу датасынан әрi оның сатылу уақытынан (құбырмен тасымалданғанда) кешiктiрмей Жеткiзушiге хабарлайды.
      14. Этил спиртi бар көлiк Жеткiзушi аумағынан белгіленген нысандағы акциздiк қосынның белгiсi қойылған көлiктiк жүкқұжат жазылған күнi шығып кетуi керек.
      15. Жоғарыда аталған көлiктiк жүкқұжатқа әрбiр цистерна үшiн этил спиртiнiң сапасы туралы белгiленген нысандағы құжаты қоса берілуi қажет.
      16. Этил спиртiн алкоголь өнiмiн өндiретiн (сырадан басқа) жерде қабылдағаннан кейiн Алушы бiр күндiк мерзiмде өзi орналасқан жердегi Басқармаға көлемiн көрсете отырып этил спиртiн алғаны туралы хабарлауы керек.
      17. Этил спиртi сақталатын спирт қоймасы резервуарларының қол жететiн жерлерi күн сайын сағат 17-ден таңғы сағат 10-ға дейiн, сондай-ақ сенбi, жексенбi және мереке күндерi жабылып, оны Басқарма қызметкерi Жеткiзушi қызметкерiнiң қатысуымен пломбалауы керек.
      18. Этил спиртiн сатуға байланысты осы Ережелерде көрсетiлмеген этил спиртiн қабылдау, сақтау, босату, тасымалдау және есепке алу тәртiбi мен жүзеге асыру тәсілi қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарға сәйкес жүргiзiлуi керек.
 
                3. Этил спиртiн сатуға тыйым салу жағдайлары
 
      19. Этил спиртiн сатуға тыйым салынады:
      1) егер Жеткiзушi (Алушы) тарапында этил спиртiн (алкоголь өнiмiн) өндiру қызметiмен айналысуға тыйым салатын және/немесе этил спиртiн (өндiру үшiн этил спиртi сатып алынатын алкоголь өнiмiнiң түрi) өндiру лицензиясы күшiнiң мерзiмiн тоқтата тұратын соттың шешiмi бар болса;
      2) Жеткiзушi мен Алушының хабарламаларында көрсетiлген мәлiметтердiң өзi орналасқан жердегi Басқармаға тапсырған мәлiметтерге сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ автоцистерна жүргізушiсiнiң жеке куәлiгі, көліктің техникалық төлқұжаты мен автоцистернаның метрологиялық салыстырып тексеру актiсi iс жүзiндегi мәлiметтерге сәйкес келмеген жағдайда;
      3) Жеткiзушi мен Алушы этил спиртiнiң бұрын сатылған және алынған көлемдерiн декларацияларда көрсетпеген жағдайда;
      4) Жеткiзушiнiң және (немесе) Алушының заңды тұлғасы қызметтi

 

тоқтатқанда, қайта құрылғанда немесе таратылғанда, атауын өзгерткенде;

     5) Жеткiзушiден тасымалдау барысында Алушы этил спиртiнiң сақталу

шараларын қолданбаған жағдайда;

     6) осы Ережелердiң 17 тармағына сәйкес салынған пломбаны санкциясыз

бұзған жағдайда;

     7) Жеткiзушi және (немесе) Алушы осы Ережелердi бұзған жағдайда.

     20. Этил спиртiн сатуға қатысудан бас тартқан жағдайда, Басқарма осы

шешiм туралы жазбаша түрде үш күндiк мерзiм iшiнде барлық Жеткiзушiлерге,

тиiстi Алушыларға, облыстық салық комитеттерiне, Астана және Алматы

қалаларының салық комитеттерiне хабарлайды.

     21. Жеткiзушi және (немесе) Алушы 19-тармақта көрсетілген себептердi

жойған жағдайда этил спиртiн сату жалпы негiзде жүргiзiледi.


                           5. Қорытынды ережелер


     22. Жеткізуші және Алушы этил спиртін сатуға тыйым салу туралы

шешімге байланысты Басқарма әрекетіне Комитетке немесе сот органдарына

шағым жасауға құқылы.

     23. Басқарма мен акциздік қосын қызметкерлеріне, Жеткізуші мен

Алушыға этил спиртін сатудың осы Ережелерін бұзғаны үшін заңнамада

белгіленген жауапкершілік жүктеледі.



     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Икебаева Ә.Ж.