Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 2 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1492.

Жаңартылған

      "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына  сәйкес ұйымдардың аудитін жыл сайын жүргізу және несиелік рейтингті қуаттау мақсатында Бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау қаржы вице-министрі Е.А.Досаевқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде ол мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. 

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2001 жылғы 5 сәуірдегі
N 173 бұйрығымен 
бекітілген    

Аудиторлық ұйымдардың тізімі

      Ескерту: Тізімге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 396 бұйрығымен .

     1. алынып тасталды
     2. "ПрайсуотерхаусКуперс" жауапкершілігі   Алматы қаласы
        шектеулі серіктестігі                   лицензияның сериясы
                                                МФЮ N 0000005
     3. "КПМГ Жанат" жауапкершілігі             Алматы қаласы
        шектеулі серіктестігі                   лицензияның сериясы
                                                МФЮ N 0000006
     4. "Эрнст энд Янг" жауапкершілігі          Алматы қаласы
        шектеулі серіктестігі                   лицензияның сериясы
                                                МФЮ N 0000007
     5. "Делойт и Туш" жауапкершілігі           Алматы қаласы
        шектеулі серіктестігі                   лицензияның сериясы
                                                МФЮ N 0000008

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2001 жылғы 5 сәуірдегі
N 173 бұйрығымен  
бекітілген     

Несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімі

      1. Fitch IBCA & DCR
      2. Moody's Investor Service
      3. Standard & Poor's (S&P)