1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы V960440_ ережеге өзгерістер және осы қаулы бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзім өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
2. Банктердің қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы N 77 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер 1. 4-тармақтың: үшінші азатжолындағы "1" саны "1 немесе 2" деген сөздермен ауыстырылсын, "(1998 жылдың аяғына дейін)" деген сөздер алынып тасталсын; төртінші азатжолындағы "8.9" саны "8.10" санмен ауыстырылсын. 2. 10-1-тармақ алынып тасталсын. Ұлттық Банк Төрағасы Мамандар: Икебаева Ә.Ж. Жұманазарова А.Б.