Жекелеген ауылдық округтердің шекарасын өзгерту және дербес әкімшілік-аумақтық бірліктер құру туралы

Ақмола облыстық мәслихаты мен облыс әкімінің шешімі 2000 жылғы 15 маусымдағы N С-3-04 Ақмола облысының әділет басқармасында 2000 жылғы 24 шілдеде N 261 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селоларының», «селосы» деген сөздер «ауылдық», «ауылдарының», «ауылы» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Z934200_ Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында және мәслихаттар мен аудандар әкімдерінің бірлескен ұсынымдары негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешім етті:
      - облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Аршалы ауданы бойынша:
      1. Аршалы поселкесінің шекарасы өзгертіліп, екі әкімшілік-аумақтық бірлік:
      - Аршалы поселкесі, Аршалы-2 поселкесі, Вишневка станциясы, Ақтасты ауылы шегінде орталығы Аршалы поселкесі болып Аршалы поселкесі;
      - Мичурино, Ақбұлақ ауылдарының шегінде орталығы Мичурино ауылы болып Ақбұлақ ауылдық округі құрылсын.
      2. Нововладимировка ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, екі әкімшілік-аумақтық бірлік:
      - Нововладимировка, Херсонка, Ақжар ауылдарының шегінде орталығы Нововладимировка ауылы болып Нововладимировск ауылдық округі;
      - Сараба, Владимировка ауылдарының, Сары-оба станциясының шегінде орталығы Сараба ауылы болып Сараба ауылдық округі құрылсын.
      Шортанды ауданы бойынша:
      1. Дамса ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, екі әкімшілік-аумақтық бірлік:
      - Научный поселкесінің шегінде орталығы Научный поселкесі болып Научный поселкесі;
      - Дамса, Степное ауылдарының шегінде орталығы Дамса ауылы болып Дамса ауылдық округі құрылсын.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы

     Облыс әкімі

     Облыстық мәслихаттың хатшысы