Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының аумағында ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 179 V001155_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 179 V001155_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2000 жылғы 29 желтоқсандағы
N 488 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы
25 сәуiрдегi N 179 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының
аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол
жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiне
өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 179 V001155_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 2-тармақтың екiншi бөлiгiнiң:
бiрiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже клиент және оған қызмет көрсететiн банк арасындағы шартқа сәйкес жасалатын:
1) осы банктегi бiр клиенттiң иелiгiндегi банк есепшоттары бойынша;
2) клиенттiң банк есепшоттары бойынша солардың есебiндегi ақша сомаларының өзгерiстерiн бухгалтерлiк есепте көрсету, оның iшiнде тиесiлi сыйақыны көрсету үшiн банк жүргiзетiн;
3) клиенттiң банктiк есепшотына қызмет көрсеткенi үшiн банктiң комиссиялық алымдарды алуы бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбiн реттемейдi (төлем құжаттарын және оларды қайтарып алу немесе тоқтата тұру туралы өкiмдердi ресiмдеуден басқа).".
2. 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есептiк көрсеткiштен асатын төлемдер тек ақша аудару тәртiбiмен жүзеге асырылады.".
3. 29-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Ақша жөнелтушi Қазақстан Республикасы валюта заңдарының талаптарына сәйкес валюта операциялары бойынша төлем жасағанда және (немесе) ақша аударғанда қызмет көрсететiн алушы-банкке белгiленген нысандағы бланкiде (N 2 қосымша) ақша аударуға өтiнiш ұсынады. Мұндай өтiнiш ақша жөнелтушiнiң қызмет көрсететiн алушы-банкке төлем тапсырмасы болып табылады.".
4. 33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Бенефициар төлемдiк талап-тапсырманы белгiленген нысандағы бланкiде (N 3 қосымша) бенефициардың банкiне немесе тiкелей ақша жөнелтушiнiң банкiне ұсынуға құқылы.
Бенефициар бенефициардың банкiне бiрнеше төлемдiк талап-тапсырмаларды ұсынған жағдайда, оларға төлемдiк талап-тапсырмалардың тiзiлiмi белгiленген нысандағы бланкiде (N 4 қосымша) қоса берiледi. Төлемдiк талап-тапсырманың "төлемнiң мақсаты" бағанында бенефициар төлемдiк талап-тапсырманы ұсынуға негiз болатын құжаттар деректемелерiн көрсетуге мiндеттi.".
5. 36-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Жазылған күнi көрсетiлген төлемдiк талап-тапсырма мен қоса берiлген тiзiлiмдi бенефициар отыз күнтiзбелiк күн iшiнде бенефициардың банкiне ұсынуы мүмкiн немесе төлемдiк талап-тапсырма ақша жөнелтушiнiң банкiне ұсынылуы мүмкiн.".
6. 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Ақшаны өндiрiп алушы ақша жөнелтушiнiң банкiне осы өндiрiп алудың дәлелдiгiн растайтын орындалатын парақтардың немесе сот шешiмдерi, үкiмдерi, анықтамалары және қаулылары бойынша берiлетiн бұйрықтардың не ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрығының түпнұсқаларын қоса инкассалық өкiмдi немесе соттың мөрiмен расталған олардың көшiрмелерiн ұсынады.
Ақша жөнелтушiнiң банк есепшотынан оның келiсiмiнсiз ақша алудың дәлелдiгiн растайтын орындалатын құжат, егер орындалатын құжаттың мәтiнiнде өзгеше белгiленбесе, банкке көрсету үшiн тек бiр инкассалық өкiмнiң негiзi ғана болып табылады. Салық қызметi және кеден органдарының инкассалық өкiмдерi осы өндiрiп алудың дәлелдiгiн растайтын орындалатын құжаттарсыз ұсынылады.".
7. 49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Егер алушы-банк санкцияланбаған нұсқау туралы жөнелтушiден уақтылы хабар алып, санкцияланбаған нұсқауды орындаған жағдайда, ол жөнелтушiге олардың арасында жасалған шартта көзделген тәртiппен осы нұсқауды орындауға байланысты нақты шығындардың орнын толтырады.".
8. 51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Нұсқауды жөнелтушi алушы-банкке нұсқауды керi қайтару өкiмiн белгiленген нысандағы бланкiде (N 7 қосымша) жiберу жолымен қайтарып алуы мүмкiн. Осындай өкiмнiң орындалу мерзiмi жөнелтушi және алушы-банк арасында жасалған шартта белгiленедi.
Жөнелтушi және алушы-банк арасында жасалған шартта нұсқауды керi қайтару туралы өкiмдi электрондық тәсiлмен беру көзделуi мүмкiн.".
9. 54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Жөнелтушiнiң орындалмаған нұсқауды керi қайтару туралы өкiмiн уақтылы алған кезде алушы-банк осы нұсқау бойынша ақша аударуға құқығы болмайды және ол бiр мезгiлде жөнелтушiге алынған өкiмнiң орындалуы туралы хабарды жiбере отырып, осы өкiмдi алған күннен кейiн келетiн жұмыс күнiнен кешiктiрмей нұсқауды қайтаруы тиiс.".
10. 65-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
11. 70-тармақтың екiншi азатжолы алынып тасталсын.
12. 100-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз оның банк есепшотынан ақша алу бойынша өндiрiп алушының құқығы көрсетiлген өндiрiп алушы мен ақша жөнелтушi арасындағы шарт негiзiнде төлемдiк талап-тапсырманы, сондай-ақ ақша жөнелтушiнiң ішiнара немесе толық жазбаша түрде мойындаған талабына, сондай-ақ ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз оның банк есепшотынан ақша алу бойынша өндiрiп алушының құқығы көрсетiлген жауапты, кепiлдеменi және басқа да құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлген құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмесiн қоса беруге болады."
13. 102-тармақ алынып тасталсын.
14. 107-тармақтың бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"107. Ақша жөнелтушi банкте төлемдiк талап-тапсырманы ақша жөнелтушiге қағазбен қолма-қол немесе электрондық тәсiлмен беру мүмкiндiгi болмаған жағдайда, ақша жөнелтушi банк төлемдiк талап-тапсырманы алған күннен кейiн келетiн жұмыс күнiнен кешiктiрмей оны жiберiлетiн хат-хабарлар журналына сол күндi тiркей отырып поштамен жiбередi.
Ақша жөнелтушi банк ақша жөнелтушiден төлемдiк талап-тапсырманы акцептеу немесе акцептеуден бас тартқаны жөнiнде жауап алмаған жағдайда төлемдiк талап-тапсырма жазылған күннен бастап отызкүннен кейiн осы төлемдiк талап-тапсырманың өзiндегi данасын ақша жөнелтушiден төлемдiк талап-тапсырманы акцептеу немесе акцептеуден бас тартқаны жөнiнде жауап алмағаны туралы хабарламамен бiрге қарамай-ақ төлемдiк талап-тапсырманы берген адамға қайтаруға құқылы.".
15. 124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"124. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе банк есепшотына тыйым салу құқығы бар лауазым иелерiнiң тиiстi шешiмдерi негiзiнде ақша жөнелтушiнiң банк есепшотындағы ақшаға тыйым салынған және тыйым салынбаған ақша жеткiлiктi болған жағдайда алушы банк түскен нұсқауларды орындайды.
Ақша жөнелтушiнiң банк есепшотындағы тыйым салынған ақша жеткiлiксiз болса алушы банк келiп түскен нұсқауды сақтайды және оны қажеттi ақша сомасы жиналғаннан кейiн немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе банк есепшотына тыйым салу құқығы бар лауазым иелерінің шешімдері өзгергеннен кейін орындайды.
Уәкілетті мемлекеттік органдар немесе банк есепшоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар лауазым иелерінің тиісті шешімдері негізінде ақша жөнелтушінің банк есепшоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылған жағдайда, алушы банк мұндай шешімдерді алғаннан күннен бастап келіп түскен нұсқауларды сақтайды және оларды уәкілетті мемлекеттік органдар немесе уәкілетті лауазым иелерінің шешімдері өзгергеннен кейін орындайды.".
16. N 2 қосымша жаңа редакцияда жазылсын (осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымша).
Төраға
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2000 жылғы
25 сәуірдегі N 179 қаулысымен
бекітілген Қазақстан
Республикасының аумағында
төлем құжаттарын пайдалану
және ақшаның қолма-қол
жасалмайтын төлемдері мен
аударымдарын жүзеге асыру
ережесіне өзгерістер мен
толықтыруларға
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2000 жылғы
25 сәуірдегі N 179 қаулысымен
бекітілген Қазақстан
Республикасының аумағында
төлем құжаттарын пайдалану
және ақшаның қолма-қол
жасалмайтын төлемдері мен
аударымдарын жүзеге асыру
ережесіне
N 2 қосымша
АҚША АУДАРУҒА АРНАЛҒАН ӨТІНІШ
____________________________
! күні ! !
____________________________
________________________ _____________________________________
!Ақша жөнелтуші ! ! Есепшотқа дебеттеу ЖБК !
!______________________! !____________________________________!
! ! ! !
! ! _____________________________________
! !
! ! _____________________________________
! ! !І ! ІІ ! КОд
_______________________ _____________________________________
! СТН ! ! ! ! !
_______________________ ______________________________________
І№- (1) Резидент; (2) Резидент емес
ІІ- Экономика секторы (0-9)
_______________________ _____________________________________
! Алушы банк ! ! Валюталау күні !
_______________________ ______________________________________
! !ББК ! !____________________________________!
! ! !
! ! !
_______________________
_______________________ ______________________________________
! Валюта ! Сома ! ! Сомасы жазумен !
________________________ ______________________________________
! ! ! ! ! ! !
_______________________ _______________________________________
_______________________ _______________________________________
! Бенефициар ! ! Есепшотқа кредиттеу ЖБК !
________________________ _______________________________________
! Ел ! ! ! !
! ! ! _______________________________________
! ! !
! ! ! _______________________________________
___________ ! ! ІІІ ! ІV ! КОд
!СТН (егер ! ! ___________________
!бар болса)! ! ! ! !
_______________________ _______________________________________
ІІІ- (1) Резидент; (2) Резидент емес
ІV- Экономика секторы (0-9)
________________________ ______________________________________
!Бенефициар банк ! ! Делдал банк !
________________________ ______________________________________
!Ел ! ! ББК ! ! ! ББК !
____________ ! ! ! !
! ! ! ! ! !
_________________________ _____________________________________
_____________________________________________________________________
!Алушы банктің комиссиясы ! !Делдал банктің комиссиясы !
!Ақша жөнелтушінің есебінен ! !Ақша жөнелтушінің есебінен !
!Бенефициардың есебінен ! !Бенефициардың есебінен !
_____________________________________________________________________
_________________________ ______________________________________
!Келісім-шарттың ! !Төлемнің мақсаты !
!нөмірі, күні ! ______________________________________
_________________________ !ТБК !
!________________________! !_____________________ !
!________________________! !______!_____!________!_______________
____________________________________________________________________
!Ерекше жағдайлар !
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
!Ақша жөнелтушінің қолдары ! !Алушы банк өткізген !
! ! ! !
______________________________________________________________________
!Басшының аты-жөні__________! ! "___"________ж. !
!М.О. қолы________ ! !Жауапты орныдаушының қолы______ !
!Бас бухгалтердің ! ! !
!аты-жөні ______________ ! ! !
! қолы _______ ! !М.О. !
_____________________________________________________________________
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.