Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастар орнату жөнiндегi ережелерге өзгерiстердi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 355 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 27 қазан N 1274 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 V990754_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастар орнату жөнiндегi ережелерге өзгерiстер бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апталық мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастар орнату жөнiндегi ережелерге өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастар орнату жөніндегі ережелерге өзгерістерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                             Қазақстан Республикасы
                                           Ұлттық Банкі Басқармасының
                                           2000 жылғы 22 қыркүйектегі
                                               N 355 қаулысымен
                                                  бекітілген

          Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
         1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысымен бекiтiлген
       Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi
     банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн
         жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк
           қатынастар орнату жөнiндегi ережелерге өзгерiстер

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастар орнату жөнiндегi ережелерге мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1. 7-тармақтың бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Ұлттық Банк осы Ережелердiң 6-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн банкпен корреспонденттiк есепшот шартын жасайды, оған арнайы кiтапта тiркелетiн банктiк бiрегейлендiру кодын және жеке бiрегейлендiру кодын бередi. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдармен корреспонденттiк есепшот шартын жасау үшiн 6-тармақта көрсетiлген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының корреспонденттiк есепшот ашу туралы қаулысы қажет".
      2. 26-тармақтың бiрiншi азатжолындағы "және басқа" деген сөздер алынып тасталсын;
      соңғы сөйлем алынып тасталсын.
      3. 53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "53. Чектiң түпнұсқасы Ұлттық Банк филиалының күнделiктi құжаттарына тігiледi".

      Ұлттық Банк
      Төрағасы