1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерiне қатысты құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулығы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 17 ақпанда N 262 V970262_ болып тiркелген, 1996 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерiне қатысты құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулығының күшi жойылған деп танылсын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелу күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер Министрiнiң 2000 жылғы 21 қарашадағы N 263 бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты
құжаттарды Қазақстан Республикасының дипломатиялық
өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнің және өкiлеттi
өкiлдiктерiнiң ресiмдеуi жөнiндегi нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына K951000_ , "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Z914800_ Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 3120 U963120_ Жарлығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелердi қарау тәртiбi туралы ережеге (бұдан әрi - Ереже) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң және консулдық мекемелерiнiң қызметiнде пайдалануға арналған.
2. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен Ережесiне сәйкес шетелдiк мемлекеттердiң азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтығына(-ын) қабылдау (қалпына келтiру) және Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару адамдардың өтiнiшiнiң (арызының) негiзiнде шешіледi.
3. Ереженiң 4 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар азаматтық мәселелерi жөнiндегi өтiнiштi (арызды) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтығына
қабылдау туралы құжаттарды ресiмдеу
4. Ереженiң 4 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiшке (арызға) мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
1) бекiтілген нысандағы екi түпнұсқа сауалнама - өтiнiш (1-қосымша);
2) еркiн түрде жасалған нысандағы екi түпнұсқа өмiрбаян;
3) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы мiндеттеме;
4) 4х5 см. көлемiндегi төрт сурет;
5) денсаулығының жай-күйi туралы, оның iшiнде иммуннодефицит вирусына тексерілгендiгi көрсетілген анықтама;
6) мiндеттi түрде мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аударылған, сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама;
7) консулдық алымды төлегендiгi туралы құжат.
5. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Z914800_ Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш (арыз), егер адам басқа мемлекеттердiң азаматтығында тұрған болса, қабылданбайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тiлек бiлдiрген адам, қосарланған азаматтықтың туындау жағдайларын болдырмау туралы Қазақстан Республикасының келiсiмi (шарты) бар басқа мемлекеттiң азаматы болып табылса, онда өтiнiш оның Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау ниетiне қатысты сол мемлекеттiң құзыреттi органының көзқарасын куәландыратын құжатты өтiнiш берушi берген жағдайда қабылдануы мүмкiн.
6. Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш берушi адам, өтiнiштi (арызды) беру кезiнде Қазақстан Республикасының азаматымен (азаматшасымен) некеде тұрса, онда оларға неке қию туралы куәлiктiң көшiрмесi берiледi. Неке қию туралы куәлiктiң көшiрмесiн оны қабылдаған консулдық мекеме куәландырады.
7. Ереженiң 6 тармағына сәйкес 18 жасқа толмаған, сондай-ақ белгiленген тәртiппен iс-әрекетке қабілетсiз деп танылған адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы өтiнiштi (арызды) олардың заңды өкiлдерi баланың тууы туралы куәлiктiң көшiрмесiмен (асырап алушылар, қорғаншылар мен қамқоршылар тиiстi құжаттарды ұсынады) немесе iс-әрекетке қабiлетсiз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бiрге тапсырады. 18 жасқа толмаған немесе белгiленген тәртiппен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамның заңды өкiлi ұсынған өтiнiштi (арызды) оны қабылдаған консулдық мекеме куәландырады.
14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар ата-аналарының немесе өздерiнiң заңды өкiлдерiнiң өтiнiшiне (арызына) қоса жазбаша келiсiмiн ұсынады, жазбаша келiсiмдi оны қабылдайтын консулдық мекеме куәландырады.
8. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш бiлдiрген және Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшiн қоныс аударуға тiлек бiлдiрген адам азаматтыққа қабылдау туралы мәселе республика аумағының белгiлi бiр бөлiгiнде тұрғын жайдың берiлуiмен және өзiн еңбекке орналастырумен байланыстырыла ма, осыны өтiнiште көрсетуге тиiс.
9. Өтiнiштi (арызды) қабылдаған кезде тегiнiң, атының, әкесiнiң атының, туған жерi мен күнiнiң дұрыс жазылуын нақтылау үшiн ұлттық паспортты немесе тұруға арналған ықтиярхатты көрсетуiн талап ету қажет, ол туралы сауалнама - өтiнiшке тиiстi белгi жасалады.
3. Қазақстан Республикасының азаматтығынан
шығу туралы құжаттарды ресiмдеу
10. Ереженiң 14 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтiнiшке (арызға) мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
1) бекiтiлген нысандағы екi түпнұсқа сауалнама - өтiнiш (2-қосымша);
2) өз бетiнше жасалған нысандағы екi түпнұсқа өмiрбаян;
3) 4х5 см. көлемiндегi үш сурет;
4) тууы мен некелесуi туралы куәлiктердiң көшiрмелерi;
5) консулдық алымды төлегендiгi туралы құжат.
11. Ереженiң 7, 15 тармақтарына сәйкес сауалнама өтiнiштердiң және өмiрбаяндардың барлық даналарына өтiнiш берушi жасалған күнiн көрсете отырып, қол қоюы тиiс. Егер өтiнiш берушi сауатсыздығына немесе кемтарлығына байланысты өтiнiшке қол қоя алмайтын болса, онда оның өтiнiшi бойынша өтiнiшке басқа адам қол қояды, ол туралы Қазақстан Республикасының консулдық мекемесi өтiнiште тиiстi жазба жасайды.
12. Ереженiң 16 тармағына сәйкес өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында зайыбы (жұбайы) немесе оның асырауында адамдар болған жағдайда, ол осы адамдардың өзiне материалдық және өзге де талаптары жоқ екендiгi туралы нотариалды сипатта куәландырылған осы адамдардың өтiнiшiн ұсынады.
13. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ белгіленген тәртiппен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы туралы өтiнiшi (арызы) осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетiлген тәртiппен берiледi.
Қажеттi жағдайларда некенi бұзу, ата-аналарының бiрiнiң қайтыс болғаны, бала асырап алғаны, қорғаншылық пен қамқоршылық, ата-ана құқығынан айыру, алименттер төлеу туралы құжаттардың көшiрмелерi тапсырылады, оларды осы құжаттардың көшiрмелерiн қабылдаған консулдық мекеме куәландырады.
14. Ереженiң 17 тармағына сәйкес егер екi ата-ана да Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылса және олардың бiрi бiр мезгілде кәмелетке толмаған баланың да азаматтықтан шығуы туралы өтiнiш берiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығатын болса, онда Қазақстан Республикасының азаматтығынан баланың шығуына қатысты өзiнiң көзқарасын бiлдiруi тиiс екiншi ата-ананың өтiнiшi де табыс етiледi. Мұндай өтiнiштi консулдық мекеме куәландырады.
15. 14 пен 18-ге дейiнгi жастағы балаларға қатысты өтiнiш (арыз) олардың жазбаша келiсiмi болған жағдайда қабылданады, аталған жазбаша келiсiмдi құжаттарды қабылдаған консулдық мекеме куәландырады.
Өтiнiште, Қазақстан Республикасының азаматтығын таңдау туралы шешiмiмен қатар, ата-анасы (асырап алушылары) және баласы (азаматтығы, тегi, аты, әкесiнiң аты, туған (асырап алған) күнi мен жерi), асырап алушылардың, сондай-ақ ата-аналарының (егер ата-аналар некеде тұрса) тұрғылықты орны, неке қиған күнi мен жерi туралы негiзгi мәлiметтер жазылуы қажет. Өтiнiштегi ата-аналардың (асырап алушылардың) қолдарын консулдық мекеме куәландырады.
16. Ереженiң 34 тармағына сәйкес азаматтық мәселелер жөнiнде өтiнiштердi ресiмдеудi жүзеге асыратын консулдық мекеме осы Ережеде көрсетілген құжаттар мен материалдардан басқа өтiнiш берушiден iске қатысы бар басқа да құжаттарды талап етуге құқылы. Ұсынылған құжаттарда толық емес немесе дәл емес мәлiметтер байқалған жағдайда, құжаттар толықтырулар, өзгерiстер немесе түсiнiктемелер енгiзу үшiн өтiнiш берушiге қайтарылады.
17. Барлық құжаттар мемлекеттiк не орыс тiлiнде жазылуы немесе мемлекеттiк не орыс тілiнде тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесiмен жабдықталуы тиiс.
18. Сауалнама - өтiнiштердiң бланкiлерi өтiнiш берушiлерге олар барлық талап етілетiн құжаттарды ұсынған жағдайда ғана берiледi.
19. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы сауалнама - өтiнiштi берген кезде, өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтудың құқықтық және өзге де салдарлары түсiндiрiледi, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Z914800_ Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының ережесi түсiндiрiледi, оған сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болса, шетел мемлекетiнiң азаматтығы танылмайды, ол туралы сауалнама - өтiнiште белгi жасалады.
4. Қазақстан Республикасының азаматтығын
жоғалтқаны туралы құжаттарды ресiмдеу
20. Ереженiң 30 тармағына сәйкес консулдық мекемелер Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны туралы мынадай жағдайларда тiркеу жүргiзедi:
1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматына қатысты, оның басқа мемлекеттiң қауiпсiздiк, полиция, әділет органдарына немесе мемлекеттiк билiк пен басқарудың басқа да органдарына қызметке тұрғандығын растайтын құжаттар не басқа да сенiмдi мәлiметтер бар болса. Бұл орайда, жұмысшы кәсiптерi бойынша (жүргiзушi, слесарь, сыпырушы, электрик және тағы басқа) мiндеттердi орындауға аталған органдармен шарттар жасасқан адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтпайды;
2) егер адам шетелде тұрақты тұрған бес жылы iшiнде дәлелдi себептерсiз консулдық есепке тұрмаса. Бесжылдық мерзiм туралы ереже 16 жасқа толмаған адамдарға қолданылмайды. Уақытысында консулдық есепке тұрмаған Қазақстан Республикасы азаматының себептерi дәлелдi ме, жоқ па, оны консулдық мекеменiң басшысы жағдайларға байланысты дербес түрде бағалайды;
3) егер Қазақстан Республикасының азаматтығын қасақана өтiрiк мәлiметтер немесе жалған құжаттар ұсынудың нәтижесiнде алғандығы анықталатын болса.
21. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Z914800_ Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына және Ереженiң 31 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту тiркеу сәтiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тiркеу Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандығы туралы шешiм қабылдаудың себептерi мен негiздерi туралы адамдар құлақтандырылғаннан кейiн ғана жүзеге асырылады. Бұл орайда, адамға мұндай шешiмге шағым айту тәртiбi түсiндiрiлуi тиiс.
22. Тiркеу Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандығы туралы қорытынды жасау жолымен жүзеге асырылады, оған консулдық мекеменiң басшысы қол қояды немесе оны бекiтедi.
Қорытындыда азаматтығын жоғалтқан адамның аты (тегi, аты және әкесiнiң аты) туған күнi мен жерi, оның Қазақстан Республикасында тұрған-тұрмағандығы, Қазақстан Республикасынан қашан, қай жерден және қандай құжат бойынша сыртқа кеткендiгi көрсетiлуi, сондай-ақ олардың азаматтығын жоғалту негiздерi мен қорытындының жасалған күнi көрсетiлуi тиiс. Қорытынды консулдық мекеменiң ресми бланкiсiнде ресiмделедi.
23. Консулдық есепте тұрған және Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан адамдар есептен шығарылады, ал олардың паспорттары жойылады. Осындай адамдардың тілектерi бойынша оларға тиiстi анықтама берілуi мүмкін.
Азаматтығын жоғалтқандығын тiркеу үшiн негiз қызметiн атқарған құжаттармен бiрге қорытынды Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшілiгiнiң Мемлекеттiк құқықтық бөлiмiне тапсырылуы үшiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жiберіледi.
Қорытындының көшiрмесi және азаматтығын жоғалтқандығын тiркеу үшiн негiз қызметiн атқаратын құжаттардың көшiрмелерi консулдық мекемеде 1 (бiр) жыл бойы сақталады.
5. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына
келтiру туралы құжаттарды ресiмдеу
24. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру туралы құжаттарды ресiмдеу Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiштердi қарау үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл орайда осы нұсқаулықтың 4-тармағында көзделген құжаттармен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру туралы өтiнiшке (арызға) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығына бұрынғы қатыстылығын куәландыратын және оның республика аумағында тұрақты тұрғандығын растайтын (тууы туралы куәлiк, тұрған жерiнен анықтама және тағы басқа) құжаттар қоса тiркеледi.
6. Қазақстан Республикасының азаматтығына
қатыстылығын анықтау
25. Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау үшiн өтiнiш берушi адам консулдық мекемеге мынадай құжаттарды тапсырады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы туралы еркiн нысанда жазылған өтiнiш;
2) сауалнама (1-қосымша);
3) 4х5 см. үш суретi.
Өтiнiш берушiде оның Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын байланыстыратын мән-жайларды даусыз айғақтайтын құжаттар болған жағдайда, осы мәселе бойынша консулдық мекеменiң басшысы дербес түрде шешiм қабылдайды.
Өтiнiш берушiде тиiстi құжаттар болмаған жағдайда, консулдық мекеме Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне екi түпнұсқа данада сұрау салу жолдайды.
Сұрау салуда өтiнiш берушi хабарлаған мәлiметтердiң негiзiнде iстiң мәнiсi, Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы анықталып жатқан адам туралы егжей-тегжейлi деректер, оның өтiнiш берген кезiндегi азаматтығы, отбасылық жағдайы, бiлiмi, Қазақстан Республикасында туыстарының бар екендiгi және олардың тұратын жерi жазылады. Сұрау салуда, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң бұрын Қазақстан Республикасында тұрғаны не тұрмағандығы, Қазақстан Республикасынан сыртқа кеткенге дейiн қай жерде және кiм болып жұмыс iстегендiгi, қашан, қай жерден және қандай құжат бойынша шетелге кеткендiгi, Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы мәселе бойынша бұрын өтiнiш бергенi не бермегендiгi және оның өтiнiшi бойынша қандай шешiм қабылданғандығы, оның жеке басын куәландыратын Қазақстан Республикасының құжаты бұрын болғаны не болмағандығы, қазiргi уақытта оның жеке басы қандай құжатпен куәландырылатындығы көрсетiледi. Консулдық мекеменiң сұрау салуына өтiнiш берушiнiң сауалнама-өтiнiшi қоса тiркеледi.
26. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi тиiстi мемлекеттiк органдар немесе басқа да ұйымдар арқылы өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын тексерудi жүзеге асырады және қабылданған шешiм туралы консулдық мекемеге хабарлайды.
Өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы расталған жағдайда, консулдық мекеме оған Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бередi және консулдық есепке алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасы немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарты адамның Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын байланыстыратын мән-жайлар расталмаса, Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын танудан бас тартылады. Бұл ереже егер бұрын осы адамның Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы құжат түрiнде қате ресiмделген жағдайда да қолданылады.
7. Қорытынды ережелер
27. Өтiнiш берушiнiң материалдары бойынша консулдық мекеме қорытынды жасайды, онда өтiнiш берушiлердiң тегi, аты және әкесiнiң аты, олардың туыстық қарым-қатынастары; өтiнiш берушiлер қолдау көрсетудi сұрап отырған балаларының тегi, аты, туған күнi мен жерi көрсетiледi; iстiң мән-жайы, өтiнiштiң мазмұны мен себептерi, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң арызының мәнi бойынша консулдық мекеменiң дәлелдемесi келтiрiлген пiкiр жазылады. Бiр отбасының мүшелерiне ортақ қорытынды жасалады.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш бойынша қорытындыда, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аударуға тiлегi және оның қай жерде тұру ниетi барлығы көрсетiледi.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не оның азаматтығынан шығу туралы материалдар бойынша консулдық мекемелердiң қорытындыларында өтiнiштi қанағаттандыру немесе оны қабылдамаудың орындылығын танудың себептерi егжей-тегжейлi жазылады.
28. Қорытындыны консулдық мекеменiң басшысы немесе оның орынбасарлары бекiтедi.
29. Консулдық мекеме ресiмделген материалдарды және екi данадағы өзiнiң қорытындысын Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жiбередi.
Өтiнiштер бойынша қабылданған шешiмдi түпкiлiктi орындағанға дейiн өтiнiштер мен қорытынды материалдардың көшiрмелерi консулдық мекемеде сақталуы қажет.
30. Кеңселiк атрибуттарды (шығасы нөмiрi, күнi мен белгiсi) тiкелей қорытындыда көрсету қажет.
31. Азаматтық мәселелер жөнiндегi материалдарды консулдық мекемеде ресiмдеу мерзiмi өтiнiш берілген күнiнен бастап 1 (бiр) айдан аспауы тиiс.
32. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi азаматтық мәселелер жөнiндегi шешiмдердi алғаннан кейiн олар туралы екi апталық мерзiмде материалдарды берген консулдық мекемелерге хабарлайды.
Азаматтық мәселелер жөнiнде материалдар ұсынған консулдық мекемелер аталған шешiмдердi алғаннан кейiн екi апталық мерзiмде өтiнiштi қараудың нәтижелерi туралы өтiнiш берушiлердi құлақтандырады.
33. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған адамдар консулдық есепке алынады. Оларға Қазақстан Республикасы азаматының паспорттары берiледi.
Егер өтiнiш берушi басқа елде тұруға жол жүрiп кетсе, консулдық мекеме бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне хабарлайды, соңғысы шешiмдi орындауға қатысты шаралар қабылдайды.
34. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе оның азаматтығынан шығу туралы өтiнiш керi қайтарылған жағдайда, азаматтық мәселелер бойынша материалдар берген консулдық мекемелер өтiнiш берушiге анықтама бередi, онда кiм, қашан және қандай шешiм қабылданғандығы көрсетiледi. Анықтаманың екiншi данасы өтiнiш материалдарына тiгіледi.
35. Ереженiң 33 тармағына сәйкес азаматтық мәселелер бойынша қайталама өтiнiштi консулдық мекеме осы мәселелер жөнiндегi бұрынғы шешiмнен кейiн бiр жыл өтiсiмен қарауға қабылдауы мүмкiн.
36. Әрбiр жартыжылдықтың қорытындылары бойынша консулдық мекемелер Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмдерiнiң орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне ақпарат жiбердi.
Ақпаратта консулдық мекеменiң атауы, шешiмнiң нөмiрi мен күнi, оны
кiм қабылдағаны, өтiнiш берушiлердiң толық аты-жөнi, шешiм туралы олардың құлақтандырылған күнi көрсетіледi. 37. Азаматтық мәселелер жөнiндегi материалдарды ресiмдеу кезiнде консулдық алымдарды өндiрiп алу тәртiбi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi бекiтетiн Консулдық алымдардың тарифiмен реттеледi. 1-қосымша СУРЕТ Анкета - Өтiнiш Қазақстан Республикасының азаматтығына(-ын) қабылдауыңызды (қалпына келтiруiңiздi) сұраймын. --------------------------------------------------------------------------- СҰРАҚТАР ! ЖАУАПТАР --------------------------------------------------------------------------- 1. Тегi, аты, әкесiнiң аты 2. Сiз бұрын өзiңiз аталып келген барлық тегiңiздi, атыңызды және әкеңiздiң атын санап шығыңыз, оларды қашан, қай жерде және қандай себеп бойынша өзгерттiңiз 3. Туған күнiңiз, айыңыз, жылыңыз және жерiңiз: (село, қала, аудан, облыс, егер шетелде туылсаңыз, сол елдi атаңыз) 4. Азаматтығыңыз 5. Ұлтыңыз 6. Отбасылық жағдайыңыз (некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн) 7. Бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болдыңыз ба, егер солай болса, онда қай жерден және қандай құжат бойынша Қазақстаннан сыртқа кеттiңiз 8. Қазақстан Республикасының азаматтығына (-ын) қабылдау (қалпына келтiру) туралы бұрын өтiнiш бердiңiз бе, егер солай болса, онда кiм, қашан және қандай шешiм қабылдады 9. Бiлiмiңiз және білiмiңiз бойынша мамандығыңыз (қай жерде, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз) 10. Жұмыс және оқу орныңыз 11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе азаматтық жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба. Егер тартылсаңыз онда қашан, кiм және не үшiн тартты 12. Сiз Қарулы Күштерде қызмет атқардыңыз ба, қашан және қандай әскерлерде қызмет еттiңiз. Егер Сiз шетел армиясында қызмет iстесеңiз, оның қандай мемлекет екенiн атаңыз 13. Сiз бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұрдыңыз ба, егер солай болса, онда сол мекен-жайыңызды атаңыз
14. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда) Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеме, ұйым және кәсiпорын Сiз
жұмыс iстеген кезiңiзде қалай аталса, солай көрсету қажет. Әскери қызметiңiздi лауазымыңызды және атағыңызды көрсете отырып жазыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорынды (пошта жәшiгi және сол сияқтылар) осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi. --------------------------------------------------------------------------- Айы мен жылы ! Мекемесi, ұйымы, ! Мекеменiң, ұйымның, ! кәсiпорны көрсетiлген ! кәсiпорынның ! қызметi ! тұрғылықты орны ! ! Кiрген Кеткен ! ! уақыты уақыты ! ! --------------------------------------------------------------------------- ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ 15. Сiздiң жақын туыстарыңыз (күйеуiңiз, әйелiңiз, ата-анаңыз, бауырларыңыз, апа-қарындастарыңыз (сiңiлiлерiңiз) Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын, сондай-ақ шетелде тұратын барлық туыстары көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса, онда оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi. --------------------------------------------------------------------------- Туыстық ! Тегi, аты, ! Туған жылы ! Жұмыс орны, ! Орналасқан деңгейi ! әкесінің аты ! мен жері ! қызметі ! елі, ! ! ! ! тұрғылықты ! ! ! ! мекен-жайы --------------------------------------------------------------------------- ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ 16. Менiмен бiрге бiр мезгiлде кәмелетке толмаған балаларымды да (балаларымның да) Қазақстан Республикасының азаматтығына(-ын) қабылдауыңызды (қалпына келтiруiңiздi) сұраймын --------------------------------------------------------------------------- N ! Тегi, аты, әкесiнiң аты ! Туған күнi, жылы ! Туған жері р/с! ! және айы ! --------------------------------------------------------------------------- 1. ___________________________________________________________________________ 2. ___________________________________________________________________________ 3. ___________________________________________________________________________ 4. ___________________________________________________________________________ 5. ___________________________________________________________________________ 6. ___________________________________________________________________________ 17. Тегi, аты, әкесiнiң аты _______________________________________________ жұбайы 2000 жылғы "___"____________ Қазақстан Республикасының азаматтығына (-ын) қабылдауға (қалпына келтiруге) арналған құжаттарды ресiмдедi /Иә/Жоқ/ (қажет емесiн сызып тастаңыз). 18. Сiздiң мекен-жайыңыз, телефон нөмiрiңiз _______________________________ --------------------------------------------------------------------------- Қазақстан Республикасының азаматтығына(-ын) қабылдаудың (қалпына келтірудің) құқықтық салдары маған түсіндірілді. Өтініш берушінің қолы __________________ 20___ жылғы "___"____________ 2-қосымша СУРЕТ Анкета - Өтiнiш Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат беруiңiздi сұраймын. --------------------------------------------------------------------------- СҰРАҚТАР ! ЖАУАПТАР --------------------------------------------------------------------------- 1. Тегi, аты, әкесiнiң аты 2. Сiз бұрын өзiңiз аталып келген барлық тегiңiздi, атыңызды және әкеңiздiң атын санап шығыңыз, оларды қашан, қай жерде және қандай себеп бойынша өзгерттiңiз 3. Туған күнiңiз, айыңыз, жылыңыз және жерiңiз: (село, қала, аудан, облыс, егер шетелде туылсаңыз, сол елдi атаңыз) 4. Ұлтыңыз 5. Отбасылық жағдайыңыз (некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн) 6. Шетелге шығудың тікелей алдында тұрған мекен-жайыңыз 7. Тiркелген соңғы орныңыз 8. Соңғы жұмыс, оқу орныңыз 9. Бiлiмiңiз және бiлiмiңiз бойынша мамандығыңыз (қай жерде, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз) 10. Егер бұрын басқа мемлекеттердiң азаматтығында (бодандығында) болсаңыз, қай жерде, қашан және қандай негiзде Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаныңызды егжей-тегжейлi көрсетiңiз 11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе азаматтық жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба. Егер тартылсаңыз онда қашан, кiм және не үшiн тартты 12. Мемлекеттiң немесе заңды және жеке тұлғалардың алдында орындалмаған мiндеттемелерiңiз бар ма
13. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда) Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеме, ұйым және кәсiпорын Сiз
жұмыс iстеген кезiңiзде қалай аталса, солай көрсету қажет. Әскери қызметiңiздi лауазымыңызды және атағыңызды көрсете отырып жазыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорынды (пошта жәшiгi және сол сияқтылар) осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi. --------------------------------------------------------------------------- Айы мен жылы ! Мекемесi, ұйымы, ! Мекеменiң, ұйымның, ! кәсiпорны көрсетiлген ! кәсiпорынның ! қызметi ! тұрғылықты орны ! ! Кiрген Кеткен ! ! уақыты уақыты ! ! --------------------------------------------------------------------------- ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ 14. Сiздiң жақын туыстарыңыз (күйеуiңiз, әйелiңiз, ата-анаңыз, бауырларыңыз, апа-қарындастарыңыз (сiңiлiлерiңiз) Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын, сондай-ақ шетелде тұратын барлық туыстары көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса, онда оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi. --------------------------------------------------------------------------- Туыстық ! Тегi, аты, ! Туған жылы ! Жұмыс орны, ! Орналасқан деңгейi ! әкесінің аты ! мен жері ! қызметі ! елі, ! ! ! ! тұрғылықты ! ! ! ! мекен-жайы --------------------------------------------------------------------------- ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ 15. Менiмен бiрге бiр мезгiлде кәмелетке толмаған балаларымды да Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығаруға рұқсат беруіңізді сұраймын --------------------------------------------------------------------------- N ! Тегi, аты, әкесiнiң аты ! Туған күнi, жылы ! Туған жері р/с! ! және айы ! --------------------------------------------------------------------------- 1. ___________________________________________________________________________ 2. ___________________________________________________________________________ 3. ___________________________________________________________________________ 4. ___________________________________________________________________________ 5. ___________________________________________________________________________ 6. ___________________________________________________________________________ 16. Тегi, аты, әкесiнiң аты _______________________________________________ жұбайы 2000 жылғы "___"____________ Қазақстан Республикасының азаматтығына (-ын) қабылдауға (қалпына келтiруге) арналған құжаттарды ресiмдедi /Иә/Жоқ/ (қажет емесiн сызып тастаңыз). 17. Егер жұбайыңыз Қазақстан Республикасының азаматы(-шасы) болып табылмаса, онда оның азаматтығын көрсетiңiз _______________________________ 18. Қазақстаннан шыққан кезiңiзде әскери билет тапсырылған мекеменiң атауы 19. Сiздiң мекен-жайыңыз, телефон нөмiрiңiз _______________________________ --------------------------------------------------------------------------- Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығудың құқықтық салдары маған түсіндірілді. Өтініш берушінің қолы __________________ 20___ жылғы "___"____________