Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлігін арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орындарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы Ережелердi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1211 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 27 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1376

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1839 P991839_ "Тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары туралы үлгi Ереженi бекiту туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында
                               БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орындарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы Ережелер бекiтiлсiн.
      2. Бiлiм беру жүйесiнiң басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының бiлiктiлiгiн арттыратын республикалық институт бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау саласында ұйымдастыру-әдiстемелiк және үйлестiрушi орган болып анықталсын.
      3. Жалпы орта бiлiм департаментi (Р.М. Жұмабекова) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
      4. Жалпы орта бiлiм (Р.М. Жұмабекова), Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм (Қ.А. Лекер), Жоғары бiлiм (Ә.Ә. Әбжаппаров), департаменттерi осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы қалалық бiлiм басқармаларына (департаменттерiне), ведомостволық бағыныстағы республикалық бiлiм ұйымдарының назарына жеткiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1995 жылы 13 қаңтарда 47-нөмiрмен тiркелген Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының мамандары мен басшы қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және оларды қайта даярлау оқу орындарының (бөлiмшелерiнiң) уақытша Ережесi туралы" V930047_ 1993 жылғы 13 сәуiрдегi N 167 бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-Министрі Ә.С. Ахметовке жүктелсін.
 
      Министр 

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2000 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1211 бұйрығымен    
бекітілген        

 Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң
бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын
оқу орындарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы нормативтiк құқықтық құжат меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орындарының жұмыс тәртiбiн анықтайды U000448_ .
      2. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орындары - кәсiптiк бiлiм мен дағдыларды, жаңа кәсiптер мен мамандықтарды игеру мақсатында қосымша кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйым.
      3. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау жүйесiндегi оқу орындары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын K951000_ , Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Z990389_ Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын U000448_ , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен өкiмдерiн P950236_ , Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның шешiмдерiн V970523_ , осы Ережелердi және оқу орындарының Жарғысын басшылыққа алады.
      4. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орындары мемлекеттiк және мемлекеттiк емес, (Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген, жекеменшiк) халықаралық бола алады.
      Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орнын құру, қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      5. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орнының негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) қосымша кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдай жасау;
      2) бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру мен кәсiби қайта даярлауды ұйымдастыру және өткiзу;
      3) педагогикалық отандық және шет елдiк озық тәжiрибелер, ғылым мен техниканың сәйкес салаларындағы жаңа жетiстiктер туралы бiлiм алуда мамандардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру;
      4) бiлiм беру саласында ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу, кеңес беру қызметi;
      5) жұмыс саласы бойынша бағдарламаларды, жобаларды, ұсыныстарды, басқа да құжаттар мен материалдарды ғылыми сараптау;
      6) бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiн даярлау мен оларды қайта даярлаудың сапасын арттыруға бағытталған оқу-әдiстемелiк материалдарды ұйымдастыру және әзiрлеу;
      7) оқытудың жаңа технологиялары мен әдiстерiн мақұлдау, тарату, енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық зор коммуникациялық желiлерге шығу;
      8) ғылыми-педагогикалық тәжiрибенi оқып-үйрену, жинақтау және тарату.
      6. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орындарына: республикалық институт, облыстық бiлiктiлiктi арттыру институттары, жоғары оқу орындарындағы (жанындағы) педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыратын және қайта даярлайтын факультеттер жатады.
      Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жүйесiндегi оқу орындардың қызметтерiн үйлестiру мен басшылық жасауды Білiм беру жүйесiнiң басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының бiлiктiлiгiн арттыратын республикалық институт жүзеге асырады.
      Жоғарғы оқу орындарындағы (жанындағы) бiлiктiлiктi арттыру факультеттерi, педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау шеңберiнде бiлiм беру қызметi құқына лицензияны заңдармен белгiленген тәртiп бойынша алады.
      Қалалық (аудандық) әдiстемелiк кабинеттер, ғылыми әдiстемелiк орталықтар бiлiктiлiктi арттыру жүйесiне енедi, жалпы қалада (ауданда) бiлiктiлiктi арттыру мониторингiн және курсаралық кезеңде әдiстемелiк жұмыстарды (конференциялар, семинарлар, озық педагогикалық тәжiрибенi жинақтау) iске асырады.
      Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау шеңберiнде бiлiм беру қызметi құқына лицензия жоғары оқу орындары үшiн белгiленген тәртiп бойынша, Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқару органдары арқылы берiледi.
      7. Бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлау оқу орындарының қызмет етуi, Қазақстан Республикасының заңдарымен және нормативтiк құқықтық актілерімен, орталық атқару органының және жергiлiктi атқару органының нормативтiк құжаттарымен, осы Ережелермен және белгiленген тәртiппен тiркелген оқу орындарының Жарғысымен айқындалады.
      8. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерінің бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау оқу орындары заңды тұлға болып табылады, өзiнiң меншiктi мүлкi, мөрi және өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөртабаны, заңға сәйкес банкiде есепшоты болады (жоғарғы оқу орындарындағы (жанындағы) бiлiктiлiктi арттыру факультеттерiн есепке алмағанда).
      9. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орындары Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңына сәйкес және осы Ережелер негiзiнде өзiнiң құрылтайшылары бекiткен Жарғысын жасайды.

2. ОҚУ-ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСЫ 

      10. Көрсетiлген оқу орындары оқытудың төмендегiдей түрлерiн жүргiзе алады: білiктiлiктi арттыру кәсiби машықтандыру және қайта даярлау.
      1) Бiлiктiлiктi арттырудың мақсаты нарық экономикасының барған сайын өсiп отырған талаптарына сәйкес басшы қызметкерлер мен мамандардың теориялық және практикалық бiлiмдерiн жаңарту болып табылады.
      Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң жұмыстан қол үзе отырып, бiлiктiлiк арттыруы құрылтайшы қаражаты есебiнен бүкiл қызмет барысында кем дегенде 5 жылда бiр рет өткiзiледi. Мамандардың бiлiктiлiгiн арттырудан өту кезеңi құрылтайшымен белгiленедi. Оқу мерзiмiнiң ұзақтығын оқу бағдарламаларына орай, тапсырыс берушiнiң пiкiрiн ескере отырып, оқу орны белгілейдi.
      Бiлiктiлiктi арттыруға оқудың төмендегiдей түрлерi жатады:
      қысқа мерзiмдi - 72 сағат;
      орташа мерзiмдi - 72 сағаттан 108 сағатқа дейiн;
      ұзақ мерзiмдi - 108 сағаттан жоғары.
      2) Кәсiби машықтандырудың негiзгi мақсаты теориялық даярлық нәтижесiнде алынған кәсiби бiлiмдi, iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру және практикада бекiту болып табылады. Ол, сондай-ақ, атқарып отырған немесе одан да жоғары лауазым бойынша мiндеттердi атқару үшiн озық тәжiрибенi зерттеу, кәсiби және ұйымдастыру дағдыларын игеру мақсаттарында да жүзеге асырылады. Кәсiби машықтандыру қосымша кәсiби бiлiм берудiң дербес түрi, сондай-ақ, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлаудағы оқу жоспарының бiр тармағы да болуы мүмкін.
      Мамандарды кәсiби машықтандыру республикада, одан тысқары жерлерде де, жетекшi ғылыми-зерттеу ұйымдарында, оқу орындарында, кәсiпорындарда (бiрлестiктерде), кеңес беру фирмаларында және мемлекеттiк басқару органдарында да жүргiзiледi.
      Кәсiби машықтандырудың мерзiмiн, оның мақсаттарын ескере отырып, машықтандыру өткiзiлетiн ұйымдардың, мекемелердiң немесе кәсiпорындардың (бiрлестiктердiң) басшыларының келiсiмi бойынша қызметкерлердi оқытуға жiберетiн жұмыс берушi айқындайды. Кәсiби машықтандыру қысқа мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (екi жылға дейiн) болуы мүмкiн.
      3) Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiн қайта даярлаудың мақсаты кәсiби қызметтiң жаңа түрiн атқару үшiн қажеттi дербес пәндердi, ғылым, техника мен технология тармақтарын зерттеудi қарастыратын бiлiм беру бағдарламалары бойынша қосымша бiлiмдi, iскерлiк пен дағдыны игеру болып табылады.
      Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және қайта даярлайтын оқу орындарының атқарушы Өкiмет органдарымен, ұйымдармен, мекемелермен, кәсiпорындармен /бiрлестiктермен/, еңбекпен қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметiмен, сондай-ақ, басқа да заңды тұлғалармен жасаған келiсiм-шарттары негiзiнде бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiн қайта даярлау жүзеге асырылады.
      Кадрларды қайта даярлау сала бойынша кем дегенде 280 сағат көлемiнде жүргiзiледi.
      11. Жоғары бiлiктi профессорлық-оқытушылық құрамы бар оқу орындары, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте, орталық атқарушы органдардан алынған сәйкес лицензиялар негiзiнде, жоғары бiлiм базасында екiншi жоғары бiлiм туралы диплом алу үшiн, бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiн қайта даярлауды ақылы түрде жүзеге асыруға құқылы.
      Оқудың мерзiмiн базалық жоғары бiлiмге байланысты оқу орындары айқындайды, алайда бұл 1440 сағаттан кем болмауға тиiс.
     12. Бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлаудан өткен адамдарға белгiленген үлгiде құжат берiледi:
     Куәлiк (сертификат) - 72 сағатқа дейiн көлемдегi бағдарлама бойынша бiлiктiлiк арттырудан өткендерге;
     Куәлiк 72 сағаттан жоғары көлемдегi бағдарлама бойынша қайта даярлаудан өткендерге;
     Мемлекеттiк үлгiдегi диплом - 1440 сағаттан жоғары бағдарлама бойынша екiншi жоғары бiлiм алғандарға берiледi.

3. БIЛIМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ
БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРАТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЙТА
ДАЯРЛАЙТЫН ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ НЕГIЗГI
ФУНКЦИЯЛАРЫ

      13. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орындарына:
      1) экономика салаларының, ведомстволардың, бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, еңбекпен қамту қызметтерiнiң және жеке тұлғалардың бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлаудағы қажеттiлiгiн жедел қанағаттандыру;
      2) еңбек рыногының қажеттiлiктерiн және экономика мен әлеуметтiк саланың дамуының негiзгi бағыттарын зерттеу негiзiнде тыңдаушыларды оқытудың басыңқы бағыттарын айқындау;
      3) сабақтарды жүргiзудiң тиiмдi нысандары мен әдiстерiн iздестiру және енгiзу, дербес және өз бетiнше оқып-үйренудi дамыту, оқу процесiнiң практикалық бағыттылығын, саланың, аймақтың, кәсiпорынның, ұйымның, педагогикалық ұжымның нақты мiндеттерiн шешуге нысаналылығын күшейту;
      4) жақсы даярланған тыңдаушылардан, оларды әрi қарай пайдалану үшiн, ұсыныстар алу арқылы даярлықтың кешендi бағалау жүйесiн құру;
      5) педагогикалық ғылымның жаңа перспективалық бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер, тәжiрибелiк-сынақтық және енгізілетiн жұмыстар жүргiзу, кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке тұлғаларға кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсету, бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлаудың көкейкестi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер орындау;
      6) мемлекеттiк, салалық және аймақтық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жоспарлардың орындалуына қатысу;
      7) тапсырыс берушілермен байланыс түрлерін дамыту, тыңдаушыларға кеңес беру - енгізу көмегін көрсету;
      8) баспа қызметiн ұйымдастыру;
      9) бiлiм беру қызметiнiң түрлерi мен нысандарын дамыту және жетiлдiру;
      10) бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау мәселелерiнде отандық және шетелдiк әрiптестермен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
      11) бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң профессорлық-оқытушылық құрамының сапасын жақсарту, олардың кәсiби, педагогикалық және жалпы мәдени деңгейiн көтеру;
      12) қазiргi оқу-материалдық базаны жасау, тыңдаушыларды тиiстi тұрғын-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету, олардың бос уақытын өткiзудi ұйымдастыру жүктеледi. 

4. БIЛIМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ
БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРАТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЙТА
ДАЯРЛАЙТЫН ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ,
ӘДIСКЕРЛЕРI МЕН ТЫҢДАУШЫЛАРЫ

      14. Тыңдаушылар контингентiн құру мемлекеттiк тапсырыстар, заңды және жеке тұлғалармен келiсiм-шарттар негізiнде жүзеге асырылады.
      15. Тыңдаушыларды қабылдау оқу орнының басшысы бұйрығымен жасалынған келiсiм-шарттар, сұраныстар, басқа да құжаттарға сәйкес жүргiзiледi.
      16. Шет мемлекеттер азаматтарының бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдары, халықаралық келiсiмдер және бiлiм беру ұйымдарымен бекiтiлген шарттар арқылы айқындалады.
      17. Оқытудың құнын тапсырыс берушiмен келiсiм-шарт бойынша оқу орны анықтайды.
      18. Тыңдаушылар iшкi тәртiп Ережелерiн сақтауға, оқу жоспарлары және бағдарламаларында белгiленген оқу жұмыстарының барлық түрлерiн орындауға мiндеттi.
      19. Оқу орындарының тыңдаушылары:
      1) бiлiм беру бағдарламаларының мазмұнын қалыптастыруға қатысуға;
      2) факультеттерде, кафедраларда және мекеменiң басқа да құрылымдық бөлiмшелерiнде бар кәсiби қызмет мәселелерi бойынша нормативтiк, нұсқаулық, оқу және оқу-әдiстемелiк құжаттамаларды, сондай-ақ, кiтапханаларды, ақпараттық қорды, осы мекеменiң Жарғысы бойынша белгiленген тәртiпте басқа бөлiмшелердiң қызметiн пайдалануға;
      3) конференциялар мен семинарларға қатысуға, өз рефераттарын, ғылыми еңбектерi мен басқа да материалдарды мекеме басылымдарында жариялауға ұсынуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте оқу орны әкiмшiлiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiне шағым жасауға құқылы.
      20. Негiзгi жұмысынан қол үзiп оқуға жiберiлген тыңдаушылар үшiн негiзгi жұмыс орны бойынша еңбекақы сақталады. Негiзгi жұмысынан қол үзiп оқуға жiберiлген, басқа қалалардан келген тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген төлем жүргiзiледi.
      21. Бiтiрiп шығу және аттестациялық жұмыстарды, рефераттарды қорғау, емтихандарды тапсыру, әңгiмелесулердi жүргiзу кезiндегi бiлiм деңгейiнiң бағасын арнаулы құрылған комиссия айқындайды, оның құрамын осы оқу орнының басшысы бекiтедi.
      22. Оқу жоспарын орындамаған жағдайда, сондай-ақ, iшкi тәртiп ережелерiн дөрекi бұзған жағдайда оқу орындарының басшысының бұйрығымен тыңдаушы оқудан шығарылады, оған оқудан шығарудың себебi көрсетiлген тиiстi анықтама берiледi.
      23. Профессорлық-оқытушылық құрамының саны бiр мұғалiмге сәйкес келетiн тыңдаушылардың орташа жылдық контингентi осы сала бойынша мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары үшiн белгiленген нормадан 25 пайыз төмен болуға тиiс екендiгi ескерiле отырып айқындалады.
      24. Профессорлық-оқытушылық құрамының қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және нормативтiк құқықтық актiлерiмен, жоғары мектеп туралы нормативтiк құжаттармен және оқу орындарының Жарғысымен реттеледi.
      Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орындарының құрылымы, профессорлық-оқытушылық құрамы мен әдiскерлерiнiң және басқа қызметкерлерiнiң штаттары құрылтайшыларының келiсiмiмен бекiтiледi.

5. БIЛIМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ
БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРАТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЙТА
ДАЯРЛАЙТЫН ОҚУ ОРЫНДАРЫН БАСҚАРУ

      25. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орындарын басқару Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтiк құқықтық актiлерiне, осы Ережелер мен оқу орындарының Жарғыларына сәйкес жүзеге асырылады.
      26. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орындарының Жарғысы оқытушылардың, ғылыми қызметкерлердiң, басқа санаттағы қызметкерлердiң жалпы жиналысында (мәжiлiсiнде) қабылданады және оны Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген тәртiппен құрылтайшы бекiтедi. Жарғыға өзгерiстер мен толықтырулар жоғарыда көрсетiлген тәртiппен қабылданады және бекiтiледi.
      27. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орнына жалпы басшылық етудi осы оқу орнының басшысы басқаратын сайланбалы өкiлеттi орган - Кеңес жүзеге асырады. Кеңестi сайлау тәртiбi, оның өкiлеттiлiгiн анықтау оқу орнының Жарғысымен белгiленген тәртiпте және осы Ережелермен анықталады.
      28. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орындарын тiкелей басқаруды, Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен тағайындалған басшысы (ректор, директор) жүргiзедi. Басшы мен Кеңес арасындағы өкiлеттiлiктердiң арақатынасы оқу орнының Жарғысында айқындалып белгiленедi. Оқу орнының Жарғысымен анықталған өз өкiлеттiгi шеңберiнде басшы осы ұйымның барлық санаттағы қызметкерлерi мен тыңдаушыларына мiндеттi болып табылатын бұйрықтар мен өкiмдердi шығарады, осы оқу орнының қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.
      29. Оқу орнының басшысы заңды тұлға ретiнде оқу орнының атынан әрекет етедi, қазiргi күшi бар заңдарға сәйкес барлық мекемелерде және ұйымдарда оқу орнының мүддесiн қорғайды.
      30. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы, жергiлiктi атқарушы органы және жергiлiктi бiлiм берудi басқару органы заңмен белгiленген тәртiппен оқу орындарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы, республикалық бюджеттен қаржыланатын бiлiм беру жүйесiнiң басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыратын республикалық институттың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Бiлiм саласындағы өкiлеттi жергiлiктi және атқарушы органдар жергілiкті бюджеттен қаражат алатын аудандық бiлiм басқармалары органдарының бiрiншi басшыларын, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың келiсiмiмен облыстық, республикалық маңызы бар қалалар бiлiм басқармалары органдарының, сондай-ақ колледждердiң бiрiншi басшыларын қызметке тағайындап, қызметтен босатады.
     Жергiлiктi бiлiм басқармалары органдары, жергiлiктi бюджеттен қаражат алатын мемлекеттiк мектепке дейiнгi тәрбие және бiлiм, мектептен тыс, орта бiлiм беретiн ұйымдарының бiрiншi басшыларын қызметке тағайындап, қызметтен босатады.

6. Білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгін
арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу
орындарының халықаралық экономикалық қызметi

      31. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орындары бiлiктiлiгiн арттыру және кәсiптiк қайта даярлау, педагогикалық және ғылыми жұмыстар саласында халықаралық ынтымақтастықты Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық келiсiм-шарттарға, келiсiмдерге, конвенцияларға сәйкес жүзеге асырады.
     32. Шет мемлекеттер азаматтарының бiлiктілiгiн арттыру және кәсiптiк қайта даярлауды, шетел мамандарының жұмысын халықаралық келiсiмдер мен келiсiм-шарттар негiзiнде iске асырады.