1. Қоса беріліп отырылған:
Мемлекеттiк қазыналық кәсіпорындар шығыстарының сметаларын жасау жөнiндегі нұсқаулық;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шығыстары сметаларының нысаны бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі 2000 жылғы 24 мамырдағы N 248 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар
шығыстарының сметаларын жасау жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Осы Нұсқаулық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындардың (бұдан әрi - Кәсiпорын) мемлекеттiк тапсырысты көрсете отырып сметаларды жасау тәртiбiн айқындайды.
2. Кәсiпорындардың сметасы өзiмен бiрге Кәсiпорындардың өз табыстары есебiнен, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша жүзеге асырылатын бiр қаржы жылына арналған шаруашылық қызметтерiнiң қаржы жоспарын білдiредi. Кәсiпорындардың сметасын уәкiлеттi органдар бекiтедi.
3. Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жасалатын азаматтық-құқықтық тiркеудi қамтамасыз ету мақсатында бюджеттiк бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) (5-10-баған) бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындаудың қаржылық жоспары бөлiп көрсетiледi.
4. 6, 8, 10-бағандарда Кәсiпорынның жалпы шығыстарындағы мемлекеттiк тапсырыстың орындалуына арналған кiрiстер мен шығыстар көрсетiледi.
5. 010 жол бойынша, жоспарлы жылдағы шаруашылық қызмет көрсетуден түсетiн ақшалар мен жылдың басында қалған ақшалардың жиынтығынан тұратын кiрiстердiң жалпы сомасы көрсетiледi (011 жол + 012 жол). <*>
Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.11.
N 123 бұйрығымен. V011478_
5-1. 011 жол бойынша, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде алынған ақшалар қалдығы бөлiп көрсетiлген жыл басындағы ақша қалдығы, яғни өткен қаржы жылының соңындағы жоспарланған кiрiс шеңберiнде пайдаланылмаған ақшалар қалдығы көрсетiледi. <*>
5-2. 012 жол бойынша, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде алынған ақшалар бөлiп көрсетiлген, шаруашылық қызметтi жүзеге асырудан түскен ақшалар көрсетiледi қосылған құнға салықты есепке ала отырып. <*>
Ескерту. 5-1, 5-2-тармақтарман толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2001.03.11. N 123 бұйрығымен. V011478_
6. Шығыстардың жалпы сомасы 020-жол бойынша 030 - 260 жолдардың сомасы) көрсетiледi. Сметада шығыстардың екi тобы бөлiп көрсетiледi:
1) азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау жүзеге асырылмайтын шығыстар;
2) азаматтық-құқықтық мәмлелер жасау жүзеге асырылатын шығыстар. <*>
Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.11.
N 123 бұйрығымен. V011478_
7. Азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау жүзеге асырылмайтын шығыстарға шығыстардың мынадай түрлерi жатады:
осы жол бойынша (030 жол) - қызметкерлерге жалақы төлеу қызметкерлердiң еңбек мiндеттемелерiн орындағаны үшiн төленетiн ақша төлемдерi көрсетiледi (табыс салығы, қызметкерлердiң жалақыларынан ұсталатын жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетiн мiндеттi жарналар да осы жол бойынша көрсетiледi);
осы жол бойынша (040 жол) - ынталандыру, көтермелеу сипатындағы, сондай ақ Кәсiпорын басшысының шешiмi бойынша қосымша жұмыстарға төленетiн ақша төлемдерi көрсетiледi;
iссапар шығыстары (050 жол);
030 жол, бойынша көрсетiлетiн, оның iшiнде негiзгi салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдер жеке жолдармен (070-100 жол) көрсетiлетiн жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын (060 жол) қоспағанда салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
сот шығындары (110 жол) яғни атқарушы құжаттардың атқарылуы бойынша шығыстар; айыппұлдар, өсiмдер (120 жол); басқа шығыстар (130 жол) яғни 030-120 жолдарда есепке алынбаған шығыстар. 8. Азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау жүзеге асырылатын шығыстар өзiне шығыстардың мынадай түрлерiн: материалдарды сатып алуды (140 жол) яғни өндiрiстiк тауарлар, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету (тамақ өнiмдерiн, дәрi-дәрмектердi және т.б. сатып алу) үшiн қажеттi материалдарды, шикiзаттарды сатып алуға арналған шығыстарды; негiзгi құрал-жабдықтарды сатып алуды (150 жол); басқа активтердi сатып алуды (160 жол); коммунальдық қызмет көрсетулерді (170 жол) яғни электр энергиясы мен жылуды қоспағанда суға, газға және басқа да коммунальдық қызмет көрсетулерге арналған шығыстарды; электр энергиясын (180 жол); жылуды (190 жол); байланыс қызметтерiн (200 жол); көлiк қызметiн көрсетудi (210 жол); негiзгi құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеудi (230 жол); негiзгi құрал-жабдықтар бойынша жалдау ақыларын (240 жол); несиелердiң сыйақылар (мүдделер) төлемдерi бойынша шығыстарын (250 жол); басқа шығыстарды (260 жол) яғни 140-250 жолдарда есепке алынбаған шығыстарды қамтиды. 9. 140-230, 260 жолдар бойынша шығыстар қосылған құнға салынатын салықты есепке ала отырып көрсетiледi.
10. 9-тармақта көрсетiлген шығыстарды жүзеге асыруға арналған мемлекеттiк тапсырыс шеңберiндегi азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу қазынашылықтың аумақтық органдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
11. 270 жол бойынша Кәсiпорын кiрiстерiнiң (010 жол) және шығыстарының (020 жол) арасындағы айырма ретiнде есептелетін таза табыс (шығын) көрсетiледi.
12. Мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар шығыстарының сметасына кәсiпорынның басшысы, осы кәсiпорын қаржы қызметiнiң басшысы қол қояды және уәкiлеттi органның қарауына және бекiтуiне ұсынылады.
13. Шығыстардың сметасына Кәсiпорын кiрiстерiнiң, егер Кәсiпорынның жоспарлы жылдағы шығыстар сметасында өткен жылдың жабылмаған шығындарын өтеу қарастырылса, өткен жылдағы жабылмаған шығындарды жабу (сонымен қатар мемлекеттiк тапсырысты орындау бойынша), басқа барлық шығыстардың шифрленуi, сондай-ақ Кәсiпорын қызметкерлерiнiң штат саны бойынша деректер (барлығы, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырысты орындайтындар), тауарларды өндiру, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер бойынша негiзгi сандық көрсеткiштер (жолдың ұзындығы, оқытудың нысандары мен түрлерi бойынша оқитындардың саны, iс-шаралардың саны, емделген аурулардың, жобалардың, лабораториялық зерттеулердiң саны және т.б.) көрсетiлуi тиiстi түсiндiрме жазба қоса берiледi. <*>
Ескерту. 13-тармақ өзгерді - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.11. N 123 бұйрығымен. V011478_ 14. Кәсiпорын шығыстарының сметасы уәкiлетті орган тағайындаған мерзiмде жасалады және бекiтуге ұсынылады. 15. Уәкiлеттi орган бекiткен смета Кәсiпорынның азаматтық-құқықтық келiсiм-шартымен бiрге мемлекеттiк тапсырысты орындау үшiн тиiстi қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынылады және қазынашылықтың жауапты органдарының қызметкерлерi мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты келiсiм-шартты тiркеу тізiмдемесiндегi сметалардың деректерiн жүргiзгеннен кейiн сметаға осыны жүргiзудегi фактiнi растайтын қазынашылықтың аумақтық органының бұрыштамасы қойылады. 16. Сметаларды нақтыланған мынадай жағдайларда: Кәсiпорынның кiрiстерi кемiтiлгенде; мемлекеттiк тапсырыстың көлемi өзгергенде; Кәсiпорын шығыстарының құрылымы өзгергенде жүзеге асырылады. 17. Бекiтiлген сметамен салыстырғанда Кәсiпорын кiрiстерi ұлғайған жағдайда шығыстардың сметаларын нақтылау жүргiзiлмейдi. 18. Кәсiпорынның нақтыланған сметасын уәкiлеттi орган бекiтедi және үш күндiк мерзiмде мемлекеттiк тапсырысты орындау бойынша Кәсiпорынның азаматтық-құқықтық мәмiлелерi тiркелген қазынашылықтың аумақтық органына берiледi. 19. Кәсiпорын шығыстарының сметасы тек қазынашылықтың аумақтық органына ұсынылғаннан және оған штамп қойылғаннан кейiн ғана ол жарамды болып саналады. ________________________ ________________________ сомасында, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс сомасында шығыстар сомасын бекітемін ________________________ Уәкілетті орган басшысының фамилиясы, аты-жөні, лауазымды қызметі " _____ " ______________ ж. М.О. ____ жылға арналған мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның шығыстар сметасы <*> Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.11. N 123 бұйрығымен. V011478_ МҚК атауы _______________________________________________ МҚК қызмет түрі _________________________________________ Уәкілетті орган _________________________________________ Мың теңгедегі өлшем бірлігі ________________________________________________________________________ Көрсеткіш !Жол. ! Қаржы жылы мемлекеттік тапсырыс шең. !дар ! берінде орындалатын бюд. ! ! жеттік бағдарлама (кіші ! ! бағдарлама) бойынша оның ! ! ішінде қаржы жылы ! ! ------------------------ ! ! (бюдж. бағ-ң!(бюдж. бағ-ң ! ! атауы және !атауы және ! ! коды) !коды) ! !------------------------------------------------------ ! !Барлығы!оның іш. !жалпы қаржы!Со. !жалпы !Со. !жалпы ! ! !мем. тап.!жылынан !масы!қаржы !масы!қаржы ! ! ! !мем.тап.% ! !жылы. ! !жылынан ! ! ! ! ! !нан ! !мем. тап. ! ! ! ! ! !мем. ! !% ! ! ! ! ! !тап. %! ! ____________!_____!_______!_________!___________!____!___________________ 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 ! 9 ! 10 ____________!_____!_______!_________!___________!____!______!____!_______ Барлық кірістер 010 Жыл басында. ғы ақша қалдығы 011 Шаруашылық қызметті жү. зеге асырудан түскен ақша. лар 012 Барлық шығыс. тар 020 Жүзеге асырылуына азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалмайтын шығыстар Жалақы 030 Қосымша ақша төлемдері 040 Іссапар шығыс. тары 050 Салықтар және бюджетке бас. қа міндетті төлемдер 060 оның ішінде: ҚҚС 070 Акциздер 080 заңды тұлға. дан табыс салығы 090 Әлеуметтік салық 100 Соттық төлем. дер 110 Айыппұл, өсім 120 Өзге шығыстар 130 Жүзеге асырылуына азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалмайтын шығыстар Материалдарды сатып алу 140 Негізгі құрал- жабдықтарды сатып алу 150 Өзге активтерді сатып алу 160 Коммуналды қызметтер 170 Электрэнергия 180 Жылу 190 Байланыс қыз. меті 200 Көлік қызметі 210 Негізгі құрал- жабдықтарды ағымдағы жөн. деу 220 Негізгі құрал- жабдықтарды күрделі жөн. деу 230 Негізгі құрал. дар бойынша жал. герлік ақы 240 Несие бойынша сыйақылар (мүд. делер) төлеу бойынша шығыс. тар 250 Өзге де шығыс. тар 260 Таза кіріс (шығын) 270 Кәсіпорын жетекшісі __________________ Қаржы қызметінің жетекшісі ___________ Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.