1. Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесi ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болған қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесi енгiзiлгенге дейiн пайда болған қатынастар ереже күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болатын құқықтар мен мiндеттерге қолданылады.
3. Банктердi тарату iсiн бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.) және Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын.
4. Банктердi тарату iсiн бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына жiберсiн.
5. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесiн екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесiн ерiктi түрде таратылатын банктердiң тарату комиссиясына жiберсiн.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.З. Нәлiбаевқа жүктелсiн.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 16 мамырдағы N 210 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы банктерді
ерікті тарату Ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) банкті ерікті таратуға рұқсат беру тәртібін; банкті ерікті тарату тәртібін; ерікті таратылатын банктің тарту комиссиясы (бұдан әрі - тарту комиссиясы) қызметінің ерекшелігін анықтайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне K941000_ , Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Z952444_ , "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Z952155_ Заң күші бар Жарлықтарына және "Акционерлік қоғамдар туралы" Z980281_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Осы Ереже мемлекеттiк емес екінші деңгейдегi банктердi тарату үшiн қолданылады.
3. Мемлекетаралық банктерді тарату ерекшелiктерi осы банктердi құру туралы халықаралық шарттарда (келiсiмдерде) және олардың құрылтай құжаттарында айқындалады.
4. Банктерді ерікті түрде таратқан кезде банктер қызметінің тоқтатылғанын тiркеу Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" U952198_ Заң күші бар Жарлығында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2-тарау. Ұлттық банктің банкті ерікті тартуға рұқсат
беру тәртібі
5. Банк акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде Ұлттық банкке банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтініш беруге құқылы.
6. Ерікті тарату туралы өтінішке акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген адам қол қойып, мынадай құжаттармен бірге Ұлттық Банкке ұсынады:
1) тарату себептерін міндетті түрде көрсете отырып, банкті ерікті тарату туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі;
2) акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен банктің өз қызметін тоқтату дайындығының мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі (жоспар және кесте);
3) Банктің өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруға қаражатының жеткіліктілігіне куә болатын, соңғы есеп беру күніне жасалған баланстық есебі.
Ерікті тарату туралы өтініште өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық қанағаттандырғаны туралы банктің міндеттемесі болуы керек.
7. Банкті ерікті таратуға рұқсат алу туралы өтінішті Ұлттық Банк тиісті түрде ресімделген барлық құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.
Қажет болған жағдайда Ұлттық банк банкке тарату жоспары мен кестесін қайта қарауды ұсынуға немесе басқа да қажетті мәліметтер (құжаттар) сұратуға құқылы.
8. Банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімді Ұлттық Банктің
Басқармасы қабылдайды және егер Басқарманың қаулысында басқаша белгіленбеген болса, ол қабылданған күнінен бастап күшіне енеді. 9. Ұлттық Банк ерікті таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда бұл жөнінде Ұлттық Банк Төрағасының не оның орынбасарының қолы қойылған дәлелді шешім шығарылып, банкке жіберілуге тиіс. 10. Ұлттық Банк мынадай негіздердің кез келгені бойынша ерікті таратуға рұқсат беруден бас тартады: 1) берілген құжаттардың толық болмауы немесе тиісінше ресімделмеуі; 2) банктің өз міндеттемелері бойынша есептесуі үшін қаражатының жетіспеуі. 3-тарау. Банкті ерікті тарату тәртібі 11. Банк Ұлттық банктің ерікті тарату туралы рұқсатын алғаннан кейін тез арада: 1) заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына банктің ерікті таратылғаны туралы жазбаша хабарлауға;
2) орталық әділет органының ресми басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде, шағым-талап ұсыну тәртібі мен мерзімі және өз талаптарын қоюға құқылы банк кредиторлары үшін мекен-жайы міндетті түрде көрсете отырып, банктің ерікті таратылатыны туралы ақпарат жариялауға міндетті.
Шағым-талап өтінішінің мерзімі тарату туралы ақпарат жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмауға тиіс.
12. Ерікті тарату жөнінде Ұлттық Банктің рұқсатын алғаннан кейін банк акционерлерінің жалпы жиналысы тарту комиссиясын құруға міндетті, оған банктің мүлкі мен ісін басқару жөніндегі өкілеттіктер көшеді.
13. Банктегі тарату ісі банктің тарату комиссиясы құрылған күннен басталады деп есептеледі.
14. Банктің тарту комиссиясы тағайындалған күннен бастап банкті тарату ісін аяқталғанға дейін:
1) осы Ережеде көзделген жағдайларды ескермегенде, ерікті таратылатын банктің акционерлерінің жалпы жиналысының, басқа да органдарының және лауазымды адамдарының өкілеттіктері, оның ішінде мүлікке билік жүргізу және міндеттемелерді өтеу жөніндегі, олардың банкті басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады;
2) егер банктің тарату комиссиясының төрағасы таратылатын банктің атынан немесе есебінен жүзеге асырылатын іс-қимыл жасаса, не ондай іс-қимылды өзіне берілген сенімхат бойынша жасаған жағдайда ғана заңды күші болады;
3) таратылатын банктің барлық борыштық міндеттемелерінің мерзімі өтті деп саналады;
4) таратылатын банктің кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбы мен сыйақы (мүдде) есептеу тоқтатылады;
5) таратылатын банктің мүлкін өндіріп алуға өтініш берудің барлық заңдық шектеулері алынып тасталады;
6) банкке қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптар осы сәттен бастап банктің тарату комиссиясының атына ғана ұсынылатын және осы Ережеде, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен қаралатын болады.
15. Тарату комиссиясы кредиторларды анықтау және олардың талаптарын қанағаттандыру, сондай-ақ банк дебиторларынан берешекті алу жөнінде шаралар қабылдайды.
16. Банкті ерікті таратуға байланысты барлық шығыстар осы банктің қаражаты есебінен жұмсалады.
Ұлттық Банктің тарату бойынша банкті қаржыландыруына тыйым салынады.
4-тарау. Тарату комиссиясы
17. Тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап оған таратылатын банктің ісін және мүлкін басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер көшеді.
Тарату комиссиясы банк ісін аяқтау үшін, оның ішінде оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуын қамтамасыз ету жөнінде шара қабылдайды.
Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан және өз құзырына енетін мәселелер бойынша шешім қабылдаған кезде өздігінен іс-қимыл жасайды.
18. Банктің тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысын басқарады, оның қызметі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылуына жауап береді, сондай-ақ банктің тарату комиссиясының құрамына өзгерістер енгізеді.
Банктің тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның міндетін орынбасары атқарады.
19. Тарату комиссиясының төрағасын қызметтен босату және қызметке тағайындау банк акционерлерінің жалпы жиналысының ерекше құзырына жатады.
20. Банктің облыстық филиалдары болған жағдайда, оларды тұрған жерінде құрылатын тарату комиссиясының арнайы бөлімшесі (бұдан әрі - арнайы бөлімше) таратады.
Бөлімшенің құрамы тарату комиссиясының мүшелерінен құралады және тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.
21. Бөлімшені оның басшысы басқарады (бұдан әрі - бөлімше басшысы).
Бөлімше басшысы өз қызметін тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.
Бөлімше басшысы тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.
22. Бөлімше басшысы бөлімше қызметі үшін және банк филиалын таратуды жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жауап береді.
23. Тарату комиссиясы мүшесінің, бөлімше басшысының, тарату комиссиясына тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттері, оған қоса еңбекақы төлеу шарттары тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын жеке еңбек шартында (контрактіде) анықталады.
Жұмысқа қабылдау банктің тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен ресімделеді.
24. Тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы және тарату комиссиясының мүшелері банкке келтірген зиян үшін, өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін, сондай-ақ олардың банкті тарату ісінде жол берген басқа да құқық бұзушылықтары үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгендей жауап беретін болады.
25. Қоғам шығарған акциялардың жинақтай келгенде бес немесе одан да көп процентін иеленуші акционерлер, сондай-ақ таратылатын банктің кредиторлары банктің тарату комиссиясының құрамына өз өкілдерін ұстауға құқылы.
26. Тарату комиссиясы:
1) банк басшылығынан құжаттар мен құндылықтарды қабылдау-өткізу туралы қажетті актілер жасай отырып, банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияны, банкті тіркеу жөніндегі құжаттарды, таратылатын банктің мөрлерін, мөртабандарын, бланкілерін және басқа да құжаттарын тез арада өткізуін талап етеді;
2) банк активтерін қабылдайды;
3) банктің ерікті таратылғаны туралы оның кредиторларына жазбаша хабарлайды;
4) банкте тарату ісі басталған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде корреспонденттік есепшоттарды, корреспонденттік есепшоттардың жабылуын, касса ревизиясын салыстырып тексереді;
5) таратылатын банктің теңгемен және шетел валютасымен ағымдағы есепшотын (бұдан әрі - таратылатын банктің ағымдағы есепшоты) ашады;
6) таратылатын банктің ағымдағы есепшоты ашылған банктерге және Ұлттық Банктің тиісті облыстық филиалдарына банктің атынан қол қоюға құқылы лауазымды адамдардың қол қою үлгілері бар жаңа карточкалар ұсынады;
7) банк кассасындағы, оның айырбастау пункттеріндегі ақша қалдығын таратылатын банктің ағымдағы есепшотына аударады;
8) банк операцияларын жүргізуге берілген банк лицензияларының күшін жою туралы, банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы Ұлттық Банк басқармасы қаулыларының көшірмелерін, банктің тарату комиссиясын тағайындау туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімін банк клиенттері көре алатын жерге орналастырады;
9) банк активтерін анықтайды және оның таратылу мақсатын ескере отырып, меншік иесінің және жоғары органдардың өкілеттіктері шегінде оның барлық активтерін басқарады;
10) тарату және банк қызметін аяқтау мақсатында сәйкес банктің атынан оның басшысының міндетін атқарады;
11) банктің активтері мен мүлкін резервке алады, сондай-ақ көпшілік сауда-саттықта оның мүлкін сатады;
12) әрбір кредитор, оның талаптарының мөлшері, әрбір талапты қанағаттандыру кезектілігі туралы мәліметтер көрсетілуге тиісті кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізіп отырады;
13) өз қызметі мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін контракт бойынша қажетті қызметкерлерді жалдайды;
14) таратылатын банктің қаржы жағдайын ескере отырып, оның қызметкерлеріне жалақы белгілейді;
15) банк қызметкерлерін еңбек заңдарына сәйкес жұмыстан босатады;
16) банкті таратудың барлық кезеңі ішінде банк құжаттары мен мүлкінің, сондай-ақ банкке кепілдікті қамтамасыз ету ретінде берілген өзге де мүліктердің сақталуы жөнінде шаралар қабылдайды;
17) таратылатын банктің атынан және оның мүддесі үшін талап қояды, банк алдындағы барлық міндеттемелердің есебін жүргізеді, таратылатын банктің ағымдағы есепшотындағы банкке тиесілі ақшаны жинақтайды;
18) банк кредиторлары талаптарының заңдылығын айқындайды және орынды деп танылған талаптарды аралық балансқа сәйкес қанағаттандырады;
19) Ұлттық Банкке жасалған жұмыс туралы есеп, сондай-ақ тарату процесіне қатысты өзге де мәліметтер тапсырады;
20) тарату процесі аяқталғаннан кейін банк құжаттарын белгіленген тәртіппен архивте сақтауға өткізеді;
21) таратылатын банк атынан сотта мүдде білдіреді;
22) осы Ережеге сәйкес басқа да өкілеттіктерге ие болады.
27. Банкте тарату процесі басталған күннен бастап бір апта мерзімде тарату комиссиясы қайтарып алған банкті ашуға берілген рұқсаттың және банк операцияларын жасауға берілген лицензияның түпнұсқасы Ұлттық Банкке қайтарылады.
28. Заңды теріс пайдалану немесе өзге де заң бұзушылық анықталған жағдайда тарату комиссиясы белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына немесе сотқа өтініш беруге тиісті.
29. Таратылатын банктің ағымдағы есепшоты бас банк, сондай-ақ оның филиалдары орналасқан жердегі Ұлттық Банктің филиалында ашылады. Ерекше жағдайларында Ұлттық банктің рұқсатымен басқа банктерде таратылатын банктің ағымдағы есепшотын ашуға жол беріледі.
Таратылатын банктің және оның филиалдарының барлық ақшасы таратылатын банктің ағымдағы есепшотына есептеледі. Бұдан әрі таратылатын банктің ағымдағы есепшотына ақша есептеу немесе есептен шығару осы ережеге және Ұлттық банктің нормативті құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
Тарату комиссиясы таратылатын банкке берешегі жоқ клиенттердің жазбаша талаптары бойынша олардың таратылатын банктегі банктік есепшоттарына түскен ақшаны банкті ерікті таратуға Ұлттық банк рұқсат бергеніне кейін кешіктірмей (талаптарды алған күннен бастап үш банктік күн ішінде) клиенттердің жаңа банктік деректемелері бойынша қайтарады. Банктің корреспонденттік есепшотына қате аударылған ақшаны тарату комиссиясы банкті ерікті таратуға Ұлттық Банк рұқсат бергенге дейін де, сол сияқты одан кейін де клиенттің жазбаша талабын алған күннен бастап үш банктік күн ішінде ақша жіберушіге қайтарады.
30. Банкті тарату комиссиясы ай сайын, есеп берілетін айдан кейінгі әр айдың 10-ына дейінгі мерзімде, Ұлттық банк белгілеген нысан бойынша орындалған жұмыс туралы Ұлттық банкке есеп ұсынуға, ал қажет болған жағдайда Ұлттық банктің тиісті сұратуы негізінде банкті тарату комиссиясының қызметі туралы қосымша ақпарат беруге міндетті.
Банктің филиалдарына өз қызметін жүзеге асыратын бөлімшелер есеп берілетін айдан кейінгі әр айдың 5-не дейінгі мерзім ішінде банкті тарату комиссиясының төрағасына белгіленген нысан бойынша өз жұмысы туралы есеп ұсынады.
31. Жоспарда және тарату кестесінде белгіленген мерзім бұзылған жағдайда тарату комиссиясы Ұлттық банкке он күндік мерзім ішінде тиісті құжаттардың көшірмелерімен қоса, тиісінше түсіндірме жазба тапсыруы тиіс.
5-тарау. Активтерге билік жасау және
шағын-талапты қарау
32. Банкті тарату комиссиясы кешіктірмей, осы Ережеге және Ұлттық Банктің өзгеде нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, таратылатын банктің уәкілетті қызметкерлерінің қатысуымен банкте және банктен тыс сақталатын кепілдік қамтамасыз етуді қоса алғанда, банк мүлкіне (активтеріне) түгендеу жүргізуге, сондай-ақ тартылған сарапшының көмегімен мүлікті бағалауға міндетті.
Баланстық құны 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлікті бағалауды банктің тарату комиссиясы өздігінен жүргізе алады.
33. Таратылатын банктің барлық активтері тарату массасын қалыптастырудың негізін құрайды.
34. Банк активтеріне банктің жеке мүлкі, барлық түрдегі және санаттардағы несиелер, банк алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелер кіреді.
35. Кастодиан-банкті тарату кезінде үшінші тұлғаға тиесілі, осы банкке сақтауға және есептеуге сеніп тапсырылған бағалы қағаздар және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы қаражатын қоспағанда, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерді тарату массасына жатқызылмайды және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының өтініші бойынша басқа банкке ауыстырылады.
36. Барлық кредит шарттары, кепілдікті қамтамасыз ету жөніндегі шарттар (міндеттемелер), кредиттік істер олардың есебі мен оларға қоса жүретін барлық құжаттардың түгел екендігі туралы мәліметтерді нақтылай отырып жазылуы тиіс. Қажетті шарттар мен өзге де материалдар жоқ болған жағдайда олардың болмау себебі анықталып, тиісті акт жасалады.
Банктің тарату комиссиясы кредит беруге, оны міндетті түрде қайтаруға дәлелдеме болып табылатын құжаттарды, сондай-ақ міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттарды жинау үшін шарлар қабылдауға міндетті. Кредит шарты талаптарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігі мен есептердің осы талаптарға сәйкестігіне тексеру жасалады. Банк берген несиелер бойынша сыйақы (мүдде) есептеу оларды өтегенге дейін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
37. Қолма-қол нақты активтер мен бухгалтерлік есеп мәліметтері арасындағы активтерді түгендеу кезінде белгілі болған айырмашылықтар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен реттеледі.
38. Таратылатын банктің түгендеу арқылы белгілі болған барлық активтері мен мүлкі тарату массасына енгізілуге жатады. Ұлттық Банк басқармасының банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы қаулысын қабылдаған күнге дейін банк балансына енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтер аралық тарату балансында көрсетілуге тиіс.
39. Егер таратылатын банктің ақшасы кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпте көпшілік сауда-саттық тәртібімен банктің мүлкін сатады.
40. Тарату комиссиясы таратылатын банктің мүлкін мынадай талаптар мен мақсаттарды ескере отырып сатады:
1) банк мүлкінің мүмкіндігінше неғұрлым жоғары бағамен сатылуы;
2) банк мүлкін сатуға аз шығын жұмсалуы;
3) қалыпты бәсекені қолдау.
41. Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, банктің ерікті тарату туралы шешім қабылдауының нәтижесінде мүліктік құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсетілуі ықтимал заңды тұлғалар мен азаматтар банкпен арадағы дауды тікелей реттеу мақсатында жазбаша шағым-талаппен тарату комиссиясына өтініш береді.
42. Егер банк пен оның кредиторы арасында жасалған шартта басқа мерзім көзделмеген болса, шағым-талапты алғаннан кейін екі апта мерзімде қаралуға тиіс.
43. Банктің тарату комиссиясы шағым талапты қарау кезінде қойылған талаптың заңдылығымен оның негізділігін (мысалы, қажетті дәлелдемелердің болуы, өндіріп алынатын соманың дұрыс есептелуі) тексеруге тиіс.
Егер шағым-талаппен өтініш берушінің талабын растайтын құжаттар қоса берілмесе, оларды пошта жіберілімінің жолда болатын уақытын қоспағанда 5 жұмыс күнінен кем болмайтын мерзім көрсетіле отырып өтініш иесінен сұратып алынады. Талап етілген құжаттар көрсетілген уақытта алынған жағдайда шағым-талап қолда бар құжаттар бойынша қаралады.
44. Шағым-талапты алған тарату комиссиясы өтініш берушінің негізді талабын орынды деп тануға және оған шағым-талапты қарау нәтижелері туралы хабарлауға міндетті.
Шағым-талапта:
1) шағым-талап берушінің және жауап жіберіп отырған банктің (тарату комиссиясының) толық атауы, пошта деректемелері, жауап беріліп отырған шағым-талап жазылған күн мен нөмірі;
2) егер шағым-талап толық немесе ішінара заңды деп танылған жағдайда, егер ол ақшалай бағалауға жатпайтын болса, мойындалған сома, шағым-талапты қанағаттандыру мерзімі мен әдісі көрсетіледі;
3) шағым-талап толықтай немесе ішінара қабылданған жағдайда - шағым-талапты кейінге қалдыруға негіз болатын тиісті нормативті құқықтық актілер мен құжаттарға сілтеме жасаумен кейінге қалдыру себебі;
4) жауапқа қоса берілген құжаттар мен өзге дәлелдемелердің тізбесі көрсетіледі.
45. Шағым-талап толықтай және ішінара қабылданбаған жағдайда шағым талаппен бірге алынған құжаттар, сондай-ақ егер шағым-талапты берушіде олар болмаған жағдайда шағым-талаптың қабылданбауын негіздейтін құжаттар өтініш берушіге қайтарылуға тиіс.
46. Жауап тапсырысты немесе бағалы хатпен, оның жіберілгенін белгілеп отыратын басқа байланыс құралдары арқылы жіберіледі.
47. Шағым-талапқа арналған мерзім банкті ерікті тарату және талап қою үшін мерзім белгілеу туралы баспасөз бетінде хабарландыру жарияланған күннен бастап саналады.
Дәлелді себептермен белгіленген мерзімде үлгірмеген жағдайда тарату комиссиясы шағым талапты осы Ереженің 42-46 тармақтарында белгіленген тәртіппен қарайды.
48. Тарату комиссиясы шағым-талап беру мен өтініш берілген барлық талаптарды қарауға арналған мерзім аяқталғаннан кейін активтер мен мүлікті түгендеу нәтижелерін ескере отырып, онда таратылатын банк мүлкінің құрамы, кредиторлар берген өтініштер тізілімі, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері туралы мәліметтер туралы болады, бір ай мерзімде аралық тарату балансын жасайды.
Кредиторлар талаптарының тізіліміне міндетті түрде банк кредиторларының талаптары енгізіледі.
Аралық тарату балансы Ұлттық банк белгілеген нысан бойынша жасалады және акционерлердің жиналысында бекітіледі.
Бекітілген аралық тарату балансының көшірмесі Ұлттық Банкке тапсырылады.
6-тарау. Ерікті таратылатын банк кредиторларының
талаптарын қанағаттандыру
49. Таратылатын банк кредиторларымен есеп айырысуды аралық тарату балансына сәйкес ол бекітілген күннен бастап тарату комиссиясы жүзеге асырады.
50. Таратуға байланысты іс жүргізу, оның ішінде банктің тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету шығыстары, сондай-ақ таратылатын банктің негізгі міндеттерін қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты түрде жұмсалады.
51. Тарату комиссиясы банк кредиторларының орынды деп танылған талаптарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік бойынша қанағаттандыруға тиіс.
52. Әр кезектің талаптарын алдыңғы кезектің талабын толық қанағаттандырғаннан кейін қанағаттандырады.
53. Кредиторлардың талаптары бір кезекте қанағаттандырылған кезде қаражат олардың арасында қанағаттандыруға жататын талаптар сомасына сайма-сай бөлінеді.
54. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда кредитор банктің тарту балансы бекітілгенге дейін тарату комиссиясына талап қойып сотқа өтініш беруге құқығы бар.
Кредиторлар белгіленген мерзімде өтініш беріп, бірақ тарату комиссиясы орынды деп танымаған, оларды қанағаттандыру туралы сот шешім шығарған талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен орындалады.
55. Кредиторлардың тарату балансы бекітілгенге дейін ұсынылмаған
шағым-талаптары өтелген болып саналады. Сотта шағым бермеген кредиторлардың тарату комиссиясы заңды деп танымаған шағым-талаптар мен сот шешімімен қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп саналады. 56. Таратылатын банктің кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін тарату комиссиясы "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен акционерлер арасында бөледі. 57. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, банк банкроттық туралы заңдарда көзделген тәртіппен еріксіз таратуға жатқызылады. 7-тарау. Тарату аяқтау 58. Тарату комиссиясы таратылатын банктің кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысқаннан кейін банк акционерлерінің жалпы жиналысы бекітетін тарату балансын және тарату туралы есеп жасайды. 59. Тарату комиссиясы тарату балансы мен банкті тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін оларды жеті күндік мерзім ішінде Ұлттық банкке және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынуға міндетті. 60. Қазақстан Республикасы әділет органының банкті таратуды тіркеу туралы бұйрығын алған соң және банк құжаттарын архивке сақтауға өткізгеннен кейін тарату комиссиясының өкілеттігі тоқтатылады. 8-тарау. Қорытынды ережелер 61. Осы Ережемен реттелмеген, банк заңдарына қайшы келмейтін мәселелер Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына сәйкес шешіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Төрағасы Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.