Нысанасыз мақсатта пайдаланылған бюджеттік қаражаттарды өндіріп алу (қайтарып алу) және бюджеттік қаражаттарды уақытында есептемегені (аудармағаны) және мақсатсыз пайдаланғаны үшін санкцияларды қолданудың тәртібін бекіту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 1998 жылғы 17 тамыз N 391 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 21.09.1994 ж. тіркелді. Тіркеу N 610. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 434 бұйрығымен. ~V001285

      "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы  Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      "Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1680  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 52, 478-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі туралы ережеге:
     3-тармақта:
     төртінші азатжолдағы "Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары" деген сөздер алынып тасталсын;
     бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші азатжолдар мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның палаталарының 
нормативтік қаулылары;
     Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
     Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
     Ұлттық Банктің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, орталық атқарушы органдардың азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын немесе ведомствоаралық сипаты бар нормативтік құқықтық актілері;"
     4-тармақтың екінші азатжолында:
     "енгізілгеннен кейін бес күн ішінде" деген сөздер алынып тасталсын;
     "және орыс тілдерінде" деген сөздерден кейін "қағаз және электрондық сақтаушыларда" деген сөздермен толықтырылсын. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі