- облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аршалы ауданы бойынша:
1. Аршалы поселкесінің шекарасы өзгертіліп, екі әкімшілік-аумақтық бірлік:
- Аршалы поселкесі, Аршалы-2 поселкесі, Вишневка станциясы, Ақтасты селосы шегінде орталығы Аршалы поселкесі болып Аршалы поселкесі;
- Мичурино, Ақбұлақ селоларының шегінде орталығы Мичурино селосы болып Ақбұлақ селолық округі құрылсын.
2. Нововладимировка селолық округінің шекарасы өзгертіліп, екі әкімшілік-аумақтық бірлік:
- Нововладимировка, Херсонка, Ақжар селоларының шегінде орталығы
Нововладимировка селосы болып Нововладимировск селолық округі; - Сараба, Владимировка селоларының, Сары-оба станциясының шегінде орталығы Сараба селосы болып Сараба селолық округі құрылсын. Шортанды ауданы бойынша: 1. Дамса селолық округінің шекарасы өзгертіліп, екі әкімшілік-аумақтық бірлік: - Научный поселкесінің шегінде орталығы Научный поселкесі болып Научный поселкесі; - Дамса, Степное селоларының шегінде орталығы Дамса селосы болып Дамса селолық округі құрылсын. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Облыс әкімі Облыстық мәслихаттың хатшысы