Арнаулы мақсатқа сай пайдаланылмаған республикалық бюджеттің қаражатын қайтарып алу және республикалық бюджеттің қаражатын уақтылы есептемегенi (аудармағаны) және мақсатсыз пайдаланғаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану ережесiн бекіту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылғы 12 қазандағы N 434 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 қараша N 1285 тіркелді

Қолданыстағы
      Республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында және Қазақ КСР-ның Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiне, "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 P990626_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Қазынашылық комитетi туралы ережеге, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 338 P000338_ қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi туралы ережеге сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Арнаулы мақсатқа сай пайдаланылмаған республикалық бюджеттiң қаражатын қайтарып алу және республикалық бюджеттiң қаражатын уақытылы есептемегенi (аудармағаны) және мақсатсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жаза қолдану ережесi бекiтiлсiн.
      2. "Нысанасыз мақсатта пайдаланылған бюджеттiк қаражаттарды өндiрiп алу (қайтарып алу) және бюджеттiк қаражаттарды уақытында есептемегенi (аудармағаны) және мақсатсыз пайдаланғаны үшiн санкцияларды қолданудың тәртiбiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1998 жылғы 17 тамыздағы N 391 V980610_ бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр
                                                Қазақстан Республикасы 

Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 434 бұйрығымен бекітілген


           Арнаулы мақсатқа сай пайдаланылмаған республикалық
           бюджеттiң қаражатын қайтарып алу және республикалық
          бюджеттiң қаражатын уақытылы есептемегенi (аудармағаны)
          және мақсатсыз пайдаланғаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану

                              ЕРЕЖЕСI

      1. Жалпы ережелер
      1. Осы Ереже арнаулы мақсатқа сай пайдаланылмаған республикалық бюджеттiң қаражатын қайтарып алудың және республикалық бюджеттiң қаражатын уақытылы есептемегенi (аудармағаны) және мақсатсыз пайдаланғаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолданудың тәртiбiн анықтайды.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi - қаржы бақылау органдары) ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi және оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - қазынашылық органдары) республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты арнаулы мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда - мемлекеттiк мекемелерден, заңды және/немесе жеке тұлғалар мемлекеттiк тапсырыс бойынша шарттық (келiсiм-шарттық) мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнен қайтарып алуға, сондай-ақ жол берiлген бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
      3. Осы Ережеде республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуы деп республикалық бюджеттiң қаражатын мемлекеттiк мекемелердiң бекiтiлген шығыстар сметасына сәйкес келмейтiн, қазынашылық рұқсаттарда және республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң рұқсаттарында, сондай-ақ әрбiр айдың 1-күнiнде орын алатын мемлекеттiк тапсырыс бойынша шарттық (келiсiм-шарттық) мiндеттемелерiнде көзделмеген мақсаттарға жұмсау түсiнiледi.

         2. Арнаулы мақсатқа сай пайдаланылмаған республикалық
              бюджеттiң қаражатын қайтарып алудың тәртiбi

      4. Республикалық бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын тексерудi басшының жазбаша бұйрығы бойынша қаржы бақылау органдарының мамандары жүзеге асырады.
      5. Республикалық бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуының анықталған фактiлерi тексеру актiлерiмен (бұдан әрi - акт) (1-қосымша) ресiмделедi.
      6. Актiге тексерудi жүзеге асыратын қаржы бақылау органының маманы және тексерiлетiн мемлекеттiк мекеменiң (кәсiпорынның) басшы қол қояды. Қарсылық бiлдiрiлген жағдайда, мемлекеттiк мекеменiң (кәсiпорынның) басшысы актiдегi өзiнiң қолының алдынан "Қарсылықтары бар" деген белгi қояды және қарсылықтардың негiздiлiгiн жеке құжаттармен растайды. Қаржы бақылау органының тексерушiсi алынған қарсылықтарды қарайды және актiге қол қойылған күннен бастап бiр апта мерзiмде мемлекеттiк мекеменiң (кәсiпорынның) басшысына жазбаша жауап бередi.
      Қаржы бақылау органының қорытындысымен келiспеген тексерiлетiн мемлекеттiк мекеме (кәсiпорын) қабылданған шешiмге жоғары тұрған органға немесе сот тәртiбiмен шағынуға құқылы.
      7. Акт 4 данада жасалады, оның екеуi қаржы бақылау органының тексерушiсiнде және тексерiлетiн мемлекеттiк мекемеде (кәсiпорында) қалады, үшiншi данасы республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне жiберiледi, ал актiнiң төртiншi данасы арнаулы мақсатқа сай пайдаланылмаған республикалық бюджеттiң қаражатын қайтарып алуға арналған қорытындысымен (бұдан әрi - қорытынды) (2-қосымша) тиiстi қазынашылық органына жiберiледi.
      8. Актiнiң және қорытындының негiзiнде қазынашылық органы бюджеттiк сыныптаманың: мекеме, бағдарлама, кiшi бағдарлама, шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi кодтары бойынша республикалық бюджеттiң қаражатын қайтарып алуға арналған нұсқаманы (бұдан әрi - нұсқама) (3 қосымша) ресiмдейдi.
      9. Нұсқама 4 данада жасалады, бiрiншi данасы тиiстi қазынашылық органында қалады, екiншiсi - тексеру жүзеге асырылған мемлекеттiк мекемеге (кәсiпорынға) берiледi, үшiншiсi - республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне, төртiншiсi - тиiстi қаржы бақылау органына жiберiледi. Егер тексерiлген мемлекеттiк мекеме заңнамада белгiленген N 2-а нысаны бойынша лимиттердi бөлетiн бюджет ақшасын төмен тұрған бөлушi арқылы қаржыландырылатын болса, тиiстi қазынашылық органы нұсқаманың қосымша данасын жазып бередi және оны бюджет ақшасын төмен тұрған бөлушiге жiбередi.
      10. Қазынашылық органдары жазып берген және қаржы бақылау органдары алған нұсқамаларды тiркеу нөмiрленуi, жiппен қайымдалуы және мастикалық мөрмен сүргі салынуы тиiс арнаулы мақсатқа сай пайдаланылмаған республикалық бюджеттiң қаражатын есепке алу және олардың бюджетке қайтарып алынуын бақылау кiтабына (бұдан әрi - есепке алу кiтабы) (4-қосымша) жүргiзiледi. Есепке алу кiтабындағы парақтар саны тиiстi қаржы бақылау және қазынашылық органдары басшыларының қолымен расталады.
      11. Нұсқамаларды тiркеумен бiр уақытта қазынашылық органдары қазынашылық және қаржы бақылау органдары қайтарып алуға жататын сомаға басшыларының қолдары бар хабарлама - тiзiлiмдi (бұдан әрi - хабарлама) (5-қосымша) қалыптастырады, ол есептi кезеңнен кейiнгi әрбiр айдың 7-күнi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiне ұсынылады.
      12. Қазынашылық комитетi
      3 "Алдын ала рұқсат", 4 "Ағымдағы рұқсат" және 5 "Жыл басынан берi рұқсат етiлгенi" кестелерiнде бюджеттiк бағдарламалардың әрбiр әкiмшiсi, бағдарлама, кiшi бағдарлама, шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша қайтарып алынатын лимиттердiң сомасын көрсете отырып, хабарламалардың деректерi бойынша заңнамада белгiленген қазынашылық рұқсатты (қайтарып алуды) (1-О нысаны) жазып бередi.
      Жазып берiлген әрбiр қазынашылық рұқсатқа (қайтарып алуға) кейінгi рет нөмiрi берiледi. Бұл ретте өзi бойынша қайтарып алу жүргiзiлетiн құжат нысанындағы ерекшелiк көрсетiледi. Әрбiр қазынашылық рұқсатқа (қайтарып алуға) заңнамада белгiленген нысан бойынша қайтарып алуға жататын сомаға мемлекеттiк мекемелер бойынша тiзiлiм - растама ресiмделедi.
      Жоғарыда көрсетiлген қазынашылық рұқсаттың (қайтарып алудың) негiзiнде республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бағынысты мемлекеттiк мекемеге 3 "Алдын ала рұқсат", 4 "Ағымдағы рұқсат" және 5 "Жыл басынан берi рұқсат етiлгенi" кестелерiнде әрбiр мекеме, бағдарлама, кiшi бағдарлама және шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша қайтарып алынатын лимиттердiң сомасы көрсетiлетiн республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң рұқсатын (қайтарып алуын) (2-О нысаны) бередi. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жазып берiлген әрбiр рұқсатына (қайтарып алуына) кейiнгi рет нөмiрi берiледi.
      Хабарлама ағымдағы айға қаржыландыру ашылғаннан кейiн алынған жағдайда, бюджет қаражатын қайтарып алуды келесi айда Қазынашылық комитетi жүргiзедi.
      13. Тиiстi қазынашылық органдары арнаулы мақсатқа сай емес пайдаланылған бюджет қаражатына жүргiзiлген қайтарып алу туралы есепке алу кiтабының 8 және 9-кестелерiнде белгi қояды.
      14. Өзi бойынша бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша бюджеттiк тағайындаулар болмаған кезде белгiленген тәртiппен бюджеттiк тағайындаулар үлестiрiп беру мақсатында республикалық бюджет шығыстарының тiзiмдемесiне және мемлекеттiк мекеме шығыстарының сметасына өзгерiстер енгiзiледi.
      15. Ағымдағы қаржы жылы республикалық бюджеттен өткен қаржы жылдары бөлiнген бюджеттiк қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда, қайтарып алу ағымдағы қаржы жылының лимиттерiн кемiту жолымен жүргiзiледi.
      16. Ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте өзi бойынша өткен қаржы жылдары республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған бағдарлама, кiшi бағдарлама болмаған жағдайда, қайтарып алу өзi бойынша ағымдағы қаржы жылының республикалық бюджетiнде шығыстар көзделген бағдарлама, кiшi бағдарлама бойынша ағымдағы қаржыландыруды кемiту жолымен жүргiзiледi. Ағымдағы қаржы жылының республикалық бюджетiнде мұндай бағдарламалар болмаған жағдайда, республикалық бюджеттiң қаражатын қайтарып алу:
      1 "Әкiмшілік шығыстар" бағдарламасының 1 "Орталық органның аппараты" кiшi бағдарламасы шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелiктерi бойынша - республикалық бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуына жол берген республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiнде;
      осы мемлекеттiк мекеменi ұстауға арналып көзделген шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелiктерi бойынша - республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемеде жүргiзiледi.
      17. Заңды және/немесе жеке тұлғалар мемлекеттiк тапсырыс бойынша шарттық (келiсiм-шарттық) мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, мемлекеттiк тапсырысты орындауға арналып бөлiнген республикалық бюджеттiң қаражатын қайтарып алу осы Ереженiң 8-12-тармақтарында көзделген тәртiппен шарттық (келiсiм-шарттық) мiндеттемелердi орындамау сомасына республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiн ағымдағы қаржыландыруды кемiту жолымен жүргiзiледi.
      Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi, өз кезегiнде, осы қаражатты заңды және/немесе жеке тұлғалардан сот тәртiбiмен өндiрiп алуы тиiс.
      18. Жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер түрiнде бөлiнген қаражатты мақсатсыз пайдалану фактiлерi анықталған кезде, мақсатсыз пайдаланылған соманы қайтарып алу осы Ереженiң 8-12-тармақтарында көзделген тәртiппен осы бағдарлама бойынша ағымдағы қаржыландыруды кемiту жолымен жүргiзiледi. Ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша жоспарлы тағайындаулар болмаған кезде, қазынашылық органы қаржы бақылау органының актiсi негiзiнде жергiлiктi атқарушы органның республикалық бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылған сомасын жергiлiктi атқарушы органдар резервiнiң қаражаты есебiнен республикалық бюджеттiң кiрiсiне есепке алуына дейiн жергiлiктi бюджеттiң шотынан шығыс операцияларын тоқтата тұрады. Қазынашылық органы мақсатсыз пайдалану сомасын республикалық бюджетке аударуға арналған төлем тапсырмасының көшiрмесiн тиiстi қаржы бақылау органына жiбередi.
      19. Республикалық бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуына жол берген мемлекеттiк мекемелер (кәсiпорындар) қайта ұйымдастырылған жағдайда, олардың құқықтық мирасқорларынан қайтарып алу жүргiзiледi.
      20. Заңнамада белгiленген 2-б нысаны бойынша алынған бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылу фактiлерi анықталған кезде, осы нысанды берген республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiнен қайтарып алу жүргiзiледi.
      21. Ағымдағы қаржы жылының аяғында бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылу фактiлерi анықталған кезде, жазып берiлген нұсқамалар есепке алу кiтабының 6, 7-кестелерiнде тiркеледi және өтелмеген кезде ауыспалы қалдықпен ағымдағы жылдың есепке алу операциялары бойынша 10, 11-кестелердiң сомасына сәйкес келуi тиiс 4 және 5-кестелерге келесi жылға көшiрiледi.
      22. Қазынашылық комитетi есептi кезеңнен кейiнгi айдың 5 күнi Қаржы бақылау комитетiне мемлекеттiк мекемелер бөлiнiсiнде мақсатсыз пайдаланылған республикалық бюджеттiң қаражатын жүргiзiлген қайтарып алу туралы анықтаманы (6-қосымша) және республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бөлiнiсiнде мақсатсыз пайдаланылған республикалық бюджеттiң қаражатын жүргiзiлген қайтарып алу туралы жиынтық анықтаманы (7-қосымша) бередi.
      23. Қаржы бақылау комитетi есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20 күнi осы Ереженiң 22-тармағында көрсетiлген анықтаманы (6 қосымша) жүргiзiлген қайтарып алулар туралы есепке алу кiтабының 8 және 9-кестелерiнде белгi қою үшiн қаржы бақылау органдарына жеткiзедi.

           3. Республикалық бюджеттiң қаражатын уақытылы есептемегенi
             (аудармағаны) және мақсатсыз пайдаланғаны үшiн әкiмшiлiк
                          жаза қолданудың тәртiбi

      24. Республикалық бюджеттiң кiрiсiне уақытылы есептемеу, республикалық бюджеттен тиiстi екiншi деңгейдегi банктерге немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға алушылардың шоттарына аудармаудың, лауазымды тұлғалардың кiнәсiнен республикалық бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуының анықталған фактiлерi бойынша қаржы бақылау органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар (8-қосымша) (бұдан әрi - хаттама) жасайды және тиiстi қазынашылық органдарына жiбередi.
      25. Қазынашылық органы хаттаманы алғаннан кейiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарай отырып, Қазақ КСР-нiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiнiң 21-тарауына сәйкес, бiрақ құқық бұзушылық болған күннен бастап екi айдан, ал созылған құқық бұзушылық кезiнде - ол анықталған күннен бастап екi айдан кешiктiрмей, мынадай:
      әкiмшiлiк жаза қолдану туралы (9-қосымша);
      iс жүргiзудi тоқтату туралы (10-қосымша) қаулылардың бiрiн шығарады.
      Iстi жүргiзудi тоқтату туралы қаулы Қазақ КСР-нiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiнiң 240 және 241-баптарында көзделген жағдайларда шығарылады.
      Қазынашылық органы қаулының бiр данасын тиiстi қаржы бақылау органына жiбередi.
      26. Қазынашылық органдары әкiмшiлiк жаза қолдану туралы материалды қараудың қорытындылары туралы әкiмшiлiк жауапқа тартылған лауазымды тұлғаға дереу хабарлайды. Қаулының көшiрмесi үш күннiң iшiнде өзiне қатысты шығарылған тұлғаға тапсырылады немесе жiберiледi. Қаулының көшiрмесi қолхатпен тапсырылады. Қаулының көшiрмесi жiберiлген жағдайда, бұл туралы iсте тиiстi жазба жасалады.
      27. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы заңнамада белгiленген тәртiппен шағынылуы мүмкiн.
      28. Әкiмшiлiк жаза қолданудың айыппұл түрiндегi сомасы тиiстi қазынашылық және қаржы бақылау органдарының республикалық бюджет қаражатын уақытылы есептемегенi (аудармағаны) және мақсатсыз пайдаланғаны үшiн айыппұл санкцияларын есепке алу кiтабында көрсетiледi.
      29. Республикалық бюджеттiң қаражатын уақытылы есептемегенi (аудармағаны) және мақсатсыз пайдаланғаны үшiн өндiрiп алынған әкiмшiлiк айыппұлдар Қазақстан Республикасы Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодына республикалық бюджеттiң кiрiсiне есепке алынады.

                      4. Есеп және есептiлiк

      30. Мемлекеттiк мекемелерде жүргiзiлген қайтарып алудың сомасы бойынша қорытындылар: республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi үшiн - Қазынашылық комитетiнен алынған рұқсаттың негiзiнде, олардың бағынысты мемлекеттiк мекемелерi үшiн - олар алған республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң рұқсаттары немесе бюджет қаражатын төмен тұрған бөлушiлердiң рұқсаттары негiзiнде республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландыру ретiнде көрсетiледi. Бұл ретте қайтарып алудың көрсетiлген сомасы 095 "Мақсатсыз пайдаланудың қайтарып алынған қаражатының лимитi" қосалқы шотының дебетi және 230 (140) "мемлекеттiк мекемелердiң шығыстарын және басқа да iс-шараларды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi. 200 "Мемлекеттiк мекемелердi ұстауға және басқа да iс-шараларға арналған бюджет бойынша есеп айырысулар 2 қосалқы шотының дебетi және 095 қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетумен бiр уақытта екiншi жазба жүргiзiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн қосымша айналымдармен жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару 230 (140) қосалқы шотының дебетi және 200 қосалқы шотының кредитi бойынша бухгалтерлiк есеппен жүргiзiледi.
      31. Мемлекеттiк мекемелер үшiн шығыстар сметасының атқарылуы және бюджеттiк қаржы бөлудiң пайдаланылуы туралы есептілікте бюджетке қайтарып алынған республикалық бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылған сомасы қайтарып алу - 2 нысанында 5 "Жыл басынан берi рұқсат етiлгенi" және 7 "Iс жүзiндегi шығыстар" кестелерiнде көрсетiледi. Бюджеттен қаржыландыру сомасының қозғалысы туралы анықтамада (Шығыстар сметасының атқарылуы балансы (951 "Қайтарып алу" жолы бойынша коды 0503001) және шығыстар сметасының атқарылуы туралы бухгалтерлiк есеппен мемлекеттiк мекеме қоса беретiн түсiндiрме жазбада республикалық бюджетке қайтарып алынған мақсатсыз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы көрсетiледi.
      32. Қаржы бақылау органдары (облыстық, Астана және Алматы қалалары бойынша) Қаржы бақылау комитетiне олар жүргiзген тексерулер мен тексерiстердiң қорытындылары туралы ай сайын 5-күнi жедел мәлiметтер және 1-жартыжылдық бойынша және тұтастай алғанда жыл үшiн - есептi кезеңнен кейiнгi айдың 5-күнi заңнамада белгiленген 1-КР нысаны бойынша бақылау-тексеру жұмысы туралы есеп тапсырады. Көрсетiлген есепке қоса берiлетiн ақпаратта оларға негiз болған себептер, кiнәлi лауазымды тұлғалар көрсетiле отырып, бюджет қаражатының пайдаланылуын жиi кездесетiн бұзушылықтар, сондай-ақ тексерiстер барысында қалпына келтiрiлген мақсатсыз пайдаланылған қаражатты және республикалық бюджет қаражатының уақытылы есептелмегенi (аударылмағаны) және мақсатсыз пайдаланылғаны үшiн өндiрiп алынған айыппұл санкцияларының сомасын қалпына келтiру бойынша қабылданған шаралар көрсетiледi.
      33. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi

заңнамада белгiленген нысан бойынша Бюджет департаментiне ұсынатын 
республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы ай сайынғы есепте "Мақсатсыз 
пайдаланылғаны үшiн қайтарып алу" кестесiнде әрбiр функционалдық топ, iшкi 
функция, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бағдарлама, 
кiшi бағдарлама, шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi 
бойынша мақсатсыз пайдаланудың республикалық бюджетке қайтарып алынған 
сомасы көрсетiледi.

                                                             1-қосымша
 
                         Тексеру актiсi
     
      200__ жылғы "__"__________
     ________________________________________________________________
     (қаржы бақылау органының атауы, тексеру жүргiзу тапсырылған
     ________________________________________________________________
                 тұлғалардың лауазымдары, аты-жөндерi)
     ________________________________________________________________
     (тексерiлетiн мемлекеттiк мекеме мамандарының лауазымдары,
     ________________________________________________________________
                             аты-жөндерi)
     қатысуымен______________________________________________________
                    (тексерiлетiн мемлекеттiк мекеменiң атауы)
     ________________________________________________________________
     республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына 
     тексеру жүргiздi.
         Тексеру қаржы бақылау органының 200___ ж. "__"__________N____ 
     нұсқамасының негiзiнде __________________________________________
     (тексерiлетiн мем.мекеме, кәсiпорын басшысының лауазымы, аты-жөнi)
     ________________________________________________________________
     келiсiмiмен жүргiзiлдi.
     
     Тексерiлетiн кезең______________________________________________
     
     Тексеру 200__ жылғы "___"______басталып, 200__ жылғы "___" аяқталды.
     
     Тексеруде мынадай құжаттар қамтылды (тексерiлген құжаттардың тiзбесi
     көрсетiледi)___________________________________________________
     
     Тексеру нәтижесiнде республикалық бюджет қаражатының мақсатты 
пайдаланылуын мынадай бұзушылықтар анықталды (тексерiлген құжаттарға 
талдау, бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды көрсете отырып, бюджет 
қаражатын пайдалануды, заңнаманы, нұсқаулықтарды, әдiстемелiк нұсқауларды 
және басқа да нормативтiк құжаттарды анықталған бұзушылықтарды дәйектi 
баяндау келтiрiледi)
     ________________________________________________________________
     
     Қаржы бақылау
     органының маманы         ________________      ____________________ 
                                  (қолы)            (лауазымы, аты-жөні)
     
     
     
                                                            2-қосымша
     
     
                   Арнаулы мақсатқа сай пайдаланылмаған
         республикалық бюджеттiң қаражатын қайтарып алуға арналған
     
                            ҚОРЫТЫНДЫ
     
     Қорытынды 200__ жылғы "___"___________тексеру актiсiнiң негiзiнде 
жасалды.
     ________________________________________________________________
     (тексерiлетін мемлекеттiк мекеменiң (кәсiпорынның) атауы)
     


      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 338 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi туралы ережеге, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы _____ N_____ бұйрығымен

бекiтiлген Арнаулы мақсатқа сай пайдаланылмаған республикалық бюджеттiң 
қаражатын қайтарып алу және республикалық бюджеттiң қаражатын уақытылы 
есептемегенi (аудармағаны) және мақсатсыз пайдаланғаны үшiн әкiмшiлiк жаза 
қолдану ережесiнiң 7 тармағына сәйкес және бюджет қаражатын мақсатсыз 
пайдалану фактiлерi анықталған жоғарыда көрсетiлген тексеру актiсiнiң 
негiзiнде мынадай сома мемлекеттiк мекемелерден республикалық бюджетке 
қайтарып алуға жатады:
_________________________________________________________________________
|Мемлекеттік|Мекеменің коды |Бюджеттік сыныптаманың  | Сомасы  |Ескерту  |
|мекеменің  |(анықтамалыққа |коды мекеме, бағдарлама,| теңгемен|         | 
|  толық    | сәйкес)       |   кіші бағдарлама,     |         |         |
|  атауы    |               |     ерекшелік          |         |         | 
|___________|_______________|________________________|_________|_________|
|    1      |      2        |          3             |    4    |    5    | 
|___________|_______________|________________________|_________|_________|
|___________|_______________|________________________|_________|_________|

     Жалпы сомасы_________________________________________________ теңге  
                             (санмен және жазумен)   
      
 
     Қаржы бақылау
     органының басшысы    ________________      ____________________ 
                              (қолы)            (лауазымы, аты-жөні)
     
     200__ жылғы "___"________
     
     
                                                            3-қосымша 
     
         Республикалық бюджеттің қаражатын қайтарып алуға арналған
     
                              НҰСҚАМА
     
     200__ жылғы "___"________        200__ жылғы "___"________тексеру
                                      актісінің және__________________
                                      ________________________________
                                     (мемлекеттiк мекеменiң 
                                                  (кәсіпорынның) атауы)
                                      республикалық бюджеттің қаражатын
                                      қайтарып алуға арналған
                                      _____ жылғы ________ N ___
                                      қорытындының негізінде берілді.



      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 338 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi туралы ережеге, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы________ N___ бұйрығымен

бекiтiлген Арнаулы мақсатқа сай пайдаланылмаған республикалық бюджеттiң 
қаражатын қайтарып алу және республикалық бюджеттiң қаражатын уақытылы 
есептемегенi (аудармағаны) және мақсатсыз пайдаланғаны үшiн әкiмшілiк жаза 
қолдану ережесiнiң 7-тармағына сәйкес және бюджет қаражатын мақсатсыз 
пайдалану фактiлерi анықталған жоғарыда көрсетілген тексеру актiсiнiң 
негiзiнде мынадай сома мемлекеттiк мекемелерден республикалық бюджетке 
қайтарып алуға жатады:
     ____________________________________________________________________
     |Бюджеттік сыныптаманың коды            |         Сомасы            |
     |(мекеме, бағдарлама, кіші              |        (санмен)           |
     | бағдарлама, ерекшелік)                |                           |
     |_______________________________________|___________________________|
     |                1                      |           2               | 
     |_______________________________________|___________________________|
     |_______________________________________|___________________________|
     |_______________________________________|___________________________|
     
     Барлық сомасы_________________________________________________ теңге  
                             (санмен және жазумен)   
      
 
     Қазынашылық
     органының басшысы    ________________      ____________________ 
                              (қолы)            (лауазымы, аты-жөні)
     
     
     
                                                               4-қосымша
 
            Арнаулы мақсатқа сай пайдалынбаған республикалық
           бюджеттің қаражатын есепке алу және олардың бюджетке
                   қайтарып алуын бақылау
     
                            КІТАБЫ
__________________________________________________________________________ 
Жаз.  Тексерілетін   Республикалық    Өткен жылы жете   Ағымдағы жылы
ба.   мемлекеттік    бюдж. қаражат.  өндіріп алынба.   анықталған, қайтарып
ның  (кәсіпорынның)  мақсатсыз        ған жыл басын.   алуға жататын мақ.
N    атауы (мемле.   пайдаланғаны       дағы сома      сатсыз пайдаланылған
     кеттік мекеме.  анықталған                        сома 
     лер үшін кодын  шығыстардың                       Нұсқаманың күні
     көрсете отырып) бюджеттік                         мен N
                     сыныптамасы.  ________________________________________
                     ның коды        Сомасы Қайтарып   Сомасы Қайтарып 
                                            алуға             алуға  
                                            арналған          арналған
                                            Нұсқаманың        Нұсқаманың 
                                            күні мен N        күні мен N 
__________________________________________________________________________ 
1        2              3             4        5         6        7      
__________________________________________________________________________ 
__________________________________________________________________________ 
__________________________________________________________________________ 
__________________________________________________________________________ 
__________________________________________________________________________ 

таблицаның жалғасы
___________________________________________________________ 
Ағымдағы қаржы жылы жүргізіл.  Келесі жылға ауыстырылатын
ген қайтарып алу туралы белгі  қайтарып алынбаған соманың                  
                               қалдығы, Қайтарып алуға
                               арналған нұсқаманың
                               күні мен N
____________________________________________________________ 
 Сомасы   Құжаттың             Сомасы        Қайтарып 
          (рұқсаттың)                        алуға  
          күні мен N                         арналған
                                             Нұсқаманың 
                                             күні мен N 
_____________________________________________________________ 
  8          9                  10              11    
_____________________________________________________________ 
_____________________________________________________________ 
_____________________________________________________________ 
_____________________________________________________________ 
_____________________________________________________________ 
     
     
     
                                                            5-қосымша
     
                 Қайтарып алуға жататын сомаға арналған
                         ХАБАРЛАМА - ТIЗIЛIМ
                   _________жылғы____________ айы үшін



      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi туралы ережеге, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 338 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Қаржы бақылау комитетi туралы ережеге сәйкес

_________________________________________________________________________  
             (облыстар, Астана және Алматы қалалары)
бойынша қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 
Қазынашылық комитетiне қаржы бақылау органдары жүргiзген республикалық 
бюджет қаражатының пайдаланылуын тексерулер кезiнде мақсатсыз пайдалану 
фактiлерi анықталғанын, олар бойынша мынадай ұйымдардан республикалық 
бюджетке қаражат қайтарып алуға жататынын хабарлайды.
     
_________________________________________________________________________  
Мемлекеттік мекеменің    Мемлекеттік     Бюджеттік      Сомасы  |Ескерту 
атауы(республикалық      мекеменің коды  сыныптама     (теңгемен)
бюджеттік бағдарла.      (анықтамалыққа  коды (мекеме,
малардың әкімшілерін      сәйкес)        бағдарлама,
көрсете отырып)                          кіші бағдар.
                                         лама,
                                         ерекшелік) 
_________________________________________________________________________
         1                   2               3             4         5  
_________________________________________________________________________  
_________________________________________________________________________  
_________________________________________________________________________  
     Жалпы сомасы_________________________________________________ теңге  
                             (санмен және жазумен)   
      
 
     Қазынашылық
     органының басшысы    ________________      ____________________ 
                              (қолы)            (лауазымы, аты-жөні)
     
           
 
     Қаржы бақылау
     органының басшысы    ________________      ____________________ 
                              (қолы)            (лауазымы, аты-жөні)
     
     200___ жылғы "___"___________
     
     
                                                            6-қосымша
     
             Арнаулы мақсатқа сай пайдаланылмаған республикалық
          бюджеттің қаражатын жүргізілген қайтарып алулар туралы
     
                             АНЫҚТАМА
                  
                     200___ жылғы "___"___________
     
                                                            1-парақ
      ___________________________________________________________________  
      Мекеменің атауы    Бағдарлама    Ерекшелік    Сомасы   Құжаттың күні,
                           кіші                   (теңгемен)        N
                        бағдарлама
      ___________________________________________________________________  
    

      Қазынашылық комитетінің
        төрағасы              ________________      ____________________ 
                                  (қолы)                 (аты-жөні)
     
 
     
     
     
                                                            7-қосымша

                  Арнаулы мақсатқа сай пайдаланылмаған 
             республикалық бюджеттің қаражатын жүргізілген
                        қайтарып алулар туралы
     
                            ЖИЫНТЫҚ АНЫҚТАМА
     
            200___ жылғы___________ 200___ жылғы___________ үшін
     
     Министрліктер бойынша жиынтық
     Өлшем бірлігі - мың теңге
                                                                 1-парақ
    ________________________________________________________________  
     Коды Республикалық  Қайта.  Кезең үшін  Қалдығы   Айлар бойынша
          бюджеттік      рып     берілген 
          бағдарламалар  алудың  қайтарып            _______________
          әкімшісінің    сомасы  алудың              Қаңтар!Ақпан!
          атауы                  сомасы 
    ________________________________________________________________
  
     
     таблицаның жалғасы
    ____________________________________________________________________  
                 жүргізілген қайтарып алудың сомасы
     
    ____________________________________________________________________  
    Наурыз!Сәуір!Мамыр!Маусым!Шілде!Тамыз!Қыркүйек!Қазан!Қараша!Желтоқсан
    
    ____________________________________________________________________  
    

    Қазынашылық комитетінің
    төрағасы                   ________________      ____________________ 
                                  (қолы)                 (аты-жөні)
     
     
     
 
                                                            8-қосымша
     
                     Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы

                             ХАТТАМА
     
     
     ____________________________________________________________________  
                     (қаржы бақылау органының атауы)
     
     200___ жылғы "___"___________________________________________________ 
                                    (хаттаманың жасалған орны)
     
     _____________________________________________________тексеру кезінде  
                     (заңды тұлғаның атауы)
     _________________________________________________________анықталды.  
     (әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалған уақыты және мәні)
     Көрсетілген құқық бұзушылыққа жол берген:_____________________________
                                               (аты-жөні, лауазымы,
     ______________________________________________________________________
             жұмыс орны мекен-жайы, тұратын жері)
     Құқық бұзушыға оның Қазақ КСР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы     
     кодексінің 261-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері             
     түсіндірілді.
     Аталған құқық бұзушылық үшін жауаптылықты көздейтін нормативтік       
     құқықтық кесімге сілтеме__________________________________________
                                      (бап, тармақ)
     ______________________________________________________________________
     (куәгерлер мен жәбірленушілердің аты-жөндері мен мекен-жайлары)
     
     Құқық бұзушының түсіндірмесі:_________________________________________
     ______________________________________________________________________
     
     Өзге мәліметтер:______________________________________________________
     
     Хаттама__________________________________________________ жіберілді.
                      (қазынашылық органның атауы)
     
     200___ жылғы "___"________
     
     Хаттаманың екінші данасын:_________________________________алды.      
                             (заңды тұлғаның басшысының аты-жөні)
     ____________________________________________________________________
                  (хаттаманы жасаушының лауазымы, аты-жөні)
     


                                                            9-қосымша

ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті


                      Әкімшілік жаза қолдану туралы

                            N  ҚАУЛЫ  
      200___ жылғы "___"________ ________________________________________
                                     (қаулыны шығарған органның(лауазымды
     __________________________________________________қызмет ететін
     тұлғаның) атауы) (лауазымы, жұмыс орны)
     ____________________________________________________________________
                  (өзіне қатысты іс қаралып отырған тұлғаның аты-жөні)
     Қазақ КСР Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiнiң 167-1,       
     237-8-баптарын басшылыққа ала отырып,
     ____________________________________________________________________
     ____________________________________________________________________
     
                         ҚАУЛЫ ЕТЕДI
     ____________________________________________________________________
                     (тәртіп бұзушының аты-жөні)
     
     ____________________________________________________ бұзғаны үшiн
     (бұзылған нормативтiк құжаттардың атауы, тармақтардың нөмiрлерi)
     
     ____________________________________________________сомасында
     айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жазаға тартылсын.
     
     Айыппұл он бес күн мерзiмде төлеуге жатады.
     
     Қазынашылық органының басшысы __________    ____________________
                                     (қолы)      (аты-жөні, лауазымы)
     
     М.О.
     

     Қаулыны алған                  __________    ____________________
                                     (қолы)      (аты-жөні, лауазымы)
     
     
     
                      N  ҚАУЛЫНЫҢ ТҮБІРТЕГІ

     
             
     ____________________________________________________________________
                (тәртіп бұзушының аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны)
     
     ____________________________________________________________________
        (әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы қаулының қабылданған күні)
     ____________________________________________________________________
        (іс бойынша материалдарды алған лауазымды тұлғаның қолы)
     ____________________________________________________________________
        (айыппұл төлегені туралы белгі, түбіртектің нөмірі мен күні)
     (он бес күн мерзімде төлемеген жағдайда айыппұл өндіріп алу жөнінде   
     қабылданған шаралар; өндіріп алу жөнінде шаралар қолдану кезіндегі    
     айыппұлдың бюджетке аударылғаны туралы белгі, төлем тапсырмасының     
     нөмірі мен күні)
     
          Ескерту: Барлық материалдар әкімшілік тәртіп бұзушылықтар туралы 
     істе 3 жыл бойы сақталады.   
     Қаулыны шығарылған күнінен бастап 10 күн ішінде жоғары тұрған органға 
     немесе аудандық (қалалық) сотқа шағынылуы мүмкін. 

    
      Қазынашылықтың басшысы       __________    ____________________
                                     (қолы)      (аты-жөні, лауазымы)
     
     
     
                                                            10-қосымша


                                                 ҚР Қаржы министрлігінің

Қазынашылық комитеті


                      Іс жүргізуді тоқтату туралы

                              N ҚАУЛЫ

       200___ жылғы "___"________ ________________________________________

                                  (қаулыны шығарған органның(лауазымды
     __________________________________________________қызмет ететін
     тұлғаның) атауы)      (лауазымы, жұмыс орны)
     ____________________________________________________________________
           (өзіне қатысты іс қаралып отырған тұлғаның аты-жөні)
     
     бюджет қаражатын пайдалануды бұзғаны туралы істі қарай отырып,
     ______________________________________________________________________
     (тәртіп бұзушылықтың мәні және істі қарау кезінде анықталған
     ______________________________________________________________________
                        жағдайларды баяндау)
     _________________________________________________________ анықтады.
     
     Қазақ КСР Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiнiң 167-1,       
     237-8-баптарын басшылыққа ала отырып,
     ____________________________________________________________________
     ____________________________________________________________________
     
                         ҚАУЛЫ ЕТЕДI
     ____________________________________________________________________
     (Қазақ КСР Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiнiң  бабын 
     _______________________________________________негізінде тоқтатылсын.
     көрсете отырып, істі тоқтататын жағдайлар)
     
     
     Қазынашылық органының басшысы       __________    ____________________
                                           (қолы)      (аты-жөні, лауазымы)
     
          М.О.
     

     Қаулыны алған                 __________    ____________________
                                     (қолы)      (аты-жөні, лауазымы)
     
         Ескерту: Барлық материалдар әкімшілік тәртіп бұзушылықтар туралы  
     істе 3 жыл бойы сақталады.   
     Қаулыны шығарылған күнінен бастап 10 күн ішінде жоғары тұрған органға 
     немесе аудандық (қалалық) сотқа шағынылуы мүмкін. 

     
                                                            11-қосымша
     
                 Республикалық бюджеттің қаражатын уақытылы 
            есептемегені (аудармағаны) және мақсатсыз пайдаланғаны
                       үшін айыппұл санкцияларын
     
                          ЕСЕПКЕ АЛУ КІТАБЫ
      ____________________________________________________________________
      N   Мемлекеттік    Күні  Хаттама   Тәртіп    Әкім.  Өндіріп  Ескер.
      р/р мекеменің,           мен       бұзу.     шілік   алынды  ту 
          кәсіпорынның         қаулының  шылықтың  айып.
          атауы.               N         түрі      пұлдың
          Лауазымды                                сомасы
          тұлғаның
          аты-жөні 
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
     

       Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.