Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы 2000 жылғы 9 қазан N 381 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 қараша N 1290 тіркелді

Қолданыстағы
      Қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Z952155_ Қазақстан Республикасы Президентінiң Заң күшi бар Жарлығы негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 V990746_ қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыру бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастан күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 V990746_ қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыруды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 V990746_ қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыруды Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекенi қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгiне жiберсiн;
      3) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 V990746_ қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына жiберсiн.
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 V990746_ қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыруды екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.
     Ұлттық Банк
     Төрағасы


                                               Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 381 қаулысымен бекiтiлген


           Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының

        "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi
      банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
     асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн
          белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N  82  

V990746_

           
              қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыру
     
     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан 
Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк 
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық 
қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 
сәуiрдегi N 82 қаулысының N 1 қосымшасының ескертуiндегi:
     1) "металл" деген сөз алынып тасталсын;
     2) мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
     "Ұлттық Банктiң филиалы құны 1, 3 және 5 теңгелiк банкноттарды
қабылдағаны үшiн тарифтiк ақы алмайды."
     
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
     
      Мамандар: 
            Омарбекова А.Т.
            Багарова Ж.А.