"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы " Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы 11 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес Хромтау ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысы негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
1. Новоресей ауылдық округiнiң құрамынан жалпы көлемi 80056 га аумақты шығара отырып сызба-картаға сәйкес шекарасы өзгертiлсiн.
2. Әкiмшiлiк орталығы Табантал ауылы Табантал ауылдық округi құрылсын, сызба-картаға сәйкес оның құрамына елдi мекендер мен жалпыкөлемi 80056 га аумақ кiргiзiлсiн.
3. Жаңадан құрылған Табантал ауылдық округiн ұстау шығыны 2000 жылғы аудандық басқару органдарын ұстауға қаралған лимит көлемiнде жүргiзiлсiн.
4. Облыстық статистика басқармасы (А.Д. Мұқаев) облыстық әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктердiң есептiк мәлiметтерiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
5. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (М.Н. Жекеев) ауданның әкiмшiлiк - аумақтық құрылымына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жер-кадастр құжаттарын тәртiпке келтiрсiн.
Облыстық Мәслихат сессиясының төрағасы |
Облыс Әкiмi |