Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы 11 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес жасалған Ырғыз ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысы негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
1. Аманкөл ауылдық округiнiң құрамынан жалпы көлемi 210000 га аумақты шығара отырып сызба-картаға сәйкес шекарасы өзгертiлсiн.
2. Әкiмшiлiк орталығы Ырғыз ауылы Ырғыз ауылдық округi құрылсын, сызба-картаға сәйкес оның құрамына елдi мекендер мен жалпы көлемi 577839 га аумақ кiргiзiлсiн.
3. Қайтадан құрылған Ырғыз ауылдық округiн ұстау шығыны 2000 жылғы аудан әкiмi аппаратының аудан орталығын дамыту бөлiмiн ұстауға қаралған лимит көлемiнде жүргiзiлсiн.
4. Облыстық статистика басқармасы (А.Д. Мұқаев) облыстық әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктердiң есептiк мәлiметтерiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
5. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (М.Н. Жекеев) ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жер-кадастр құжаттарын тәртiпке келтiрсiн.
Облыстық Мәслихат сессиясының төрағасы |
Облыс Әкiмi |