Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл Шаруашылғы министрлігінің 2012.02.13 № 10-1/52 Бұйрығымен.
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн, жануарлары мен микроорганизмдерiн сақтаудың, дамытудың және пайдаланудың 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсаттық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 1 тамыздағы N 1167 қаулысына сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары сапалы тұқымдарымен қамтамасыз ету және элиталық тұқым шаруашылығын мемлекеттiк қаражаттандыруға республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржының тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқым шаруашылығын қаражаттандырудың ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстардағы аумақтық басқармалары:
элиталық тұқымдардың өндiрiлуiн, өткiзiлуiн және бекiтiлген квоталарға сәйкес пайдаланылуын қатаң бақылауды;
бекiтiлген Ережеге сәйкес қаржы алуға қажеттi құжаттардың
элиталық-тұқым шаруашылықтарына уақытылы берiлуiн қамтамасыз етсiн. 3. Егiншiлiк және Астық департаменттерi берiлген құжаттардың ресiмделуiнiң дұрыстығын бақылауды қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-Министр А.И. Мырзахметовке жүктелсiн. 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде Мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi. Министр Келісілді Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Бірінші қаржы Вице-Министрі 2001 ж. 30.03. N 78 2001 ж. 26.04. бұйрығымен бекітілді Ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқым шаруашылығын мемлекеттiк қаражаттандырудың ережесi 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн, жануарлары мен микроорганизмдерiн сақтаудың, дамытудың және пайдаланудың 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсаттық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 1 тамыздағы N 1167 қаулысына сәйкес әзiрлендi және ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқым өндiрiсiн тиiстi жылға мемлекеттiк қаражаттандыруға республикалық бюджетте көзделген қаражаттардың шығындар сметасында белгiленген қаражаттар есебiнен және оның шегiнде, 2002 жылдан бастап тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде мемлекеттiк қаражаттандырудың жалпы шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.
2. Мемлекеттiк жәрдемақы "Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiмiне" енгiзiлген және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге қаражаттандыру жүргiзiлетiн жылғы егiннiң астығына арзан бағамен нақты сатылған ауыл шаруашылығы дақылдарының аудандастырылған сорттарының элиталық тұқымының өндiрiс шығынын ішiнара өтеу үшiн арналған.
3. Нақты элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық бойынша квоталар бөлу арқылы тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтардың өндiрiс шығынын iшiнара өтелуге жататын элиталық тұқымның жалпы көлемiн тоннамен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) белгiлейдi.
4. Тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқым шаруашылығын сақтауға және дамытуға арналған мемлекеттiк жәрдемақыны Ауылшарминi заңнамамен белгiленген тәртiппен Ауылшарминi аттестациялаған элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтарға ғана бөледi.
5. Республикалық бюджеттен элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтарға жәрдемақы мына дақылдардың:
дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар, май дақылдары, картоп - елдiң азық-түлiктiк қауiпсiздiгін қамтамасыз ететін дақылдардың;
көпжылдық және бiржылдық шөптер - мал шаруашылығының тұрақты дамуын және ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеудiң агро-технологиясының сақталуын қамтамасыз ететiн дақылдардың элиталық тұқымының өндiрiс шығынын ішiнара өтеу үшiн берiледi.
2. Мемлекеттiк қаражаттандыру төлеудiң тәртiбi
6. Мемлекеттiк жәрдемақы тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте элиталық тұқым шаруашылығын сақтауға және дамытуға көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде элиталық тұқымның отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге арзан бағамен нақтылай сатылған көлемi үшiн әрбiр элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық пен дақылдардың түрi бойынша элиталық тұқымның жоспарланған егiс алқабына ғылыми негiзделген қажеттiлiкке сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiлген квота аумағында төленедi.
7. Элиталық тұқымның 1 (бiр) тоннасын жеткiзiлген квоталар аумағындағы ең жоғарғы сату құнын жыл сайын Ауылшарминi бекiтедi. Элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтар элиталық тұқымды тауар өндiрушiлерге Ауылшарминi бекiткен және 1 (бiр) тоннаға төленетiн жәрдемақы көлемi мөлшерiне азайтылған бағадан аспайтын бағамен сатады.
8. Элиталық тұқымның 1 (бiр) тоннасына төленетiн жәрдемақы мөлшерi жеке әрбiр элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық бойынша емес, орташа есеппен қаражаттандырылатын дақылдардың әр түрi бойынша есептеледi.
9. Элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтардың отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге элиталық тұқымды арзан бағамен сату көлемi жөнiндегi квоталарды Ауылшарминi жыл сайын белгiленетiн егiс алқабының құрылымына сәйкес мына мерзiмдерде:
күздiк дақылдар бойынша - күзгi егiс басталғанға дейiн;
жаздық дақылдар бойынша - көктемгi егiс басталғанға дейiн белгiлейдi.
10. Квота:
элиталық тұқымды өндiруде қатаң бұзушылықтар айқындалған;
элиталық тұқымның сапасы бұрмаланған;
элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық бiлiктiлiк талаптарға сай келмеген жағдайларда өзгертiле алады немесе алынып, басқа элиталық тұқым өндiрушi шаруашылыққа берiле алады.
11. Элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтар элиталық тұқымды өндiру мен белгiленген квота шегiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге арзан бағамен сату фактiсiн, ал аудандық аумақтық басқармалар отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң оларға сатылған элиталық тұқымның мақсатты пайдалану фактiсiн мына мерзiмдерде:
күздiк дақылдар үшiн - элиталық тұқым өндiрiлген және себiлген жылдың желтоқсанында;
жаздық дақылдар үшiн - сол жылғы егiннiң астығына элиталық тұқымның сатылуы мен егiсi жүргiзiлген жылдың шiлде айында растайды.
12. Сатылған элиталық тұқым үшiн ақша төлеу тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат есебi мен оның шегiнде және нақты элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық үшiн белгiленген квота бойынша;
күздiк дақылдар бойынша - элиталық тұқым себiлгеннен кейiнгi жылғы ақпан-наурызда және шiлде-тамызда;
жаздық дақылдар бойынша - сол жылғы егiннiң астығына элиталық тұқымды сату және себу жүргiзiлген жылдың тамыз-қарашада жүргiзiледi.
13. Ағымдағы жылда республикалық бюджеттен толық қаржыланбау салдарынан элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық алдында орындалмаған мiндеттемелер келесi жылда бiрiншi кезекте тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде орындауға жатады.
14. Ағымдағы жылдың жәрдемақысын төлеу Ауылшарминi ағымдағы жылдың тағайындаулары есебiнен элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтар алдындағы мiндеттемелерiн өтегеннен кейiн жүргiзiледi.
3. Элиталық тұқым сатылу фактiсiн растау тәртiбi
15. Элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтар элиталық тұқымның сатылатыны туралы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аудандық аумақтық басқармасының тұқым инспекторына алдын-ала ескертедi.
16. Элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық элиталық тұқымды сатқан кезде оның сапасын растау үшiн сатып алушыға Ауылшарминiнiң аудандық аумақтық басқармасымен бекiтiлген белгiленген нысандағы "Тұқым аттестатын" бередi. Аудандық аумақтық басқарманың тұқым инспекторы "Тұқым аттестанына" нөмiр бередi, элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтар берген "Тұқым аттестаттарының" арнайы тiркеу журналын, элиталық тұқымның ауданда өндiрiлуi, сатылуы және мақсатты пайдаланылуы жөнiндегi мәлiметтер жиынтығын жүргiзедi. Элиталық тұқымның себiлу фактiсiн тексергеннен кейiн тұқым инспекторы сатып алушымен бiрге үш данада элиталық тұқымның мақсатты пайдаланылуы туралы акт жасайды - бiреуi сатып алушыда, екiншiсi - Ауылшарминi аудандық аумақтық басқармасында қалады, үшiншiсi - Ауылшарминiне жiберiледi (1-қосымша).
17. Элиталық тұқымның сатылу фактiсiн растау және демеу қаржы алу үшiн элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтар Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аудандық аумақтық басқармаларына осы Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген мерзiмде мына құжаттарды:
элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтың нақтылай сатқан элиталық тұқымының көлемдерi жөнiндегi екi данадағы жиынтық тiзiмін - бiреуi Ауылшарминiнiң аудандық аумақтық басқармасы үшiн, екiншiсi Ауылшарминi үшiн (2-қосымша);
элиталық тұқымды өндiруге арналған бастапқы материалдың шығу тегiн растайтын құжаттарды (апробация актiлерi мен көбейту питомниктерi, суперэлита және элитаны апробациялау туралы есептi - "Сорттық егiстердi апробациялау жөнiндегi нұсқаулыққа" сәйкес; көбейту питомниктерi мен суперэлита сатып алған жағдайда - Тұқым аттестаттарын);
белгiленген тәртiпте тiркелген тұқым сапасы жөнiндегi аудандық лабораторияның тексерiлген элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы анықтамасын (3-қосымша);
сатылған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының көшiрмелерiн (тұқымды тиеп жөнелтудiң жүк құжаттамасының, счет-фактуралардың, төлем түрiне байланысты: аударым арқылы есеп айырысу кезiнде - банктiң төлем тапсырмаларының, қолма-қол есеп айырысу кезiнде - кiрiстiк кассалық ордерлердiң, бартерлiк есеп айырысу жағдайында - шарттардың, сатып алушылардың сенiмхаттарының);
сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның көлемi туралы элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық пен элиталық тұқым сатып алушының арасында жасалған алып-сату актiсiн (4-қосымша) тапсырады. Алып-сату актiсi төрт данада жасалынады: бiреуi - элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық үшiн, бiреуi - сатып алушы үшiн, бiреуi - Ауылшарминiнiң аудандық аумақтық басқармасы үшiн, бiреуi - Ауылшарминi үшiн.
18. Ауылшарминiнiң аудандық аумақтық басқармалары берiлген бастапқы төлем құжаттарының (тұқымды тиеп жөнелтудiң жүк құжаттамасының, счет-фактуралардың, төлем түрiне байланысты - банктiң төлем тапсырмаларының, кiрiстiк кассалық ордерлердiң, бартерлiк есеп айырысу жағдайында - шарттардың, сатып алушылардың сенiмхаттарының) көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырады және өзiнiң мөрiмен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшiрмелерi, элиталық тұқымның нақтылай сатылған көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiмнiң (2-қосымша) бiр данасы және алып-сату актiсiнiң (4-қосымша) бiр данасы Ауылшарминiнiң аудандық аумақтық басқармасында сақтауға қалдырылады. Олардың дұрыстығы мен сақталуы үшiн Ауылшарминiнiң аудандық аумақтық басқармасының бастығы жауап бередi.
19. Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық басқармасына:
элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтың нақтылай сатқан элиталық тұқымының көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiмi (2-қосымша);
алып-сату актiсi (4-қосымша);
элиталық тұқымның мақсатты пайдаланылуы туралы акт (3-қосымша);
тексерiлген элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы белгiленген тәртiпте тiркелген аудандық сынақ лабораториясының анықтамасы (3-қосымша) тапсырылады.
20. Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық басқармасы тапсырылған құжаттарды тексерiп, өзiнiң мөрiмен куәландырып, облыс бойынша жинақтық акт жасап (5-қосымша) мына құжаттардың:
элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтың нақтылай сатқан элиталық тұқымының көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiмiнiң (2-қосымша);
сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның көлемi туралы элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық пен элиталық тұқым сатып алушының арасында жасалған алып-сату актiсiнiң (4-қосымша);
элиталық тұқымның мақсатты пайдаланылуы туралы актiнiң (1-қосымша);
тексерiлген элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы белгiленген тәртiпте тiркелген аудандық сынақ лабораториясының анықтамасының (3-қосымша) түпнұсқаларын қосып, оны Ауылшарминiнiң Егiншiлiк департаментiне жiбередi.
21. Егiншiлiк департаментi тапсырылған құжаттарды тексерiп, республика бойынша жиынтық акт жасап (6-қосымша), оны осы салаға жетекшiлiк ететiн Вице-Министрмен келiстiрiп, төлем жасау үшiн мына құжаттардың:
республика бойынша жиынтық актiнiң (6-қосымша);
алып-сату актiсiнiң (4-қосымша);
элиталық тұқымның мақсатты пайдаланылуы туралы актiнiң (1-қосымша) түпнұсқаларымен бiрге Қаржы департаментiне тапсырады.
22. Қаржы департаментi тапсырылған құжаттарды тексерiп, белгiленген бағалаулар негiзiнде элиталық тұқым өндiрушi шаруашылыққа тиесiлi қаржының көлемiн анықтап, екi данада жәрдемақы төлеу ведомостiн жасап (7-қосымша), оны Қаржы департаментiне жетекшiлiк ететiн Вице-Министр бекiтедi, осы ведомостiн бiр данасын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына тапсырады және ағымдағы жылға арналған элиталық тұқым шаруашылығын мемлекеттiк қаражаттандырудың тиiстi бюджеттiк бағдарламасы бойынша қаражаттың шығыстар сметасында белгiленген қаражаттың шеңберiнде тиесiлi сомаларды элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтардың есеп шоттарына аударады.
1-қосымша
"Бекітемін"
ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының бастығы _________ (Ф.А.Ә., қолы, мөрі) 200__ жылғы "___"___________
Элиталық тұқымды мақсатты пайдалану туралы
200__ "___"_____________ N ___ Акт Біз, төмендегі қол қоюшылар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің _______ облысы __________________ аудандық аумақтық басқармасының тұқым инспекторы (ауданның атауы) бір жағынан және элиталық тұқым сатып алушы _____________________________ (шаруа жасаушы субъекттің, _____________________________________________________________ сортының ауданның, облыстың атауы) ________________ элиталық тұқымын ____________ тонна көлемінде (дақыл) _________________________ (элиттұқшардың атауы) 200__ жылғы "___"_________________ N ___ алып-сату актісі бойынша сатып алғаны және N ____ бөлімшенің (бригаданың), N ___ егісінің, ________ га алқабында тұқымдық учаскеге себуге пайдаланғаны туралы осы актіні жасадық. ҚР АШМ аудандық аумақтық Сатып алушы ____________________ басқармасының тұқым инспекторы ________________________________ ______________________________ Реквизиттері ___________________ ______________________________ ________________________________ (Ф.А.Ә., қолы) (Ф.А.Ә., қолы) 2-қосымша Бекітемін: ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының бастығы ___________________ (Ф.А.Ә., қол, мөрі) 200__ жылғы "___"__________ ______________ облысы _______________ элиттұқшары бойынша (элиттұқшардың атауы) ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымын 200__ жылғы егіннің астығына отандық тауар өндірушілерге нақтылай сатылу көлемі жөніндегі жиынтық реестр --------------------------------------------------------------------------- Тұқым сатып!Дақыл!Сорт!Алып-сату!Сатылған! Төлем !Элиталық!Тауар өндіру. алған тауар! ! !актісінің!элиталық!құжаттары!тұқымның!ші сепкен өндірушінің! ! !N, күні !тұқымның! бойынша !1 тонна.!элиталық тұ. атауы ! ! ! !көлемі, ! төлем !сының !қымның көлемі, ! ! ! !тонна ! сомасы !құны, !тонна ! ! ! ! ! !теңге ! --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 --------------------------------------------------------------------------- --------------------------------------------------------------------------- --------------------------------------------------------------------------- --------------------------------------------------------------------------- Жиынтығы --------------------------------------------------------------------------- Элиттұқшардың басшысы (Ф.А.Ә., қолы, мөрі) Бас бухгалтер (Ф.А.Ә., қолы) ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының тұқым инспекторы _____________________ (Ф.А.Ә., қолы) Қоса беріледі: алып-сату актісі, бастапқы төлем құжаттарының көшірмелері: төлем түріне байланысты - төлем тапсырыстарының, кірістік кассалық ордерлердің, тауарлық-көліктік құжаттардың, шот-фактуралардың, сатып алушылардың сенімхаттарының, бартерлік келісім кезінде - шарттардың. 3-қосымша "Бекітемін" ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының бастығы _________ (Ф.А.Ә., қолы, мөрі) 200__ жылғы "___"___________ ______________________________ облысы (облыс атауы) ______________________________ (элиттұқшардың, ауданның атауы) элиталық тұқым өндіруші шаруашылық бойынша 200__ жылғы егіннің астығына сату үшін тексерілген тұқымның саны мен сапасы туралы анықтама --------------------------------------------------------------------------- Дақыл!Сорт!Репродукция! Тексерілген тұқымның саны мен сапасы ! ! !---------------------------------------------------- ! ! ! Барлығы ! м.і. сатуға арналғаны ! ! !---------------------------------------------------- ! ! ! Көлемі, ! Себу стандар.! Көлемі, ! Себу стандар. ! ! ! тонна ! тының сыныбы ! тонна ! тының сыныбы --------------------------------------------------------------------------- --------------------------------------------------------------------------- Барлығы --------------------------------------------------------------------------- Сынақ лабораториясының директоры (меңгерушісі) (Ф.А.Ә., қолы, мөрі) Тұқымдық сараптама жөніндегі бас маман (Ф.А.Ә., қолы, мөрі) Куәландырылды: Ауыл шаруашылығы министрлігінің аудандық аумақтық басқармасы (Ф.А.Ә., қолы, мөрі) Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы (Ф.А.Ә., қолы, мөрі) 4-қосымша
"Бекітемін"
ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының бастығы _________ (Ф.А.Ә., қолы, мөрі) 200__ жылғы "___"___________
Элиталық тұқымның алып-сатылуы туралы
200__ жылғы "___"_____________ N ___ акт Біз, төмендегі қол қоюшылар, _____________________ элиталық тұқым (элиттұқшардың толық атауы) өндіруші шаруашылық бір жағынан және сатып алушы _______ облысы __________________ ауданы _______________________________ екінші (тауар өндірушінің толық атауы) жағынан, элиталық тұқымды біріншісінің сатқаны, ал екіншісінің сатып алғаны туралы осы актіні жасадық: --------------------------------------------------------------------------- Рет!Дақыл!Сорт!Сатылған!Элиталық!Апробация!Сатылған!1 тоннаның!Төлем құжаты N ! ! ! күні !тұқым !акті мен !элиталық! құны !бойынша ! ! ! !сатылған!"Тұқым !тұқымның! !төлем сома. ! ! ! !төлем !аттеста. !көлемі, ! !сы, теңге ! ! ! !құжаты. !тының" !тонна ! ! ! ! ! !ның күні!күні мен ! ! ! ! ! ! !мен N !N ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- --------------------------------------------------------------------------- Барлығы --------------------------------------------------------------------------- Сатып алушы сатып алынған элиталық тұқымды тұқымдық учаскеде себу үшін пайдаланатынына міндеттенеді. Элиталық тұқым өндіруші шаруашылықтың Сатып алушының реквизиттері: реквизиттері: Е/ш ______________________ Е/ш _______________________ СТН ______________________ СТН _______________________ Банк _____________________ Банк ______________________ ФАА ______________________ ФАА _______________________ __________________________ ___________________________ басшының Ф.А.Ә., (қолы, мөрі) басшының Ф.А.Ә., (қолы, мөрі) Тұқым инспекторы ___________ (аудан атауы) ҚР АШМ _____________________ (Ф.А.Ә., қолы) аудандық аумақтық басқармасы Ескерту: акт төрт данадан: бір-бірден элиталық тұқым шаруашылығы, элита тұқымын сатып алушы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің аудандық аумақтық басқармасы және Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін жасалады. 5-қосымша Бекітемін: ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының бастығы ___________________ (Ф.А.Ә., қолы, мөрі) 200__ жылғы "___"__________ _____________________________ облысының элиттұқшарлары бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымын 2002 жылғы егіннің астығына отандық тауар өндірушілерге нақтылай сатылу көлемі жөніндегі Жиынтық акт --------------------------------------------------------------------------- Атауы !Да.!Сорт!Элиттұқшар!Элиталық!Сатылған!Сатылған!Элиталық!Себіл. -----------!қыл! !мен сатып !тұқымнан!элиталық!элиталық!тұқымның!ген Эли. !Эли. ! ! !алушының !нақтылай!тұқымның!тұқымның!1 тонна.!элита. талық!талық! ! !арасындағы!пайдала.!көлемі, !жалпы !сының !лық тұ. тұқым!тұқым! ! !алып-сату !нылуы !тонна !құны, !құны, !қымның сат. !сатып! ! !актісінің !туралы ! !теңге !теңге !көлемі, қан !алған! ! !N, күні !актінің ! ! ! !тонна элит.!тауар! ! ! !N, күні ! ! ! ! тұқ. !өнді.! ! ! ! ! ! ! ! шар. !руші.! ! ! ! ! ! ! ! дың !нің ! ! ! ! ! ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 ! 9 ! 10 --------------------------------------------------------------------------- --------------------------------------------------------------------------- Жиынтығы --------------------------------------------------------------------------- ҚР АШМ облыстық басқармасының тұқым инспекторы (Ф.А.Ә., қолы) Қоса беріледі: алып-сату және тұқымды нақтылай пайдалану актілерінің түпнұсқалары 6-қосымша "Бекітемін" ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-Министрі ___________________ 200__ жылғы "___"__________ Ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымының 200__ жылғы егіннің астығына нақтылай сатылған көлемі жөніндегі республика бойынша Жиынтық акт --------------------------------------------------------------------------- Атауы !Дақыл!Сорт!Сатылған! Сатылған ! Сатылған -----------------------------! ! ! күні ! элиталық ! тұқымның облыс атауы !элиталық тұқым ! ! ! ! тұқымның ! нақтылай !сатқан элит. ! ! ! ! жылдық ! көлемі !тұқшардың атауы! ! ! ! квотасы ! --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 --------------------------------------------------------------------------- --------------------------------------------------------------------------- --------------------------------------------------------------------------- Егіншілік департаментінің директоры (Ф.А.Ә., қолы) Бөлім бастығы (Ф.А.Ә., қолы) 7-қосымша "Бекітемін" ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-Министрі ___________________ 200__ жылғы "___"__________ 200_ жылғы 1 қаңтардан "___"______________ дейінгі кезеңде элиталық тұқым шаруашылығын сақтауға және дамытуға жәрдемақы төлеу үшін бөлінетін қаражаттың Тізімдемесі --------------------------------------------------------------------------- Атауы !Дақыл!Сатылу! Элиталық !Элиталық!Сатылған!Жыл басынан -----------------! ! күні ! тұқымның !тұқымның!элиталық!бастап тие. облыс !элиттұқшар! ! ! сатылуының !нақтылай!тұқымның!сілі жәрдем. ! ! ! ! жылдық !сатылға.!1 тонна.!ақы сомасы ! ! ! ! квотасы !ны !сының !(теңге) ! ! ! !-------------!(тонна) !бағасы ! ! ! ! !тонна! сома ! !(теңге) ! ! ! ! ! !(теңге)! ! ! --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 ! 9 --------------------------------------------------------------------------- таблицаның жалғасы: ------------------------------------------- Жыл басынан ! Тиесілі ! 2002 жылғы бастап бөлінгені ! жәрдемақы ! "___" (теңге) ! сомасының ! _______ ! қалдығы ! квота ! (теңге) ! көлемінде ! ! төленуге ! ! тиісті ------------------------------------------- 10 ! 11 ! 12 ------------------------------------------- ------------------------------------------- ------------------------------------------- Қаржы департаментінің директоры (Ф.А.Ә., қолы) Мамандар: Икебаева Ә.Ж. Жұманазарова А.Б.