Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің жүргізуші куәліктерін есепке алудың, сақтаудың және берудің тәртібін бекіту туралы

Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 11 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1458. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 629 бұйрығымен

Күшін жойған

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 30.10.2013 № 629 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" K010155_ Қазақстан Республикасы Кодексінің нормаларын іске асыру және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жол полициясының қызметін заңнамаға сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің жүргізуші куәліктерін есепке алудың, сақтаудың және берудің тәртібі бекітілсін.
      2. Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің бастықтары жол полициясы бөлімшелері жеке құрамының осы Тәртіпті оқып-үйренуін және бұлжытпай орындауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі И.И. Оттоға және Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Жол полициясы департаментінің бастығы Н.Т. Мырзабековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде  мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі -
Ішкі әскерлер қолбасшысы
генерал-майор    

Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2001 ж. 25 наурыз N 248
бұйрығымен бекітілген

Жүргізушілердің, көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған
адамдардың жүргізуші куәліктерін есепке алу, сақтау және
қайтарып беру
ЕРЕЖЕСІ

      1. Жүргізу құқығынан айыру туралы түскен шешім мен алынған жүргізуші куәлігімен бірге, жол полициясының емтихандық бөлімшелердегі "Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді тіркеу" журналына әкімшілік жаза салынған көлік құралдарына қатысты категориялары көрсетіліп тіркеледі.
      2. Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру мерзімі біткенше жүргізуші куәлігі сот шешімімен бірге жол полициясының емтихандық бөлімшелердегі жеке мөрленетін темір шкафтарда сақталады.
      3. Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған адамдарға теориялық және тәжірибелік емтихандарды тапсырғаннан кейін жүргізуші куәліктері беріледі. Осы тәжірибелік емтихан жүргізушінің жүргізу құқығынан айырылған жоғары категориялы көлік құралында қабылданады.
      4. Белгілі категориялы көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жағдайда:
      1) тесу жолымен алынған жүргізуші куәлігінде азаматтың қай көлік құралы категориясын жүргізу құқығынан айырылса, сол категорияның рұқсат белгісі жойылып, иесінің қалауы бойынша берілетін жаңа куәлікке әкімшілік жаза салынған көлік құралының категориясына рұқсат белгі берілмейді ("Ерекше белгілер" тарауына қайта берілген жүргізуші куәлігіне КҚ-ның "___" категориясын жүргізу құқығынан 200__ жылғы "___" ______________ дейін айырылған деген жазу енгізіледі).
      2) айыру мерзімі өткеннен кейін:
      тесілген жүргізушілік куәлік жалпы негізде ауыстырылады;
      алынып қойылған куәліктің орнына ауыстырылған куәлікті тапсырғанда алғашқы жүргізуші куәлігі иесіне қайтарылады.
      5. "Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді тіркеу" журналына алынған жүргізуші куәлігін қайтару мерзімі туралы белгі қойылады.
      6. Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерге жүргізуші куәлігін қайтарып беруге негіз болған (Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 1998 жылғы 27 ақпандағы N 53 V980496_ бұйрығымен бекітілген уақытша нұсқаулыққа 11-қосымша) теориялық және тәжірибелік емтиханның өткізілгендігі туралы бағалары көрсетілген жолдама, сот шешімі және алынған куәлікке ауыстырылып берілген жүргізуші куәлігі) құжаттарды жеке

 

томға тігіліп, бау өткізіліп, нөмірленеді және белгіленген тәртіп бойынша

мөрленіп, ішкі істер органдары бөлімшелерінің іс жүргізуін реттейтін

нормативтік кесімдерге байланысты сақталады және жойылады.


     Қазақстан Республикасы

     Ішкі істер министрлігі


     Жол полициясы департаменті




      Мамандар:

              Омарбекова А.Т.         

              Икебаева Ә.Ж.