1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін белгілеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 V990746_ қаулысының N 1 қосымшасына толықтыру бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзім өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін белгілеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысының N 1 қосымшасына толықтыруды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуде өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін белгілеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысының N 1 қосымшасына толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекені қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінен және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін белгілеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысының N 1 қосымшасына толықтыруды банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары М.Т. Құдышевке (2-тармақ бойынша) және Б.Ш. Тәжіяқовқа (3-тармақ бойынша) жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 14 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін белгілеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысының N 1 қосымшасына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін белгілеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысының N 1 қосымшасындағы ескертудің екінші азат жолындағы "5" санынан кейін ",10, 20, 50" сандарымен толықтырылсын. Ұлттық Банк Төрағасы Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.