1. Мыналар бекiтiлсiн:
1) қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қызметiне тексеру жүргiзудің тәртiбi туралы ереже;
2) N 1 қосымшаға сәйкес тексеру жүргiзу кезiндегi қолданылатын нормативтi құқықтық актiлердiң үлгi тiзімі;
3) N 2 қосымшаға сәйкес тексеру жүргiзу кезiндегi оқып, зерделеуге жататын құжаттар мен мәлiметтердiң үлгi тiзiмi;
4) N 3 қосымшаға сәйкес тексерулердің нәтижесi туралы ай сайынғы есеп берудің N А-1 нысаны.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгі аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары есептi айдан кейiнгi айдың 5-жұлдызынан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттігінің Мемлекеттiк қызметтi құқықтық қамтамасыз ету департаментiне N А-1 нысаны бойынша ай сайын түсiндiрме жазба қосымшасымен есеп беріп отырсын.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесi жөнiнде тексеру, қолданыстағы заңдармен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктің өз құзыретi шегiнде жүргiзiлсiн.
4. Осы бұйрық тиiстi әдiлет органдарында тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2000 жылғы 13 шілдедегі N 02-1-7/81 Бұйрығымен Бекітілген
Мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заңдарды сақтау мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
органдарының қызметiне тексеру жүргiзудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) мен оның аумақтық бөлiмшелерiнің Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарына мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды сақтау мәселесi жөнiнде тексеру жүргiзудің тәртiбiн белгiлейдi.
2. Агенттiк пен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң бақылау функцияларын iске асырудың құқықтық негiзi K951000_ Қазақстан Республикасының Конституциясы, қолданыстағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар, сондай-ақ өзге де нормативтi құқықтық актiлер болып табылады.
2. Агенттік пен оның аумақтық бөлiмшелерiнің бақылау функцияларын
iске асырудың негiзгi бағыттары
3. Агенттiк пен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң бақылау функцияларын iске асырудың негiзгi бағыттары, тексеру жүргiзген кезде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының өз қызметтерiнде төмендегi нормативтi құқықтық актiлердi сақтауын бақылауды жүзеге асыру болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Z990453_ Заңы;
2) Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Z980267_ Заңы;
3) U990321_ Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерге тәртiптiк жазалар қолданудың ережесi;
4) U000327_ Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерге аттестация жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары;
5) U000357_ Мемлекеттiк қызметтi атқару тәртiбi туралы ереже (конкурстан тыс тағайындау, басқару құрылымының өзгерген кезiнде уақытша жұмысқа қабылдау, босату, сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет стажын дұрыс есептеу және басқа мәселелер);
6) U000328_ Қызмет этикасының қағидасы және заңдарда көзделген шектеулер;
7) U990319_ Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердің мемлекеттiк қызметке кiрген кездегi ант беру тәртiбi;
8) P000099_ Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлкiн сенiмдi басқаруға беру тәртiбi;
9) V990986_ Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң қағидасы;
10) U990318_ Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының тiзілiмi және Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар санатының тiзiмi;
11) V991029_ Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың тиiстi санаттары үшiн үлгілiк бiлiктiлiк талаптары;
12) өзге де Қазақстан Республикасының нормативтi құқықтық актiлерi.
Тексерудiң нақты мiндетi Тексеру белгiлеу туралы бұйрықта және Тексерудiң мәселелер тiзiмiнде әрқайсысы жеке жағдайда анықталады.
4. Тексеру жүргiзу процесiнде және олардың нәтижесi бойынша Агенттiк пен оның аумақтық бөлiмшелерi құқылы:
1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан өз мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi ақпараттарды (мәлiметтер, түсiндiрмелер, құжаттардың көшiрмесi, құжаттардың түпнұсқасымен тiкелей танысу жолдары түрiндегi және т.б.) сұрау және алуға;
2) бақылау жөнiндегi жұмысқа келiсiм бойынша басқа мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың қызметкерлерін, сондай-ақ өзге де ұйымдардың қызметкерлерiн консультанттар мен сарапшылар ретiнде тарту;
3) келiсiм бойынша прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк органдарымен, республиканың өзге де мемлекеттiк органдарымен бiрлесе тексеру жүргiзу;
4) мемлекеттiк органдарға және лауазымды тұлғаларға мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды бұза отырып қабылдаған шешiмдерiн жою немесе өзгерту туралы ұсынымдама енгiзу;
5) анықталған заң бұзушылықты жоюға қажеттi шараларды қабылдау.
3. Тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу
5. Тексерудi Агенттiк және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi оны белгiлеу туралы бұйрыққа сәйкес жүргiзедi. Тексеру жүргiзу кезiнде бекiтiлген Ағымдағы жылға арналған мемлекеттiк органдарға тексеру жүргiзудiң жоспар-кестесiне сәйкес, тексеру белгiлеу туралы қосымша бұйрық шығаруды талап етпейдi.
6. Мемлекеттiк органның қызметiне тексерудi белгiлеу және жүргiзу туралы бұйрықты Агенттiк Басшылығы мына негiзде шығарады:
1) Елбасының, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің тапсырмасы;
2) мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды қолдану бойынша мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықсыз әрекеттерiне азаматтардың, мемлекеттiк қызметшiлердiң арыздары мен шағымдары және мемлекеттiк органдар мен өзге де заңды тұлғалардың шағымдары;
3) мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың бұзылуы туралы БАҚ-да жарияланған немесе басқа көздерден алынған өзге де ақпараттар.
7. Жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қызметiне тексеру белгiлеу және жүргiзу туралы бұйрықты осы Ереженің 6 тармағының 2) және 3) тармақшаларында қарастырылғанындай, сондай-ақ Агенттiк Басшылары тапсырмасының негiзi бойынша Агенттiктiң аумақтық бөлiмшесi басшысы шығарады.
8. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдарының және олардың ведомстволарының қызметiне тексерудi Агенттiктің қызметкерлерi, ал жергiлiктi мемлекеттiк органдардың және орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерi мен олардың ведомстволарын - өз құзыретi шегiнде Агенттiктiң аумақтық бөлiмшелерінің қызметкерлерi, ал қажет болған жағдайда Агенттiктiң де қызметкерлерi тексередi.
9. Агенттiктiң аумақтық бөлiмше басшылығы бекiтетiн Жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қызметiн тексерудің жоспар-кестесi Агенттiк басшылығымен келiсiлуi тиiс.
10. Мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың сақталу мәселесi жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк органның қызметiне тексеру жүргiзуде (жеке дәлелдер бойынша жеке немесе жалпы белгiлі кезеңге), оның қызметiн реттейтiн және сипаттайтын нормативтi құқықтық актiлердi, материалдарды алдын-ала мұқият зерделеу қажет.
11. Бар материалдар мен өзге мәлiметтердi талдау негiзiнде, тексеру алдында анықталуы қажет нақты Мәселелердiң тiзiмi әзiрленедi. Осыны ескере отырып, тексеру жүргiзу үшiн топтың құрамы iрiктеледi.
12. Басқа мемлекеттiк органдар ұйымдастыратын тексеруге Агенттiк пен оның аумақтық бөлiмшелерi қызметкерлерiн қосу, тек Агенттiк пен оның аумақтық бөлiмшелер басшылығының шешiмi бойынша және де сондай қажеттiлiктен келiсу туралы жазбаша өтiнiш негiзiнде жүргiзiледi.
13. Тексеру басталар алдында Агенттiк немесе оның аумақтық бөлiмше қызметкерi (бұдан әрi - тексерушi тұлға) тексеретiн мемлекеттiк органның басшысын (немесе оның орынбасарын) тексерудiң белгiленгенi туралы бұйрықпен (жоспарлы тексеру жағдайында Ағымдағы күнтiзбелi жылға арналған тексеру жүргiзудiң жоспар-кестесiнiң көшiрмесiмен), тексеруге жататын мәселелер тiзiмiмен таныстырады.
14. Тексеру жүргiзудiң мерзiмi алда тұрған жұмыс көлемi, қойылған мiндет пен қызметкерлер тобының құрамы ескерiп белгiленедi, бiрақ тәртiп бойынша тексеру басталған күннен бастап, 15 күнтiзбелiк күннен аспауы керек.
15. Төтенше жағдайларда, тексерушi тұлғаның бiр мезетте бiрнеше тексеру жүргiзген кезiнде, тексеру жүргiзудiң мерзiмi тексеру басталған күннен бастап, 30 күнтiзбелiк күннен аспауы керек.
16. Жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi туралы анықтамалық жасалынған күн, тексерудің аяқталған күнi болып саналады.
17. Тексеру барысында тексерушi тұлға үлгілiк тiзiмге (2 қосымша) сәйкес, мемлекеттiк органның қызметiн сипаттайтын барлық қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi мұқият зерделеуi тиiс. Бұл ретте тексерушi тұлға сондай-ақ басқа да қажеттi құжаттарды талап ете алады.
18. Тексерушi тұлғаның сұрауы бойынша тексерiлушi мемлекеттiк органның лауазымды тұлғасы қажеттi құжаттарды белгiленген мерзiмде бермеген жағдайда, себебiне байланыссыз (жоғалғандығы, жауапты қызметкердiң орнында болмауы және т.б.) тексеру туралы анықтамада сол құжаттар мен материалдардың жоқтығы туралы тиiстi жазба жасалынады. Аталмыш құжаттарды ұсыну мерзiмiн, оларды ұсынуды қоя тұру туралы деректi өтінiш түскен жағдайда тексерушi тұлға ұзартуы мүмкін.
4. Тексерудiң нәтижесiн ресiмдеу және оларды iске асыру тәртiбi
19. Тексерушi тұлғаның (тексерушi тұлғалардың) тексерудi аяқтауы бойынша мемлекеттiк органның аты, тексерiлген күнi, оның қай кезеңге жүргiзiлгендiгi көрсетiлген, мемлекеттiк органның қызметiндегi табылған қателiктердi баяндаған барлық ұсыныстармен оның нәтижесi туралы анықтама жасалынады.
20. Анықтама жасау кезiнде тексерушi тұлға мына талаптарды сақтауы керек:
1) Табылған заң бұзушылық дәлелдердi тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердің нормасына сiлтеме жасап, қажеттi құжаттар мен өзге де мәлiметтердiң көшiрмесiн анықтамаға қосымша тiркеп, жүйелi, объективтi, нақты және егжей-тегжей баяндау;
2) Анықтаманың мәтiнi қажет болған жағдайда анықтаманың қосымшасында көрiнiс табуы тиiс әртүрлi кестелермен, анықтамалық мәлiметтермен, бiртектес қателiктердi қайталап тiзбелейтiн арзан қолды деректермен толтырылмауы тиiс;
3) анықтамада табылған қателiктер туралы тек нақты, негiзi бар және құжат бойынша расталған мәлiметтер көрсетiлуi қажет (күнi және құжаттың нөмiрi, нормативтi құқықтық актiнiң атауы, заң бұзушылықтың мазмұны және т.б.);
4) анықтамаға әрқилы түрдегi түйiндер, тиiстi құжаттармен расталмаған пайымдаулар мен мәлiметтердi қосуға жол берiлмейдi.
21. Анықтамаға тексерушi тұлға мен тексерiлген мемлекеттiк органның және оның кадр қызметi басшысы қол қояды. Анықтама екi данада жасалынады, оның бiрi тексерiлген мемлекеттiк органда қалдырылады.
22. Тексерушi тұлғалардың үлкен тобы тексеру жүргiзген кезде, анықтамаға барлық тексерушi тұлғалардың атынан тек бiр ғана аталмыш топтың жетекшiсi қол қояды.
23. Анықтама бойынша тексерiлген мемлекеттiк органның басшысы тарапынан (оның кадр қызметi) қарсылық немесе ескертулер болған кезде, олар немесе анықтамаға қол қоятын басқа тұлғалар, өзiнің қол қояр алдында ол туралы ескерту жасайды және анықтамамен танысқан күннен бастап үш күннiң iшiнде жазбаша түсiндiрме (ескерту) ұсынады.
24. Тексеру жүргiзудiң қорытындысы туралы анықтамаға қол қоюдан мемлекеттiк органның басшылары және басқа қызметкерлерi бас тартқан жағдайда, тексерушi тұлға тиiстi акты жасап, ол анықтаманың бiр данасымен қоса тексерілген мемлекеттiк органның кеңсесiне берiледi, анықтаманың екiншi данасына корреспонденциялардың кiрiс журналында ұсынылған материалдарды тiркеу туралы белгi соқтырып алады. Төтенше жағдайларда тексерудiң нәтижесi туралы анықтама тексерілген мемлекеттiк органның атына қызмет бабындағы корреспонденция ретiнде шабармандық (фельдъегерлік) байланыс арқылы Агенттiкке немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне жолдануы мүмкiн.
25. Әрбiр тексеру аяқталғаннан кейiн тексерушi тұлға анықтаманы материалдарымен Агенттiктiң немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылығына бередi, олар тексерудiң материалдарын қарап, сол бойынша тиiстi шешiм қабылдайды.
26. Агенттiк пен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылығы тексерудiң анықтамалығы мен материалдарын қарау нәтижесi бойынша мынадай шешiм қабылдайды:
1) табылған мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды бұзушылықты жою туралы ұсыныспен тексерілген мемлекеттiк органның (немесе оның жоғары тұрған мемлекеттiк органына) басшысының атына хат жолдау және тиiстi мерзiмде қараудың нәтижесi туралы Агенттiкке немесе оның аумақтық бөлiмшесiне мағлұмдау туралы;
2) анықтамада және ұсынылған материалдарда баяндалған ақпаратты назарға алу туралы.
27. Тексеру материалдары бойынша тексерiлген мемлекеттiк орган басшысының атына ұсыныс хат Агенттiк бастығының немесе оның аумақтық бөлiмшелер бастықтарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың қолымен жолданады.
28. Заңдардың бұзылуын жою туралы ұсыныстарды мемлекеттiк органның басшылығы орындамаған жағдайда Агенттiк Басшылығы немесе оның аумақтық бөлiмшелерi мына шараларды қабылдай алады:
1) мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың бұзылуы тәрiздi дәлелдер туралы және тиiстi мемлекеттiк органның оларды жою шараларын қабылдамауын прокуратура органына және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органына мағлұмдайды;
2) мемлекеттің мүддесiн қорғау туралы қарсы арызбен сот органына шағымданады.
29. Агенттiктің аумақтық бөлiмшесi жүргiзген тексеру материалдары бойынша өрескел заң бұзушылық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың басшысы тарапынан заңды терiс пайдаланушылық табылған жағдайда, ол туралы Агенттiктiң Басшысына мағлұмданады. Бұл материалдар талап ету жағдайында Агенттiктiң атына жiберiледi немесе Агенттiк Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына берiледi.
30. Жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi және тексеру барысында анықталған тәртiп бұзушылықтар, олар бойынша қабылданған шаралар жөнiнде Агенттiктiң аумақтық бөлiмшелерi есептi айдан кейiнгi айдың 5-жұлдызынан кешiктiрмей Агенттiкке (Мемлекеттiк қызметтi құқықтық қамтамасыз ету департаментi) есепке түсiндiрме жазбаны қосып, А-1 нысаны (3 қосымша) бойынша ай сайын есеп берiп отырады, онда тексерулер жөнiндегi нақты мысалдар көрсетiледi.
Мемлекеттік қызмет туралы
заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметiне тексеру жүргiзудiң тәртiбi туралы ережесiне N 1 қосымша
Тексеру жүргізу кезiндегi қолданылатын
нормативтi құқықтық актілердiң
үлгі Тізімі
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегі N 453-1 Z990453_ "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңы;
2. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі N 267-1 Z980267_ "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы;
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 318 U990318_ "Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн және Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар санатының тiзiмiн бекiту туралы" Жарлығы;
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 319 U990319_ "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер анты және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң ант беру тәртiбiн бекiту туралы" Жарлығы;
5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321 U990321_ "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiне тәртiптiк жазалар қолдану ережесiн бекiту туралы" Жарлығы;
6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 U000328_ "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы қағидасын бекiту туралы" Жарлығы;
7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327 U000327_ "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестациядан өткiзудiң қағидасын бекiту туралы" Жарлығы;
8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 U990280_ "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" Жарлығы;
9. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 U000357_ "Мемлекеттiк қызметтi атқару тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Жарлығы;
10. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 қаңтардағы N 99 P000099_ "Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлкiн сенiмдi басқаруға беру тәртiбi туралы" Қаулысы;
11. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25 қаңтардағы N 123 P000123_ "Базалық лауазымдық жалақы туралы" Қаулысы;
12. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 ақпандағы N 281 P000281_ "Еңбек ақысының кейбiр мәселелерi туралы" Қаулысы;
13. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N 202 V990986_ "Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзудiң қағидасы" Бұйрығы;
14. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N А-242 V991029_ "Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдардың санаттарына үлгілiк бiлiктiлік талаптары туралы" Бұйрығы.
Мемлекеттік қызмет туралы
заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметiне тексеру жүргiзудiң тәртiбi туралы ережесiне N 2 қосымша
Тексеру жүргiзу кезiндегі оқып, зерделеуге жататын құжаттар мен
мәлiметтердiң үлгі тізімі
1. Тексерiлген мемлекеттiк органның қызметiн реттейтiн, оның мiндеттерiн, функцияларын және құқығын, құрылымын, тексерiлген мемлекеттiк органның штат санының лимитiн анықтайтын нормативтi құқықтық актiлер (Мемлекеттiк орган туралы ереже, оның құрылымдық бөлiмшелерi туралы өзге де ереже мен нұсқаулық);
2. Тексерiлетiн мемлекеттiк органның қызметкерлерiне (мемлекеттiк қызметшiлер) ақпар тексеру болған күнгі жағдай бойынша төмендегi мәлiметтермен тiзiмделедi (көрнекi нысандағы кесте): қызметкер мен оның зайыбының Т.А.Ә.; лауазымының аты; көрсетiлген лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың күнi мен нөмiрi; мемлекеттiк лауазымға тағайындалар алдындағы соңғы жұмыс орны; бiлiмi (мамандығы және ЖОО); қызметкердiң туған күнi; иеленген әкiмшiлік лауазымның санаты;
3. Тексерiлген күнге дейiн қолданыстағы және қызметiн тексерген кезеңдегі мемлекеттiк органның штат кестесi мен штаттық орналастыру;
4. Мемлекеттiк органның тексеру кезеңi iшiнде тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған қызметкерлерiнiң тiзiмi (қызметкердiң Т.А.Ә., оның лауазымы, тәртiптiк жаза қолдану туралы бұйрықтың күнi және нөмiрi, тәртiптiк жазаның түрi көрсетiледi);
5. Қызметiн тексеру кезеңi iшiнде аталмыш мемлекеттiк органға бос лауазымдарға қабылданған (тағайындалған) қызметкерлердiң тізiмi төмендегi мәлiметтер көрсетiлiп жасалынады: конкурстық iрiктеу тәртiбiнде қабылданғандардың саны (конкурстық комиссиясы қорытынды мәжiлiсiнiң хаттамасы көрсетiледi); конкурстан тыс қабылданған мемлекеттiк қызметшiлердiң саны; Т.А.Ә., қызметкердiң тағайындалған лауазымы; тағайындау бұйрығының күнi мен нөмiрi; бұрынғы иеленген лауазымы және бұрынғы жұмыс орны;
6. Тексеру кезеңi iшiнде лауазымнан босатылған қызметкерлердiң тiзiмi төмендегi мәлiметтер көрсетiлiп жасалынады: қызметкердiң Т.А.Ә.; қызметкер босатылған лауазым (босатылудың негiзi); босату туралы бұйрықтың күнi мен нөмiрi. Егер мемлекеттiк қызметшiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандығы үшiн босату жағдайы орын алса, ҚР Бас прокуратурасының жанындағы ҚС және АО(Д)-на кадр қызметi көрсетiлген тұлғаны ақпар банкiсiне есепке қою үшiн жолдаған хабарлама қағаздың күнi мен нөмiрi көрсетiледi;
7. Тексерiлген мемлекеттiк орган қызметкерлерiнiң жеке iс қағазының дұрыстығы мен олардың құралу толықтығын анықтау мақсатында мына мәлiметтер мен құжаттардың болуы қарастырылады:
1) мемлекеттiк қызметшi және оның зайыбының табысы мен мүлкi туралы декларация тапсыруы туралы салық органынан анықтама;
2) жеке, топтық және өзге де қызметтiк мүддедегi емес мемлекеттiк қызметшiнiң мәртебесiн пайдалануға әкелiп соқтыруы мүмкiн, жол берiлмейтiн iс-қимылдар жөнiнде шектеу қабылдау туралы жазбаша мiндеттеменiң болуы;
3) мемлекеттiк қызметшiнiң мiндеттi арнайы тексеруден өткендiгi туралы мәлiметтiң болуы;
4) кадрлық iс жүргізу ережесiне сәйкес өзге де құжаттардың болуы (бiлiмi туралы құжаттың көшiрмесi, өмiрбаяны, кадр есебi жөнiндегi жеке iс парағы, фотосуретi, қабылдау немесе босату туралы өтiнiшi, бұйрықтардың және басқалардың көшiрмесi).
Мемлекеттік қызмет туралы
заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметiне тексеру жүргiзудiң тәртiбi туралы ережесiне N 3 қосымша <*>
Ескерту: N 3 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы 14 наурыздағы N 02-2-4/31 V021791_ бұйрығымен. 200__ жылғы _____ мемлекеттiк қызмет туралы заңдар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарының сақталу мәселесi жөнiндегi жергiлiктi мемлекеттік органдардың қызметiне жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi туралы облысы (қаласы) бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiк басқармасының ЕСЕБI (есеп берудiң N А-1 нысаны) ___________________________________________________________________________ | |§ Тексерудiң негiзi | |___________________________________________ Р/с | |Жос.|Азамат.|Мемле. |Агент.|БАҚ-да |Қоры. N | |пар.|тар мен|кеттік |тік |жария. |тынды | |лы |мемле. |орган. |Басшы.|ланған |мәлі. | | |кеттік |дар |лығы. |және |мет. | | |қызмет.|мен |ның |басқа |тер | | |шілер. |өзге |тап. |көздер.| | | |дің |де |сыр. |дегі | | | |арызда.|заңды |масы |өзге де| | | |ры мен |тұлға. |бойын.| ақпа. | | | |шағым. |лардың |ша |раттар | | | |дары |өтініш.| |бойынша| | | |бойынша|тері | | | | | | |бойынша| | | ___________________________________________________________________________ 1 Барлық жүргiзілген тексерулер 1.1 Тексерiлген мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызметкерлерінiң саны: 1.1.1 - штат кестесi бойынша; 1.1.2 - нақты 2 Барлық табылған тәртiп бұзушылықтар: Соның iшiнде осы мәселелер жөнiнде бұзушылықтар: 2.1 ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" Z990453_ Заңы 10 бабының талаптары (мемлекеттік қызметке кiргенiне байланысты шектеулердi сақтамау) 2.2 ҚР "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңының 12 бабы. ның талаптары (конкурс. тан тыс тағайындау) 2.3 ҚР "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңының мiндеттi арнаулы тексеруден өтпегендiгiне қатысты талаптар 2.4 ҚР "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңының мемлекет. тік қызметтен шығуына (жұмыстан шығу) қатысты талаптар 2.5 ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы 9 бабының табысы мен мүлкi туралы өз уақытында декларация тапсыруға қатысты талаптары 2.6 ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Z980267_ Заңы 11, 12 баптарының жақын туыстардың, жанұялылар. дың, тамыр-таныстардың бiрлескен қызметiне қатысты талаптары 2.7 Тәртiптiк жаза қолдану қағидасы 2.8 Ант қабылдау тәртібі 2.9 Қызмет этикасы ережесi 2.10 Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестация. дан өткiзу ереженiң талаптары 2.11 Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ереженiң талаптары 2.12 Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ереженiң талаптары, оның iшiнде: 2.12.1 - мемлекеттiк қызмет стажын есептеу туралы талаптары; 2.13 Мүлiктi сенiмдi басқару. ға беру тәртiбi 2.14 Конкурс жүргізудің қағидасы 2.15 Мемлекеттік қызмет туралы және еңбек туралы заңнамаларының өзге де талаптары 2.16 ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Z980267_ Заңының өзге де талаптары 3 Агенттіктің аумақтық басқармасының ұсынымдары бойынша мемлекеттік органдармен алынған шешімдер, барлығы: оның iшiнде: 3.1 Күші жойылған заңсыз бұйрықтар, барлығы: оның iшiнде: 3.1.1 - конкурстан тыс тағайындау 3.1.2 - Тәртiптiк жаза қолдану қағидасы 3.1.3 - Конкурс жүргізудiң қағидасы 3.1.4 - мiндеттi арнаулы тексеруден өтуiне қатысты мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасының талаптары 3.1.5 - мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасының өзге де талаптары 4 Құзыреттi органның немесе лауазымды тұлғаның қарауына жолданған тексеру құжаттары, барлығы: оның iшiнде: 4.1 - прокуратура органдарына 4.2 - ІІБ органдарына 4.3 - өзге де мемлекеттiк органдарға 5 Агенттіктің аумақтық басқармасының тексеруi қорытындысы бойынша тәртіптiк жазаға тартыл. ған мемлекеттік қызмет. шiлер, барлығы: оның iшiнде: 5.1 - ескерту 5.2 - сөгiс 5.3 - қатаң сөгiс 5.4 - қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту 5.5 - атқаратын қызметiнен босату 6 Табылған бұзушылықтардың (түзелетін бұзушылық. тардан) жойылған саны, барлығы: 6.1 - бұзушылықтардың (түзелетiн бұзушылықтар. дан) жойылмаған саны, барлығы: 7 Агенттiктiң аумақтық басқармасының орындал. маған ұсынымдары 8 Агенттiктің аумақтық басқармасының шағымдалған ұсынымдары 9 Сот шешiмi бойынша Агенттіктің аумақтық басқармасының жойылған немесе өзгертiлген ұсынымдары ___________________________________________________________________________ __________ облысы (қаласы) бойынша Агенттік Басқармасының бастығы Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.