1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мынадай
көтермелеу түрлерi бекiтiлсiн: "Қазақстан Республикасының бiлiм беру құрметтi қызметкерi" төске тағатын белгiсi; "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн" төске тағатын белгiсi; Құрмет грамотасы; Алғыс. 2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң көтермелеу тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн. 3. Заң бөлiмi (М.М. Күзембаев) осы бұйрықтың белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген кезден бастап күшiне енедi. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бiрiншi вице-Министр Е.М. Арынға жүктелсiн. Министр
Қазақстан Республикасы Бiлiм
және ғылым министрлiгінiң 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 1159 бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң
көтермелеу тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) көтермелеу тәртiбi туралы ережесi "Бiлiм туралы" Z990389_ Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының негiзiнде әзiрлендi.
2. Көтермелеу бiлiм беру және ғылым салаларындағы проблемаларды шешетiн бiлiм беру жүйесi мен басқа да ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегiн ынталандырудың нысаны болып табылады.
3. Бiлiм беру ұйымдары еңбектегi табыстары үшiн қызметкерлердi көтермелеудiң әр түрлi түрлерiн қолдануға құқылы. Көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi жеке еңбек және ұжымдық шарттар мен, бiлiм беру ұйымдарының кесiмдерiмен белгiленедi.
4. Министрлiктiң көтермелеуi:
"Қазақстан Республикасының бiлiм беру құрметтi қызметкерi" төске тағатын белгiсiмен (1-қосымша);
"Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сiңiрген еңбегі үшiн" төске тағатын белгiсiмен (2-қосымша);
Министрлiктiң Құрмет грамотасымен марапаттау;
Министрлiктiң Алғысын жариялау болып табылады.
5. Төске тағатын белгi кеуденiң оң жағына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларынан төмен тағылады.
6. Төске тағатын белгiмен қайта марапаттау жүргiзiлмейдi.
2. "Қазақстан Республикасының бiлiм беру құрметтi қызметкерi"
төске тағатын белгiсiмен марапаттау шарттары
7. Төске тағатын белгiмен:
ғылым мен мәдениеттiң қазiргi жетiстiктерiне сәйкес бiлiм беру мен тәрбие процестерiн ұйымдастыру және жетiлдiруде, оқу мен тәрбие бiрлiгiн қамтамасыз етуде, кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыруда елеулi табыстарға жеткен;
оқу процесiне сабақты ұйымдастыру мен өткiзудiң белсендi нысандары мен әдiстерiн, бiлiмдi бақылау мен жаңа интерактивтi технологияларды енгiзген, оқушылардың, тәрбиеленушiлер мен студенттердiң өз бетiнше дамуын, олардың өз бетiнше оқуын қамтамасыз еткен;
оқушыларды, бiлiм алушыларды, студенттердi, аспиранттар мен тыңдаушыларды практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық белсендiлiгiн дамытудағы табыстары;
бiлiм алушылардың ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық қызметiне жетекшiлiк жасаудағы табыстары;
аймақтық, республикалық, халықаралық бiлiм беру және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардағы жетiстiктерi;
бiлiм берудiң өзектi мәселелерi жөнiндегi зерттеулерi;
оқытушы кадрларды даярлауға, олардың педагогикалық және ғылыми бiлiктiлiгiн арттыруға, бiлiм беру жүйесi мамандарын қайта даярлауға сiңiрген еңбегi;
оқулық әдебиеттi әзiрлеудегi және оқу-құралдары мен жабдықтарын өндiрудегi табыстары;
қаржы-шаруашылық қызметiн ұйымдастырудағы, бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық және эксперименттiк-өндiрiстiк базасын дамыту мен нығайтудағы табыстары үшiн үздiк қызметкерлер марапатталады.
8. Төске тағатын белгiмен бiлiм беру ұйымдарында кемiнде 10 жыл жұмыс iстеген және жоғары немесе бiрiншi бiлiктiлiк санатына (педагог қызметкерлер үшiн) ие қызметкерлер марапатталады.
3. "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сiңiрген еңбегi
үшiн" төске тағатын белгiсiмен марапаттау шарттары
9. Төске тағатын белгiмен:
отандық ғылым мен техниканы әлемдiк жетiстiктер деңгейiне шығаруға ықпал еткен iргелi және қолданбалы зерттеулер саласындағы маңызды нәтижелерi;
ғылымның, техника мен мәдениеттiң басым бағыттары бойынша халықаралық, республикалық, аймақтық және басқа да ғылыми-техникалық бағдарламаларды iске асырудағы жетiстiктерi;
жаңа және қолда бар техника мен технологияларды жасау мен жетiлдiруге iрi үлес қосқан өнертабыстары;
үлкен практикалық маңызы бар жаңа технологиялар әзiрлегенi;
ғылым мен мәдениеттiң қазiргi жетiстiктерiне сәйкес ғылыми-зерттеу процесiн ұйымдастыру мен жетiлдiрудегi елеулi табыстары;
бiлiктi ғылыми кадрлар даярлаудағы жоғары жетiстiктерi;
қаржы-шаруашылық қызметiнiң ғылыми саласын басқаруды ұйымдастырудағы, ғылымның материалдық-техникалық және эксперименттiк-өндiрiстiк базасын дамытудағы жоғары жетiстiктерi үшін үздiк қызметкерлер марапатталады.
10. Төске тағатын белгiмен ғылыми мекемелерде кемiнде 10 жыл (ғылыми қызметкерлер үшiн) жұмыс iстеген қызметкерлер марапатталады.
4. Министрлiктiң Құрмет грамотасымен марапаттау шарттары
11. Құрмет грамотасымен:
ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгін арттыру жөнiндегi үлкен және жемiстi жұмысы;
бiлiм беру мен тәрбие процестерiне жаңа технологиялар, оқытудың нысандары мен әдiстерiн енгiзгенi, оқу мен тәрбиенiң бiрлiгiн қамтамасыз еткенi;
iргелi және қолданбалы ғылымның өзектi проблемалары, оның iшiнде бiлiм беру проблемалары жөнiндегi ғылыми зерттеулер дамытқаны, аймақтық, республикалық, халықаралық бiлiм беру және ғылыми-техникалық бағдарламалары мен жобалардағы жетiстiктері, ғылымның, техника мен мәдениеттiң басым бағыттары бойынша аймақтық жоғары оқу орындары арасындағы бағдарламаларды iске асырғаны;
оқушыларды, тәрбиеленушiлердi, студенттер мен тыңдаушыларды практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық белсендiлiгi мен дербестiгiн дамытудағы табыстары; оқытудағы елеулi табыстары; жоғары бiлiктi мамандарды практикалық даярлауда, материалды техникалық базаны нығайтуда бiлiм беру ұйымдарына көрсеткен тұрақты және белсендi көмегi үшiн үздiк қызметкерлер марапатталады. 12. Құрмет грамотасымен бiлiм беру және ғылым ұйымдарында кемiнде 5 жыл (ғылыми және педагог қызметкерлер үшiн) жұмыс iстеген қызметкерлер марапатталады. 5. Министрлiктiң Алғысын жариялау шарттары 13. Алғыс: Министрлiк немесе бiлiм берудi басқару органдары ұйымдастырған жекелеген, бiржолғы iс-шараларды (конкурстар, олимпиадалар, байқаулар, көрмелер және т.с.с.) өткiзгенi; Министрлiк департаменттерiнiң атаулы тапсырмаларын жоғары деңгейде орындағаны; еңбек, оқу, тәрбие және әкiмшiлiк қызметтерiндегi табыстары үшін үздiк қызметкерлерге жарияланады. 6. Марапаттау материалдарын ұсыну мен қарау тәртiбi
14. Марапаттау туралы материалдарды Министрлiктiң Әкiмшiлiк департаментiнiң Кадр және арнаулы жұмыс басқармасы ұсынады және ресiмдейдi.
15. Марапаттау туралы өтiнiште үмiткердiң сiңiрген еңбегiнiң мәнi мен дәрежесiн ашып көрсететiн нақты белгiлерi, жетiстiктерi мен табыстары көрiнiс табуы керек.
16. Өтiнiш бiлiм беру ұйымы кеңесiнiң (педагогикалық, ғылыми кеңес, алқа) мәжiлiсiнде бастамашылық тауып, қаралады және егер де мәжiлiске кеңес мүшелерiнiң кемiнде 2/3 қатысып ол үшiн қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептелiнедi.
17. Ғылыми және республикалық бiлiм беру ұйымдары Министрлiктiң Кадр және арнаулы жұмыс басқармасына ғылыми (педагогикалық), кеңестiң (алқаның) шешiмiнен көшiрменi марапаттау туралы өтiнiшке қоса тiкелей ұсынады.
18. Бiлiм беру жүйесiнiң ұйымдары кеңес (алқа) шешiмiнен көшiрменi аудандық, қалалық бiлiм беру бөлiмiне әрбiр үмiткер бойынша марапаттау туралы өтiнiшке қоса ұсынады.
Өз кезегiнде аудандық, қалалық бiлiм беру бөлiмi марапаттау туралы өтiнiштi қарағаннан кейiн облыстық, Астана, Алматы қаласының бiлiм басқармасына (департаментiне) жiбередi.
Қызметкерге жазылған марапаттау материалдары облыстық, Астана, Алматы қаласының бiлiм басқармасының (департаментiнiң) алқасында қаралады және Министрлiктiң Кадр және арнаулы жұмыс басқармасына ұсынылады.
19. Басқа министрлiктiң, ведомство немесе мемлекеттiк емес ұйымның қызметкерi марапаттауға ұсынылған жағдайда өтiнiш ұжымның жалпы жиналысында қаралады, егер ол үшiн қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Марапаттау туралы материалдар (14-тармақ) бағыныстылығы бойынша министрлiктерге, ведомстволарға және ұйымдарға жiберiледi, олар оны Министрлiктiң Кадр және арнаулы жұмыс басқармасына ұсынады.
7. Қорытынды ережелер
20. Төске тағатын белгiнi және оған тиiстi куәлiктi, сондай-ақ Құрмет грамотасын тапсыру Министрдiң атынан салтанатты түрде марапатталушының жұмыс орны бойынша жүргiзiледi.
21. Қызметкердiң еңбек кiтапшасына және жеке iс-қағазына марапаттау туралы бұйрықтың күнi мен нөмiрi көрсетiлген тиiстi жазу енгiзiледi.
22. Көтермелеудiң кез келген түрiн жоғалтып алған жағдайда, оны сақтап қалудың мүмкiндiгi болмай қалғанда, марапатталушыларға дубликаттар берiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Бiлiм
және ғылым министрлігiнiң 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 1159 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым Министрлiгiнiң көтермелеу тәртiбi туралы ережесiне 1-қосымша
"Қазақстан Республикасының бiлiм беру құрметтi
қызметкерi" төске тағатын белгiсiнiң сипаттамасы*
Белгi мөлшерi 25х15 мм болатын көгiлдiр лентамен көмкерiлген кермеге бекiтiлген диаметрi 28 мм қалыңдығы 2 мм дөңгелек түрiнде жасалған.
Белгiнiң нақ ортасында ашулы кiтап бейнеленген, шеңбердiң оң жақ бөлiгiне лавр жапырағы қойылған.
Белгiнiң қарсы бетiнде "Қазақстан Республикасының бiлiм беру құрметтi қызметкерi" деген мемлекеттiк тiлде жазылған жазу бар.
Белгi мыс пен никель қорытпасынан жасалады.
Ескерту: * "Қазақстан Республикасының бiлiм беру құрметтi қызметкерi"
төске тағатын белгiсін қағаз мәтіннен қараңыз.
Қазақстан Республикасы Бiлiм
және ғылым министрлігiнiң 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 1159 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым Министрлiгiнiң көтермелеу тәртiбi туралы ережесiне 2-қосымша
"Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сiңiрген
еңбегi үшін" төске тағатын белгiсiнiң сипаттамасы* Белгi мөлшерi 25х15 мм болатын көгiлдiр лентамен көмкерiлген кермеге бекiтiлген диаметрi 28 мм қалыңдығы 2 мм дөңгелек түрiнде жасалған. Белгiде ортасында көне "Мәңгiлiк" белгiсi орналасқан сегiз бұрышты белгi бейнеленген. Белгiнiң қарсы бетiнде "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн" деген мемлекеттiк тiлде жазылған жазу бар. Ескерту: * "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сiңiрген еңбегi үшін" төске тағатын белгiсін қағаз мәтіннен қараңыз. Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.