Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету бойынша қызметтер үшін ақы алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 30 сәуірде N 746 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 114 қаулысымен

       Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.31. N 649 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Министрліктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік органдар заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың өздеріне бекітілген мүліктерді жалға беруден түсетін кірістерді республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кірісіне есептеу туралы мәселені шешсін; 
      2) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар бойынша шығыстардың сметасын бекіткен кезде, олардың кіріс бөлігінде, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар өздеріне бекітілген мүліктерді жалға беруден алатын кірістер ескерілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі