Қазақстан Республикасының Ішкіісминi Академиясының Iшкіісминiнiң, IIББ-ның, ІІБ-ның, КІІБ-ның және ҚАЖ-ның басшы құрамын даярлау факультетiне (N 1 факультет) iрiктеу мен қабылдау ережелерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 691 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 15 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1363. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 7 наурыздағы N 202 бұйрығымен. ~V011462

Күшін жойған
      Iшкi iстер органдары басшы кадрларының резервтерiн дайындау мақсатында U952707_
                               БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының P990675_ Iшкiiсминiнiң, IIББ-ның, ІІБ-ның, КIIБ-ның және ҚАЖ-нiң басшы құрамын даярлау факультетiне (N 1 факультет) iрiктеу мен қабылдау ережелерi бекiтiлсiн.
      2. IIББ-ның, IIБ-ның, көлiктегi IIБ-ның, Қазақстан Республикасы

Iшкіісминiнiң қызметтерi мен оқу орындарының бастықтары:
     1) көрсетiлген бұйрықты басшылыққа алсын және орындасын;
     2) Қазақстан Республикасының Iшкіісминi Академиясының Iшкіісминiнiң, 
IIББ-ның, IIБ-ның, КIIБ-ның және ҚАЖ-нiң басшы құрамын даярлау 
факультетiне (N 1 факультет) оқуға үмiткерлердi уақытында және сапалы 
iрiктеудi қамтамасыз етсiн.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi 
iстер вице-Министрi генерал-майор Б.С. Сәрсековке жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Iшкi iстер министрi -
     Iшкi әскерлер қолбасшысы 
     генерал-лейтенант



                                                Қазақстан Республикасы 

Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 691 бұйрығымен бекiтiлген


                   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІІСМИНI
                АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ІШКІІСМИНIНIҢ, ІІББ-ның, ІІБ-ның,
                КІІБ-ның және ҚАЖ-нiң БАСШЫ ҚҰРАМЫН ДАЯРЛАУ
                 ФАКУЛЬТЕТIНЕ (N 1 ФАКУЛЬТЕТ) IРIКТЕУ МЕН
                             ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРI

                             1. Жалпы қағидалар

      1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының Iшкiiсминiнiң, IIББ-нiң, IIБ-нiң, КIIБ-нiң және ҚАЖ-дың басшы құрамын даярлау факультетiне (N 1 факультет)* тыңдаушыларды iрiктеу мен қабылдаудың тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының N 1 факультетi жоғары заңгерлiк бiлiм беру базасында Iшкіісминнiң, IIББ-нiң, IIБ-нiң, КIIБ-нiң және ҚАЖ-дың басшы құрамының резервiн күндiзгi оқу бойынша даярлауды жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi Академиясының N 1 факультетiнде күндiзгi нысан бойынша оқытудың мерзiмi - 2 жыл.

                              2. Қабылдау шарттары

      4. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi Академиясының N 1 факультетiне жоғары заңгерлiк бiлiмi, басшылық және ұйымдастырушылық жұмыс тәжiрибесi бар, жоғары iскерлiк қабiлетке ие және ар және Iшкіісмин, IIББ-ның, IIБ-ның, КIIБ-ның және ҚАЖ-нiң аппараттарында басшы лауазымдарда резервте тұрған және тиiстi iрiктеу комиссиялары ұсынған аға басшы құрам құрамдағы тұлғалардан жасақталады.
      5. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi Академиясының N 1 факультетiне 40 жасқа толмаған, iшкi iстер органдарындағы практикалық жұмыс өтiлi кемiнде бес жыл: оның iшiнде қалалық (аудандық) iшкi iстер органдарының (жеке құрамының саны, әдетте, кемiнде 100 адам болатын) бастықтарынан төмен емес лауазымдарда, Iшкіісмин, IIББ, IIБ, көлiктегi IIБ қызметтерiнiң (басқармаларының) бастықтары мен бастықтың орынбасарлары, дербес бөлiмдерiнiң бастықтары лауазымдарында кемiнде 2 жыл жұмыс iстейтiн аға басшы құрамындағы адамдар қабылданады.
      6. Қазақстан Республикасы Iшкіісмині Академиясының N 1 факультетiне оқуға түсушi үмiткерлердiң жасы мен тиiстi лауазымдардағы қызмет өтiлi түсу жылының 1 қазанындағы жағдай бойынша есептеледi.

                       3. Yмiткерлердi iрiктеудiң тәртібi

      7. Академияның N 1 факультетiне оқуға үмiткерлердi iрiктеу Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң жыл сайынғы бұйрығымен бекiтiлетiн Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының N 1 факультетiн жасақтау жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
      8. Қазақстан Республикасы Iшкіісмині Академиясының N 1 факультетiне түсушiлер iшкi iстер органдары бастығының атына мәлiмдеме жазады. Мәлiмдемеде арнайы атағы, тегi, аты мен әкесiнiң аты, лауазымы, туған жылы мен айы, бiлiмi көрсетiледi.
      9. Iшкiiсминi қызметтерiнiң бастықтары, IIББ, IIБ, көлiктегi IIБ-ның бастықтары мәлiмдеменi қарап, үмiткерлер қабылдау шарттарына сәйкес келген кезде денсаулық жағдайы бойынша Академиядағы оқуға жарамдылығын анықтау үшiн оларды медициналық куәландыруға жiбередi.
      10. Академиядағы үмiткерлердi iрiктеу үшiн облыстардағы IIББ, IIБ-де, көлiктегi IIБ-да IIББ, IIБ, КIIБ бастықтарының төрағалық етуiмен iрiктеу комиссиялары құрылады.
      11. Iрiктеу комиссиялары осы Ереженi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы IIМ Академиясының N 1 факультетiн жасақтау жоспарын басшылыққа ала отырып, үмiткерлердiң құжаттарын мұқият тексерiп, олардың қабылдау шарттарына сәйкестiгiн анықтап және олардың әрқайсысы бойынша дәйектi тұжырым жасайды.
      12. Iрiктеу комиссияларының жұмыс қорытындылары хаттамамен ресiмделедi.
      13. Комиссияларға бiр орынға 2-3 үмiткердi iрiктеп алуға рұқсат етiледi.
      14. Академияның N 1 факультетiне оқуға iрiктеп алынған адамдарға IIББ, IIБ, КIIБ-ның кадр аппараттары түсу жылының 20 маусымына дейiн ҚР Iшкіісминiнiң Кадр және тәрбие жұмыс департаментiне төмендегiдей құжаттарды жiбередi:
      - белгiленген тәртiпте рәсiмделген жеке iсi;
      оқу iсi: үмiткердiң мәлiмдемесi; соңғы қызмет кезеңдегi аттестациясы; қызметкердiң Академияны бiтiргеннен кейiн тағайындалатын лауазымы көрсетiлген оқуға жiберу туралы iрiктеу комиссиясы шешiмiнiң көшiрмесi; бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi; N 1 нысандағы анықтама; әскери дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы; кадр аппараты растаған 4 фото сурет (күнделiктi формадағы, көлемi 3,5х4,5 бұрышсыз).
      15. IIББ-нiң, IIБ-нiң, КIIБ-нiң iрiктеу комиссиялары iрiктеп алған адамдар Қазақстан Республикасы Iшкіісминнiң Академиясына, оқуға түсу жылының 15 мамырына дейiн 1,5 интервал арқылы көлемi 20-22 м.т.п. лауазымына сәйкес басқару қызметiнiң ерекшелiгiн айқындайтын мәселелер бойынша реферат тапсыруы керек. Содан кейiн IIМ Академиясы Қазақстан Республикасы IIМ-нiң Кадр және тәрбие жұмыс департаментiне рецензиялары бар рефераттарды үмiткердiң N 1 факультетке оқуға түсу жылының 20 маусымына дейiн жiбередi.
      16. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Кадр және тәрбие жұмысы департаментi Академияның N 1 факультетiне оқуға түсуге жасақтаушы органдар ұсынған адамдардың материалдарын қарайды, қолданыстағы заңнаманың, ведомстволық нормативтiк актiлер, елiмiздiң iшкi және сыртқы саясаты туралы кешендi сұрақтар кiретiн тесттiк сынақтан өткiзедi және Қазақстан Республикасы Iшкiiсминi iрiктеу комиссиясына үмiткерлердi Академияның N 1 факультетiне тыңдаушылар құрамына қабылдау жөнiндегi ұсыныстарды дайындайды.
      17. Қазақстан Республикасы Iшкіісмин iрiктеу комиссиясы Академияның N 1 факультетiне түсуге IIББ, IIБ, КIIБ-нан ұсынылған адамдардың материалдарын қарап, қабылдау шарттарына сәйкес оларды оқуға қабылдау немесе қабылдамау туралы шешiм қабылдайды.
      18. Оқуға қабылдау немесе қабылдамау жөнiндегi комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi және оны IIМ-нiң басшылығымен бекiтедi.
      19. Комиссия шешiмi жасақтаушы органдарға түсу жылының 1 қырқүйегiне дейiн хабарланады.
      20. Iшкіісмин Кадр және тәрбие жұмысы департаментi оқуға қабылдауға ұсынған үмiткерлердiң материалдарын Қазақстан Республикасы Iшкіісминнiң Академиясына түсу жылының 10 қыркүйегiне дейiн жiбередi.
      Оқуға қабылданбаған үмiткерлердiң жеке iстерi мен басқа да құжаттары жасақтау органдарына керi қайтарылады.
      21. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi Академиясының N 1 факультетiне оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң iрiктеу комиссиясы шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы Ішкіісминiнiң Академиясы бастығының бұйрығымен жүзеге асады.
      22. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiнiң Академиясы бастығының оқуға қабылдау туралы бұйрығының көшiрмесi оған қол қойылғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей үмiткерлердi оқуға жiберген жасақтаушы органға жiберiледi.
      23. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Академиясы бастығының үмiткердi оқуға қабылдау туралы бұйрығы оны жасақтау органынан оқу орнына iссапарға жiберуге негiз болып табылады.
      24. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының N 1 факультетiнде сабақтың басталуы - 1 қазан.
      25. Iшкіісминi Академиясының N 1 факультетiне оқуға қабылданған

адамдарға ағымдағы жыл үшiн кезектi демалысы оқуға жiберiлгенге дейiн 
толық пайдаланылатындай есеппен ұсынылады.
     26. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Академиясына оқуға
қабылданған, бiрақ оқу жылы басталғаннан кейiн 10 күн iшiнде негiзсiз
себептермен сабаққа кiрiспеген адамдар тыңдаушылар қатарынан шығарылады.
     27. IIББ-ның, IIБ-ның, КIIБ-ның өтiнiшiмен қызмет бабы қажеттiлiгiне 
қарай, Қазақстан Республикасы Iшкiiсмин бұйрығымен 6 айдан кем емес 
күндiзгi бөлiмде оқыған тыңдаушыларды қызметке қайта шақыртып алуға рұқсат 
етiледi және олар оқуларын жеке кесте бойынша жалғастырады.

       4. Iшкіісминiнiң Академиясы N 1 факультетiнiң тыңдаушыларын
                         материалдық қамтамасыз ету

     28. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының тыңдаушыларына 
оқу уақытында оқуға жiберуге дейiн атқарған соңғы негiзгi (уақытша 
атқармаған) штаттық лауазымы бойынша бiр айлық ақшалай ұстау жалақысы 
төленедi.
     29. Жатақхана мен тамақтандыру тыңдаушылар есебiнен, ал киiм-кешекпен 
қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Iшкіісминi белгiлеген тәртiппен 
жүргiзiледi.
     
                   Iшкіісминiнiң Академиясы N 1 факультетiнiң
                              бiтiрушiлерiн бөлу



      30. Болашақтағы практикалық қызметiне сәйкес тыңдаушыларды мамандандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Iшкіісминi Кадр және тәрбие жұмысы департаментi Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң басқа да қызметтерiмен бiрлесе отырып, сынау мерзiмiнiң алдында, жасақтаушы органдардың ұсыныстары мен Iшкіісминi Академиясының тыңдаушыларды олардың дайындығына сәйкес мақсатты қолдану жөнiнде кепiлдемесi негiзiнде, N 1 факультет бiтiрушiлерiн алдын ала бөлудi жүзеге асырады. Көрсетiлген санаттағы бiтiрушiлердi дербес бөлудi Қазақстан Республикасының Iшкіісминi жүзеге асырады.
      31. Бiтiрушiлер, әдетте IIББ, IIБ, КIIБ бастықтарының орынбасарлары, Iшкіісминiнiң дербес бөлiмдерi, басқармалары лауазымдарына немесе Академияның N 1 факультетiне оқуға түскенге дейiн атқарған лауазымынан бiр саты жоғары лауазымға тағайындалуы тиiс.

     Бос орындар болмағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 
Iшкіісминiнiң Академиясын бiтiру аттестациясының әлсiз нәтижесiнде 
Академия бiтiрушiлерi басқа, бiрақ олар Академияға түскенге дейiн атқарған 
лауазымдардан төмен емес лауазымдарға тағайындалуы мүмкiн.
     32. Оқудың аяқталуына дейiн 4 ай мерзiм қалғанда N 1 факультет 
бiтiрушiлерiн дербес бөлу хаттамасы Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң 
басшылығына бекiтуге ұсынылады.

     Қазақстан Республикасы 
     Iшкi iстер министрлiгiнiң
     Кадр және тәрбие жұмысы 
        департаментi


             Қазақстан Республикасы Ішкіісмині 2000 жылдың 12     
          желтоқсандағы N 691 "Қазақстан Республикасы Ішкіісмині
         Академиясының Ішкіісмин, ІІББ, ІІБ, КІІБ, және ҚАЖ басшы
       құрамын дайындау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу және
     қабылдау ережелерін бекіту туралы" бұйрығына АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
     


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 1 маусымындағы N 675 P990675_ қаулысымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясы құрылды. Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Академиясының Ішкіісмин, ІІББ, ІІБ, КІІБ және ҚАЖ басшы құрамын дайындау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту Ішкіісмин Академиясында ішкі істер органдарының басшы құрамын дайындау факультетін құрумен байланысты.
      Әзірленген Ереже Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Академиясының Ішкіісмин, ІІББ, ІІБ, КІІБ және ҚАЖ басшы құрамын дайындау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу және қабылдау тәртібін белгілейді.
      Ереже 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 U952707_ , Заң күшіне ие, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет өткеруі туралы Ережені бекіткен қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 847 P970847_ және 2000 жылғы 21 тамыздағы N 2187 Р002187_ қаулыларымен бекітілген, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға) сәйкес әзірленді.

     Осы Ереже азаматтардың құқықтарын қозғайды.
     Осы жазылғандарды ескере отырып және 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3379 
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 
Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік реестрі және оларды мемлекеттік 
тіркеуді ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы"  

U973379_

  Жарлығына сай 
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде міндетті 
мемлекеттік тіркеуден өтуі қажет.

     Қазақстан Республикасы Ішкіісмині
     Штаб-Департаменті бастығының орынбасары,
     Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық 
     байланыстар басқармасының бастығы   



     Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.