Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрi және оларды мемлекеттiк тiркеудi ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3379

      Басқару тиiмдiлiгiн одан әрi арттыру, мемлекеттiк органдар жүйесiн реформалауды жалғастыру, республикалық бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының   44-бабының 3)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 19-бабының 9)-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Мыналар құрылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган ретiнде Қазақстан Республикасының  Стратегиялық ресурстарды бақылау жөнiндегi агенттiгi;
      2) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган ретiнде Қазақстан Республикасының  Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгi;
      3) Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, оған тартылатын Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгiнiң функциялары, мүлiк пен iс басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi берiлсiн;
      4) Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi, оған тартылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Дiн iстерi жөнiндегi кеңестiң функциялары, мүлiк пен iс басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi берiлсiн;
      5) Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi, оған тартылатын Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң функциялары, мүлiк пен iс басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi берiлсiн.
      2. Мыналар таратылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, оның функциялары, мүлiк пен iс басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiлсiн;
      2) Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, оның функциялары, мүлiк пен iс басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiлсiн;
      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi, оның функциялары, мүлiк пен iс басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiлсiн;
      4) Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы, оның функциялары, мүлiк пен iс басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiлсiн;
      5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi, оның функциялары, мүлiк пен iс басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiлсiн;
      6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыру қадағалауы, оның функциялары, мүлiк пен iс басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiлсiн;
      7) Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, оның функциялары, мүлiк пен iс басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берiлсiн;
      8) Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi, оның функциялары, мүлiк пен iс басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берiлсiн;.
      9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетi, оның функциялары, мүлiк пен iс басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгiне - Ғылым академиясына берiлсiн;
      10) <*>
      11) Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет, оның функциялары, мүлiк пен iс басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне берiлсiн;.
      12) Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқармасы, оның функциялары, мүлiк пен iс басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiне берiлсiн..
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 10) тармақшасы алынып тасталды - ҚР     Президентінің 1999.12.10. N 282 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi болып қайта ұйымдастырылсын.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2542 Жарлығының 1-тармағына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi", "Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Басшысы", "Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi", "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi", "Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi", "Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi", "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" сөздерi алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi" сөздерiмен толықтырылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) осы Жарлыққа сәйкес жаңадан құрылған, қайта ұйымдастырылған орталық атқарушы органдар туралы ережелердi бекiтсiн;
      2) қолданылып жүрген заңдарды осы Жарлыққа сәйкес келтiру туралы ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзсiн;
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
      4) осы Жарлықтан туындайтын басқа да қажеттi шараларды қолданатын болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Стратегиялық ресурстарды бақылау жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгi осы мемлекеттiк органдар туралы ережелердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзсiн.
      7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi