Мониторингке жататын мәмілелер бойынша тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) Тізбесін бекіту туралы

Мемлекеттік Кіріс министрінің 2001 жылғы 22 ақпандағы N 206 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 27 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1437

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы" 2001 жылдың 5 қаңтарындағы N 136-ІІ Z010136_ Заңын орындау үшін
                                БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мониторингке жататын мәмілелер бойынша тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) берілген тізбесі бекітілсін.
      2. Трансферттік бағалар қолданылуы мүмкін мәмілелер бойынша мониторинг өткізудің қаражатын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға жауапты орындаушылар болып Электронды мониторинг департаменті (Мұқай Е.Б.) және ҰҚ МКМ Кеден комитеті (Нүкенов М.О.) анықталсын. 3. Электронды мониторинг департаменті (Мұқай Е.Б.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Қ.А. Нүрпейісовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі. Министр Қазақстан Республикасы Кіріс Министрінің 2001 жылғы 22 ақпандағы N 206 Бұйрығымен бекітілген Мониторингке жататын мәмілелер бойынша тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесі Ескерту: Тізбеге өзгерістер мен толықтыру енгізілді - ҚР Мемлекеттік Кіріс министрінің 2001 жылғы 27 сәуірдегі N 505 бұйрығы V011525_ ___________________________________________________________________________ N Тауарлар тобы Тауар атауы СЭҚ ТН Коды (жұмыстар, қызметтер) (жұмыстар, қызметтер) ___________________________________________________________________________ 1. Мұнай және мұнай өнімдері Шикі мұнай 270900 Газ конденсаты 270900100 Бензин 271000270-271000360 Дизель отыны 271000610, 271000650, 271000690 Мазут 271000710-271000830 2. Мұнай газдары Табиғи газ 2711 Сығымдалған газ 271121000 3. Түрлі-түсті металдар Жез 7402, 7403, 7404, 7405, 7408, 7409, 7413 Қорғасын 7801, 7804 Мырш 7901 Бериллий, хром, 8112 галлий, рений Тантал 8103 Магний 8104 Титан 8108 4. Қара металл Көміртекті болат. 7206-7212, 7214 тың жалпақ илегі Қара металдың 7302, 7304 бұйымдары 5. Ферросплавтар Ферросплавтар 7202 6. Қымбат металдар Алтын, күміс 7106, 7108 7. Кен және концентраттар Темір 2601 Марганец 2602 Хром 2610 Қорғасын 2607 Цинк 2608 8. Органикалық емес химия Алюминий оксиді 28181200 өнімдері (алюминий тотығы) Хромның оксидтері 281900 мен су оксидтері Уран 2844 9. Астық дақылдары Бидай 100100 10. Мақта Таратылған мақта 520100 талшығы 11. /жұмыстар, қызметтер/ жоғарыда көрсетілген, тауарлардың экспорты мен импортымен байланысты жұмыстар, қызметтер/ ___________________________________________________________________________ Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.