Хромтау ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы

Ақтөбе облыстық мәслихаттың үшiншi сессиясы мен облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 23 ақпандағы N 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 2000 жылғы 25 сәуірде N 481 тіркелді

Қолданыстағы

       "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы " Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы 11 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес Хромтау ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысы негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Новоресей селолық округiнiң құрамынан жалпы көлемi 80056 га аумақты шығара отырып сызба-картаға сәйкес шекарасы өзгертiлсiн.
      2. Әкiмшiлiк орталығы Табантал селосы Табантал селолық округi құрылсын, сызба-картаға сәйкес оның құрамына елдi мекендер мен жалпыкөлемi 80056 га аумақ кiргiзiлсiн.
      3. Жаңадан құрылған Табантал селолық округiн ұстау шығыны 2000 жылғы аудандық басқару органдарын ұстауға қаралған лимит көлемiнде жүргiзiлсiн.
      4. Облыстық статистика басқармасы (А.Д. Мұқаев) облыстық әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктердiң есептiк мәлiметтерiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
      5. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (М.Н. Жекеев) ауданның әкiмшiлiк - аумақтық құрылымына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жер-кадастр құжаттарын тәртiпке келтiрсiн.

       Облыстық мәслихат              Облыс әкiмi
      сессиясының төрағасы