Жоғары оқу орындарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу тәртiбi туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 12 шілде N 714 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1222

Қолданыстағы
      Жоғары оқу орындарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргiзу, қорытынды аттестаттау кезiнде бiлiм процесi субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтау мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса берiлген жоғары оқу орындарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi туралы Ереже бекiтілсiн.
      2. Жоғары бiлiм департаментi (Ә. Әбжаппаров) осы бұйрықты, белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә. Ахметовке жүктелсiн.

          Министрдің
      міндетін атқарушы
                                                Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 12.07. N 714 бұйрығымен бекітілген


               Жоғары оқу орындарында бiлiм алушыларды қорытынды
             аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу тәртiбi туралы
                                    Ереже

                              1. Жалпы ережелер
      1. Осы Ережелер жоғары оқу орындарында (ЖОО-да) бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi туралы (ары қарай - Ережелер) 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы" Z990389_ заңына сәйкес әзiрленген.
      2. Ереже жоғары оқу орындарында, олардың меншiк түрi мен ведомстволық бағыныштылықтарына қарамастан, бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу тәртiбiн анықтайды.
      3. Бiлiм алушылардың жоғары кәсiби бiлiмге сәйкес мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандартты игерулерiн анықтау мақсатында жүргiзiлетiн, нәтижесiнде бiлiм туралы құжат (диплом) беретiн қорытынды мемлекеттiк аттестаттау (процедура) iс жосығы болып табылады.
      4. Жоғары кәсiби бiлiм беретiн бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау жоғары оқу орындарының оқу жоспарында анықталған белгiлi бiр мерзiмде жүргізiледi.
      5. Бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау мерзiмiнiң ұзақтығы 4 аптадан кем болмауға тиiстi.
      6. Бiлiм алушылар жоғары оқу орындарының (филиалдардың) оқытудың барлық түрлерiне бiрдей бекiтiлген оқу бағдарламалары бойынша оқу жоспарында көрсетiлген емтихандарды түгел тапсырып, қорытынды бiтiру еңбегiн қорғауға мiндеттi.
      7. Бiлiм алушының себептi жағдайларда (денсаулық, бала туу, жүктi болу) оқу орнының басшысының келiсiмiмен қорытынды бiтiру еңбегiнiң орнына қосымша екi мемлекеттiк емтихан тапсыруға құқығы бар. Бұл жағдайда мемлекеттiк емтихандар тiзбегi шығарушы кафедра отырысында бекiтiледi. Бiлiм алушы оқу орнының басшысы атына жазылған арызына медициналық анықтамасын қосып өткiзедi. Қорытынды бiтiру еңбегiнiң орнына қосымша мемлекеттiк емтихан тапсыру басқа жағдайларда рұқсат етiлмейдi.

            2. Жоғары оқу орындарында бiлiм алушыларды қорытынды
                       аттестаттауды ұйымдастыру тәртiбi
      8. Қорытынды аттестаттауға оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының талаптарын толық орындаған білiм алушылар жiберiледi.
      9. Бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттауға жiберу тiзiмменен декан факультетiнiң өкiмiмен жасалып, Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясына ұсынылады.
      10. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының жұмыс кестесiн оның төрағасымен келiсiп жасау жауаптылығы факультет деканына жүктеледi.
      11. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының жұмыс кестесi ректормен немесе оның тапсырмасымен оқу проректорымен бекiтiлiп, Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының жұмысы басталуынан екi аптадан кем емес мерзiмде жалпы ортаға хабарланады. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының жұмыс ұзақтығы (мәжiлiсi) күнiне 6 сағаттан аспауы керек.
      12. Бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау жүргiзгенге дейiн Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясына мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) факультет деканының бiлiм алушылардың оқу жоспарын орындағаны және олардың теориялық пәндерден алған бағасы мен практикалық пәндерден, курстық жобалардан (жұмыстардан), оқу және өндiрiстiк тәжiрибелерден алған сынақтары көрсетiлген анықтамасы;
      2) ғылыми жетекшiсiнiң пiкiрi. Ғылыми жетекшiнiң пiкiрiнде "қорғауға жiберiледi" немесе "қорғауға жiберiлмейдi" деген негiзделген қорытынды берiледi;
      3) бiтiру жұмысына берiлген өндiрiс маманының, ғылыми мекеменiң немесе жоғары оқу орнының сын пiкiрi. Сын пiкiрде бiтiру жұмысының бағасы көрсетiлген ("өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық" немесе "қанағаттанарлықсыз") негiзделген қорытынды берiледi. Бiтiру жұмысына бiлiм алушы мамандалып жүрген кафедра оқытушыларының пiкiр жазуына рұқсат етiлмейдi.
      13. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясына орындалған бiтiру жұмысының ғылыми және тәжiрибелiк мәнiн сипаттайтын макеттер, материал үлгiлерi, бұйымдар, ауылшаруашылық өнiмдерi, минерал жиынтықтары, гербарийлер және басқа материалдар мен т.с.с. ұсынылуы мүмкiн.

              3. Жоғары оқу орындарында бiлiм алушыларды қорытынды
                           аттестаттауды жүргізу тәртiбi
      14. Жоғары оқу орындарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттiк емтихандар тапсыру және бiтiру жұмысын қорғау түрiнде жүргiзiледi.
      15. Мемлекеттiк емтихандар оқу бағдарламалары көлемiнде оқу жоспарында көрсетiлген пәндер бойынша өткiзiледi.
      16. Мемлекеттiк емтихан өткiзу түрiн (ауызша, немесе жазбаша) ЖОО-ның (факультеттiң) ғылыми кеңесi анықтайды.
      17. Мемлекеттiк емтихан тапсыру немесе бiтiру жұмысын қорғау мүшелерiнiң жартысынан артығы қатысқан Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының ашық отырысында өткiзiледi.
      18. Тәртiп бойынша әр пәннен мемлекеттiк емтиханды тапсыру уақыты және де бiр бiтiру жұмысын қорғау уақыты әр студентке 45 минуттан аспауы керек. Бiтiру жұмысын қорғау үшiн бiлiм алушы Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының алдында уақыты 20 минуттан аспайтын баяндама жасайды.
      19. Бiтiру жұмысын қорғау және мемлекеттiк емтихандар қорытындысы "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық" немесе "қанағаттанарлықсыз" деген бағалармен анықталады.
      Бiтiру жұмысын қорғау және мемлекеттiк емтихан тапсыруда көрсеткен бiлiмдi бағалауда студенттiң теориялық, ғылыми және тәжiрибелiк дайындық деңгейi және де ғылыми жетекшiсi мен сын пiкiр жазушының пiкiрi ескерiледi.
      20. Бiтiру жұмысын қорғау және мемлекеттiк емтихан тапсыру қорытындылары сол күнi Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының отырысының хаттамасын жасағаннан соң жарияланады.
      21. Бiтiру жұмысын қорғаған және мемлекеттiк емтихандарды тапсырған бiлiм алушыға алған мамандығы бойынша Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының шешiмiмен бiлiктiлiк және бакалавр немесе магистр академиялық дәрежесi берiледi.
      22. Қорытынды мемлекеттiк аттестаттаудан өткен және жоғары кәсiби бiлiмнiң қажеттi деңгейiнiң кәсiби-бiлiм бағдарламасын меңгергенiн растайтын бiлiм алушыға мемлекеттiк үлгiдегi диплом қосымшасымен және омырауға тағатын белгi берiледi.
      23. Диплом қосымшасы бiлiм алушының оқу жоспарын орындағаны және олардың теориялық пәндерден алған бағасы мен практикалық пәндерден, курстық жобалардан (жұмыстардан), оқу және өндiрiстiк тәжiрибелерден алған сынақтары көрсетiлген факультет деканының анықтамасы негiзiнде толтырылады.
      Бiр оқу пәнiнен бiрнеше емтихандық баға болған жағдайда қосымшаға ең соңғы баға қойылады. Егер соңғы семестрлiк баға бағдарламалық материалдың мардымсыз көлемi немесе жеткiлiксiз ғылыми-оқу мәнiне байланысты бiлiм алушының аталған пәннен дайындығын толық сипаттай алмайтын болса, тиiстi кафедраға өз шешiмiмен қай (семестрдегi немесе курстағы) бағаны дипломның қосымшасына енгiзудi анықтау құқы берiледi. Орташа бағасын шығаруға рұқсат етілмейдi.
      24. Оқу жоспарындағы пәндердiң 75 пайызынан кем емес емтихандарын және дифференциалды сынақтарын "өте жақсы" деген бағаға тапсырғанда, ал басқа пәндерден - "жақсы" деген баға алып, мемлекеттiк емтихандарда және бiтiру жұмысын қорғауда "өте жақсы" деген баға алған жағдайда бiлiм алушыға үздiк диплом берiледi.
      25. Қанағаттанарлық баға алған жағдайда бағасын жоғарылату мақсатымен мемлекеттiк емтихандарды қайта тапсыруға және бiтiру жұмысын қайта қорғауға рұқсат берiлмейдi.
      26. Қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда сол кезеңде мемлекеттiк емтихандарды қайта тапсыруға және бiтiру жұмысын қайта қорғауға рұқсат берiлмейдi.
      Бiтiру жұмысы қанағаттанарлықсыз бағаға қорғалған жағдайда, Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясы бiлiм алушы сол жұмыстың комиссия көрсеткен тұстарын жөндеп, қайта тапсырма немесе тиiстi кафедра белгiлейтiн жаңа тақырыппен жұмыс iстей ме - осы жағын анықтайды.
      27. Мемлекеттiк емтихан тек өткен қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алған пәндерден ғана келесi қорытынды аттестаттауда жүргiзiледi.
      28. Мемлекеттiк емтихандарды қайта тапсыру және бiтiру жұмысын қайта қорғау теориялық курс бiткен 3 жылдың iшiнде 2-ақ рет рұқсат етiледi. Бұл жағдайда мемлекеттiк емтиханға шығарылатын пәндер тiзбесi мемлекеттiк емтихандарды тапсыра алмағандар үшiн олардың теориялық курсты бiтiру жылындағы оқу жоспарымен анықталады.
      29. Мемлекеттiк емтихандарды тапсыруда және бiтiру жұмысын қорғауда қанағаттанарлықсыз баға алған бiлiм алушыларға белгiленген үлгiдегi академиялық анықтама берiлiп, жоғары оқу орнының басшысының бұйрығымен оқудан шығарылады.
      30. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясына қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейiн өткiзiлген денсаулығы жөнiндегi құжаттар қаралмайды.

              4. Жоғары оқу орындарының Мемлекеттiк аттестаттау
                    комиссиясының жұмысын ұйымдастыру тәртiбi
      31. Бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау, әдетте, әр мамандықтан оқудың барлық түрлерi үшiн ортақ құрылған Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясымен жүргiзiледi.
      Бiтiрушiлер саны көп болған жағдайда мамандандыру бағыттарын ескере отырып бiр мамандықтан бiрнеше Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясы құрылады.
      Бiтiрушiлер саны аз болған жағдайда ұқсас мамандықтардан бiрiккен Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясы құрылуы мүмкiн.
      32. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының қызметiне:
      1) бiтiрушi мамандардың ғылыми-теориялық және тәжiрибелiк дайындық деңгейiнiң жоғары кәсiптiк бiлiм мамандықтарының жалпыға мiндеттi мемлекеттiк стандартына сәйкестiгiн тексеру;
      2) оларға тиiстi мамандық және диплом (үздiк, жәй) беру жөнiндегi шешiм қабылдау;
      3) бакалавр, магистр академиялық дәрежесiн беру;
      4) мамандар дайындаудың сапасын одан әрi жақсартуға бағытталған ұсыныстар дайындау жатады.
      33. Төраға және мүшелерден тұратын Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясы жылда ұйымдастырылып, күнтiзбелiк жыл бойы жұмыс iстейдi.
      34. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының төрағасын оқу саласының орталық басқару органдарының келiсiмiмен факультет ғылыми кеңесiнiң ұсынысы бойынша оқу орнының басшысы, әдетте, басқа жерде жұмыс iстейтiн, мамандықтары сәйкес келетiн, тәжiрибесi мол өндiрiс мамандарынан, ғалымдардан, оқытушылар мен мұғалiмдерден тағайындайды. Жоғары оқу орнында бiр адам қатарынан екi жылдан артық Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының төрағасы болып тағайындала алмайды.
      35. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының құрамына қызметтiк дәрежесi бойынша: факультет деканы немесе бiтiртiп отырған кафедра меңгерушiсi кiруге құқы бар. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының қалған мүшелерi мамандықтары сәйкес келетiн сол және басқа оқу орындары мен ғылыми мекемелердiң жетекшi профессорлары, доценттерi; экономика және басқа салалардың бiлiктi мамандарынан қалыптастырылады.
      36. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының дербес құрамы оқу орнының басшысының бұйрығымен жылсайын 31 қаңтарға дейiн бекiтiледi.
      Магистрлiк диссертация қорғау үшiн бiлiм берушi мекемелерде оның басшысының бұйрығымен арнайы Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясы құрылады. Осы комиссияның құрамына мамандық профилi бойынша ғылыми дәрежелерi бар оқытушылар, оның iшiнде ең болмағанда бiр ғылым докторы кiруге тиiстi.
      37. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының бiтiру жұмысына және мемлекеттiк емтихан кезiндегi бiлiмге қойылатын баға туралы, сонымен қатар, мамандық, академиялық дәреже беру жөнiндегi шешiмi жабық отырыста комиссия мүшелерiнiң көпшілiгiнiң ашық дауыс беруi арқылы қабылданады. Тең дауыс берiлген жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
      38. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының барлық отырыстарына хаттама жасалады. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясы отырыстарының хаттамалары бекiтiлген түрде орындалады. "Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясы отырысының оқу пәнi немесе мамандығы бойынша мемлекеттiк емтихан тапсыру жөнiндегi" N 1 хаттамасы; "Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясы отырысының бiтiру жұмысын қорғау жөнiндегi" N 2 хаттамасы; "Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясы отырысының мамандық, академиялық дәреже беру жөнiндегi" N 3 хаттамасы (1, 2, 3 қосымшалар). Хаттама комиссия мүшелерiнiң iшiнен бекiтiлген, шығарушы кафедраның оқытушыларынан тағайындалған, Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының хатшысымен толтырылады.
      39. Хаттамаға бiтiру жұмысына және мемлекеттiк емтихандағы бiлiмге қойылған баға енедi, сонымен бiрге, берiлген сұрақтар, ерекше пiкiрлер жазылады. Егер Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының жеке мүшесiнiң пiкiрi басқа комиссия мүшелерiнiң пiкiрiмен сәйкес келмесе, оның өз ерекше пiкiрiн хаттамаға енгiзiп қолын қоюға құқығы бар. Хаттамада берiлген мамандық, академиялық дәреже, сондай-ақ жоғары оқу орнын бiтiрушiге қандай диплом (үздiк немесе жәй) берiлгендiгi көрсетiледi.
      Хаттамаға төраға мен Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының мәжiлiске қатысқан мүшелерi қол қояды.
      Хаттамалар жоғары оқу орнының мұрағатында сақталады.
      40. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының жұмысы аяқталған соң комиссия төрағасы есеп дайындайды.
      41. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының жұмысы аяқталған соң комиссия төрағасының есебi жоғары оқу орнының ғылыми кеңесiнде талқыланып бекiтiледi.
      42. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының жұмысы аяқталған соң бiр ай iшiнде комиссия төрағасы бекiтiлген есебiн бiлiм саласындағы орталық атқару органдарына өткiзедi, ал көшiрмесiн бiлiм ұйымының басшысына бередi.
      43. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясы төрағасының есебiнде жоғары оқу орнында сол мамандық бойынша мамандар дайындаудың деңгейi, бiтiру жұмыстарының орындалу сапасы, бiтiру жұмыстары тақырыптарының ғылымның, техниканың, мәдениеттiң қазiргi жағдайына және өндiрiс мәселелерiне сәйкестiлiгi, мемлекеттiк емтиханда байқалған бiлiмi, олардың жекелеген

пәндер бойынша дайындықтарының нашарлығы көрiнiс беруi тиiс. Есепте осы 
бағытта мамандар дайындау сапасына терең талдау жасалуы тиiс. Есепте 
сонымен қатар жоғары оқу орнында мамандар даярлауды ары қарай жетiлдiруге 
нақты ұсыныстар берiледi.
     44. Осы Ережеде қамтылмаған мәселелердi шешу жоғары кәсiптiк бiлiм 
беретiн оқу орнының ғылыми кеңесiнiң құзырына жатады.
     
                                                             1-қосымша
          
               Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының
                             N ______ хаттамасы
                   (әр мемлекеттік емтиханда толтырылады)
     
     "___"__________ 2000 ж.
     _____ сағ. ________ минуттан ______ сағ. _________ минутқа дейін
     Қатысқандар: Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы
     _________________________________________________________________
     Комиссия мүшелері:
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________
     Пән немесе мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру туралы
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________
     Емтихан тапсыратын білім алушы (студент, магистрант)
     _________________________________________________________________
     Сұрақтар:
     1. ______________________________________________________________
     _________________________________________________________________
     2. ______________________________________________________________
     _________________________________________________________________
     3. ______________________________________________________________
     _________________________________________________________________
     
     1. Білім алушының (студент, магистрант) мемлекеттік емтиханды ___
     ____________ деген бағаға тапсырғаны мойындалсын.
     2. Төмендегілер аталынып өтсін __________________________________
     3. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ерекше пікірлері
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________
     
     Төраға ____________________________ (қолы)
     Комиссия мүшелері ____________________________ (қолдары)
     _______________________________________________________
     Хатшы ____________________________ (қолы)
     
                                                             2-қосымша
          
               Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының
                             N ______ хаттамасы
     
     "___"__________ 2000 ж.
     _____ сағ. ________ минуттан ______ сағ. _________ минутқа дейін
     
     Білім алушының бітіру жұмысын қарастыру жөніндегі
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________
              (аты, жөні, тегі, факультеті және мамандығы)
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________
     тақырыбы ________________________________________________________
     _________________________________________________________________

     Қатысқандар: Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы
     _________________________________________________________________
     Комиссия мүшелері:
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________
     (әрбір бітіру жұмысына бір рет арналады).
     Жұмыс жетекшісі: ________________________________________________
     _________________________________________________________________
     Жұмысты орындаудағы кеңесшілер: _________________________________
     _________________________________________________________________
     Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына келесі материалдар ұсынылды:
     1. Бітіру жұмысы бойынша есеп-жазба түсіндірмесі (немесе бітіру       
     жұмысының _______ беттік түсініктемесі)
     9. ________ бет сызбалар.
     10. Жұмыс жетекшісінің пікірі.
     11. Бітіру жұмысының сын-пікірі ______ минут орындалған жұмыс         
     баяндалғаннан соң студентке келесі сұрақтар қойылды:
     1. ______________________________________________________________
     _________________________________________________________________
                            (сұрақ қоюшының тегі)
     2. ______________________________________________________________
     _________________________________________________________________
                            (сұрақ қоюшының тегі)
     
     3. ______________________________________________________________
     _________________________________________________________________
                            (сұрақ қоюшының тегі)
     
     Қойылған сұрақтарға және сын-пікірге берілген студент жауабының 
     жалпы сипаттамасы _______________________________________________
     Оның жалпы ғылыми, жалпы техникалық, арнайы пәндерден көрсеткен       
     білімі __________________________________________________________
     _________________________________________________________________
     Студент бітіру жұмысын орындап, төмендегідей бағаға қорғағанын        
     мойындаймыз _____________________________________________________
     _________________________________________________________________
     Мамандығы берілсін ______________________________________________
     _________________________________________________________________
     Академиялық дәрежесі берілсін (бакалавр, магистр) _______________
     _________________________________________________________________
     Ерекше аталсын __________________________________________________
     _________________________________________________________________
     Комиссия мүшелерінің ерекше пікірі ______________________________
     _________________________________________________________________
     Диплом берілсін (үздік, жәй)

     Төраға ____________________________ (қолы)
     Комиссия мүшелері ____________________________ (қолдары)
     _______________________________________________________
     Хатшы ____________________________ (қолы)


                                                             3-қосымша
          
               Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының
                             N ______ хаттамасы
                   
     
     "___"__________ 2000 ж.
     
     Барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырып, бітіру жұмысын қорғаған     
     білім алушыға мамандық, академиялық дәреже беру туралы
     
     Қатысқандар: Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы
     _________________________________________________________________
     Комиссия мүшелері:
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________     
     Білім алушы _____________________________________________________
                                   (аты, жөні, тегі)     
     мемлекеттік емтихандарды тапсырып, бітіру жұмысын төмендегідей 
     бағаға қорғады __________________________________________________
             (пән аты, бітіру жұмысының түрі, бағасы, тапсыру мерзімі)
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________
     Бітіруші ___________________________________________________ оқу      
     жоспарында көрсетілген барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырғаны     
     және бітіру жұмысын қорғағаны мойындалады.
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________
     Мамандығы берілсін ______________________________________________
     _________________________________________________________________
     Академиялық дәрежесі берілсін (бакалавр, магистр) _______________
     _________________________________________________________________
     Ерекше аталсын __________________________________________________
     _________________________________________________________________
     Комиссия мүшелерінің ерекше пікірі ______________________________
     _________________________________________________________________
     Диплом берілсін (үздік, жәй) ____________________________________

     Төраға ____________________________ (қолы)
     Комиссия мүшелері ____________________________ (қолдары)
     _______________________________________________________
     Хатшы ____________________________ (қолы)
     
     
     
      Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.