Ырғыз ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы

Ақтөбе облыстық мәслихаттың үшiншi сессиясы мен облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 23 ақпандағы N 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 2000 жылғы 25 сәуірде N 479 тіркелді

Қолданыстағы

       Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы 11 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес жасалған Ырғыз ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысы негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Аманкөл селолық округiнiң құрамынан жалпы көлемi 210000 га аумақты шығара отырып сызба-картаға сәйкес шекарасы өзгертiлсiн.
      2. Әкiмшiлiк орталығы Ырғыз селосы Ырғыз селолық округi құрылсын, сызба-картаға сәйкес оның құрамына елдi мекендер мен жалпы көлемi 577839 га аумақ кiргiзiлсiн.
      3. Қайтадан құрылған Ырғыз селолық округiн ұстау шығыны 2000 жылғы аудан әкiмi аппаратының аудан орталығын дамыту бөлiмiн ұстауға қаралған лимит көлемiнде жүргiзiлсiн.
      4. Облыстық статистика басқармасы (А.Д. Мұқаев) облыстық әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктердiң есептiк мәлiметтерiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
      5. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (М.Н. Жекеев) ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жер-кадастр құжаттарын тәртiпке келтiрсiн.

       Облыстық мәслихат                  Облыс әкiмi
      сессиясының төрағасы