РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 203 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Өткiзiлетiн төлемдер жөнiндегi мәлiметтердi жүйеге келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiн бекiту туралы" V991011_ 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Ережеге өзгерiстер мен толықтырулардың 2001 жылғы 1 наурыздан бастап күшiне енгiзiлетiн 4-тармағынан басқасы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсін - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн осы қаулыны және Ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге және "Казпочтабанк" ашық акционерлiк қоғамына жiберсiн.
3. "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (Абдулкаримов С.Х.) осы қаулы және Ережеге өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап отыз күндiк мерзiмде Ережеге өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағында көзделген мәлiметтердi беру көлемiне қойылатын талаптарды әзiрлеп, екiншi деңгейдегi банктерге және "Казпочтабанк" ашық акционерлiк қоғамына жiберсiн.
4. Ақпарат технологиясы департаментi (Поликарпов О.Ю.) 2001 жылдың 5 сәуiрiне дейiн Ережеге өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағында көзделген ай сайынғы мәлiметтердi өңдеу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеп, өндiрiстiк пайдалануға енгiзсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2000 жылғы 30 қазандағы
N 405 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем
белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiне
өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiн бекiту туралы" V991011_ 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiне (бұдан әрi - Ереже) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Ережеге N 1 және N 2 қосымшалар жаңа редакциядағы N 1 және N 2 қосымшалармен ауыстырылсын.
2. Ереже N 3 және N 4 қосымшалармен толықтырылсын.
3. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ережеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген ТББЖ-нiң кодын мiндеттi түрде қою көзделген Қазақстан Республикасының аумағындағы төлем құжаттарына және басқа құжаттарға (бұдан әрi - төлем құжаттары) қолданылатын кодтарды қою жүйесi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қою тәртiбi көрсетiлген."
4. 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсi төлем бойынша берiлген мәлiметтер негiзiнде төлемдердiң айқындығын қамтамасыз ететiн көрсеткiштер жүйесiн қалыптастыруға және Қазақстан Республикасындағы ақша ағынын талдауға арналған.
"Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (бұдан әрi - ҚБЕО), "Казпочтабанк" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Казпочтабанк" ААҚ) және екiншi деңгейдегi банктер есеп беру кезеңiнен кейiнгi айдың 10-на дейiн осы Ереженiң N 3 және N 4 қосымшаларына сәйкес Ұлттық Банкке ТББЖ кодтары шеңберiнде өткiзiлетiн төлемдер жөнiнде мәлiметтер бередi."
5. 3-тармақтың:
1) 3) тармақшасындағы "SWIҒТ" форматында пайдаланылған халықаралық стандарттарға сәйкес белгiленген" деген сөздер алынып тасталсын;
2) 4) тармақшасы алынып тасталсын;
3) 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) банк iшiндегi төлемдер - банктiң өз клиенттерiмен және осы
банктiң екi клиентi арасында жүзеге асырылатын төлемдер".
6. 4-тармақтағы "операцияларында да" деген сөздер "операциялары үшiн
де" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Сондай-ақ төлем белгiлеу коды бар, төлем сипатының атауы болмайтын
"Зейнетақы төлемдерi және жәрдемақылары" деп аталатын 0 бөлiм бұған
кiрмейдi.".
8. 8-тармақтағы "халықаралық стандарттарға (SWIҒТ)" деген сөздер
"Стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымның (ISО) стандарттарына" деген
сөздермен ауыстырылсын.
9. 9-тармақтағы "Төлем белгiлеу коды" деген жерде жасалады" деген
сөздер "төлем белгiлеу коды жасалады" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. 13-тармақтың бiрiншi азатжолындағы "бастапқы" деген сөз алынып
тасталсын.
11. 16-тармақтағы "құқылы" деген сөз "мiндеттi" деген сөзбен
ауыстырылсын.
12. 18-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Бiрнеше төлем белгiленген операцияларды жүзеге асырған кезде төлем
құжатына негiзгi төлемдi белгiлейтiн код қойылады."
13. Ереже мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Егер операция түрiнiң тақырыбы немесе төлем сипаты болып
саналатын төлем белгiлеу коды егжей-тегжейлi көрсетiлсе, онда қоюға
болмайды."
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы
N 388 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн -
төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн
қолдану ережесiне
N 1 қосымша
ЭКОНОМИКА СЕКТОРЛАРЫНЫҢ КОДТАРЫ
---------------------------------------------------------------------------
А Халықаралық ұйымдар
1 Орталық Үкiмет
2 Аймақтық және жергiлiктi басқа органдары
3 Орталық ұлттық банктер
4 Басқа депозиттiк ұйымдар
5 Басқа қаржылық ұйымдар
6 Мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар
7 Мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар
8 Үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық
емес ұйымдар
9 Үй шаруашылығы
---------------------------------------------------------------------------
Ескерту:
Секторлар бойынша экономикалық қызметтi бөлу өндiрiстiк немесе тұтыну аясының қарапайым бiрлiктерiн бiлдiретiн мекемелiк бiрлiктердi атап көрсету арқылы жүзеге асады және олар экономикалық шешiмдердi (өндiрiс және тұтыну мәселелерi бойынша) өз бетiнше қабылдау құқығымен және қаржы есепшоттарының қажеттi жиынтығын жүргiзумен ерекшеленедi. Әрбiр жеке мекемелiк бiрлiктiң өзiнiң негiзгi қызмет түрiне сәйкес тұтастай бiр экономика секторына қатысы бар. Осыған орай жiктеудiң принциптерi экономиканың қызметтiң негiзгi түрiне сәйкес секторлар бойынша топтастырылатын айқын көрсетiлетiн мекемелiк бiрлiктерден тұратынын негiзге алады.
Сектор қызметтiң негiзгi бiр түрiмен айналысатын мекемелiк бiрлiктер бiрiктiрiлген экономика секторының негiзгi бөлiмшесi болып табылады. Әрбiр сектор экономиканың талдауға бейiм маңызды бөлiгi болып есептеледi және оның басқа секторлардан ерекшеленетiн экономикалық сипаттамалары бар.
Мекемелiк бiрлiк құқық бойынша активтерге ие бола алатын, өзiне мiндеттемелер қабылдай алатын және басқа экономикалық секторлармен шаруашылық қызметпен және операциялармен айналыса алатын экономикалық бiрлiктi бiлдiредi.
Ережеде экономиканың мынадай секторлары қолданылады: мемлекеттiк басқару органдары; қаржылық ұйымдар; қаржылық емес ұйымдар; үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар; үй шаруашылығы.
Мемлекеттiк басқару органдары
"1" Орталық Yкiмет;
"2" Аймақтық және жергiлiктi басқару органдары;
Қаржылық ұйымдар
"3" Орталық (ұлттық) банктер;
"4" Басқа депозиттiк ұйымдар;
"5" Басқа қаржылық ұйымдар;
Қаржылық емес ұйымдар
"6" Мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар;
"7" Мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар;
Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар "8" Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар;
Үй шаруашылығы "9" Yй шаруашылығы.
"Мемлекеттiк басқару органдары" секторы - ел аумағында орналасқан басқа мекемелiк бiрлiктерге қолданылатын заң, сот немесе атқарушы билiкке ие мекемелiк бiрлiктер. Мемлекеттiк басқару органдарының негiзгi қызметiне мыналар жатады: тұтастай алғанда қоғамды және жеке үй шаруашылығын тауарлармен және қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге жауапкершiлiк: салық салу арқылы немесе басқа кiрiстер есебiнен осыған қажеттi қаржы қаражатын жинақтау; трансферттер арқылы кiрiс пен байлықты қайта бөлу және рыноктық емес өндiрiстi жүзеге асыру. Осы секторға орталық үкiмет ("1" коды), аймақтық және жергiлiктi басқару органдары ("2" коды) кiредi.
"1" коды республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын министрлiктер, ведомстволар мен агенттiктер, ғылыми-зерттеу институттары, мекемелiк бiрлiктер - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң агенттерi, мемлекеттiк басқару органдары бақылау жасайтын және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қорлар, сондай-ақ мемлекеттiң бақылауындағы, мемлекеттiк органдарға тән мiндет атқаратын және рыноктық өндiрiспен айналыспайтын басқа ұйымдарды бiлдiредi;
"2" коды облыс, қала және аудан деңгейiнде басқару қызметiн жүзеге асыратын мекемелiк бiрлiктердi және аймақтық (жергiлiктi) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдарды бiлдiредi.
"Қаржылық ұйымдар" секторы - негiзгi қызметi қаржылық делдалдық немесе қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты қосалқы қаржылық қызмет болып табылатын мекемелiк бiрлiктер. Осы секторға орталық (ұлттық) банктер ("3" коды), басқа депозиттiк ұйымдар ("4" коды) және басқа қаржылық ұйымдар ("5" коды) кiредi.
"3" коды қаржы жүйесiнiң негiзгi аспектiлерiне бақылау жасайтын және ұлттық валютаның эмиссиясы, халықаралық резервтердi басқару, қаржылық ұйымдардың қызметiне қадағалау жасау сияқты қызмет жүргiзетiн мекемелiк бiрлiктi бiлдiредi.
"4" коды негiзгi қызмет түрi қаржылық делдалдық болып табылатын және олардың банктер болатынына-болмайтынына қарамастан, мiндеттемелерi депозиттердiң немесе сол сияқтылардың (қолданыстағы ақшаның ұлттық сипаттауына кiретiн депозиттердiң жақын алмастырушылары) нысаны бар мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi. Қазақстан Республикасында осы топқа екiншi деңгейдегi банктер және кредиттiк серiктестiктер жатады.
"5" коды түрлi делдалдық не қосалқы қаржылық қызмет көрсететiн немесе қызметi қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты болатын, бiрақ өздерi делдалдардың қызметiн атқармайтын осы сектордың қалған барлық мекемелiк бiрлiктерiн бiлдiредi. Бұл топқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, ломбардтар, инвестициялық қорлар, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын кейбiр ұйымдар және мемлекеттiң бақылауындағы және/немесе қоғамдық не қайырымдылық қызметпен айналысатын ұйымдарды есептемегенде, басқа қаржылық ұйымдар жатады.
"Қаржылық емес сектор" - негiзгi қызмет түрi көбiнесе рыноктық тауарлардың және қаржылық емес қызметтiң өндiрiсi болып табылатын мекемелiк бiрлiктер. Осы секторға мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар ("6" коды) және мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар ("7" коды) жатады.
"6" коды көбiнесе рыноктық өндiрiспен айналысатын және мемлекеттiк басқару органдары бақылау жасайтын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi.
"7" коды көбiнесе рыноктық өндiрiспен айналысатын және мемлекеттiк басқару органдары бақылау жасамайтын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi.
Бұдан басқа осы топқа қызметi негiзгi қызметiнен кiрiс табуды көздемейтiн, қосалқы болып табылатын және негiзгi корпорацияның қызмет көрсетуiмен қатаң шектелген, екiншi кезектегi (қосалқы ұйымдар) болып табылатын мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдардың өкiлдiктерi мен филиалдары жатады.
"Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар" секторы ("8" коды) - тауар шығаратын немесе қызмет көрсететiн, бiрақ осындай ұйымдарға бақылау жасайтын мекемелiк бiрлiктерге кiрiс немесе өзге қаржылық үлес түсiрмейтiн мекемелiк бiрлiктер - және оларға мынадай мекемелiк бiрлiктер жатады:
1) осындай ассоциациялардың мүшелерiн тауарлармен немесе қызмет көрсетумен қамтамасыз ету үшiн тұлғалардың ассоциациялары құратын бiрлiктер. Бұндай қызмет әдеттегiдей тегiн көрсетiледi немесе жүйелi мүшелiк жарналардың есебiнен қаржыландырылады. Оларға саяси партиялар, кәсіподақтар, мешiттер, шiркеулер (храмдар) және дiни қоғамдар, қоғамдық, мәдени, ойын-сауық және спорттық клубтар және басқалары жатқызылады.
2) негiзгi қызмет түрi қайырымдылық көмек көрсету болып табылатын бiрлiктер. Оларға қоғам мүшелерiнiң мүдделерiне қызмет көрсету үшiн қайырымдылық мақсатында құрылатын, зардап шеккендерге немесе мұқтаж адамдарға көмек көрсету жөнiндегi қайырымдылық ұйымдар мен агенттiктер жатады. Осындай үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар рыноктық емес негiзде өздерiне мұқтаж үй шаруашылықтарына тауарлар беру немесе қызмет көрсетумен айналысады. Yй шаруашылығына қызмет ететiн осындай коммерциялық емес ұйымдардың қаражаты жұртшылықтан, мемлекеттiк басқару органдарынан және резидент еместердiң трансферттерiнен түсетiн ақшалай немесе заттай нысандағы қайырмалдық есебiнен құралады (Мысалы, Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi қоғамдық қор, "Бөбек" балалар қоры).
"Үй шаруашылығы" секторы ("9" коды) жеке тұлғалардан, сондай-ақ бiрге тұратын, өздерiнiң кiрiсi мен мүлкiн (түгелдей немесе ішiнара) бiрiктiретiн және тауарлар мен қызметтiң (тұрғын үйдi, тамақ өнiмдерiн және басқасын) белгiлi бiр түрлерiн бiрге пайдаланатын жеке тұлғалардың
(отбасылардың) шағын топтарынан құралатын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi.
Сонымен қатар осы топқа заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен
айналысатын жеке тұлғаларды жатқызуға болады.
Қазақстанның резидент еместерiнiң экономика секторларын анықтаған
кезде мынадай секторларды атап көрсету маңызды болып табылады:
"А" Халықаралық ұйымдар;
"1" Орталық Yкiмет;
"3" Орталық (ұлттық) банктер;
"4" Басқа депозиттiк ұйымдар;
"9" Yй шаруашылығы.
Басқа ұйымдарды (басқа қаржылық ұйымдарды; мемлекеттiк және мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдарды; үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдарды), сондай-ақ аталған ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiн, егер экономика секторын ұйымның атауы бойынша осындай анықтау мүмкiн болмаса, "7" секторының кодын белгiлей отырып, экономиканың бiр секторына - мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдарға жатқызуға болады. Халықаралық ұйымдар мүше-мемлекеттер арасындағы саяси келiсiмдер негiзiнде құрылады.
Бұндай келiсiм халықаралық шарттың мәртебесiне ие. Халықаралық ұйымдар құрудың мақсаты осы ұйымдар мүшелерiнiң ұжымдық пайдалануы үшiн рыноктық емес қызмет көрсету және/немесе қаржылық делдалдықты жүзеге асыру немесе түрлi елдердiң кредиторлары мен заемшылары арасында қаржылық ресурстарды қайта бөлу болып табылады. Халықаралық ұйымдарға белгiлi бiр артықшылықтар мен жеңiлдiктер бекiтiледi; бұндай ұйымдарға өздерi аумағында орналасқан елдердiң заңдары мен нормалары қолданылмайды. Осыған орай, осындай мекемелер, өздерi аумағында орналасқан немесе олардың қызметi қолданылатын елдi қоса есептегенде, қандай болса да елдiң резиденттерi болып саналмайды.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы
N 388 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем
белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн
қолдану ережесiне
N 2 қосымша
ТӨЛЕМ БЕЛГIЛЕУ КОДЫНЫҢ КЕСТЕСI
---------------------------------------------------------------------------
ТТК ! Атауы
---------------------------------------------------------------------------
0 - Зейнетақы төлемдерi және жәрдемақылар
001 Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның зейнетақы жарнасы
сомасынан түскен комиссиялық сыйақысы
002 Зейнетақы қорының зейнетақы жарнасы сомасынан түскен комиссиялық
сыйақысы (1 %)
003 Инвестициялық есепшотқа қайтарым
004 Зейнетақы төлеу есепшотына аударым
005 Депозиттер бойынша зейнетақы төлеудi (салымшылармен шарт бойынша)
ұйымдастыру жөнiндегi зейнетақы қорының комиссиясы
006 Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның инвестициялық
кiрiстен түскен комиссиялық сыйақысы (10 %)
007 Зейнетақы қорының инвестициялық кiрiстен түскен комиссиялық сыйақысы
(10 %)
008 Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниясының шығынын өтеу
009 Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниясының уақтылы
инвестиция жасамағаны үшiн өсiмпұлы
010 Мiндеттi зейнетақы жарнасы
011 Жинақтаушы зейнетақы қорының төлемдерi
012 Жеңiлдiкпен (жедел) берiлген зейнетақы
013 Ерiктi зейнетақы жарнасы
014 Жинақтаушы зейнетақы қорларының арасындағы зейнетақы жинағының
аударымы
016 Банктiң зейнетақыға артық берiлген қаржыны қайтаруы
017 Мемлекеттiк қызметкерлер-зейнеткерлерге бюджеттен өтеу
018 Зейнетақы жарналарына есептелген инвестициялық кiрiс
019 Мiндеттi зейнетақы жарнасын уақтылы аудармағаны үшiн өсiмпұл
020 Зейнетақыдан ұстап қалу
021 Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығынан қате аударылған төлемдердi
қайтару
030 Республикалық бюджеттен түскен трансферттер
031 Банктiң қате төлемдердi қайтаруы
032 Жинақтаушы зейнетақы қорларының қате аударылған соманы қайтаруы
033 Зейнетақылар
034 Мүгедектiгi жөнiнде жәрдемақы
035 Мүгедектiгi жөнiнде жәрдемақыны қайтару
036 Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетiн жәрдемақы
037 Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетiн жәрдемақыны қайтару
038 Жасына байланысты жәрдемақы
039 Жасына байланысты жәрдемақыны қайтару
040 Зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектерiн
жерлеуге берiлетiн жәрдемақы
041 Зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектерiн
жерлеуге берiлетiн жәрдемақыны қайтару
042 Мемлекеттiк арнайы жәрдемақыны алушыларды жерлеуге берiлетiн
жәрдемақы
043 Мемлекеттiк арнайы жәрдемақыны алушыларды жерлеуге берiлетiн
жәрдемақыны қайтару
044 Мемлекеттiк арнайы жәрдемақы төлемдерi
045 Мемлекеттiк арнайы жәрдемақы төлемдерiн қайтару
050 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және IIБ қызметкерлерiне арнайы
жәрдемақы
051 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына
052 Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне
053 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген адамдарға
054 Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға
055 Ұлы Отан соғысында қайтыс болған әскерлердiң жесiрлерiне
056 Қайтыс болған әскери қызметшiлер мен IIБ қызметкерлерiнiң отбасыларына
057 Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң әйелдерiне (ерлерiне)
058 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қайсарлық еңбегi мен мiнсiз қызметi үшiн
ордендермен және медальдермен марапаттаған адамдарға
059 Басқалары
060 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және IIБ қызметкерлерiне арнайы
мемлекеттiк жәрдемақыны қайтару
061 Ұлы Отан соғысының қатысушылары бойынша
062 Ұлы Отан соғысының мүгедектерi бойынша
063 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген адамдар бойынша
064 Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар бойынша
065 Ұлы Отан соғысында қайтыс болған әскерлердiң жесiрлерi бойынша
066 Қайтыс болған әскери қызметшiлер мен ІІБ қызметкерлерiнiң отбасылары
бойынша
067 Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң әйелдерi (ерлерi) бойынша
068 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қайсарлық еңбегi мен мiнсiз қызметi үшiн
ордендермен және медальдермен марапаттаған адамдар бойынша
069 Басқалары
070 Басқа санаттағы азаматтарға берiлетiн арнайы мемлекеттiк жәрдемақы
071 1 және 2 топтағы мүгедектерге
072 3 топтағы мүгедектерге
073 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға
074 Көп балалы аналарға
075 Ақталған азаматтарға
076 Ерекше қызметi үшiн зейнетақы алатын адамдарға
077 Басқалары
080 Басқа санаттағы азаматтарға арнайы мемлекеттiк жәрдемақыны қайтару
081 1 және 2 топтағы мүгедектерге
082 3 топтағы мүгедектерге
083 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға
084 Көп балалы аналарға
085 Ақталған азаматтарға
086 Ерекше қызметi үшiн зейнетақы алатын адамдарға
087 Басқалары
088 Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинағы бойынша
кредиторлық қарыздарын өтеу
090 Басқа төлемдер
1 - Ерекше аударымдар
110 Өтеусiз аударымдар
111 Емделуге арналған аударым
112 Оқытуға арналған аударым
119 Басқалары
120 Мүшелiк жарнамалар
130 Филиалдар мен өкiлдiктердi қаржыландыру
140 Филиалдар мен өкiлдiктердiң қаржыны қайтаруы
150 Банктердiң корреспонденттiк есепшоттары бойынша транзиттiк аударымдар
160 Нетто-айқындамалары бойынша есеп айырысулар
170 Кепiлдiк жарна
180 Кепiлдiк жарнаны қайтару
190 Басқа да аударымдар
2 - Шетел валютасымен және қымбат металдармен жүргiзiлетiн операциялар
210 Сатып алу
211 Шетел валютасын теңгеге
212 Монетарлық алтынды
219 Басқа да қымбат металдарды
220 Сату
221 Шетел валютасын теңгеге
222 Монетарлық алтынды
229 Басқа да қымбат металдарды
230 Шетел валютасын айырбастау
290 Басқа да төлемдер
3 - Депозиттер
310 Депозиттердi орналастыру
311 Талап етiлгенге дейiн
312 Қысқа мерзiмдiк (1 жылдан астам емес)
313 Орташа мерзiмдiк (1 жылдан астам және 3 жылдан астам емес)
314 Ұзақ мерзiмдiк (3 жылдан астам)
319 Басқа да депозиттер
320 Депозиттен алу
321 Талап етiлгенге дейiн
322 Қысқа мерзiмдiк (1 жылдан астам емес)
323 Орташа мерзiмдiк (1 жылдан астам және 3 жылдан астам емес)
324 Ұзақ мерзiмдiк (3 жылдан астам)
329 Басқа да депозиттер
390 Басқа да төлемдер
4 - Кредиттер
410 Кредиттер беру
411 Қысқа мерзiмдiк (1 жылдан астам емес)
412 Орташа мерзiмдiк (1 жылдан астам және 3 жылдан астам емес)
413 Ұзақ мерзiмдiк (3 жылдан астам)
419 Басқа да кредиттер
420 Кредиттердi өтеу
421 Қысқа мерзiмдiк (1 жылдан астам емес)
422 Орташа мерзiмдiк (1 жылдан астам және 3 жылдан астам емес)
423 Ұзақ мерзiмдiк (3 жылдан астам)
424 Қаржы лизингi
429 Басқа да кредиттер
490 Басқа да төлемдер
5 - Қазақстан Республикасының резидент еместерi шығарған бағалы
қағаздар, вексельдер және депозиттiк сертификаттары және шетел
капиталына инвестициялар
510 Капиталға қатысуды қамтамасыз ететiн акцияларды және басқа да бағалы
қағаздарды сатып алу, өтеп алу
520 Мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу
521 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
522 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
529 Басқалары
530 Мемлекеттiк бағалы қағаздарды өтеу
531 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
532 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
539 Басқалары
540 Корпоративтi борыштық бағалы қағаздарды, вексельдердi және депозиттiк
сертификаттарды сатып алу
541 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi вексельдер
542 1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi вексельдер
543 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi депозиттiк сертификаттар
544 1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi депозиттiк сертификаттар
545 Облигациялар
548 Басқалары, 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
549 Басқалары, 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
550 Корпоративтi борыштық бағалы қағаздарды, вексельдердi және депозиттiк
сертификаттарды өтеу
551 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi вексельдер
552 1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi вексельдер
553 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi депозиттiк сертификаттар
554 1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi депозиттiк сертификаттар
555 Облигациялар
558 Басқалары, 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
559 Басқалары, 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
560 Капиталға инвестициялар және бағалы қағаздар бойынша шығыс
561 Бөлiнген таза кiрiс және дивидендтер
562 Мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақы (процентпен)
563 Корпоративтiк борыштық бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттiк
сертификаттар бойынша сыйақы
570 Бағалы қағаздармен керi РЕПО операцияларын ашу
580 Бағалы қағаздармен РЕПО операцияларын жабу
590 Басқа да төлемдер
6 - Қазақстан Республикасы резиденттерi шығарған бағалы қағаздар мен
вексельдер және қазақстан капиталына инвестициялар
610 Капиталға қатысуды қамтамасыз ететiн акцияларды және басқа да бағалы
қағаздарды сатып алу, өтеп алу
620 Мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу
621 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
622 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен және 3 жылға дейiн
623 3 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
629 Басқалары
630 Мемлекеттiк бағалы қағаздарды өтеу
631 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
632 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен және 3 жылға дейiн
633 3 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
639 Басқалары
640 Корпоративтiк борыштық бағалы қағаздарды және вексельдердi сатып алу
641 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi вексельдер
642 1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi вексельдер
645 Облигациялар
648 Басқалары, 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
649 Басқалары, 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
650 Корпоративтi борыштық бағалы қағаздар мен вексельдердi өтеу
651 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi вексельдер
652 1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi вексельдер
655 Облигациялар
658 Басқалары, 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
659 Басқалары, 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
660 Капиталға инвестициялар және бағалы қағаздар бойынша шығыс
661 Бөлiнген таза кiрiс және дивидендтер
662 Мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақы (процентпен)
663 Корпоративтiк борыштық бағалы қағаздар және вексельдер бойынша
сыйақы
670 ҚР резиденттерi шығарған бағалы қағаздарымен керi РЕПО операцияларын
ашу
671 Мемлекеттiк бағалы қағаздармен
672 Корпоративтiк борыштық бағалы қағаздар және вексельдермен
680 ҚР резиденттерi шығарған бағалы қағаздарымен РЕПО операцияларын жабу
681 Мемлекеттiк бағалы қағаздармен
682 Корпоративтiк борыштық бағалы қағаздар және вексельдермен
690 Басқа да төлемдер
7 - Тауарлар және материалдық емес активтер
710 Инвестициялық тауарлар үшiн төлемдер
720 Басқа да тауарлар үшiн төлемдер
730 Материалдық емес активтердi сатып алу
740 Тауарларды жөндеуге арналған төлемдер (компьютерлердi жөндеу және
құрылыстық жөндеуден басқа)
780 Ұсынылмаған тауарларға арналған қаржыны қайтару
790 Басқа да төлемдер
8 - Қызмет
810 Көлік
811 әуе жолаушыларына арналған
812 әуе жүктерiне арналған
813 Басқа да әуе қызметтерiне арналған
814 Темiржол жолаушыларына арналған
815 Темiржол жүктерiне арналған
816 Басқа да темiржол қызметтерiне арналған
817 Көлiктiң басқа түрлерi - жолаушыларға арналған
818 Көлiктiң басқа түрлерi - жүктерге арналған
819 Көлiктiң басқа түрлерi - басқаларына арналған
820 Құрылыс қызметi
830 Сақтандыру қызметi
831 Өмiрдi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру сыйақысы (жарна)
832 Өмiрдi сақтандыру жөнiндегi сақтандырудың орнын толтыру
833 Басқа сақтандыру сыйақысы
834 Басқа сақтандыруларды өтеу
835 Қайта сақтандыруға беру
836 Қайта сақтандыруды өтеу
837 Сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша комиссиялық сыйақы
839 Басқалары
840 Қаржылық қызмет көрсету
850 Басқа да iскерлiк қызмет көрсету
851 Компьютерлiк және ақпараттық қызметтер
852 Байланыс қызметтерi
853 Роялти және лицензиялық төлемдер
854 Сауда мәмiлелерi бойынша делдалдардың қызметтерi
855 Операциялық лизинг (ағымдағы жалдау)
856 Коммуналдық қызметтер
859 Iскерлiк, кәсiби және техникалық әртүрлi қызметтер
860 Жеке тұлғаларға қызмет көрсету және мәдени демалыс саласындағы қызмет
861 Бiлiм беру қызметi
862 Медициналық қызмет
869 Басқалар
870 Жол жүру
880 Көрсетiлмеген қызмет үшiн қаржыны қайтару
890 Басқа төлемдер
9 - Бюджетке және бюджеттен төлемдер
900 Бюджетке және бюджеттен төлемдер
---------------------------------------------------------------------------
Ескерту:
0 бөлiм - "Зейнетақы төлемдерi және жәрдемақы"
Мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар төлеу, қайтару - жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында, өте зиянды жұмыстарда және өте ауыр еңбек жағдайларында жұмыс iстеген адамдарға.
Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражаты бойынша кредиттiк берешегiн өтеу - Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының (МЖЗҚ) салымшыларына МЖЗҚ-ға бұрын есептелген соманы қайтару себебiн анықтағаннан кейiн төлемдер мен жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарын екiншi рет аударым жасау. Төлем белгiлеудiң бұл коды МЖЗҚ-ға ғана қолданылады.
1-бөлiм - "Ерекше аударымдар"
Өтеусiз аударымдар (трансферттер), жеке тұлғалардың есепшот ашусыз жасалған бiржолғы аударымдарын қоса алғанда.
Емделуге және бiлiм алуға аударымдар - бенефициардың болашақта бiлiм алуға және емделуге пайдалануына арналған өтеусiз аударымдар, яғни бенефициардың өзi медициналық және бiлiм беру қызметiн ("Қызметтер" бөлiгiнде көзделген) көрсетушi болып табылмайды.
Басқа да өтеусiз аударымдар - түрлi сипаттағы өтеусiз аударымдар: сыйлықтар, алименттер, демеушiлiк көмек және т.б., сатылған лоторея билеттерi және олар бойынша ұтыстар.
Мүшелiк жарналар - ұйымның капиталына қатысуды қамтамасыз етпейтiн, бiрақ ұйымның қандай болса да қызмет көрсетуiн қамтамасыз ететiн жарналар. Мысалы: S.W.I.Ғ.Т акциялары (Халықаралық банкаралық қаржы коммуникациялары қауымдастығы) электронды байланысты пайдалану мүмкiндiгiн бередi, бiрақ компанияның өзiнiң капиталына қатысуын қамтамасыз етпейдi.
Филиалдар мен өкiлдiктердi қаржыландыру және филиалдар мен өкiлдiктердiң қаражатты қайтаруы - бас компаниялар мен оның заңды тұлға болып табылмайтын бөлiмшелерi арасындағы тiкелей аударымдар.
Банктердiң корреспонденттiк есепшоттары бойынша транзиттiк аударымдар - делдал банк арқылы шет елдiк банктер Қазақстанның банктерiне төлем жасаған кезде қойылады. Транзиттiк төлемдi алған кезде бенефициардың банкi болашақта шет елдерден алынған төлемдер бойынша мәлiметтер беру үшiн төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiнiң шынайы кодын қояды. Бенефициар банкi осы төлемнiң қажеттi деректемелерiн сатылған тауарлар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн ақы төленетiн клиенттер арасындағы шарттың негiзiнде жазады.
Нетто-позициялар бойынша есептеулер - клиринг ұйымдарының есеп айырысу ұйымына таза позициялар аударуы.
Кепiлдi жарна - конференцияларға, аукционға, тендерге қатысу үшiн төленетiн бастапқы жарна.
Басқа аударымдар - аударым жасау кезiнде құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда, бұрын ескерiлмеген төлемдер.
2-бөлiм - "Шет ел валютасымен және қымбат металдармен
жасалатын операциялар"
Сатып алу - алдын ала төлемдi қоса алғанда, теңгеге және қымбат металдарға шет ел валюталарын сатып алу.
Шет ел валюталарын айырбастау - бiр шет ел валютасын басқа шет ел валютасына сатып алу/сату.
Басқа төлемдер - шет ел валютасымен және қымбат металдармен операциялар жасаған кезде құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда бұрын ескерiлмеген төлемдер.
3-бөлiм - "Депозиттер" (Қазақстанның резиденттерi шығарған
депозиттiк сертификаттар)
Депозиттердi орналастыруға, сондай-ақ банктердiң клиенттерiнiң есепшоттарына ақша есептеу де кiредi.
Депозиттен алу - меншiк құқығын басқа тұлғаға көшiрместен қаражат аудару не қолма-қол ақша алу. Бұл бөлiмге алдын ала төлем жасау мен негiзгi депозит сомасы бойынша және сыйақы бойынша мерзiмi өткен берешек төлемдерiн қоса алғанда, сыйақы есептелген негiзгi борыш төлемдерi, есептелген сыйақы кiредi. Бұған тауарлар, қызметтер және басқалар үшiн өзге тұлғаларға жасалған төлемдер кiрмейдi. Мысалы: клиенттiң бiр банктегi өзiнiң есепшотынан басқа банктегi есепшотына аударымы, банктiң бiр банктегi өзiнiң корреспонденттiк есепшотынан басқа банктегi корреспонденттiк есепшотына аударымы.
Талап ету депозитiне банктердiң корреспонденттiк есепшоттарындағы, ағымдағы есепшоттар мен клиенттердiң талап ету депозиттiк есепшоттарындағы ақша кiредi.
Басқа депозиттер - кепiлдi депозиттер, клиенттердiң арнайы және басқа депозиттерi.
Басқа төлемдер - құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда, бұрын ескерiлмеген депозиттер бойынша төлемдер.
4-бөлiм - "Кредиттер"
Кредиттi өтеуге, сондай-ақ алдын ала төлем жасауды және негiзгi борыш бойынша және сыйақы бойынша мерзiмi өткен берешектi қоса алғанда сыйақы төлемi де кiредi. Сондай-ақ кредит бойынша, олар жеке төлем құжаттарымен ресiмделмеген жағдайда өзге де iлеспе телемдер (мысалы: қызмет көрсетуші банкке комиссиялық сыйақылар) кiредi.
Басқа кредиттер - мерзiмi көрсетiлмеген кредиттер және басқа да
көзделмеген кредит түрлерi.
Басқа төлемдер - құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың
қайтарылуын қоса алғанда бұрын ескерiлмеген кредиттер бойынша төлемдер.
5, 6-бөлiм - "Бағалы қағаздар"
"Капиталына қатысуын қамтамасыз ететiн басқа бағалы қағаздарға"
пайлар туралы куәлiктер, қатысу сертификаты жатады.
Басқа төлемдер - құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың
қайтарылуын қоса алғанда бұрын ескерiлмеген бағалы қағаздар бойынша
төлемдер.
7-бөлiм - "Тауарлар және материалдық емес активтер"
Бұл бөлiмге "Шет елдiк валюта және қымбат металдар" бөлiмiне
жатқызылған қымбат металдар кiрмейдi.
Тауар үшiн төлем жасауға, сондай-ақ алдын ала төлемдер (аванстық
төлемдер) кiредi.
Инвестициялық тауарлар - жер, үй-жайлар мен ғимараттар, машиналар, құрал-жабдықтар мен механизмдер, берiлiс құрылғылары, көлiк құралдары.
Басқа тауарлар - шикiзаттар мен материалдар, жартылай дайын өнiм және жинақтаушы бұйымдар, отын және электр энергиясы, ыдыс және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, кеңсе тауарлары, тамақ өнiмдерi, тұрмыстық аспаптар, киiм-кешек, аяқ киiм және басқалары.
Тауар жөндеуге үй-жайлар мен ғимараттар жөндеуден (құрылыс қызметiне жатқызылған) және компьютер жөндеуден (компьютерлiк және ақпараттық қызметке жатқызылған) басқа кез келген тауарлардың жөндеу (күрделi немесе ағымдағы) құны кiредi.
Материалдық емес активтер - жеке меншiкке сатып алынған материалдық емес активтер (патенттер, бағдарламалық қамтамасыз етулер, гудвилл және т.б.). Материалдық емес активтердi пайдалану құқығын сатып алу "Роялти және лицензиялық төлемдер" қызметi бабы бойынша көрсетiледi.
Берiлмеген тауарлар үшiн қаражатты қайтаруға, сондай-ақ берiлмеген материалдық активтер үшiн және тауар жөндеу бойынша көрсетiлмеген қызмет үшiн қаражатты қайтару да кiредi.
Басқа төлемдер - құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда бұрын ескерiлмеген тауарлар бойынша төлемдер.
8-бөлiм - "Қызметтер"
Көрсетiлген қызмет үшiн төлемдерге, сондай-ақ алдын ала төлемдер (аванстық төлемдер) жатқызылады.
Көлiк қызметiне барлық көлiк түрлерiнiң (теңiз, әуе, темiр жол, автомобиль, құбыр) тасымалы кiредi. Бұларға жүк тасымалы, жолаушылар тасымалдау, сондай-ақ басқа да (iлеспе және қосалқы) көлiк қызметтерi жатады.
Жүк тасымалы - көлiк компанияларының транзиттiк және пошта тауарларын тасымалдауды, сондай-ақ жүк тасымалдау мақсатында экипажбен қоса көлiк құралдарын жалдауды қоса алғанда жүк тасымалы бойынша көрсетiлетiн қызметтер.
Жолаушылар тасымалдау - көлiк компанияларының жолаушылар тасымалдау бойынша көрсететiн қызметтерi: жол жүру ақысы (билеттiң құны) және жолаушыға тиесiлi артық жүктi және басқа мүлiктi тасымалдағаны, сондай-ақ жолаушылар тасымалдау мақсатында экипажбен қоса көлiк құралдарын жалдау үшiн ақы төлеу.
Басқа көлiк қызметтерi - порттық алымдар, тиеу-түсiру жұмыстары, сақтау және қоймаға жинау, навигациялық қызметтер, көлiк құралдарына қосалқы қызмет көрсету және т.б., сондай-ақ жүк және жолаушы тасымалдауға байланысты агенттiк қызметтерге комиссиялық алымдар мен ақы төлеу. Басқа көлiк түрi бойынша көлiк қызметiн бөлу мүмкiндiгi болмаған жағдайда 819 төлем белгiлеу коды қолданылады.
Құрылыс қызметi - құрылыс объектiлерiн салу және құрал-жабдықтарды монтаждау, сондай-ақ үй-жайлар мен ғимараттарды жөндеу. Сонымен қатар объектiлердi салу кезiнде сатып алынатын және пайдаланылатын тауарлардың құны құрылыстық қызметтер бабы бойынша ескерiледi.
Сақтандыру қызметтерi - сақтандыру компаниялары жүзеге асыратын барлық сақтандыру түрлерi, сондай-ақ қайта сақтандыру бойынша қызметтер.
Басқа сақтандыру қызметтерiне, сондай-ақ сақтандыру агенттерiне төленетiн комиссиялық төлемдердi қоса алғанда қосалқы сақтандыру қызметтерi кiредi.
Қаржы қызметтерi - кредиттер мен несие беруге (қаржы лизингiн қоса алғанда), аккредитивтермен, банктiк акцептермен, фьючерстiк тауар мәмiлелерiмен, шетелдiк валюталармен және т.б. операциялармен байланысты делдалдық және қосалқы қызметтер, оның iшiнде трансфер-агенттiк (сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорларының қызметтерiн қоспағанда) қызметтер, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыларға комиссиялық сыйақы (брокерлер, тiркеушiлер, активтердi басқару жөнiндегi компаниялар және т.б.).
Басқа iскерлiк қызметтер
Компьютер және ақпарат қызметтерi - деректердi және ақпараттық хабарларды өңдеу жөнiнде қызмет көрсету бойынша операциялар. Оған мыналар жатқызылады: мәлiметтер базасы - құру, сақтау және мәлiметтер жиынтығымен нақты уақыт режимiнде жұмыс жасау; деректердi табуляция жасауды, деректердi компьютерлiк уақытты ұжымдық пайдалану режимiнде немесе сағаттық кесте негiзiнде өңдеу, тұрақты негiзде сыртқы пайдаланушылардың есептеу жиынтығын басқару; компьютер техникасы және жабдықтау саласындағы консалтинг; нақты тапсырыс берушiлер жүйесiн өңдеу мен бағдарламалауды қоса алғанда, бағдарламалық қамтамасыз етудi енгiзу; компьютерлердi және шалғайдағы құрылғыларды пайдалану мен жөндеу; бұқаралық ақпарат құралдарын жаңалық мәлiметтерiмен, фотография материалдарымен және тақырыптық мақалалармен қамтамасыз етудi қоса алғанда ақпарат агенттiктерiнiң қызметтерi; мерзiмдiк басылымдарға тiкелей (жеке) жазылым жүргiзу.
Байланыс қызметi - телекоммуникация қызметтерi (телефон, телекс, телеграф, телерадио хабарлары, электронды пошта, спутниктiк және факсимильдi байланыс және т.б.), пошта қызметi мен курьерлік байланыс қызметiн көрсету (хат-хабарларды, жiберiлiмдердi, газеттердi, мерзiмдiк басылымдарды және т.б. жинау мен жеткiзіп беру).
Роялти және лицензиялық төлемдер - материалдық емес активтердi және меншiк құқығын (патент, авторлық құқық, сауда белгiлерi, технологиялық процестер, бағдарламалық қамтамасыз ету және тағы сол сияқтыларды) заңды негізде пайдалану және түпнұсқалар мен көшiрмелердi (қолжазба, фильм және т.б. сияқтыларды) немесе тәжiрибелiк үлгiлердi пайдалану (лицензиялық келiсiм негiзiнде) пайдаланғаны үшiн төлемдер.
Сауда мәмiлелерi бойынша делдалдардың қызмет көрсетуi - теңiз және әуе кемелерiндегi сауда мәмiлелерiн және аукциондық мәмiлелердi қоса есептегенде, тауарлар және қызмет көрсетумен болған сауда мәмiлелерiнен түскен сауда-делдалдық фирмалардың, брокерлердiң, дилерлердiң, сауда агенттерiнiң комиссиялық алымдары.
Операциялық лизинг (ағымдағы жалдау) - қызметкерсiз жабдық лизингi (қаржылық лизингтi есептемегенде), экипажсыз көлiк құралдарын жалға беру (чартер), үй-жайларды жалдау.
Коммуналдық қызмет - заңды және жеке тұлғалардың коммуналдық қызмет үшiн төлемдерi. Коммуналдық қызметке жеке тұлғалар ақы төлеген кезде төлем белгiлеу коды қойылмайды.
Түрлi iскерлiк, кәсiби және техникалық қызметтер мынадай қызмет түрлерi бойынша операцияларды қамтиды:
- заң, аудиторлық және бухгалтерлiк қызмет, кеңес беру және консультация, құжаттар беру мен дайындау түрiндегi басқару және жұртшылықпен байланыс саласындағы консультациялық қызмет және т.б.;
- жарнама және рынок конъюнктурасын зерделеу саласындағы қызметке жарнамалық агенттiктердiң жарнамалар әзiрлеуi, жасауы және сатуы, жарнама беру уақытын сатып алу мен сатуды қоса алғанда жарнамаларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру; көрмелер мен сауда жәрмеңкелерiн өткiзу; тауарға жарнама жасау; рынокты зерделеу және түрлi мәселелер бойынша сұрақ-жауап жұмысын жүргiзу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстар және тәжiрибелiк-құрастырушылық әзiрлемелерге бұйымдар мен технологиялардың жаңа түрлерiн жасау мақсатындағы іргелi зерттеулер, қолданбалы және тәжiрибелiк әзiрлемелердi өткiзу жөнiндегi қызмет, нақты және гуманитарлық ғылымдар саласындағы тиiстi жұмыстар, сондай-ақ техникалық жаңалықтар болып табылатын операциялық жүйелердi әзiрлеу;
- сәулет, инженерлiк және өзге техникалық қызметке сәулет және құрылыс жобаларын әзiрлеу, геологиялық барлау, картаға түсiру, өнiм сапасын тексеру және оған сертификат беру, техникалық бақылау, электр энергиясын беру және тарату;
- ауыл шаруашылығы, пайдалы қазбалар өндiру және өнiмдi сол жерде қайта өңдеу саласындағы қызметке ауыл шаруашылық дақылдарын (мысалы, өсiмдiктердi аурулардан және зиянкестерден қорғау, өнiмдiлiктi арттыру) өсiру; орман шаруашылығы; пайдалы қазбалар өндiру (кен құрамын талдау және т.б.); импорт (экспорт) бойынша келiп түскен (жiберiлген) және реэкспортқа (реимпортқа) келмейтiн өнiмдi қайта өңдеу және өңдеу, мысалы, ядролық қалдықтарды қайта өңдеу жөнiндегi қызмет көрсету;
- осы санатқа жататын басқа қызметке кадрларды iрiктеу, күзет және қауiпсiздiк, аударма, суретке түсiру, үй-жайлардың алдын тазарту, кедендiк ресiмдеу және визаларды ресiмдеу жөнiндегi қызмет, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарының қызметi, сондай-ақ жоғарыда атап көрсетiлмеген қызметтер кiредi.
Жеке адамдарға қызмет көрсету және мәдениет пен демалыс саласындағы қызмет.
Өзге қызметтерге - фильмдердi, радио- және телебағдарламалар жасау және музыкалық шығармалардың жазбасын жасау жөнiндегi қызмет; гастрольдер, театр, музыкалық, спорттық және цирк қойылымдарын жасаумен байланысты актерлерге, режиссерлерге еңбекақы төлеу; мұражайлар, кiтапханалар, архивтердiң жұмысымен байланысты және спорттық шараларды ұйымдастыру жөнiндегi қызмет көрсетулер жатады. Бұдан басқа осы санатта касетаның құнымен қоса, бұқаралық ақпарат құралдарының бейне- және радио жазбаларды тарату (көрсету) құқығын жалға беруден, сатудан түсетiн төлемдер мен түсiмдер есепке алынады. Жол жүруге жол құнын (билеттердi) есептемегенде, iссапар шығыстары, сатып алынған туристiк жолдамалардың құны кiредi.
Басқа төлемдер - құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың
қайтарылуын қоса есептегенде, бұрын есепке алынбаған қызмет жөнiндегi
төлемдер.
9-бөлiм - "Бюджетке төленетiн және бюджеттен алынатын төлемдер"
Осы бөлiмге бюджетке төлемдер, бюджеттен төленетiн төлемдер
(зейнетақылар мен жәрдемақылардан басқа) мен құқық қорғау және күш қолдану
органдарының төлемдерi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Басқармасының 1999 жылғы N 388 қаулысымен
бекiтілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
жiктеушісiн-төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушісiн
қолдану ережесiне
N 3 қосымша
Электрондық - бiр айлық
"Қазақстан Республикасының банкаралық есеп айырысу
орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкiне есеп беру кезеңі үшiн
айдың 10-на дейiн ұсынады.
2000 жылдың ____________ айы үшiн ҚБЕО арқылы өткен банкаралық
төлемдер бойынша
МӘЛIМЕТ
---------------------------------------------------------------------------
Ақпарат!Қабылдап!Бенефициар!Келiп ! Ақшаны ! Бенефициар! Егжей-
көзi ! алушы ! банктің !түскен ! жiберушi ! !
!банктiң ! ББК !және !-----------!-----------!---------------
! ББК ! !шығыс !рези.!эко. !рези.!эко. !Төлем !
! ! !төлем. !дент.!номи.!дент.!номи.!белгілеу!
! ! !дерiнiң!тік !ка !тік !ка !коды !
! ! !белгiсi!белгі!сек. !белгі!сек. ! !
! ! ! ! !торы ! !торы ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 ! 9 !
---------------------------------------------------------------------------
1 х х
1 х х
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
-----------------------------------------------
тегжейлі !
----------------------------------------------!
Есеп беру !Төлем сомасы!Төлем валютасы! Ел !
кезеңіндегi ! (мың) ! ! !
төлемдер саны! ! ! !
----------------------------------------------!
10 ! 11 ! 12 ! 13 !
-----------------------------------------------
х х !
х х !
-----------------------------------------------
"___"____________ 2000 жыл Басшы __________________
_______________________________________ Бас бухгалтер __________
орындаушының аты-жөнi, телефон нөмерi
Ескерту:
1. Мәлiметтер Қазақстан Республикасының банкаралық есеп айырысу
орталығы белгiлеген жiберу форматтарымен электронды түрде ұсынылады.
2. Мәлiметтiң өз уақытында ұсынылу жауапкершiлiгi Басшыға жүктеледi.
Мәлiметтiң толтырылуы бойынша
НҰСҚАУЛЫҚ
ҚБЕО арқылы жүргiзiлген (бұдан әрi - ҚБЕО мәлiметi) банкаралық төлемдер бойынша мәлiметтер Қазақстан аймағындағы ҚБЕО арқылы жүргiзiлген ақша ағынын көрсету үшiн, сондай-ақ төлем белгiлеу бойынша жiктеу ағынына арналған.
ҚБЕО мәлiметiн ҚБЕО арқылы операциялар жүргiзетiн бойынша барлық
қолданушылар бойынша әр ай сайын жасалады.
ҚБЕО мәлiметтерi төлем туралы төмендегiдей ақпараттар енгiзiлген 13
бағаннан тұрады:
1 баған - ақпарат көзi. Бұл жол ҚБЕО бойынша алынған деректi
бiлдiредi, бұл жолда 1 саны қойылады.
2 баған - Қабылдап алушы банктiң Банктiк бiрегейлендiрiлген коды
(ББК).
3 баған - толтырылмайды.
4 баған - толтырылмайды.
5 баған - Ақша жiберушiнiң резиденттiгiнiң белгiсi.
6 баған - Ақша жiберушiнiң экономика секторының коды.
7 баған - Бенефициардың резиденттiгiнiң белгiсi.
8 баған - Бенефициардың экономика секторының коды.
9 баған - төлем белгiлеудiң коды.
10 баған - Есептi кезең үшiн төлем саны. Бастапқы 0 белгiсi
қабылданады. Бiр төлем бағанын көрсету кезiнде 1 мәнi қабылданады. Егер
жаңа төлемнiң параметрi 2, 5, 6, 7, 8, 9 бағандарымен сәйкес болса сол
бағандағы белгi 1-ге, ал 11 бағандағы белгi жаңа төлемнiң сомасына
көбейедi.
11 баған - мың. теңгедегi төлем сомасы (үтiрден кейiнгi бiр белгi
дөңгелектеп алынады).
12 баған - толтырылмайды.
13 баған - толтырылмайды.
Ескерту:
Орталық депозитарлы бағалы қағаздар, Қазақстан қор биржасы, ЖШС
"Тимей" қаржылық-өндiрiстiк компаниясы", Алматы клирингiлi палатасы және
басқалар арқылы жүргізiлетiн бағалы қағаздар бойынша, валюта бойынша және
нетто- позиция есебi бойынша операцияны ҚБЕО арқылы жүргiзу кезінде ҚБЕО
мәлiметiнде сол операциялар қабылдап алушы банк бойынша көрсетiледi. Бұл
ретте ақша жiберушi сияқты көрсетiлген ұйымдар ҚБЕО есебінде көрсетiлмейдi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388
қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай
жiктеушiсiн қолдану ережесiне
N 4 қосымша
Кiм ұсынады ________________ ББК _________________________
Атауы
Электронды - бiр айлық
"Қазпошта" ААҚ және екінші деңгейдегi банктер
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкке
келесi есептi кезең үшiн айдың 10-на дейін
ұсынады
20__ жылдың ________ айы үшiн аударым және төлем бойынша
МӘЛIМЕТ
---------------------------------------------------------------------------
Ақпарат!Қабылдап!Бенефициар!Келiп ! Ақшаны ! Бенефициар! Егжей-
көзi ! алушы ! банктің !түскен ! жiберушi ! !
!банктiң ! ББК !және !-----------!-----------!---------------
! ББК ! !шығыс !рези.!эко. !рези.!эко. !Төлем !
! ! !төлем. !дент.!номи.!дент.!номи.!белгілеудің!
! ! !дерiнiң!тік !ка !тік !ка !коды !
! ! !белгiсi!белгі!сек. !белгі!сек. ! !
! ! ! ! !торы ! !торы ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 ! 9 !
---------------------------------------------------------------------------
1
1
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------
тегжейлі !
--------------------------------------------------!
Есепті !Төлем сомасы!Төлем валютасы! Мемлекет !
кезең үшін ! (мың) ! ! !
төлем саны ! ! ! !
--------------------------------------------------!
10 ! 11 ! 12 ! 13 !
---------------------------------------------------
"___"____________ 2000 жыл Басшы __________________
_______________________________________ Бас бухгалтер __________
орындаушының аты-жөнi, телефон нөмерi
Ескерту:
1. Мәлiметтер Қазақстан Республикасының банкаралық есеп айырысу орталығының тапсыру форматтарында бекiтiлген электронды түрде ұсынылады.
2. Мәлiметтiң мезгiлiнде ұсынылу жауапкершiлiгi Басшыға жүктеледi.
МӘЛIМЕТТЕРДI ТОЛТЫРУ БОЙЫНША
НҰСҚАУЛЫҚ
"Қазпошта" және екiншi деңгейдегi банктердiң (ЕДБ) мәлiметтерi Қазақстаннан шығатын және келiп түсетiн ақша ағынына, сондай-ақ Қазақстан аймағында жүргiзiлетiн және төлем белгiлерi бойынша ағын жiктеуiшiн көрсету үшiн арналған.
Мәлiметтер банк және немесе "Қазпошта" ААҚ жүйесi бойынша төлем құжаттары негiзiнде ай сайын жалпы толтырылады.
"Қазпошта" және ЕДБ мәлiметi:
А) Ностро корреспонденттiк есепшоттар бойынша және Лоро шетелдiк банктiктердiң есепшоттары бойынша жүргiзiлген банкаралық төлемдер бойынша, соның iшiнде "Қазпошта" жүргiзген пошталық операциялар бойынша жасалады. Келесi баланстық есепшотты Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi бухгалтерлiк есептiң Жоспарына қолдануға болады:
1052*4* - басқа банктердегi корреспонденттiк есепшот (активтi),
201324* - шетелдiк банктердегi корреспонденттiк есепшот (пассивтi),
202324* - шетелдiк банктердегi корреспонденттiк есепшот (пассивтi),
Б) Банк iшiндегi төлемдер бойынша, соның iшiнде "Қазпошта" ААҚ жүргiзген пошталық операциялар бойынша.
Мәлiмет төлем туралы мынадай ақпараттар енгiзiлген 13 бағаннан тұрады:
1 - баған - ақпарат көзi. Бұл жол алынған ақпараттар дерегiн және ЕДБ есебi бойынша көрсетедi. Бұл жолға 1 саны қойылады.
2 - баған - Банктiк бiрегейлендiрiлген коды. Қабылдап алушы Банктiң (ББК) коды.
3 - баған - Банк-бенефициардың ББК. ЕДБ мәлiметтерiнде бiр банктiң екi клиентi арасында жүргiзiлген операция бойынша ақпараттарды көрсету кезiнде 3 бағаны толтырылмайды.
Шетелдiк банктiң ББК халықаралық төлем жағдайында (3 баған және 2 баған) қажеттi ақпараттар болған кезде толтырылады.
4 - баған - Бастапқы және шығыс төлемдерiнiң белгiсi (есеп беретiн банктер үшiн). Бұл баған мынадай үлгiде толтырылады:
1 - есеп беретiн банктен Қазақстан банктерiне жiберiлген тікелей корреспонденттiк есепшот бойынша төлем;
2 - есеп беретiн банктен шетелдiк банктерге жiберiлген тiкелей корреспонденттiк есепшот бойынша төлем;
3 - есеп беретiн банк шетелдiк банктен алған тiкелей корреспонденттiк есепшот бойынша төлем;
4 - клиенттер есепшоттары бойынша банк iшiнде жүргiзiлген төлем. Бұл ретте есеп берушi банк бiр мезгiлде және банк алушы және банк бенефициар болып табылады. Бұл операциялар бойынша 3 - баған толтырылмайды.
5 баған - Ақша жiберушiнiң резиденттiгiнiң белгiсi.
6 баған - Ақша жiберушiнiң экономика секторының коды.
7 баған - Бенефициардың резиденттiгiнiң белгiсi.
8 баған - Бенефициардың экономика секторының коды.
9 баған - төлем белгiлеудiң коды.
Тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша халықаралық төлемдер енетiн жағдайда ( 4=3 б.), 5, 6, 9 бағандарын есеп берушi банк төлем келген банк - корреспонденттiң тапсырмасы және/немесе төлем негiздемесi қызметiн атқаратын басқалай (төленбейтiн) құжаттары негiзiнде толтырады.
10 баған - Есептi кезең үшiн төлем саны. Бастапқы 0 белгiсi қабылданады. Бiр төлем бағанын көрсету кезiнде 1 белгiсi қабылданады. Жаңа төлем параметрi 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13 бағандарымен сәйкес келсе сол бағандағы мәнi 1-ге, 11 - бағандағы белгi жаңа төлемнiң сомасына көбейтiледi.
11 - баған - Валюта төлем бiрлiгiнiң мың. төлем сомасы (үтiрден
кейiнгi бiр сан дөңгелектеп алынады).
12 - баған - Төлем валютасының коды. Халықаралық ұйымдардың (ISО)
стандарты бойынша стандарттарына сәйкес белгiленедi.
13 - баған - Резидент емес мемлекет (ақша жiберушi немесе бенефициар)
- Халықаралық ұйымдардың (ISО) стандарты бойынша стандарттарына сәйкес
толтырылады. "Резидент - резидент емес" түрiндегi халықаралық
операцияларды жүргiзу кезiнде толтырылады. (Егер 5, 7 бағандарындағы
белгiлер сәйкес келмесе).
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.