Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне тексеру жүргізудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 13 шілде N 02-1-7/81 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 25 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1202. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2013 жылғы 06 тамыздағы № 06-7/112 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 06.08.2013 № 06-7/112 бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.09.03. N 02-01-02/113 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңының 5 бабы 1 тармағының 9), 11)-13) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттігі туралы ережесiнің 10 тармағының 3)-7) тармақшаларына сәйкес Бұйырамын:
      1. Мыналар бекiтiлсiн:
      1) қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қызметiне тексеру жүргiзудің тәртiбi туралы ереже;
      2) алынып тасталды.
      3) алынып тасталды.
      4) алынып тасталды.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005.04.07 N 02-01-02/46 бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгі аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары есептi айдан кейiнгi айдың 5-жұлдызынан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттігінің Мемлекеттiк қызметтi құқықтық қамтамасыз ету департаментiне N А-1 нысаны бойынша ай сайын түсiндiрме жазба қосымшасымен есеп беріп отырсын.
      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесi жөнiнде тексеру, қолданыстағы заңдармен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктің өз құзыретi шегiнде жүргiзiлсiн.
      4. Осы бұйрық тиiстi әдiлет органдарында тiркелген күннен бастап күшiне енедi.

      Төраға

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттiк қызмет iстерi   
жөнiндегi агенттiгi төрағасының
2000 жылғы 13 шілдедегі    
N 02-1-7/81 Бұйрығымен    
Бекітілген          

Мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау
мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
органдарының қызметiне тексеру жүргiзудiң
ЕРЕЖЕСІ

      Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.09.03. N 02-01-02/113 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

1. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) мен оның аумақтық бөлiмшелерiнің Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарына мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды сақтау мәселесi жөнiнде тексеру жүргiзудің тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Агенттiк пен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң бақылау функцияларын iске асырудың құқықтық негiзi Қазақстан Республикасының Конституциясы, қолданыстағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар, сондай-ақ өзге де нормативтi құқықтық актiлер болып табылады.

2. Агенттік пен оның аумақтық бөлiмшелерiнің
бақылау функцияларын iске асырудың негiзгi бағыттары

      3. Агенттiк пен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң бақылау функцияларын iске асырудың негiзгi бағыттары, тексеру жүргiзген кезде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының өз қызметтерiнде Тізімге сәйкес (N 1 қосымша) нормативті құқықтық актілерді сақтауын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
      Тексерудiң нақты мiндетi Тексеру белгiлеу туралы бұйрықта және Тексерудiң мәселелер тiзiмiнде әрқайсысы жеке жағдайда анықталады.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005.04.07 N 02-01-02/46 бұйрығымен.
      4. Тексеру жүргiзу процесiнде және олардың нәтижесi бойынша Агенттiк пен оның аумақтық бөлiмшелерi құқылы:
      1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан өз мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi ақпараттарды (мәлiметтер, түсiндiрмелер, құжаттардың көшiрмесi, құжаттардың түпнұсқасымен тiкелей танысу жолдары түрiндегi және т.б.) сұрау және алуға;
      2) бақылау жөнiндегi жұмысқа келiсiм бойынша басқа мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың қызметкерлерін, сондай-ақ өзге де ұйымдардың қызметкерлерiн консультанттар мен сарапшылар ретiнде тарту;
      3) келiсiм бойынша прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк органдарымен, республиканың өзге де мемлекеттiк органдарымен бiрлесе тексеру жүргiзу;
      4) мемлекеттiк органдарға және лауазымды тұлғаларға мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды бұза отырып қабылдаған шешiмдерiн жою немесе өзгерту туралы ұсынымдама енгiзу;
      5) анықталған заң бұзушылықты жоюға қажеттi шараларды қабылдау.

3. Тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу

      5. Тексерудi Агенттiк және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi оны белгiлеу туралы бұйрыққа сәйкес жүргiзедi. Тексеру жүргiзу кезiнде бекiтiлген Ағымдағы жылға арналған мемлекеттiк органдарға тексеру жүргiзудiң жоспар-кестесiне сәйкес, тексеру белгiлеу туралы қосымша бұйрық шығаруды талап етпейдi.
      6. Мемлекеттiк органның қызметiне тексерудi белгiлеу және жүргiзу туралы бұйрықты Агенттiк Басшылығы мына негiзде шығарады:
      1) Елбасының, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің тапсырмасы;
      2) мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды қолдану бойынша мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықсыз әрекеттерiне азаматтардың, мемлекеттiк қызметшiлердiң арыздары мен шағымдары және мемлекеттiк органдар мен өзге де заңды тұлғалардың шағымдары;
      3) мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың бұзылуы туралы БАҚ-да жарияланған немесе басқа көздерден алынған өзге де ақпараттар.
      7. Жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қызметiне тексеру белгiлеу және жүргiзу туралы бұйрықты осы Ереженің 6 тармағының 2) және 3) тармақшаларында қарастырылғанындай, сондай-ақ Агенттiк Басшылары тапсырмасының негiзi бойынша Агенттiктiң аумақтық бөлiмшесi басшысы шығарады.
      8. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдарының және олардың ведомстволарының қызметiне тексерудi Агенттiктің қызметкерлерi, ал жергiлiктi мемлекеттiк органдардың және орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерi мен олардың ведомстволарын - өз құзыретi шегiнде Агенттiктiң аумақтық бөлiмшелерінің қызметкерлерi, ал қажет болған жағдайда Агенттiктiң де қызметкерлерi тексередi.
      9. Агенттiктiң аумақтық бөлiмше басшылығы бекiтетiн Жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қызметiн тексерудің жоспар-кестесi Агенттiк басшылығымен келiсiлуi тиiс.
      10. Мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың сақталу мәселесi жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк органның қызметiне тексеру жүргiзуде (жеке дәлелдер бойынша жеке немесе жалпы белгiлі кезеңге), оның қызметiн реттейтiн және сипаттайтын нормативтi құқықтық актiлердi, материалдарды алдын-ала мұқият зерделеу қажет.
      11. Бар материалдар мен өзге мәлiметтердi талдау негiзiнде, тексеру алдында анықталуы қажет нақты Мәселелердiң тiзiмi әзiрленедi. Осыны ескере отырып, тексеру жүргiзу үшiн топтың құрамы iрiктеледi.
      12. Басқа мемлекеттiк органдар ұйымдастыратын тексеруге Агенттiк пен оның аумақтық бөлiмшелерi қызметкерлерiн қосу, тек Агенттiк пен оның аумақтық бөлiмшелер басшылығының шешiмi бойынша және де сондай қажеттiлiктен келiсу туралы жазбаша өтiнiш негiзiнде жүргiзiледi.
      13. Тексеру басталар алдында Агенттiк немесе оның аумақтық бөлiмше қызметкерi (бұдан әрi - тексерушi тұлға) тексеретiн мемлекеттiк органның басшысын (немесе оның орынбасарын) тексерудiң белгiленгенi туралы бұйрықпен (жоспарлы тексеру жағдайында Ағымдағы күнтiзбелi жылға арналған тексеру жүргiзудiң жоспар-кестесiнiң көшiрмесiмен), тексеруге жататын мәселелер тiзiмiмен таныстырады.
      14. Тексеру жүргiзудiң мерзiмi алда тұрған жұмыс көлемi, қойылған мiндет пен қызметкерлер тобының құрамы ескерiп белгiленедi, бiрақ тәртiп бойынша тексеру басталған күннен бастап, 15 күнтiзбелiк күннен аспауы керек.
      15. Төтенше жағдайларда, тексерушi тұлғаның бiр мезетте бiрнеше тексеру жүргiзген кезiнде, тексеру жүргiзудiң мерзiмi тексеру басталған күннен бастап, 30 күнтiзбелiк күннен аспауы керек.
      16. Жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi туралы анықтамалық жасалынған күн, тексерудің аяқталған күнi болып саналады.
      17. Тексеру барысында тексерушi тұлға үлгілiк тiзiмге (2 қосымша) сәйкес, мемлекеттiк органның қызметiн сипаттайтын барлық қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi мұқият зерделеуi тиiс. Бұл ретте тексерушi тұлға сондай-ақ басқа да қажеттi құжаттарды талап ете алады.
      18. Тексерушi тұлғаның сұрауы бойынша тексерiлушi мемлекеттiк органның лауазымды тұлғасы қажеттi құжаттарды белгiленген мерзiмде бермеген жағдайда, себебiне байланыссыз (жоғалғандығы, жауапты қызметкердiң орнында болмауы және т.б.) тексеру туралы анықтамада сол құжаттар мен материалдардың жоқтығы туралы тиiстi жазба жасалынады. Аталмыш құжаттарды ұсыну мерзiмiн, оларды ұсынуды қоя тұру туралы деректi өтінiш түскен жағдайда тексерушi тұлға ұзартуы мүмкін.

4. Тексерудiң нәтижесiн ресiмдеу және оларды
iске асыру тәртiбi

      19. Тексерушi тұлғаның (тексерушi тұлғалардың) тексерудi аяқтауы бойынша мемлекеттiк органның аты, тексерiлген күнi, оның қай кезеңге жүргiзiлгендiгi көрсетiлген, мемлекеттiк органның қызметiндегi табылған қателiктердi баяндаған барлық ұсыныстармен оның нәтижесi туралы анықтама жасалынады.
      20. Анықтама жасау кезiнде тексерушi тұлға мына талаптарды сақтауы керек:
      1) Табылған заң бұзушылық дәлелдердi тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердің нормасына сiлтеме жасап, қажеттi құжаттар мен өзге де мәлiметтердiң көшiрмесiн анықтамаға қосымша тiркеп, жүйелi, объективтi, нақты және егжей-тегжей баяндау;
      2) Анықтаманың мәтiнi қажет болған жағдайда анықтаманың қосымшасында көрiнiс табуы тиiс әртүрлi кестелермен, анықтамалық мәлiметтермен, бiртектес қателiктердi қайталап тiзбелейтiн арзан қолды деректермен толтырылмауы тиiс;
      3) анықтамада табылған қателiктер туралы тек нақты, негiзi бар және құжат бойынша расталған мәлiметтер көрсетiлуi қажет (күнi және құжаттың нөмiрi, нормативтi құқықтық актiнiң атауы, заң бұзушылықтың мазмұны және т.б.);
      4) анықтамаға әрқилы түрдегi түйiндер, тиiстi құжаттармен расталмаған пайымдаулар мен мәлiметтердi қосуға жол берiлмейдi.
      21. Анықтамаға тексерушi тұлға мен тексерiлген мемлекеттiк органның және оның кадр қызметi басшысы (жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы) қол қояды. Анықтама екi данада жасалынады, оның бiрi тексерiлген мемлекеттiк органда қалдырылады.
      Ескерту: 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.09.03. N 02-01-02/113 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      22. Тексерушi тұлғалардың үлкен тобы тексеру жүргiзген кезде, анықтамаға барлық тексерушi тұлғалардың атынан тек бiр ғана аталмыш топтың жетекшiсi қол қояды.
      23. Анықтама бойынша тексерiлген мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы тарапынан (оның кадр қызметi) қарсылық немесе ескертулер болған кезде, олар немесе анықтамаға қол қоятын басқа тұлғалар, өзiнің қол қояр алдында ол туралы ескерту жасайды және анықтамамен танысқан күннен бастап үш күннiң iшiнде жазбаша түсiндiрме (ескерту) ұсынады.
      Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.09.03. N 02-01-02/113 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      24. Тексеру жүргiзудiң қорытындысы туралы анықтамаға қол қоюдан мемлекеттiк органның басшылары, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшылар және басқа қызметкерлерi бас тартқан жағдайда, тексерушi тұлға тиiстi акты жасап, ол анықтаманың бiр данасымен қоса тексерілген мемлекеттiк органның кеңсесiне берiледi, анықтаманың екiншi данасына корреспонденциялардың кiрiс журналында ұсынылған материалдарды тiркеу туралы белгi соқтырып алады. Төтенше жағдайларда тексерудiң нәтижесi туралы анықтама тексерілген мемлекеттiк органның атына қызмет бабындағы корреспонденция ретiнде шабармандық (фельдъегерлік) байланыс арқылы Агенттiкке немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне жолдануы мүмкiн.
      Ескерту: 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.09.03. N 02-01-02/113 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      25. Әрбiр тексеру аяқталғаннан кейiн тексерушi тұлға анықтаманы материалдарымен Агенттiктiң немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылығына бередi, олар тексерудiң материалдарын қарап, сол бойынша тиiстi шешiм қабылдайды.
      26. Агенттiк пен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылығы тексерудiң анықтамалығы мен материалдарын қарау нәтижесi бойынша мынадай шешiм қабылдайды:
      1) табылған мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды бұзушылықты жою туралы ұсыныспен тексерілген мемлекеттiк органның (немесе оның жоғары тұрған мемлекеттiк органына) басшысының, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшының атына хат жолдау және тиiстi мерзiмде қараудың нәтижесi туралы Агенттiкке немесе оның аумақтық бөлiмшесiне мағлұмдау туралы;
      2) анықтамада және ұсынылған материалдарда баяндалған ақпаратты назарға алу туралы.
      Ескерту: 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.09.03. N 02-01-02/113 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      27. Тексеру материалдары бойынша тексерiлген мемлекеттiк орган басшысының атына ұсыныс хат Агенттiк бастығының немесе оның аумақтық бөлiмшелер бастықтарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың қолымен жолданады.
      28. Заңдардың бұзылуын жою туралы ұсыныстарды мемлекеттiк органның басшылығы, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы орындамаған жағдайда Агенттiк Басшылығы немесе оның аумақтық бөлiмшелерi мына шараларды қабылдай алады:
      1) мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың бұзылуы тәрiздi дәлелдер туралы және тиiстi мемлекеттiк органның оларды жою шараларын қабылдамауын прокуратура органына және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органына мағлұмдайды;
      2) мемлекеттің мүддесiн қорғау туралы қарсы арызбен сот органына шағымданады.
      Ескерту: 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.09.03. N 02-01-02/113 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      29. Агенттiктің аумақтық бөлiмшесi жүргiзген тексеру материалдары бойынша өрескел заң бұзушылық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың басшысы тарапынан заңды терiс пайдаланушылық табылған жағдайда, ол туралы Агенттiктiң Басшысына мағлұмданады. Бұл материалдар талап ету жағдайында Агенттiктiң атына жiберiледi немесе Агенттiк Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына берiледi.
      30. Жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi және тексеру барысында анықталған тәртiп бұзушылықтар, олар бойынша қабылданған шаралар жөнiнде Агенттiктiң аумақтық бөлiмшелерi есептi айдан кейiнгi айдың 5-жұлдызынан кешiктiрмей Агенттiкке (Мемлекеттiк қызметтi құқықтық қамтамасыз ету департаментi) есепке түсiндiрме жазбаны қосып, А-1 нысаны (3 қосымша) бойынша ай сайын есеп берiп отырады, онда тексерулер жөнiндегi нақты мысалдар көрсетiледi.

Мемлекеттік қызмет туралы    
заңдарды және сыбайлас     
жемқорлыққа қарсы заңдарды   
сақтау мәселесі жөнінде    
Қазақстан Республикасы     
мемлекеттік органдарының    
қызметіне тексеру жүргізудің  
тәртібі туралы ережесіне   
N 1 қосымша          

      Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005.04.07 N 02-01-02/46 бұйрығымен.

Нормативті құқықтық актілердің тізімі

      1. "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453 Қазақстан Республикасының Заңы;
      2. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі N 267 Қазақстан Республикасының Заңы;
      3. "Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 319 Жарлығы;
      4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321 Жарлығы;
      5. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327 Жарлығы;
      6. "Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығы;
      7. "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығы;
      8. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығы;
      9. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457 Жарлығы;
      10. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығы;
      11. "Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы N 99 қаулысы;
      12. "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің қағидасы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 986 болып тіркелген);
      13. "Мемлекеттік органдардың басшыларын (әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді) аттестациялауды өткізу үшін аттестациялық комиссиялар құру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 26 маусымдағы N 02-2-4/88 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1914 болып тіркелген);
      14. "Мемлекеттік қызметшілердің қызмет тізімі үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 02-01-02/59 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2290 болып тіркелген);
      15. "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және аттестациядан өтуге тиісті болған әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тестілеуді өткізу нұсқау, тестілеу программалары және тестілеу нәтижесінің шекаралық мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 02-01-02/60 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2291 болып тіркелген);
      16. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтің кадрлар басқармасының ақпараттық жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 8 шілдедегі N 02-01-02/88 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2541 болып тіркелген);
      17. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына Типтік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 02-01-02/9 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2697 болып тіркелген);
      18. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 3339 болып тіркелген);
      19. "Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 5 ақпандағы N 02-01-02/15 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 3449 болып тіркелген).

Мемлекеттік қызмет туралы    
заңдарды және сыбайлас     
жемқорлыққа қарсы заңдарды   
сақтау мәселесі жөнінде    
Қазақстан Республикасы     
мемлекеттік органдарының    
қызметіне тексеру жүргізудің  
тәртібі туралы ережесіне   
N 2 қосымша          

Тексеру жүргiзу кезiндегі оқып, зерделеуге
жататын құжаттар мен мәлiметтердiң
үлгі тізімі

      Ескерту: Алынып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005.04.07 N 02-01-02/46 бұйрығымен.

                                    Мемлекеттік қызмет туралы
                                     заңдарды және сыбайлас     
                                    жемқорлыққа қарсы заңдарды
                                     сақтау мәселесі жөнінде    
                                     Қазақстан Республикасы     
                                    мемлекеттік органдарының    
                                   қызметіне тексеру жүргізудің  
                                     тәртібі туралы ережесіне   
                                            N 3 қосымша          

200__ жылғы _____ мемлекеттiк қызмет туралы заңдар
мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарының
сақталу мәселесi жөнiндегi жергiлiктi мемлекеттік
органдардың қызметiне жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi
туралы облысы (қаласы) бойынша Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi
агенттiк басқармасының
ЕСЕБI

      Ескерту: Алынып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005.04.07 N 02-01-02/46 бұйрығымен.